Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сыныптан тыс жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы,
Ақтерек ауылы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
№26 негізгі орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Құдайберген Айман Төлеуғалықызы
Айы-күні:11.11.2017ж
Тақырыбы: «Білгір бесеу»
Мақсаты: 1. Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру қалыптастыру.
Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.
Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.
Түрі:қазақ тілінен зияткерлік сайыс
Көрнекілік: плакаттар, ребустар,жұмбақтар.
Ойын барысы
Қазақ тілі туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің Ата заңы- Конституцияның 7- бабында “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі” деп көрсетілген.
Мемлекеттік тіл деп белгілі бір елдегі оның негізін құрайтын көпшілік халықтың тілі есептеледі. Қазақстан жерін байырғы заманнан бері қонысталып келе жатқан- қазақтар. Олар өз Отанында тұрады және республика халқының негізін құрайды. Біздің еліміз- Қазақ елі немесе Қазақстан деп аталуы да содан. Олай болса Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі болуы тарихи заңдылық.
Тәуелсіз мемлекет құрылғаннан кейін тіл жөніндегі теңсіздікті жою мәселесі мықтап қолға алынды. 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Парламенті “Тіл туралы” жаңа Заң қабылдады. Онда мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарды жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіру көзделген. Мемлекеттік тілде берілетін радио және телехабардың уақытын көбейту жолдары қарастырылған. Мемлекеттік тілді үйрету шаралары да назардан тыс қалмаған. Ондай болса бүгінгі біздің интеллектуалдық ойынымыздың да мақсаты қазақ тілін үйретуге, дамытуға арналған. Сендер Қазақстанда туып, өсіп келесіңдер. Сондықтан қазақ тілін жетік білулерің керек.
Жоспар:
-
Таныстыру
-
Белес
-
Өткел
-
Айшықты сөздер
-
Асу
1-кезең Таныстыру
Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып өтсін.
(қай мектепте оқиды, аты-жөні,жасы, үйдегі еркелететін есімі )
-Қандай пәнді жақсы көресіңдер? Несімен ұнайды?
-Бос уақытты қалай өткізесіңдер?
2-кезең Белес
Әр балаға әртүрлі саладын 10 сұрақ қойылады.Қазақстан Республикасы туралы білім тексеру,сауаттылықты тексеру Ұпайы аз бала ойыннан шеттетіледі.
1-бөлім.Жорға сұрақтары
1-оқушыға
1.Тұңғыш ұстаз, ағартушы? Ы.Алтынсарин
2. Құлағы үлкен жануар (піл)
3. Сезім мүшелерін ата (көз, тері, мұрын)
4. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
5. Мәтін түрлерін ата
6. Ұша алмайтын құс (түйеқұс)
7. Рәміздерді ата (гимн, елтаңба, ту)
8. Ауаның ластану себептері (қоқыс қалдықтары)
9. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
10. Шөлге шыдамды жануар (түйе)
2-оқушыға
1. Үш биді ата.
2. Жуық мәндес сөздер…(Синоним)
3. Киелі құс (Аққу)
4. Ы. Алтынсарин не ашқан?
5. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар
6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?
7. Тудың авторы? (Ш.Ниязбеков)
8. Сөз таптарын ата
9. Ертегілердің қандай түрлері бар?
10. Ң әрпі жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)
3-оқушыға
1.Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)
2.Елтаңба авторлары (Шота Аман уалиханов,Жандарбек Мәлібеков)
3.Екі не одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем (құрмалас)
4. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов )
5.Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз
6. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)
7.Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)
8.Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)
9.Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер…(Етістік)
10.Жалқы есімдер қалай жазылады?
4-оқушы
1.Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз… (Жақсы)
2.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)
3.Гимннің әнін жазған? (Ш.Қалдаяқов)
4.Сан есімнің сұрақтары…(Неше? Нешінші? Қанша?)
