Материалдар / Сыныптан тыс іс - шара "Даланың дара ұстазы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс - шара "Даланың дара ұстазы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара "Даланың дара ұстазы" Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2021
642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин».


Мақсаты:


1 Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру. Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету.


2 Ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жалғастыру қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.


3 Оқушыларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: презентация, суреттер,кейіпкерлердің костюмдері,күй,қоңырау.


Өту барысы.


1 Ұйымдастыру кезеңі


Музыка ойнап тұрады.


1 Қоңыраудың үні естіледі.


Жүргізуші:

Талай алып тұлғалар келген елім.

Тұсауын талай жырдың кескен жерім.

Біз үшін жалындаған асыл арман,

Сара жолдың тұғырын ұстау мығым.

Бір тұлға надандармен алпарысты.

Бір тұлға биік арман, мақсатқа ұшты.

Енді бірі ұрпағының жолын ашып,

Енді бірі күреспенен жалын құшты.

Соның бірі –Ыбырай Алтынсарин.

Ағартушы-педагог із қалдырған.

Мектеп ашып, ілімнің нәрін сеуіп,

Ұрпағына білімнен қамал соққан.


Жүргізуші:Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсаринның өмір баянына арналған шығармашылық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Музыкалық сүйемелдеу.......................................


Жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин-қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты.


Видеоролик көрсетіледі.


1-оқушы:

Сауатты болса екен деп қазақ халқын,

Білімге бастап беріп, жолды салды.

Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,

Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.


2-оқушы:

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай-дұғай,

Ұрандап өлеңімен келді былай.

Жас ұрпаққа жар салып жанымен де,

«Кел, балалар, оқылық»-деді Ыбырай.


3-оқушы:

Жалғассын бүгінгі күн дәстүр-салтың,

Күндей күліп өмірің болсын жарқын.

Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,

Көтерейік бірігіп атақ-даңқын!


Жүргізуші: Талай дана-данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ы.Алтынсарин да туған. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды.


Би..............


Жүргізуші: Ы.Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған. Өз шығармаларында Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. Назараларыңызда әрбір бала жатқа білетін, «Кел, балалар, оқылық» өлеңі. Орындаушылар: ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Оқушылар жатқа Ы.Алтынсариннің өлеңдерін оқиды.


1 – оқушы: «Кел, балалар, оқылық!»

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.


Істің болар қайыры

Бастасаңыз Аллалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.


2-оқушы:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.


3-оқушы:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Мал дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстың байлығы,

Күннен- күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.


4-оқушы:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған.


5-оқушы:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Надандықтын белгісі -

Еш ақылға жарымас.

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны танымас.

Аяңшыл ат арымас,

Білім деген қарымас.

Жөн білмеген наданға

Қыдыр ата дарымас.




Жүргізуші: Ыбырай атамыз осы өлеңінде оқу-білімнің пайдасы мен қараңғылықтың зиянын салыстыра отырып сиппаттайды. Ғылым-білімнің басты жауы- қараңғылықтың мән-жайын ашып береді. Ақын сол оқудың үйдегі әке-шешенің үміт тілегімен ұштасып жататынын да әсерлі жеткізеді.

Назараларыңызда Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнап жазған тағы бір туындысы «Өнер ,білім бар жұрттар» Орындаушылар: Даутова Нурия, Сейтханова Мариям және Ушурова Малика.


2«Өнер, білім бар жұрттар».

1-оқушы:

Өнер - білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.


2-оқушы:

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай,

Білгендерге осылар

Бәрі - дағы анықтай,

Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық,

Осыларға таныспай;

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай;

Желкілдеп шыққан көк шөптей

Жаңа өспірім достарым,

Қатарың кетті-ау алысқа-ай,

Ұмтылыңыз, қалыспай.


3-оқушы:

Біз надан боп өсірдік

Иектегі сақалды.

Өнер – жігіт көркі деп

Ескермедік мақалды...

Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды.


Жүргізуші: Ақын «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінде оқу, білім алудағы мақсатты аша түседі. Оқып білім алудағы мақсат халықтың қажетіне жарау, өз еліңді өркениетті елдер қатарына қосу деп түсіндіреді.

Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке,махаббат-достыққа,еңбекке, жігерлікке,тапқырлыққа, халқын сүюге шақырды. Былай айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды.


Жүргізуші: Келесі кезекте назарларыңызда ән. Орындаушы кешіміздің қонағы --------------------------------------------------------------------

Ән орындалады...............


Жүргізуші: (музыкалық сүйемелдеумен оқиды)

3«Ананың сүюі».

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.


Жүргізуші: «Ананың сүюі» өлеңінде түн ұйқысын төрт бөлген ананы қадірлеуге, сыйлауға шақырады.


Жүргізуші: Ы. Алтынсарин жазба әдебиетке тән прозажанрының да негізін қалады. Ол-тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы.Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі-жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу-Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы.

Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Келесі кезекте Ыбырай әңгімелерінің желісінде дайындалған қойылым.


Ы.Алтынсариннің «Шеше мен қызы» әңгімесінің қойылымы.



Жүргізуші: Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік, тәрбие мәселесіне жазылған. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.

Ы.Алтынсариннің әңгімелері желісінде салынған көрмеге назар аударыныздар. Әңгімелерін оқып, мазмұны негізінде мектебіміздің оқушылары сурет салды. Көрмеге назар аударсаңыздар Ыбырай Алтынсарин әңгімелері оқушы қиялын ұштай түскендей.... Ат салысқан барша оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз.


Жүргізуші: Қазақ халқының дарынды перзенті Ы.Алтынсарин аса күрделі тарихи кезенде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезенде өмір сүрді. Қазақ халқының тарихында Ы.Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.

Ы.Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.

Ы.Алтынсарин-нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат-ақын, жаңашыл жазушы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.


Видеоролик жалғасы......


Жүргізуші:

Алтынсарин-қазақтың жарық шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Ы.Алтынсарин елімнің алтын бағы.

Алтынсарин-мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды

Алтынсарин-даланың қоңырауы.

Алтынсарин-ел үшін соққан жүрек,

Сезіп оның дүрсілін шаттанды көп.

Қалың қардың жібіткен мұз денесін

Алтынсарин-аңқылдақ алтын күрек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!