Материалдар / сыныптан тыс іс-шара "Ғарыш әлеміне саяхат"

сыныптан тыс іс-шара "Ғарыш әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып, физика пәнінен сыныптан тыс жұмыс. Ғарыш әлеміне саяхат Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын көбейту, ой-өрісін, қиялын дамыту. Тәрбиелік: Оқушы бойындағы сыйластық достық, бір- бірін құрметтеу қасиеттерін, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайд «Ғарыш әлемі», плакаттар, ғарышкерлердің суреттері. Қажетті құралдар: плакат, бүктемелер, слайд, қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2022
1669
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін Ж.Оспанов




Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат.

Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын көбейту, ой-өрісін, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушы бойындағы сыйластық достық, бір- бірін құрметтеу қасиеттерін, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд «Ғарыш әлемі», плакаттар, ғарышкерлердің суреттері.

Қажетті құралдар: плакат, бүктемелер, слайд, қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар.

Әдісі: Топтық жұмыс.


Жүргізуші.

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздерді 12 сәуір - ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз!

ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – «Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.

Ерте заманнан – ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Ал қазір аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты бақылайтын жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігін зерттей бастады.

Ал енді ғарыш күніне арналған сайыс-сабағымызды бастаймыз.
Сайысымыздың басында сіздерге, кеш барысын қадағалап отыратын, әділ баға беретін әділ - қазылар тобымен таныстырып өтейін:

________________________________________________________________________________________________________________________________________



Сайыс жоспары:
І бөлім: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат. (бейне ролик )
ІІ бөлім: Білім сайысы.

І кезең: Таныстыру.
ІІ кезең: Викториналық сұрақтар.
ІІІ кезең: Сөзжұмбақ.
ІV кезең. Сергіту сәті. «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбына сурет салу.

V кезең: Тіл – өнер.
VІ кезең: Капитандарға тапсырма.

ІІІ бөлім: Сайыс қорытындысы.

(Қазақ ғарышкерлерінің суреті)

Сайысымыздың І бөлімі бойынша ғарышкерлер күніне арналған мына қысқаша бейнероликті тамашалаңыздар. (Бейнеролик)

Сайысымыздың ІІ бөлімінің «Таныстыру» кезеңін бастайық, әр команда өздерін таныстырып өтсін.



ІІ кезең. Викториналық сұрақтар
І топқа
1. 1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)
2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )
3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)
4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)
5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған? («қыдырма» шырақтар деп )
6. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз )
7. Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )
8.
қандай физикалық шаманы анықтау формуласы? (жылдамдық)
9. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
10. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера)
11. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)
12. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (1961 жылы 12 сәуірде Ю. А. Гагарин)
13. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)
14. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)
15. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)


ІІ топқа
1. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды?
(К. Птолемей)
2. Ғылыми деректермен негізденген жорамал не деп аталады? (Гипотеза)
3. Марстың серіктерін атаңдар. (Фобос және Деймос)
4. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун )
5. Қай планеталар өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы? (Шолпан және Уран )
6.
Венера планетасының қазақша атауы (Шолпан)
7. Күннің жүретін жолы (Эклиптика )
8. Дене пішінің немесе Өлшемдерінің өзгеруі (Деформация)
9. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)
10. Энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі (су көлігі)
11. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( М. Армстронг пен Э. Олдрин )
12. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)
13. Неше шоқжұлдыз бар? (
88)
14. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
15. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)


Жүргізуші.

«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «Космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда. Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Васток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты.

ІІІ кезең: Сөзжұмбақ. (екі топқа сөзжұмбақ беріледі)

Жүргізуші.

Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевта ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.

Олар:
1. Қазақстан жерінің табиғи ресурстарын зерттеу, астықты аймақтың мүмкіндігін болжау;
2. Ғарыш жағдайында материалтану;
3. Жер асты пайдалы қазбаларын іздестіру;
4. Атмосферамен қатар, ионосфера және мезосфера қабаттарын да зерттеу;
5. Биотехникалық және биомедициналық зерттеулер жасады.


ІVкезең. Сергіту сәті. «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбына сурет салу.

