Материалдар / Сыныптан тыс ХХІ ғасыр көшбасшы интеллектуалды ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс ХХІ ғасыр көшбасшы интеллектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« XXI ғасыр көшбасшысы» білім сайысы.

I- кезең. «Қайталау- оқу айнасы. Кім жылдам?».

Шарты: 10 сұрақ қойылады. Оқушылар жылдам жауап берулері қажет.

1-топ сұрақтары:

1. Ең ұзақ өмір сүретін қай құс?

2. Ең үлкен ұшатын құс?

3. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс?

4. Құс денесін ұшып кету кезінде қызып кетуден сақтайтын, әрі салмағын жеңілдететін тыныс алу мүшесі?

5. Құстарды зерттейтін ғылым?

6. Қазақстанда сирек кездесетін құс?

7. «Қоқиқаздар мекені» деп аталатын қорық?

8. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі?

9. Қыран құстардың қоразы қалай аталады?

10. үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдам

жүгіреді?

2- топ сұрақтары:

1.Қыран құстың мекиені?

2. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі?

3. Құстардың жүрегі қанша қуысқа бөлінеді?

4.Құстарда өңештің кеңейген бөлігі?

5. Тауды, даланы мекендейтін ірі қыран құс?

6. Бүркіт, қаршыға, қыран сияқты алғыр құстардың жалпы атауы?

7. Аққудың балапаны қалай аталады?

8. Құста қуық барма?

9. Пингвин қанаттарының атқаратын қызметі?

10. Ұшпайтын екі саусақты құс?


II- кезең. «Әдепсіз өскен баладан, күтіммен өскен тал жақсы». Әр топ 8 жұмбаққа жауап беруі керек.

Жауапқа 10 ұпай беріледі.

1-топқа.

1. Киімі ала, ісі бар шала,

Мекені орман дала. (Сауысқан)

2. Ең алып құс әлемдегі

Хандар таққан қауырсынын,

Ірі малды теңеу қылған,

Қандай шебер менің халқым. (Түйеқұс)

3. Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,

Тұяғы бейне болат, алмас пышақ,

Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі

Шарықтап көкті кезіп түнде ұшпақ. (Үкі)

4.Шөпшілердің шөбін шашты,

Қалпағымды ала қашты. (Тотықұс)

5. Әкесі –тышқан

Шешесі- құстан. (Жарқанат)

6.Ауық-ауық шақырады,

Таңды да сол атырады.(Әтеш)

7. Сақалым бар, ал бірақ,

Мен ақсақал бола алмаймын. (Қораз)

8.Жұдырықтай жүректі,

Үй етіп,

Балаларын түлетті. (Қарлығаш ұясы)

II- топқа.

1.Қайталап атымды

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға

Жұмыртқа саламын. (Көкек)

2. Паналайтын үйі жоқ,

Алып жатқан сиы жоқ.

Таңырқатып басқаны,

Сергитін бір күйі жоқ. ( Бөдене)

3. Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)

4. Үкінің баласындай,

Байғыздың ағасындай. (Жапалақ)

5. Күн батса қонақтап қалғыған,

Таң атса жерден жем аңдыған. (Тауық)

6. Ай астында ақ мамық,

Жатыр суда жастанып. (Аққу)

7. Суға барса сүңгиді,

Қамыс түбін үңгиді (Үйрек)

8. Суда жүзеді, көкте ұшады,

Жерде жүреді малдай тұсаулы. (Қаз)



III- кезең. «Ізденген жетер мұратқа». Бұл кезеңде құстар туралы танымдық сұрақтар беріледі.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

20(оң).Тіршілік жағдайының өзгеруіне немес көбеюге байланысты жануарлардың өте алысқа қоныс өзгертуі, орта ауыстыруы.

20( орта). Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттекке қан екі рет (тыныс алған кезде, тыныс шығарған кезде) қанығады. Мұндай құстың тыныс алу ерекшелігін не деп атайды?

20( сол). Тропикте өсетін өсімдіктерді айқас тозаңдандыратын құс.

30( оң). Жаңа зеландияда кездесетін салмағы 2-3 килограмдай түйе құстың ішіндегі ең кіші түрі.

30( орта). Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауық тәріздес құстың бірі.

30 (сол). Құстардың қауырсындарын майлайтын қандай безі болады?

40( оң). Қай жылы, қай ғалым жұмыртқа әк қабынан өте ұсақ өзектерді -шұрықтарды тапқан?

40( орта). Түнде ұшатын құс.

