Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара. "Қош бол сүйікті Әліппе" 1- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара. "Қош бол сүйікті Әліппе" 1- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара Рақмет саған әліппе.Әліппемен қоштасу
Авторы:
29 Қараша 2023
342
10 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс! »

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын арттыру.
Оқушыларды ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын ескере отырып, ана тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Безендірілуі: «Әліппеге мың алғыс! » жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар.
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқа білім сабағына енген 1 сынып оқушылары бүгін бір асудан асты, Алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы Әліппемен қоштасуға арналған
«Әліппеге мың алғыс! » ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ана тілінің ғажайып, ірі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы - Әліппе оқулығы.
Осы оқулықтан білім нәрін алған балғын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

Ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен бастайық.
Ақниет:
Қош келіпсіз, ақжаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Темірлан:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Әріптерді қатар қойып,

Алфавитті құраған.

Оқу, білім өнерді,

Шамшыраққа балаған

Кім екен ол данышпан?

Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.

Мұғалім
- Балалар мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен:
Әліппе.

Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыңдар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық.
Әліппе:

- Осы сендер қандайсындар?
- Талабы биік таудаймыз. (Жалғас)
- Мың бұралған бишіміз. (Зере)
- Біз шеберміз. (Алтынай )
- Ақылдымыз. (Інжу)
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. (Мафтуна)
- Көп оқимыз. (Ақниет)
Барлығы: Біз – қазақ елінің болашағымыз.

Әліппе: Мен туралы тақпақ білесіңдер ме?

Фариза:
Жақсы кітап әліппе,
үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.
Інжу:

Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Жалғас:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Ұ.Ақниет:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе!

Бексұлтан

Әліппеп менің, әліппем.
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің 
Ертеңгі сәуле жарықпен. 

Амир

Әліппе –білім анасы,
Әліппе кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған
Адам барма баласы.
 

Ақмарал

Бұрқыраған білімнің 
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том болған кітаптың
Басы болған Әліппем.
 

Медина

Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе.
Ақылшым сен – мұғалім.

Нұрдаулет

Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
«Әліппе» атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.

Нұрсұлу

Үйреттің бізді Әліппе
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдым дәріпке. 

Әлимұртаза

Оқитын, әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің тегін қазатын.

 

Ализар

Бәр әріпті үйреткен.
Міне, менің Әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.

Алдияр

Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған,
Даналық тың данасы. 

Фатима

«Әліппе» даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз алғашқы.

Дана

Қыркүйекке келдім де 
Сыныпқа кірдім қуанып. 
Қарсы алды ұстаз мейірмен 
Қадамымды құп алып. 
Байалы

Бар білімнің бастауын 
Әліппеден бастадым. 
Үйренуге талпындым 
Құлшынып балғын жас жаным. 
Бикежан
Бірінші беттен елімнің 
Елтаңбасын таныдым. 
Көк байрақты қазақтын 
Ұрпағымын,сәнімін. 

Аян
Ең алғаш алғанымда Әліппені 
Қызығып қарай бердім әріптерді. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді 
Ұстазым оның кілтін алып берді. 
Айша
Келгенде алғаш мектепке 
Білмеуші едік әріпте. 
Оқимыз қазір ертекті 
Үйреткен оны «Әліппе». 
Арнұр
Енді біз жаза білеміз 
Әріпті қосып,әріпке. 
Риза боп саған жүреміз 
Сүйікті біздің Әліппе. 
Мейрім
Іші толы әріпке 
Мынау әйбат Әліппе! 
Барлық ілім білімнің 
Әжесі осы Әліппе. 
Әліппе:

- Балалар, міне төрт айдай оқып, үйреніп білім алып келеміз. Бүгін сол не үйрендіңдер, не білетіндеріңді ортаға саламыз, яғни білім шыңына саяхат жасаймыз.

- Мынау не?

- Сандық.

- Балалар, бұл жай сандық емес сиқырлы сандық. Оның аузы жабық тұр.

- Ал оны немен ашу керек?

- Кілтпен.

- Осы сандықтың аузын тек білім кілтімен ашамыз.

Ал білім кілтін, мен сендерге келе жатқанда жоғалтып алдым? Кілтті табуға көмектесесіңдер ме? Иә!