5. А.Құнанбаевтың шын аты кім? (Ибрахим)
6.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша… (жалғау)
7.Қарсы мәндес сөздер… (антоним)
8.Жалпы есімдер қалай жазылады?
9.Заттың санын, ретін білдіретін сөздер… (сан есім)
10.Етістіктің сұрақтары… (не істеді? Не қылды? Қайтті?)
5-оқушыға
1.Батыр сөзіне жуық мәндес сөз… (мықты, шымыр)
2.Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз… (биік)
3.Гимннің сөзін жазғандар? (Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев)
4.Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер… (сын есім)
5.Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба… (нүкте)
6.Туынды сын есім қалай жасалады? (түбірге жұрнақ жалғау)
7.Бір-біріне бағына байланысқан толық мағыналы сөздердің тобы (сөз тіркесі)
8. Қазақ тіліне тән дыбыс ? ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,і.
9.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)
10. Сөйлем неден құрылады (сөздерден)
2-бөлім: Бос орынға тиісті әріпті қой
Еркетаң: Жи...аз, құт...ықтаймын,тә...ел...іздік
Самал:Ша...сорғыш, т...лпар, қа...ылтыр
Кәмила: ...шақ, та...ертең,с...лу
Шапағат: Г...мн, ән...ран,елта...ба
Нұрасыл:қа...быз, тас...ақа, әрт..с
3-бөлім Есепте
Оқушылардың алдарына қағаз беремін сұрақ жауабын есептеп цифрмен көрсетеді.
1.Ы.Алтынсарин 1841 жылы туылған.Биыл неше жылдығы? 176
2.Желтоқсан оқиғасы 1986 ж болды.Биыл неше жыл? 31
3.1991ж тәуелсіздік алдық. Тәуелсіздікке қанша жыл? 26
4. А.Байтұрсынұлы 1873 ж туылған. Биыл неше жылдығы?
5.Біздің мектеп 1966 ж алғаш жұмысын бастаған. Биыл? 52
Ұпайы аз оқушымен қоштасамыз
2-кезең Өткел
Көрермендерге жұмбақ жасыру.Тапсырманы қимылмен көрсетіп жауабын табады.Сөйлеп дыбыс шығаруға болмайды
Ереже айтып құрмалас сөйлем құрайды.
1.Сөйлемнің дара және күрделі мүшесі (қуыспақ ойыны )
2. Буын үндестігі ( ойыншықтар)
3.Мәтін (қар, жаңбыр суреті)
4.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (орман)
5.Жай және құрмалас сөйлем (қысқы киімдер)
Ұпайы аз 4 оқушының бірімен қоштасамыз
3-кезең «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр оқушыға 2 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады.
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
1. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
2. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
1. Бетінен оты шықты (ұялу)
2. Ит өлген жер (алыс)
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
1.Таяқ тастам жер (жақын)
2.Жүрегі тас төбесіне шықты (қорықты
1.Қас пен көздің арасында (тез, жылдам, лезде)
2.Ат құлағында ойнайды (шабандоз)
3 оқушының бірімен қоштасу
“Қызықты грамматика” Қандай сөздер жазылған.
-
қ
қ
қ
қ
қ
қ
қ
қ
к
к
к
к
к
к
к
к
Жауабы:қызық, қазақ, қалақ, кесек, қырық, кезек, кебек, керек, көмек
4-кезең «Асу»
-
Мем туымызда қыран, көгершін
-
Микрофон әнші, суретші
-
до,ре,ми ноталар, буындар
-
Мерген мылтық,қақпан
-
Былғары мал терісі,мақта
-
Айбалта асхана құралы, соғыс қаруы
қосымша:Бірі айтылып,естіледі
Бірі көрініп, жазылады (дыбыс пен әріп)
Екі ойыншының бірімен қоштасу
5-кезең Супер ойын
Ескерткіштер туралы сұрақтар
Бағалаушыға сөз беру
Қорытынды