Сыныптан тыс іс-шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі" КММ








СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

спа.jpg

Shape1




















Тақырыбы: «Спандияр Көбеев 145 жыл»

Өтетін орны: «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі" КММ

Сынып: 1-2 «А»

Мерзімі: 29.11.23 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова М.Д





2023 ж

Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты: Автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту. Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру;

Сыныптан тыс іс-шараның міндеттері:

  • Әр оқушы осы автор арқылы шығармалар негізінде өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру..

  • Ақын-жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.

Формасы, түрі: kino time

Әдіс - тәсілдері: викторина, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.

Тәрбие түрі /бағыты/: Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Көрнекілік: Кейіпкер суреттері, плакат, қима қағаздар, таратпа материалдар.

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, презентация


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:


І. Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Негізгі бөлім

1. «Білгірлер алаңы» кезеңі

2. «Борт журналы» кезеңі

3. «Суреттер сөйлейді» кезеңі

4. «Кім жылдам?» кезеңі


ІІІ. Қорытынды


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі :

Мұғалім:

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

Нұрын, сырын білуге

Көкрегіңде болсын көз –дей, келе бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамызды бастаймыз.




ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім:

1878 жыл қазанның 1-і Спандияр КөбеевҚостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.


1887 ж. желтоқсан айында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен ашылған мектепке барады.

1892-1897ж.ж. Болыстық мектепте оқиды.

1899 жылы Қостанай қаласында ашылған орыс-қазақ екі кластық курсқа түседі.

1901 жылы Бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.

1910 жылы Алғашқы кітабы «Үлгілі тәржімә» Қазан қаласында жарық көреді.

1912 жылы «Үлгілі бала» оқулық-хрестоматиясы жарық көреді.

1913 жылы «Қалың мал» романы басылып шығады.

1951 жылы «Орындалған арман» атты өмірбаяндық шығармасы жарық көреді.

1956 жылы Өмірден өтеді.

С. Көбеев ауылда мұғалім болып жүрген кезінен бастап ел тұрмысына жақын, оқиғасы шағын, есте жақсы сақталып, көңілге бірден жететін мысал өлеңдер аударуды қолға алады. Ел ішінде түрлі оқиға, іс-әрекет пен И.А. Крыловтың мысалдары арасынан үндестік та-бады. Алғаш 1908 жылдан бастап аударған мысалдарын 1910 жылы Қазан қаласында бастырып шығады. Оны «Үлгілі тәржімә» деп атайды.


Бейнеролик

«Қарға мен түлкі» мысалы https://youtu.be/17HLkiirHJE?feature=shared

«Қасқыр мен тышқан» мысалы https://youtu.be/jUIGiZzQMXs?feature=shared

«Аққу, шортан, һәм шаян» мысалы https://youtu.be/Nieyxxcc2bI?si=y5wx46yUspog6lzJ

«Білгілер алаңы» кезеңі

Шарты: Оқушылар көрген мысалдар бойынша кейіпкерлерді тауып, түстері бойынша бояйды, кейіпкерлерді сипаттайды.


2-тапсырма

«Борт журналы»


Мысал кейіпкері

Жағымды

Жағымсыз









3-тапсырма

«Суреттер сөйлейді» кезеңі.

Шарты: Қима қағаздарды пайдаланып суреттерді құрастырады. Бөліктерген құралған суреттегі бейнені атайды. Спандияр Көбеевтың мысалдарына қатысты не қатысты еместігін анықтайды.

2. «Кім жылдам?» кезеңі

Шарты: Learning.apps IT-бағдарламасында берілген тапсырманы орындайды. Әр кейіпкерді Спандияр Көбеевтың мысалдар атауына байланысты сәйкестендіреді.

https://learningapps.org/display?v=pjb5md4pt23


ІІІ. Қорытынды

Спандияр Көбеев қиянат, әділетсіздік, надандық, мақтан сүйгіш, бос кеуделілік, ақымақтықты сынайды. «Маймыл мен көзілдірік», «Аққу, шортан һәм шаян», «Көлбақа мен Юпитер», «Арыстан мен маса», «Жапырақтар мен тамырлар»сияқты мысалдарға әр заттың қадір-қасиетін ұғынуды, бірлік пен ынтымақты сақтауды, шамасына қарап шарқын бағамдауды, көпшіліктің жұмылса жеңбейтін, алынбайтын қамалы болмайтынын айтады.

Сыныптан тыс іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2024
288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі