Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара: Математика-информатика ғылым кемесінде

Сыныптан тыс іс-шара: Математика-информатика ғылым кемесінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара: Математика-информатика ғылым кемесінде М.Мақатаев мектебінде жаратылыстану пән бірлестігінің он күндігіндегі сыныптан тыс іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2022
1163
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«М.Мақатаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











«Математика – информатика ғылым кемесінде»

топтық сайысы


Күні: 18.11.2022

Пән мұғалімдері:

Апендиева Ф.А

Ордабай Ұ.Е

















2022-2023 оқу жылы.


Математика және информатика пәндерінен 5-10 сынып оқушыларына арналған
«Математика – информатика ғылым кемесінде» топтық сайысы

Мақсаты: математика және информатика пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық және теориялық білімдерін нығайту.

Көрнекіліктер: проектор, үлестірмелі қағаздар, ноутбуктар, компьютерлер.

Сайыс барысы:

Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар!

Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарыста, жүлде алсын”, - деп бүгінгі «Математика-информатика ғылым кемесінде» атты топтық сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып «Математика-информатика ғылым кемесінде» атты сайысымызды бастаймыз.


Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.


Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген 5-10 сынып аралығындағы оқушылар.

Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей ендігі кезек оқушыларда. Топтарға өздерінің топ аты мен ұранын ойластыруға және топ басшысын сайлауға 1 минут уақыт берейік. (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады, топ басшысын хабарлайды).

Мұғалім:

Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз. Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық. Бүгінгі ойынымыз 5 кезеңнен тұрады: жұмбақтар, тіл-өнер, қызықты тәжірибе, кім жылдам, конструктор.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Ең алғашқы кезеңіміз көріңіз – деп алғашқы “Жұмбақтар” кезеңімізді бастаймыз.

І – кезең. «Жұмбақтар»

Бұл кезең бойынша сіздерге информатика, математика пәндерінен 20 сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға алғыр да тапқырлықпен жауап беру керек. Жауап беруші алдында тұрған белгішені көтереді. Әр дұрыс жауап үшін топқа 5 ұпайдан қосылады.

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)

  2. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс. (интернет)

  3. Сурет салуға арналған программа. (пайнт)

  4. Компьютердің “ақыл-ойы”, ең басты бөлігі. (процессор)

  5. Компьютер ауруы. (вирус)

  6. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші. (сканер)

  7. Қағазға басып шығару құрылғысы. (принтер)

  8. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер. (файл)

  9. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. (пернетақта)

  10. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы. (модем)

  11. Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (кактус)

  12. Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы сөзінің авторы кім? (Гаусс)

  13. Тұңғыш қазақ геологы, қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының авторы. (Қ.Сатпаев)

  14. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипотенуза)

  15. Квадраттық функцияның графигі. (парабола)

  16. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

  17. Бір қабырғасы 9 см, ал ауданы 108 см2 болатын тіктөртбұрыштың келесі қабырғасын табыңыздар. (12)

  18. Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі.

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтасын сен оны. (квадрат түбір)

  1. Айналған шешу құралына,

Төрт саны араласқан құрамына

Теңдеудің түбірлері нешеу?” – деген

Қандай сан жауап береді сұрағыма. (Дискриминант)

  1. ax2+bx+c=0 қандай теңдеу? (квадрат теңдеу)


Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте”, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек келесі кезеңіміз “Тіл - өнер”.

ІІ – тур. «Тіл - өнер»

Бұл кезеңде сіздерге сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтың жауабын үш тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын тілінде.

  • Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)

  • Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)

  • Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ (терезе – окно - window)

  • Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет – корзина - basket)

  • Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін даярлаймыз? (көшіру – копировать - copy)

  • Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру – удалить - delete)

  • 16+28 = ? (қырық төрт - сорок четыре - forty four)

  • 380 – a = 330 – 175 теңдеуін шеш. (екі жүз жиырма бес - двести двадцать пять - two hundred twenty)

  • Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? (шаршы – квадрат - square)

  • 9+7 өрнегінің мәні қанша? (он алты – шестнадцать – sixteen)

  • 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. (тоқсан сегіз - девяносто восемь - ninety-eight)

  • Қандай санды оң оқысаң да, теріс оқысаң да сол сөз шығады? (қырық -сорок –forty)


ІІІ – кезең. «Қызықты тәжірибе» деп аталады.

Бұл кезеңде оқушылар математика және информатика пәнінен тәжірибелер орындап көреді. Информатика пәні бойынша: 3 топқа монитор, жүйелік блок, пернетақта, тінтуір және осы құрылғыларды қосатын шнурлар беріледі. Бұл құрылғыларды бір-бірімен тез әрі дұрыс жалғап, компьютерді іске қосқан топ жоғары ұпай алады.

Математика пәні бойынша:

5 л ыдыс пен 3 л ыдыс бар. Осы екі ыдысты пайдаланып 4 л су алу керек.



Мұғалім: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, одан әрі сайысымызды жалғастырайық. «Кім жылдам» . Бұл кезеңде Quizizz платформасында тест сұрақтары беріледі. 10 секунд ішінде сұрақты жылдам әрі дұрыс белгілеген топ алға озады.


Мұғалім: Келесі соңғы кезеңіміз «Конструктор» деп аталады. Топтарға әр түрлі геометриялық фигуралар беріледі. Осы фигуралар арқылы күнделікті өмірде қолданатын бір заттың бейнесін құрастырып, оны таныстырады.


Олай болса, сөз кезегін бүгінгі сайысымызды әділ бағалап отырған әділқазылар алқасына берейік.


(Әділқазылар топтардың бағаларын қорытып, орындарын анықтайды)

Мұғалім:
Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын!. Бүгінгі «Математика-информатика ғылым кемесінде» атты сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенеміз. Келген қонақтарға, қатысушыларға мың да бір алғысымызды білдіреміз! Алар асуларыңыз көп болсын!
















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