400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты "Мұз қауіпсіздігі ережелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұздағы және судағы қауіпсіздік қағидалары туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қиғаш жалпы орта мектебі











Сынып сағаты

Тақырыбы: «Мұз қауіпсіздігі ережелері»

9 «А» сыныбы









Сынып жетекші: Серикбаева Н.К.















2020-2021 оқу жылы



Тақырыбы: Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Мақсаты: Судағы жүріс-тұрыс қағидаларын түсіндіру және судағы оқыс оқиғалардың алдын алу. Мұздағы және судағы қауіпсіздік қағидалары туралы түсінік қалыптастыру.

Күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Сіздер коньки киіп, бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытасыздар. Бірақ тоған, өзен, көл бетіне шығуға асығуға болмайды. Бірінші мұз өте қауіпті. Бізде қараша-желтоқсан айларында мұз қата бастайды. Мұз бұл кезде жұқа, ауырды көтере алмайды, абайламасаңыз бұл қайғылы жағдайға әкеліп соғады.

Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік қағидалары:

Қауіпсіз мұз – берік, мөлдір, көпіршіксіз, көгілдір - жасыл түсті.

Жалғыз келе жатқан адам үшін мұздың қалыңдығы 7 см кем болмауы керек.

Бір топ адамға 12-15 см кем болмауы керек.

Жаппай сырғанау үшін 25 см.

Жүк машиналар үшін 45 см.

Есіңде болсын!

Сендерде тәжірибе жоқ, мұз үстіндегі ережені, қауіпсіздік шараларын толық білмейсіңдер, сол себептен тез қайғыға ұшырауларыңыз мүмкін, кейде өмірмен қоштасасыңдар да. Қайғылы оқиға болдырмау үшін, мұз үстінде болудың ережесін сақтап қана, қайғылы жағдайдан сақтануға болады.

Қауіпті мұз:

  • су ағынының жанында;

  • қардың қалың қабатымен басылып қалған мұз;

  • қатып қалған қамысы көп жағаның жанында;

  • көпірдің астында, ағыны тар жерлерде;

Мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы:

  • Жұқа, қатпаған мұзда жүрме.

  • Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанама.

  • Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келме.

  • Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтуге болмайды.

  • Мұзды аяғыңмен жарма.

  • Мұздың үстімен топтасып жүргенде бір-біріңнен 5-6 метр алшақ жүрген жөн.

Егер сен мұздың астына түсіп кетсең, абай бол, мұздың үстінде өзін-өзі ұстау үшін қолыңды жаз.

Көмекке шақыр. Есіңде болсын, сенің денең мен киіміңнің арасындағы ауа шамалы уакыт ұстап тұрады. Мұздың әр шетіне арқаңмен сүйеніп, қарсы шетіне оң аяғыңды тіреп, сол аяғыңды мұздың бетіне шығар. Мұздың бетіне шығып алғаннан кейін , келген жағыңа қарай жылжы.

Мұз қатар кезінде су айдындарында сақ болыңдар!

Жұқа мұздың үстінде коньки теппеңдер!

Жұқа, толық қатпаған мұз үстіне шықпаңдар.

Өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!







Сынып сағатынан көрініс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
42 ұстаз жүктеп алған
15.02.2021
5882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі