400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұхит суларының экологиялық проблемалары. экологиялық тәрбие саласына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әбдікәрім Оңалбаев атындағы № 117 орта мектеп

География пәні мұғалімі: Т. Саржанова

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суларының ластануы

Сабақтың түрі:  жаңа  сабақты меңгерту

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды мұхиттар мен басқа да су ресурстарының ластану проблемасымен таныстыру

  • Жалпы сыныптың пікірталас барысында оқушылармен осы проблемаларды шешу жолдарын талқылау.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, карта, видео

Пәнаралық байланыс: Биология , қоршаған ортаны қорғау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу, түгендеу.

- Психологиялық  ахуал.

-  өсімдіктер, жануарлар, құстар суреттер арқылы топқа бөлу

ІІ. Сабақтың барысы: Суретте не бейнеленген.


Оқушылар екі жақты өз ой пікірлерін білдіреді,


Табиғат

Табиғаттағы өзгерістер





Сонымен балалар, бүгінгі сабақ не туралы болмақ? Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы қоршаған ортаның экологиялық жағдайыларының бірі «Дүниежүзілік  мұхит проблемалары»

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Дүниежүзілік мұхит» туралы видео көрсету

1. Қызығушылығын ояту: «Дүниежүзілік мұхит туралы не білеміз?»

1. Мұхит сөзінің мағынасы?
2. Мұхиттың ауданы?
3. Мұхит суының жалпы көлемі?
4. Мұхит суының құрамы?
5. Мұхит суының басты қасиеті?
6. Мұхит суының тұздылығы?
7. Ең кіші мұхит?
8. Дүниежүзілік мұхиттардың көлемі?
9. Ең үлкен мұхит және оның ауданы?
10. Тынық мұхитының ең терең жері?

2. «Мағынаны тану»

А) джигсо әдісі

Б) топтастыру стратегиясы «Мұхитты ластануы»

 

В) Постер қорғау: «Менің географиялық зерттеулерім»

- Дүниежүзілік мұхитта қандай организмдер жойылу қаупі бар? Неліктен?

- Мұхит суының ластануын тудырушы көздерге нелер жатады?

- Болашақта мұхиттарда қандай өзгерістер болады? Өз болжамдары

Г)Сараланған тапсырмалар: Суды ыдысқа құйып, жасыл дәрі, күн бағыс майы, жасыл иірімжіп, ас содасы, кофе, қалдықтар қосу арқылы тәжірибе жасай отырып судың ластануын бақылау.

Оқушылар тәжірибеден түйген ой пікірлерін айтады.

ІҮ. Бекіту:

3. «Мангрлер, кит, үйір балық, теңіз құсы, маржан кедертасы» карточкаларына жазылған сұрақтар арқылы сабақты бекіту


  1. Әлемде мұхиттың ластануына кім кінәлі?

  2. Адамдар санының көбеюі мұхиттарға денсаулығына қалай әсер етті?

  3. Адамдар санының көбеюі мұхиттарға қалай көмектеседі?мысал келтір.

  4. Тәжірибеде мұхитқа қандай антропогендік факторлар әсер етті? Олардың мұхитқа түсуін болдырмау үшін әрбір адам не істеу керек?

  5. Адам әрекетінен зардап шеккен теңіз организмдерінің 5 типін еске түсіре отырып, оларды кімдер қорғау керек екенін анықта? Оларды кім шешуге құқылы?

  6. Мұхиттың ластануына жол бермеген дұрыс па немесе мұхитты кейіннен тазалаған тиімді ма?


Үйге тапсырма: Өз жерлеріңде су көздерін ластамау үшін не істеліп жатыр. Жасалып жатқан жұмыстарды жазып келіңдер


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.02.2021
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі