Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан жұмыс Латын әліпбиіне көшу- заман талабы 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Латын әліпбиіне көшу- заман талабы
Мақсаты:
Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.
Сабақтыңтехникалыққұрал-жабдықтары:Интерактивтітақта
компьютер.
Барысы
1.Оқушыларды түстер арқылы топқа бөледі
Кіріспе бөлім. «Ой шақыру» «Тұлғаны таны»
ІІ. Бейнеролик
Мұғалімнің сөзі
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.
Ендеше, «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында өткізілгелі отырған еркін микрафон алаңын бастаймыз.
ІІІ. «Еркін микрафон»
-
Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?
-
Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар
-
Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?
-
Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.
5Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?
Мұғалім Оқушыларға латын әліпбиін таратады
ІҮ. Конверттегі тапсырмалар
-
Тіл ұлттың сүйенетін тамыры, Сыйынатын тәңірі.
-
Халық үшін өзге тілде сөйле қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті
-
Өз тілің –бірлік үшін, Өзге тілің-тірлік үшін
-
Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
-
Тіл -буынсыз ,ой- түпсіз.
-
Тіл –қылыштан да өткір.
-
Тіл -атадан қалған асыл мұра.
-
Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы
9.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
10. Жері байдың – елі бай.
1 Tyl ultty'n' su'i'enetyn tamy'ry', Sy'i'y'naty'n ta'n'yry.
2. Xaly'q u'shyn o'zge tylde so'i'le qay'ypty emes, o'zge tylde oi'lay' qay'ypty
3. O'z tylyn' –byrlyk u'shyn, O'zge tylyn'-tyrlyk u'shyn
4. Tyl su'i'eksyz bolsa da, su'i'ekten o'tedy.
5. Tyl -by'y'nsy'z ,oi'- tu'psyz.
6. Tyl –qy'ly'shtan da o'tkyr.
7. Tyl -atadan qalg'an asy'l mura.
8. El eldyn' ba'ry jaqsy', o'z elyn' ba'rynen jaqsy'
9.Otansy'z adam – ormansy'z bulbul.
10. Jery bai'dy'n' – ely bai'.
Ү.Сергіту сәті. Өлең айту
Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі
1.Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
2.Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Atameken
A'nyn jazg'an: Eskendyr Xasang'ali'ev So'zyn jazg'an: Qady'r My'rza A'ly
1.Jasy'l jai'lay', tu'kty kylem, ko'k kylem,
Ko'k kylemde ko'p oi'nai'my'n, ko'p ku'lem.
Man'dai'y'mnan si'pap o'tken samaldy'
Qazag'y'mny'n' alaqany' dep bylem.
Qai'y'rmasy':
Qai'da ju'rsem atameken,
Ko'kei'yn'de jatady' eken.
Ku'nnyn' o'zy qi'mai' ony'
Uuasy'na batady' eken.
2.Jasy'l jai'lay', tu'kty kylem, ko'k kylem,
Ko'k kylemde ko'p oi'nai'my'n, ko'p ku'lem.
Ku'nnyn' nury'n, ai'dy'n' appaq sa'y'lesyn
Qazag'y'mny'n' maxabbaty' dep bylem.
Qai'y'rmasy':
Сөздік гол
1.Ахмет Байтұрсынов
2. Мағжан Жұмабаев
3. Міржақып Дулатов
4. Бейімбет Майлин
5. Сәкен Сейфуллин
6.Ілияс Жансүгіров
7. Жүсіпбек Аймауытов
8. Шәкәрім Құдайбердіұлы
1.Axmet Bai'tursy'nov
2. Mag'jan Jumabaev
3. Myrjaqy'p Dy'latov
4. Bei'ymbet Mai'li'n
5. Sa'ken Sei'fy'lli'n
6.Yli'uas Jansu'gyrov
7. Ju'sypbek Ai'may'y'tov
8. Sha'ka'rym Qudai'berdyuly'
Бағалау.
Екі жұлдыз , бірұсыныс
Рефлексия
Топ мүшелерінің жұмысына баға беріңіз
Өз іс-әрекетіңізге баға беріңіз
1-оқушы (тарихшы): Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.
Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді.
«Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті.
Кеңес үкіметінің
орыстандыру саясаты мақсаты терең, ауқымды қарқынмен жүзеге
асырылды.Нәтижесінде, орыс тілі өмірдің көптеген салаларында жалғыз
ғана тіл болып, ұлттық тілдерді ығыстырды.
Сондықтан кеңес үкіметі құрамындағы қазақ, өзбек сияқты басқа да
түркі халықтарының санасында кириллица мәжбүрлеумен және
зорлық-зомбылықпен
байланыстырылады.