«Алма жинау» ойыны:
Менің бағымнан алма теріп көрейік, мүмкін мында кілт табылар. сиқырлы алмалардың артында тапсырмалар бар, кім тапсырманы орындайды сол алманы алады. Әр оқушы тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Мұғалім: Балалар, ал енді осы уақытқа дейін не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық.  Балалар мен қазір сендерге сұрақтар қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап береді. 
1. Еліміз қалай аталады? 
(Қазақстан) 
2. Президент күні қай күн? 
(1 желтоқсан) 
3.
Бір аптада неше күн бар?
4. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? 
(Ту, елтаңба, әнұран)
5. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? 
(Әліппе)
6. Қазақ тілінде қанша әріп бар? 
(42) 
7. У дыбысы қандай дыбыс? 
(Дауысты да, дауыссыз да) 
8. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата (ю,я) 
9. Дыбыс бермейтін әріптер 
(ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі) 
10. Сөз неден құралады? 
(Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 
11. Сөйлем туралы не білесің? (Сөйлем сөзден тұрады. Сөйлемнің басы бас әріптен басталып жазылады. Сөйлем соңына нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі деген тыныс белгілері қойылады) 
Мұғалім: 
Міне құрметті қонақтар балалардың қандай білімді болып өсіп келе жатқандығының куәсі болған шығарсыздар. 
- Жарайсындар, балалар, сиқырлы алма ағашының тапсырмасын орындадық.
Әр бала өзінің алғырлығымен, білімдерімен алтын кілтті жеңіп алып сиқырлы сандықты ашты. Сандық ішінен кітап шықты.

Кітап - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы

Дегендей білім арқылы биік шыңға шығамыз.

Әліппе:
-Балалар,менен алған білімдеріңді одан әрі шыңдай түсетін,өз тілімізді сүюге,қадірлеуге үйрететін кітап – «Ана тілін» ортаға шақырайық.Ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі оқулығы болады.

Ана тілі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар ?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам,

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің – арың бұл –

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

-Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.Енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын.Тек мені таза ұстап,ынта қойып оқыңдар.Менің бір ерекшелігім – қазақ тілін менімен қатар оқитын боласыңдар.

Әріптерді көрейік
Бастасын кәне айтысты,
Жібермесін намысты.
Аяна:
А: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой.
Ерсұлтан:
Ә: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Бексұлтан:
Б: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Інжу:
Г: Гу деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Темірлан:
Ғ: Ғалым ғылым ғасырды,
Ғ білімге асырды.


Д.Ақниет:
Д: Дүлдүл аттар баптаған,
Дәркенді жұрт мақтаған
Мұса:
Е: Елге есті ер керек ,
Ер жет өсіп ертерек.
Мафтуна:
Е :«Е» әрпінің үстіне
Екі нүкте қойғанда,
Қандай әріп шығады?
Жауабын айт, ойлан да.
Алтынай:
Ж: Жасұланбыз, жастармыз
Жарқын істер бастармыз,
Жерімізді түлетіп,
Жайнатып –ақ тастармыз .
Зере:
З: Зауза ұшады зыңылдап,
Зымыранша зырылдап.
Фариза:
И дегенім иманым
Адамдықтың асқары
Нұрахмед:
К дегенің күй дарын
Домбыраның дастаны

Әли:

Ай, тай, май,
Шай, жай, сай,
Ой, той, қой,
Сөз соңында кілең «Й»
Аты оның - «қысқа й»
Алдияр:
Қ: Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Ақниет:
Л: Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
Жалғас:
М: Мақтанышым ұдайы,
Маңғыстаудың мұнайы.
Ен байлықтың қақпасы,
Мақтаралдың мақтасы.
Балауса:
О – кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
Аружан:
Ө:
 Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер
Іңкар:
І: Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Ірімшіктің атауы
І әрпінен басталған
.

Мұғалім: -Жоғары төрлетіңіз,Ана тілі.

Әліппе:Бүлдіршіндер,сендер мені жақсы игеріпсіңдер.Енді сендермен қоштасатын да уақыт келіп жетті.Көп рахмет,сендерге.

Кір шалмасын беттерің,

Таза болсын оқулық пен дәптерің

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын!

«Ана тілі» оқулығын таза ұстап,жақсы оқыңдар.Сау болыңдар!


Барлығы:«Қош бол сүйікті әліппе »

«Рахмет ,саған әліппе!» әні
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Мұғалім: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз.Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.

Бәрі: Рахмет саған ата-ана!

«Мама » әні
Жиналған қауым таң қалсын

Ән- бимен шашу шашылсың

Мың бұралған бишілер

Бименен кешті жалғасын.
«Қамшы » биі

Мұғалім.

Балалар, әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.
Ана тілі:

Бүгін сендер өз білімдеріңді көрсетіп нақты әліппені меңгергендеріңді көрсеттіңдер және өнерлі екенсіңдер.Осының бәрін үйреткен кім?
« Мұғалім –ол біздің » әні

Көрініс: «Бауырсақ»

Би: «Флешмок »

Мектеп директоры Конысбаева Мира Асылбековнаға сөз беріледі.

Әліппе оқулығын аяқтағаны үшін дипломмен марапаттау.

Би: Қамажай

Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым,.

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып - оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!


Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.

-Құрметті қонақтар, қымбатты балдырғандар! Биылғы жыл ерекше жыл: еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды.Еліміздің білімді де тәрбиелі, елін сүйетін, көк туын көкке көтеретін ұл-қыздары боп өсе беріңдер.
«Көк тудың желбірегені » әні

Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Назар аударып қарағандарыңызға рақмет!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!