Материалдар / Сынып сағаты "Ұлы жеңіс жаңғырығы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты "Ұлы жеңіс жаңғырығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бабаларды еске алуға арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2020
505
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 04.05.2020ж
Тақырыбы:

Бабаларды еске алуға арналады

Жеңіс жаңғырығы

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиын-қыстау уақытты сезіндіре отырып,еліне,жеріне,Отанға
деген сүйіспеншілігін арттыруға, ардагерлердің ерлік істерін үлгі етуге,мақтан тұтуға, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Кіріспе сөз:Ұлы Отан соғысындағы ұлы жеңісіміз достықты шыңдаған,бірлікті жырлаған,ер
намысы болып атылған,ел даусы болып шақырған Жеңіс. Арын жалау етіп,жанын алау етіп жауға
аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін ,айдын көлін қорғады,халқымыздың өмірін ,өзі
туған өңірін қорғады,ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын,пәк күлкі шашқан
баласын ,парасатты данасын қорғады. Бұл жеңіс - адамзат тарихының ғұлама шежіресі.
Ι. Ой қозғау..Соғыс! Зұлмат соғыс! Сұм соғыс! Осынау 4 жылға созылған,қайғы мен қасірет сепкен,
боздақтардың өмірін қыршыннан қиған сұм соғыстың жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл уақыт
өтті.Ұлы Отан соғысы елдің елдігін,ердің ерлігін сынға алды.Біздің ата-бабаларымыз ел басына
қиын-қыстау күн туғанда аянып қалған жоқ. Жаманат хабар жеткен алғашқы күннен-ақ ер
азаматтар әскерге алынды. Күн-түн демей еліміздің түкпір- түкпірінен елді неміс фашист
басқыншыларынан азат етуге майдан даласына жауынгерлер аттанып жатты. Үйінен майданға
жауынгер аттандырмаған отбасы кем де кем шығар. Біреудің жалғызы,біреудің
ардақтысы,біреудің жары,біреудің әкесі...Қанды қыспаққа кімнің қияры бар дейсің,әр аттаныс
көкіректе лықсыған зар, көзге тұнған жас болды.Ұшқыр уақыт тарих қойнауына терең батырса
да,сол сұрапыл соғыстың салып кеткен жарасы кімнің болмасын жан жүрегін әлі күнге сыздатпай
қоймайды.
ΙΙ. Тақырыпты ашу
1) Зерттеу. Осыдан 75 жыл бұрын елімізге қанқұйлы фашистер салған зобалаңын кім
ұмытар! Сонда елімізге тап берген жауға қарсы бүкіл совет халқы көтерілді. Солармен
бірге Төлеп ауылының өрендері де майданға аттанды.
.Елін, жерін жауға таптатпас үшін қолына қару алып майданға аттанған ауылдастарымыз,
асылдарымызды бір сәт еске алайық . Есімдерін біз өзіміздің “Құтты мекен –Үстіртім”
кітабынан көре аламыз (таныстыру)

Видеоролик.

https://youtu.be/jZJxepwPiz8

Соғыстан оралмаған азаматтар әр үйдің қайғы-қасіреті болып,мәңгі есте қалды.Сол атабабаларымыздың жасаған ерліктерінің арқасында біз бүгін осындай бейбіт өмірге жетіп,өз
алдымызға жеке Тәуелсіз мемлекет болып отырмыз.
Ардагерлер,ардагерлер,
Көнеден көз боп бүгін қалған ерлер.
Сендерсің-асқақ айбын,алғыр жүрек,
Ерліктің аспанында самғап өрлер.
Ардагерлер,ардагерлер,
Ақ басты,мәрт жүректі тарлан ерлер.

Ақ шашың айғағындай бір ғасырдың,
Осыдан асатұғын бар ма зергер?!
Ардагерлер, ардагерлер,
Мәңгілік таусылмайтын көзі көнем,
Өзі айбын, өзі ғибрат, өзі берен.
Сендерді көз алдымда көрем бүгін,
Күн ертең іздеймін ғой шежіреден...
Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтап, туған жер топырағына оралған ардагер аталарымыз қаусаған
ауыл тұрмысын, елдің еңсесін көтеру үшін аянбай еңбек етті.
Сол кездегі 13 – 14 жастағы жас балалар- аталарымыз тылда еңбек етіп,өз үлестерін қосты.
1941 – 1945 жылдары еңбектеген бала мен еңкейген қарттардың арасында бас көтерер болып
қалған тыл әйел адамдары көп еңбек еткен.Осындай ерекше ерлік жасаған апа – ағаларымыз
кейінгілерге әрқашан үлгі – өнеге.
Сонымен қатар, біздің Төлеп ауылынан шыққан қаншама еңбек ардагерлерін, құрметті
азаматтарды айтуға болады.
Солардың ішінде мектебімізге аты берілген Социалистік Еңбек Ері Ә.МАХУТОВ атамыз да бар.
Ι Ι Ι. Рефлексия
5) Біздің мақсатымыз-ауыл тұрғындары мен көнекөз қариялармен бірлесе отырып ,Ұлы Отан
соғысы ардагерлері мен ауылымыздың құрметті азаматтары жайлы мағлұматтарды жинап,
естеліктерін жаңарту, бабалар ерлігін мақтанышпен айтуға, жас ұрпақтарға бабалар ерен
еңбектерін насихаттау және еңбекке тәрбиелеу. Сол мақсатқа жеттік деп ойлаймыз. « Ешкім
де,ешқашан да ұмытылмайды!»
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!