Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Озық ойлы оқушы" тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыс оқушылардың алған білімдерін шыңдай түсуге, білімге деген құштарлығын аттырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2018
539
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Құмсай негізгі мектебі





Shape2 Shape1

Сыныптан тыс жұмыс



Тақырыбы:

(2-сынып)

Picture 1 Өткізген: Б.Б.Сырабаева

2017-2018оқу жылы





Тексерілді: Күні:

Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы
Мақсаты: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Шар,су, кеспе қағаздар, стакан., нақыл сөз, АКТ.
Сайыстың барысы. І Ұйымдастыру кезеңі:

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы,

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің санансы.


Білім алып оқыдық,

Көңілге біз тоқыдық,

Мектепке біз барамыз.

Білімді ұрпақ боламыз

Қайырлы күн қонақтар!


ІІ.Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.
Армысыздар, құрметті ұстаздар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді, жастар екені даусыз. Осы мақсатпен біз 2 - сынып оқушыларымен бірге күнделікті

алған білімімізді ортағасалып, байқамақпыз.
«Озық ойлы оқушы» атты сайысының кезеңімен танысып алайық.

Сайысымыз 5кезеңнен тұрады. Ойын ережесі бойынша әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Берілген сұраққа тез және наты жауап беру

керек.

1-кезең: «Сәлем сөздің анасы» /Таныстыру/

2-кезең: «Бәйге» / сұрақ -жауап/

3-кезең: «Полиглот»

4-кезең: «Білімпаз» /5 пән бойынша ұяшық таңдап, жауап беру/

5-кезең: «Сөз құрақ» /« Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз құрап жазу/

1-кезең: « Сәлем сөздің анасы» (таныстыру )

«Сәлем  сөздің  анасы» таныстыру бөліміне кезек  береміз.

Ұрпақсыз  мына  өмірде  кім түледі?

Жақсы ұрпақ – еліміздің шын  тірегі.

Ортаға  шығып  таныстырсын  өздерін,

Білімді  ұрпақ  елімнің жас  түлегі, — деп  оқушылар

өздерін  таныстырсын.

2-кезең: «Бәйге» (сұрақ-жауап) Қазір алғашқы білім шыңына көтерілеміз. Ол үшін біздің біліміміз өте жоғары болу керек. «Зерделі

сұрақ, дәлелді жауап» деп «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

  1. Біздің облысымызды ата? /Ақтөбе облысы
    2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/
    3. Тұңгыш мектеп ашқан кім? / Ы. Алтынсарин/


4. Білім күні қай күн? /1 қыркүйек/
5. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев/
6. Қазақтың ұлы ақыны (А. Құнанбаев)
7. Бірінші маусым қандай мереке? (балаларды қорғау күні)
8. Т. Әубәкіров кі м? (ғарышкер)

9. Бес дұшпанды ата ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

10. Мемлекеттік туда не бейнеленген? (күн, қыран, ою)
11. Көкжиектің тұстарын ата ( оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)
12. Астана қаласының бұрынғы атауы (Ақмола)
13. Ауданымыз қалай аталады? (Темір)

14.Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады. ( әріп)
15. Дененің тірек қызыметін атқарушы. (қаңқа)

3-кезең: «Полиглот» Ойланайық азырақ,

Уақытты үнемдеп,

Кім шығады қанеки,

Жауабын мен білем- деп.

Бұл бөлімде мақал –мәтелдердің сұрақ орнына сөздерін тауып, екі тілдегі баламасын айтады. Бір сұраққа жауап беріп, екі нұсқасын айтса, 5 ұпай- қазақша, орысша, егер ағылшынша айтса, 10 ұпай жинайды.

1. Кім – асқар тау?.  (Әке — отец …)

2. Өнер алды  қандай тіл? (қызыл — красный — red)

3. Талапсыз жас,қанатсыз не? ( құс- птица- bird )

4. Білім теңіз, не кеме? (мектеп — школа — scool)

5. Ас атасы - не? (нан-хлеб-bread)

6. Қыстың қамын …. ойла.  (жаз-лето .... )

7. Кімге құрмет, балаға міндет? (ана- мать-… )

8. Қорқақ мың өледі, ер неше өледі?  (бір-один-……. )


4-кезең: «Білімпаз» Бұл сайысымызда негізгі 5 пәннен сұрақтар, түрлі тапсырмалар беріледі, ойыншы ұяшықты таңдайды.

1. Сол жақтағы 10 қазақ тілі

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? /Сұраулы, лепті,

хабарлы/

2. Ортадағы 10 қазақ тілі

Қарама-қарсы мағыналы сөз қалай аталады. /Антоним/

3. Оң жақтағы 10 қазақ тілі

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

Қо..., о..., кү....

  1. Сол жақтағы 20 дүниетану пәні

Қоғам мүшелеріне кімдерді жатқызуға болады? /Геолог, құбыртөсеуші,

дәрігер,жүргізуші т.б/

  1. Ортадағы жақтағы 20 қазақ тілі

Қазақстанның әр азаматына берілетін заңды мүмкіндік қалай аталады. /Құқық/

  1. Оң жақтағы 20 қазақ тілі

Адам,жануарларға, өсімдік өміріне не қажет? (қорек, су, ауа, жарық,жылу)

  1. Сол жақтағы 30 әдебиеттік оқу

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жазды?

  1. Ортадағы 30 әдебиеттік оқу

Суретке зер сал . Қай шығарма, авторы кім?



  1. Оң жақтағы 30 әдебиеттік оқу

Бұл суреттен қандай өлеңді еске түсіруге болады? «Не үшін?» өлеңін жатқа айтып бер.

1.Сол жақтағы 40 математика. Математикалық жаңылтпаш есеп

Бір көкшіл,

Бір ақсұр

Бір ақшыл,

Үш ақ шіл көрдім

Айта ғой қанша шіл көрдім . /6 шіл /

2. Ортадағы 40 математика

Геометриялық фигурадан бір бейне құрастыр.

3.Оң жақтағы 40 математика

«Қызықты шаршы»

1,2 және 3 сандарын пайдаланып квадраттарды толтыру керек. Берілген квадраттың жолдары мен бағандарындағы

сандардың қосындысы, сол сияқты қиғаштап санағанда да

сандардың қосындысы 6 болу керек


  1. Сол жақтағы 50 жаратылыстану

Тәжірибе жасау: Стакандағы суға мұз салсып, одан нені аңғарғанын айту.

  1. Ортадағы 50 жаратылыстану

Шарды үру барысындағы өзшешелікті түсіндіріп айту

  1. Оң жақтағы 50 жаратылыстану.

Сиқыр (фокус) көрсету:


Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)


Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады…

5-кезең - «Сөзден сөз өрбіту» . « Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз құрап жазу.

Мысалы: (Іле, дәу,із, ел, сіз, әуел, ек, кел, әуе, тіл, ту, елсіз, елдік) Қорытынды.: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
VII. Қорытынды. (Әділ қазылар мүшесі қорытындысын айтып, көп ұпай жинаған оқушыныны марапаттайды



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!