V кезең: «Тіл – өнер» кезеңі. Үш тұғырлы тіл үйлесімін тапқан бүгінгі Қазақстанда үш тілділік ұлттық мерейі саналады . Ендеше өзімізді сынап өтсек артық етпес. Яғни, сіздер бұл кезеңде қазақ тілінде берілген кез-келген сөздің орысша және ағылшынша баламасын табасыздар .
1. Ауа – воздух – air
2. Ғаламшар – планета – planet
3. Ай – луна – moon

4.Жұлдыз –зведа -star
5. Уақыт – время – time
6. Аспан – небо – sky
7. Ғарыш – космос – space
8. Күн – солнце – sun
9. Жер – земля – earth



VІ кезең Капитандарға тапсырма.

Жүргізуші. Ендігі кезек капитандарға беріледі. Команда капитандары алға шықсын. Тапсырма: Алға қарай бір қадамнан аттап «Физика және астрономия» ғылымын зерттеген ғалымдардың атын атасын.

Сайыстың қорытынды сөзі әділ – қазыларға беріледі. Жеңімпазды анықтайды, марапаттайды.
Жүргізуші.
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле елімнің әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған кешімізді аяқтаймыз.







  1. 1961 жылы алғаш ұшқан ғарышкер?

  2. Орыс тіліне «физика» деген сөзді енгізген ұлы ғалым?

  3. Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп аталады?

  4. Грекше астрон – жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді?

  5. Астрономияның ең негізгі зерттеу құралы?

  6. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды ұсынған?

  7. Грекше космос – ғарыш және наупик кеме жүргізу деген мағынаны білдіреді?

  8. Ғылыми деректермен негізделген жорамал?

  9. Жұлдыздар жүйелері мен олардың шоғырлары нені құрайды?

  10. Аспан денелерінің пайда болуының және дамуын зерттейтін астрономия ілімі?













  1. 1994 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері?

  2. Байқоңырдан ұшқан ғарышкер?

  3. Жер серігі?

  4. Тұңғыш қазақ ғарышкерінің есімі?

  5. Алғашқы ғарыш кемесінің аты?

  6. Полщадь сөзінің аудармасы?

  7. Аспан әлемі?

  8. Ғарыш станциясы атауы?







Ғарыш әлеміне саяхат



Кезеңдері

Командалар



І кезең: Таныстыру.




ІІ кезең: Викториналық сұрақтар.




ІІІ кезең: Сөзжұмбақ




ІV кезең. Сергіту сәті. «Ғарыш әлеміне саяғат» тақырыбына сурет салу.



V кезең: «Тіл – өнер» кезеңі.



VІ кезең: Капитандарға тапсырма.




Қорытынды








А

С

Т

Р

О

Н

О

М

И

Я

Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8 Shape9 Shape10 Shape11 Shape12 Shape2 Shape13 Shape14 Shape15 Shape16 Shape17 Shape18 Shape19 Shape20 Shape21 Shape22 Shape23 Shape24 Shape25 Shape26 Shape27 Shape28 Shape29 Shape30 Shape31 Shape32 Shape33 Shape34 Shape35 Shape36 Shape37 Shape38 Shape39 Shape40 Shape41 Shape42 Shape43 Shape44 Shape45 Shape46 Shape47 Shape48 Shape49 Shape50 Shape51 Shape52 Shape53 Shape54 Shape55 Shape56 Shape57 Shape58 Shape59 Shape60 Shape61 Shape62 Shape63 Shape64 Shape65 Shape3 Shape66 Shape67 Shape68 Shape69 Shape70 Shape71 Shape72 Shape73 Shape74 Shape1 Shape75 Shape76



  1. 1961 жылы алғаш ұшқан ғарышкер?

  2. Орыс тіліне «физика» деген сөзді енгізген ұлы ғалым?

  3. Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп аталады?

  4. Грекше астрон – жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді?

  5. Астрономияның ең негізгі зерттеу құралы?

  6. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды ұсынған?

  7. Грекше космос – ғарыш және наупик кеме жүргізу деген мағынаны білдіреді?

  8. Ғылыми деректермен негізделген жорамал?

  9. Жұлдыздар жүйелері мен олардың шоғырлары нені құрайды?

  10. Аспан денелерінің пайда болуының және дамуын зерттейтін астрономия ілімі?













  1. 1994 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері?

  2. Байқоңырдан ұшқан ғарышкер?

  3. Жер сері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