Осакаровка
кентінің №1 орта мектебінің базасындағы
тірек мектебі
Сынып сағаты :
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру»
6 «В» сыныбының жетекшісі:
Тусипхан Манар
2017-2018 оқу
жылы
Тәрбие сағатының
мақсаты: Тәуелсіз еліміздің бірегей жеңісінің,
халықаралық аренадағы жетістігінің бірі, төрткүл дүние көз тіккен
дүниежүзілік басты оқиға – «ЭКСПО-2017» халықаралық
мамандандырылған көрмесіне қолдау көрсету. Осынау айтулы дүбірлі
мерекеге орай, оңтүстікқазақстандық қаламгерлер астаналық оқырман
қауыммен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын
талқылау, сыр-сұхбат құрып, ой бөлісу болып
табылады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»Осылайша, біз қайта түлеудің
айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық
жаңғыруды қолға алдық, хабарлайды «Егемен Қазақстан». Біздің
мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30
елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты
мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар.
Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді
жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның
өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің
санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай,
олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс
емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс
атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан
аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды
жаңғырттық.
2013 жылы «Халық – тарих
толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл
тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді
осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.
Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін
болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай
өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн
көрдім.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай
тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс.
Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер
жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға
бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі
полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың
көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен
халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген
ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып,
әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.
Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын
жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер
едім.
Ұлттық бірегейлікті
сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның
өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар.
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден,
ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын
өзгерту.
Қазір салтанат құрып тұрған
жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды
әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру
ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның
түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен
әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық
салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі
қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың
жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен
бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы
ғана.
ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ
МІНДЕТТЕР
Қоғамдық сана жаңғырудың
негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің
заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды
жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы
жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын
бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін
терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге
Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Қазақ тілінің әліпбиі
тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер. VI-VII ғасырлар – ерте
орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға
«Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің
руникалық жазуы пайда болып, қолданылды. Бұл адамзат тарихындағы ең
көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі
Еуразия құрлығының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі
болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық
хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.
Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп
ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ
ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі
қолданылды.
ҚОРЫТЫНДЫ Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес,
үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман
ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа
жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге
озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық
мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп
тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.
Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және
жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи
мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас
ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді
деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің
дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.
Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала
береді.