Материалдар / Сынып сағаты: «Отбасы – өмір айнасы», Қауіпсіздік сабағы: № 2 сабақ. «МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Сынып сағаты: «Отбасы – өмір айнасы», Қауіпсіздік сабағы: № 2 сабақ. «МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты: «Отбасы – өмір айнасы», Қауіпсіздік сабағы: № 2 сабақ. «МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қырқүйек 2024
121
2 рет жүктелген
630 ₸ 700 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы

«Отбасы – өмір айнасы»

Қауіпсіздік сабағы: № 2 сабақ. «МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Құндылық:

Тәуелсіздік және Отаншылдық. Бірлік және ынтымақ.

Мақсаты:

Отбасының дәстүрлері мен құндылықтарын білу; Қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну; Бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу.

Қауіпсіздік сабағы: мектептегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

Отбасы құндылығы туралы, бақытты отбасы туралы ұғымы нығаяды; Отбасы мүшелерінің пікірлері мен сезімдерін құрметтей біледі.

Қауіпті және қауіпсіз жағдайларды талқылап, жағдаяттарды жылдам басқаруға және ұтымды шешім қабылдауға үйренеді.

Уақыты

Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру.

Гимн.
Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)

- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.

Отбасы сөзіне әр топ постер жасайды:

Мұғалімді мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап беріп , өз ойларын ортаға салады.

Жазба дәптері



Сабақтың ортасы

20 мин

Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенгеқызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Оқушыларға сұрақтар:

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі,іні.)

Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)

Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.

Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)

« Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)

Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)

Отбасының басшысы кім? ( Әке)

Жеті қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;ер жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)

Ер жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты. Өз,қайын жұрт, нағашы)

Сенің туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі сағат кім? (нағашы ата)

Ата – ана алдындағы борышты қалай өтеуге болады?

Сұрақтарға жауап беріп , өз ойларын ортаға салады.








Жазба дәптері


10 мин

Қауіпсіздік сабағы: 2 - сабақ:

1. Мектептегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін түсіндіру:

«Оқушыларға арналған ішкі ережелер» туралы айтып беріңіз. Неліктен мінез-құлық ережелерін сақтау керек?

3. Жағдайларды талдау.

1. Асханадағы өзін-өзі ұстау.

2. Үзіліс кезіндегі мінез-құлық.

3. Дене шынықтыру сабағында өзін-өзі ұстау. Оқушылар мінез-құлық ережесі жайлы өз ойларын білдіреді.

«Есте сақта!» Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104, 112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

111

Сабақты қорытындылау.

Есіңізде болсын, мектепте қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау арқылы сіз өзіңізді ғана емес, сонымен қатар құрбыларыңызды да қорғайсыз!


Қауіпті және қауіпсіз жағдайларды талқылап, жағдаяттарды жылдам басқаруға және ұтымды шешім қабылдауға үйренеді.

Презентация

Үлестірмелі материалдар

Жазба дәптерлері


Пайдалы сілтеме:

https://drive.google.com/drive/folders/1i5ehiRqo_OTDxnMB2_YjzAUwS7gBhBo_

Сабақтың соңы

5мин


- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
«Мұғалімге хат» әдісі бойынша кері байланыс

Тиімді кері байланыс береді

Стикер, жапсырма қағаз









Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!