Қазіргі сөз болып жатқан қазақ алфавитінің кириллицадан латын әліпбиіне ауыстыру мәселесін отарсызданудың бір маңызды қадамы, отарлаушылардың зорлап таңылған алфавитінен арылу, еркіндік алу деп түсінемін.
Айша
2-оқушы (тілші-ғалымдар): «Латын алфавитіне көшу — заман талабы» - деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, ми қабыршығы астындағы санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі – заман талабы. Бұл мәселені көтеру – Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» - деген болатын. Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертарпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латиницаға көшу – тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.
3-оқушы: Қазіргі таңда қолданыста
жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың ішінде латын әліпбиін дүние
жүзі елдерінің көбісі қолданатыны деректерден белгілі. Латын
әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп
кеткен. Оны еліміздегі кез- келген сауатты адам белгілі дәрежеде
біледі. Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан
тиімді тұстарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үштұғырлы тіл» саясатын
жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар
аударылып келеді. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін
меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына
ілесу дегенді білдіреді. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең
үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің
мол. Осы орайда, латын әліпбиіне көшуді шет тілдерін жоғары
дәрежеде игерумен байланыстыруға болады. Енді «Не үшін латын әрпіне
көшуіміз керек?» деген сауалға жауап іздер болсақ, латын жазуы
қазаққа бұрыннан таныс, қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған
қоса, жаратылыстану ғылымдарында да оның қолданыста дәлділігі мен
ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді және бұл әліпби
ақпараттық- технологиялар саласын дамытуға септігін тигізері
сөзсіз.
Латын әліпбиін қолдану- озық техника мен компьютер тілін меңгеруге
жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын
кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ
жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады деген де әңгімелер
айтылып жүр. Мүмкін, бұл бастама, шынымен, еліміздің әлемнің
дамыған 30 елінің қатарына ену жолына ашылар есік болар деп
ойлаймын.
4-оқушы: Латын әліпбиіне кіру- әлемдік
ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда,
түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ
тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік
ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін
үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді
алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе
медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша
жазылады.
Менің пікірімше, ынтасы бар
адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары
білімді немесе шет тілін білетін адамдарға.
Алысқа бармай- ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде
отырады. Сонда отырып- ақ, өзаралатыншажазудыүйрене берсе де
болады. Себебі, ондакөбісініңаты- жөндерілатыншаболыпкеледі.
Электрондықпошталары да
солай.
5-оқушы: Менің
ойымша, , латын әліпбиіне өтуіміз
еліміздің бай мәдениеті мен мұрасымен көптеген шетелдік
оқырмандардың терең танысуына жол ашады. Ал, жастар үшін әлем
кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы
басқа туындыларын түп нұсқада оқуға жол
ашылады.
6-оқушы: Менің ойымызша, латын алфавитін меңгере алу-алмау қорқынышы, қазақ тілін білу деңгейі және көпшіліктің ұлттық санасының орыс тілі, сонымен қоса кириллицаға тәуелділігі мәселесі.
Латын алфавиті жайлы Уикипедия: «Неміс, француз, ағылшын, испан, итальян тағы басқа роман және герман тілдерінің жазбаша негізі болып табылатын қазіргі заманғы латын әліпбиі 26 әріптен құралған», деген мәлімет береді.
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», — жазады Н.Ә. Назарбаев мақаласында. Шынымен, заманауи құралдар: компьютер, ұялы телефон, т.б. нәтижесінде ағылшын тілі әр-қайсымыздың үйімізге кеңінен кіріп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі еңбектеніп жатқан 50-60 жас аралығындағы қызметкерлердің көбі кезінде мектепте болсын, ЖОО оқыған шағында ағылшын, француз немесе неміс тілі бойынша қарапайым білім иеленді, сондықтан оларға да латын әріпіне көшуге қиындық туғызбайды.
7-оқушы:
Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер ме еді бәлкім.Ал қазіргі кезде көшу қиын шығар.Өзіңіз ойлап көріңіз, тұтас әліпби түгілі,бір қала не өкілетті органның(мысалы милицияны полицияға) атауын өзгертудің өзі қанша машақатты,қағазбастылықты, қаражатты талап ететінін.
Жалпы латынша жазуға көшуге оң көзқарастамын,бірақ кешігіп қалдық кой деймін.
Латын əліпбиіне көшіу – ол, өз əліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік əлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін.
«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ
Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп
Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі
Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі: Асима Насырова