Сыныптан тыс іс - шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс - шара

Материал туралы қысқаша түсінік
1 - класс оқушыларына арналған жолда жүру ережесін үцретуге арналған жолполиция қызметкерлерімен кездесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы








Сыныптан тыс іс -шара


Тақырыбы: "Жол тәртібін білейік,

Аман - есен жүрейік "



Picture 20

Жетекшісі: Амандыкова А.Г.
















2021 - 2022 оқу жылы




Сыныптн тыс іс - шара. Кездесу

Класы: 1А

Сабақтың тақырыбы: 

Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру.

2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған макеттер, жол ережесіне

арналған презентация.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезең

Мұғалім: Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде? (оқушы жауабын тыңдау )

Мұғалім:

- Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан!


ІІ. Негізгі бөлім:

1. «Ой қозғау»
Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған, 
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)





5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)


Сұрақ: — Бағдаршам деген не? 
— Ол қандай қызмет атқарады?

2. « Кел, танысайық!» айдары


ІІ . Көшеде жүру тәртібіне байланысты бейнеролик көрсету


Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.

Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ?
— Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)


Имран: Қызыл көзін ашқанда,
Айша: Сынық сүйем баспа алға!
Имран: Сары көзін ашқанда,
Аида: Қарап қалма аспанға!
Имран: Жасыл көзін ашқанда,
Дильназ: Өте бергін, жасқанба!

Хормен:

Қызыл – Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл – Жол ашық!


ІІІ . «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!»

- Балалар, бүгін бізге қонақ келген екен. Мына ағаны киіміне қарап, кім екенін танып тұрмыз ба?

- МАИ қызметкері дегініміз кім? Дұрыс айтасыздар, бүгін бізге МАИ қызметкері келген екен. Сіздердің ұшқыр ойларыңыз бен білімдеріңізді сынап көрмекші.






Ойын: Қажетті құралдар: 1. Самокат. Жол белгілері. Ысқырғыш, түрлі- түсті қағаз.


Сұрақ-жауап:


1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.

3. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада


4. Жолда қай жерден өту керек?

Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.


Хор: "Жас сақшылар әні"ән - би


Қорытындылау:

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады

(мойындарына лента тағу)

Хормен:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2021
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі