9 «ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың
ұлттық өнері- құрақ құрау
Сабақтың
мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлау
әдісін қолдана отырып, құрақ құрау тақырыбы бойынша оқушылар
арасында «шебер қол» сайысын өткізу. Жеті модульді кіріктіре
отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін өз күшіне
сенушілігін қалыптастыру.Еңбек мәдениеті мен еңбекті ұқыпты, дұрыс
ұйымдастыруға дағдысын қалыптастыру.
Сабақ түрі
: жарыс
сабақ
Сабақтың
типі: іздену
,бақылау.
Сабаққа қажетті
құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қатты қағаз,
қайшылар, А4формат, желім, маркерлер, сызғыш ,циркуль,
қарындаш,ватман,смайликтер.
Сабақтың
көрнекілігі: слайд « Қазақтың ұлттық өнері-
құрақ құрау» ,
Алты қалпақ (6түсті), дайын
үлгілер жиынтығы.
Сабақтың жүру
жоспары:
1 Сергіту сәті
(ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру)
2 «Миға шабуыл»
(инерактивті тақтадан бейне көрініс көріп,
талқылау)
3 «Кластер» құру . Тақырыбы
құрақ және оның өмірдегі маңызы.
4 «Постер даярлау» Алты
бұрышты құрақты құрау алдарына таратып берген ресурсты қолдана
отырып орындау
5 «Ақылдын алты қалпағы»
Қазақтың ұлттық өнері - құрақ құрау.
6 Кері байланыс .Сабақтан
алған әсерлерін смайликтер арқылы «даналық ағашына
жапсыру»
Сабақтың
барысы: Оқушылармен амандасып,
түгендеу, құрақтың түрлеріне қарай топқа бөлу.
1.Сергіті сәті
(ынтымақтастық атмосферасын құру)
«Қағаз бетіндегі
саяхат» алдарына берілген ватман
қағазға топ мүшелері ынтымақтаса отырып, маркерді қағаздан алмай
отырып, бүгінгі сабаққа сәттәлік эмбемасын салады. ( ол сурет өз
қиялдарыңнан шығады, смайлик,күн,гүл).Салып болған сон топтар
бір-біріне сәттілік тілейді.
Бағалау критериилерімен
таныстыру. Топтар бір-бірінің жұмысына қарай смайликтер беріп
отырады. ( ұнаса көңілді ,жартылай ұнаса , ұнамаса
ашулы)
2 «Миға
шабуыл» интерактивті тақтадан Қазақтың
ұлттық өнері-құрақ құрау слайд көрсету
3
«Кластер» бейне сюжетті қортындылай
отырып , құрқтың маңыздылығы туралы
дайындайды.
4
«Постер» даярлау . Алдарындағы
ресурстармен нұсқау карталарды пайдалана отырып, алты бұрышты
құрақты қатты түсті қағаздан қиып
орындайды.
5 «Ақылдың алты
қалпағы»
-Ақ қалпақ (ақ
бұлттар) - фактілер, цифрлар және
мәліметтерді таза күйінде беру.
- Қызыл
(от) -ішкі сезім, эмоция, сезінулер
және интуицияны білдіру.
-Қара (тұман)
– негативті ойлау, мысалы «бұл
орындалмайды ,қиын, зиян..»
- Сары (
күн) -оптимизмді, ашықтықты,
позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге , бұл
міндетті түрде орындалады!»
-Жасыл
(дала)- жаңа идеялар ағымын тудыратын
шығармашылық ойлар
-Көк (аспан)
– жоғарғы деңгейдегі жалпы
көзқарастарды білдіреді, қортындылайды.
6 Кері
байланыс. (Музыка қойылып тұрады,
көздерін жұмып бүгінгі сабақтың басында көңіліңіз қалай болды,
сабақтың соңында қалай болды, өзгердіме) оқушылар стикердің бетіне
өз көңілдерін көрсетеді, рефлексия жазады, «даналық ағашына»
іледі.
Сабақтың тақырыбы:Қазақтың
ұлттық өнері - құрақ құрау
Сабақтың
мақсаты: Сыни тұрғысынан ойлау
әдісін қолдана отырып, құрақ құрау тақырыбы бойынша оқушылар
арасында «шебер қол» сайысын өткізу. Жеті модульді кіріктіре
отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін өз күшіне
сенушілігін қалыптастыру.Еңбек мәдениеті мен еңбекті ұқыпты, дұрыс
ұйымдастыруға дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың жүру
жоспары:
1 Сергіту сәті
(ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру)
2 «Миға шабуыл»
(инерактивті тақтадан бейне көрініс көріп,
талқылау)
3 «Кластер» құру . Тақырыбы
құрақ және оның өмірдегі маңызы.
4 «Постер даярлау» Алты
бұрышты құрақты құрау алдарына таратып берген ресурсты қолдана
отырып орындау
5 «Ақылдын алты қалпағы»
Қазақтың ұлттық өнері - құрақ құрау.
6 Кері байланыс .Сабақтан
алған әсерлерін смайликтер арқылы «даналық ағашына
жапсыру»
Ақтоғай станциясы. «№ 8
жалпы білім беретін орта мектеп» КММ.
Сыныптан тыс
сабақ
Қазақтың ұлттық өнері -
құрақ құрау
Ракишева. З.Х 2015-2016 оқу
жылы
Алты бұрышты құрақтың
схемасын дайындау
Қажетті құрал-
жабдықтар: түрлі- түсті қатты қағаз,
қарындаш, шеңберсызар, сызғыш , ватман .
Ескерту: құралдармен техникалық
қауіпсіздікті мұқият сақтау керек.
Дайындалу
технологиясы
1. Қалауларын бойынша түсті
қатты қағаздан түс үйлесімділігін сақтай отырып, үш түс таңдап
алу.
2.Қатты қағазға шетінен бастап
көлденең 120мм осьтік штрихпунктирлі сызық жүргізу, ортасын тауып,
тік сызық жүргізу 12 0мм
3. Диаметрі 60мм шеңбер
жүргізу.
4 Тік сызықпен қиылысқан
жоғарғы нүкте А , төменгі нүкте В
белгілеу.
5. А және Внүктесінен жарты
шеңбер жүргізу. Шеңбер бойында қиылысқан нүктелерді санмен
белгілейміз .1,2,3,4,5,6 нүкте табамыз
6 Табылған нүктелерді түзумен
қосып алты бұрыш аламыз .
7 Алынған алты бұрышты қиямыз
.
8.Ортасына 1 түс, келесі
түстен 6, үшінші түстен 12 дана қиып,
жапсыру.
9. Қағаз бетін үнемдей
орналастырамыз .
10.Құрақты аяқтағанда шеткі
алты бұрыштардың шеті қиылады.