40(сол). Құстар неге ұшуға бейімделген?


IV- кезең. «Асу бермес асқар жоқ». Айтылған аңыз бойынша құс атауын табу қажет.

  1. топқа. Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады. Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып, бастаған қалың қолы қырылып бітеді. Өзі жау қолынан жараланып, елсіз иен шөлде жығылып, жалғыз қалады. Шөлден әбден қақырығы түтеп, өлуге айналады. Осы сәтте көк аспаннан бір «құс» ұшып келіп, аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарған. Бұл қандай құс.

  2. Топқа. Ертеде ағайынды үшеу: Күн,Ай және қораз аспанда тұрыпты. Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз қалыпты . Ай барып сотанақ екен . Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып , жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып, Айға былай депті: «Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен . Қайтіп бетіңді көрмеймін! Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін , ал сен тек түнде ғана шығасың» . Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде : «Кукареку !»-деп шақыратын болыпты. Онысы «Қайырлы таң, мейірімді аға!» дегені екен. Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, кім үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен.

V- кезең. «Білімнің басы бейнет- түбі зейнет». Бұл кезеңде әр топ берілген мақал- мәтелдерді аяқтап , өз ойларын ортаға салады.

I-топқа.

Құстар қиясын сағынады,

Торғай ұясын....................


Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Ер жігіт туар......................


Жапалақ сипағанмен,

Сұңқар................................


Қиядағыны қыран көреді,

Ұядағыны жылан .........


Құс қосағымен ұя.............


Құстың сәні қос қанаты,

Қос қанаты........................


Аққу- құссыз-көл жетім,

Айтылмаған-..................


Құстың жайын салған........


Қыран құстың баласы

Ұшса келмес.......................


Құртақандай торғайда,

Өз........................................

II- топқа.

Шынайы гүлдің иісін,

Бұлбұл................................


Есек мақтанып, тұлпар болмас,

Қарға мақтанып..........................


Қарғаны атып,

.....................................................


Қарға қарқылдаса ,

......................................................


Сауысқан қыран боламын деп,

......................................................


Топтасқан сауысқан,

Қазды да......................................


Күндіз бүркіт алса ,

Түнде............................................


Баба бүркіт барлап ұшады,

Бала................................................


Арыстан тышқан ауламас,

Қыран ...............................


Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе....................................


VI- кезең. «Ойын-әркез бақытты өмір үлгісі». 1 минутта 20 сөз оқылады да , сол сөздерді есте сақтап параққа жазу ұсынылады. Қанша сөз жазылса , сонша ұпай беріледі.

1-топқа.

Ұя, аққу, су, бөдене, сұңқар, балсірі, түйеқұс, ұзақ,сауысқан, шауқарға, құтан, қараторғай, нанду, қызғыш, шақшақай, байқыз, шіл, пингвин, бірқазан, қаршыға.

II-топқа.

Орман, бүркіт, кептер, қарлығаш, қоқиқаз, тауық, қауырсын, үйрек, көкек, колибри, бозторғай, дуадақ, шағала, гагара, сұқсыр, қаз, бозүйрек, құр, бұлбұл, қайшыауыз.

VII- кезең. «Жарыспа, жарысқан соң қалыспа!» бұл кезде дұыс жауап берген топқа 10 ұпай қойылады.

1-топқа

  1. Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма болды?

  2. Бала- аяғы жоқ 9, басы жоқ 6 , ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Барлығы неше балық?

II-топқа.

  1. 9 бас , 22 аяқ. Неше тауық неше ешкі?

  2. 5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алса , 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз?

VIII- кезең. Бекіту. Сөзжұмбақ «Биология»




Б











и






о










л







о










г










и










я








Сұрақтар:

1.Биікте ұшып жүреді,

Елік қоян бүреді,

Қия таста ұясы,

Бұл қыран, оны кім біледі? (Бүркіт)

2.Жаңа Зеландияда тіршілік ететін қанатсыз түйеқұс.(Киви)

3. Тақылдатып мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті мазалап. (Тоқылдақ)

4.Ең биік ұшатын құс

Киелі құс, ғажайып құс бар елде.

Шың басына ұя салар өздері,

Бұл қандай құс, айтыңдаршы өздерің? (Ұлар)

5. Ең кішкентай құс, дене салмағы 1,6 г. (Колибри)

6. Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз баптаймыз

« Бейбітшілік құсы» -деп,

Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

7.Құстарды зерттейтін ғылым.(Орнитология)

8. Қыран құстың мекиені. (Ұябасар)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!