Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
15 ҚАРАША
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ
арналған дайын материалдар
сыныптан тыс жұмыс "Алаш көгіндегі күн!"
Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды тарих пән мұғалімдері пайдалана алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
23 Қараша 2018
848
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Бекітемін» Мектеп директоры: Н.Жораев.Тақырыбы: « Алаш көгіндегі күн!»Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.Көрнекілігі: «Алаш» атты кітап көрмесі», Алаш қайраткерлеріне арналған буклет, «Азаттықты аңсаған Алаш» атты газет, Алаш туралы жазылған сөздер.Барысы: Сахнаны безендіру Ұйымдастыру кезеңіӘнұран орындалады.Кіріспе сөз«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Ән:-----------------------------------------------------------------------------2. Жүргізуші:Қазақстан тарихында із қалдырғандар қатарында сталиндік зұлматтың құрбаны болған, жарық жұлдыздай жарқырап халық жүрегінде қалған ұлы тұлға – Әлихан Бөкейханов.Былтыр Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 150 жыл толуын мемлекет болып атап өткен болатынбыз. Әлемдік атақты ұйым – ЮНЕСКО-ның өзі қазақтың Әлиханын «әлемдік деңгейдегі шын мәніндегі аса көрнекті қайраткер тұлға» деп мойындап, оның 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде кеңінен атап өту жөнінде арнайы шешім шығарылған болатын. Бұл күллі қазақ халқы үшін үлкен абырой. Кешегі алаш зиялыларын әлем мойындағанының дәлелі. Ал биыл Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);толуына орай өткізгелі отырған «Алаш көгіндегі күн!» атты тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!1. Жүргізуші:«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сьезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды.Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов.ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.2. Жүргізуші: «Алашорда үкіметі» 1917 жылы Орынборда 3 - 15 - желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Төрағасы Әлихан Бөкейханов. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы Семей қаласы еді.Сол кезде Ресейде орын алған жағдайға байланысты қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді, кезекте бостандықтың жауы большевизммен күресу тұрды.Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.«Алаш ардақтылары» атты бейнекөрсетілімге назар аударайық. 1. Жүргізуші:Қазағым, қақтықпа, қамалма,Ел болар халыңды амалда!Кетті туы, атты таң, шықты күн,Сал малды, сал жанды аянба!Не көрсем де Алаш үшін көргенім,Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,Істей берсін қолдарынан келгенін.Зар заман мәнерлеп оқу.Шырын : Кез болған соң кер заман біздің баққа,Жау жарағын асырып, міндік атқа.Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.Заман - ай?Азаматы алаштыңАттанатын күн туды.Тұлпар мініп, ту ұстап,Баптанатын күн туды.Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?Тәуекелге бел байлап, бастап топтыТигізбесін жұртқа жау кеселдерін.Заман - ай!Лейла:Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,Азды - көпті аямай барыңды сал.Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?Мұсылманның жолына жаныңды сал.Заман - ай!Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?Өлең, күйдің шебері ақындарым?Азаматтың міндеті елді қорғау,Төнгелі тұр басына күшті толғау.Заман - ай!2. Жүргізуші: Алаш туы астында,Күн сөнгенше сөнбейміз.Енді алашты ешкімніңҚорлығына бермейміз.Өлер жерден кеттік біз,Жасайды Алаш, өлмейміз.Жасасын Алаш, жасасын!1. Жүргізуші: Алаш десе, рухың сілкініп, ұлттық «менің» оянып, мақтаныш сезім билейді. Осы сезімді аспан астын Алаш атымен тұндырып, ән салғың келеді. Ал, Алаштан қалған ән бар ма осы?2. Жүргізуші: Бар. Бар болғанда қандай!Ән: ----------------------------------------------------------------------------------2. Жүргізуші: Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,Кейіпкері емеспін ертегінің.Қазақ деген жалғыз ұлы мен боламын,Жер әлемге жетеді көпке үнім!1. Жүргізуші: Мен –қазақ,қазақпын деп мақтанамынҰранға алаш деген атты аламынСүйгенім қазақ өмірі,өзім –қазақ,Мен неге қазақтықтан сақтанамын?Би : Қазақ биі.2. Жүргізуші: Алтай,Ертіс,Сырдария,Есіл,ЖайықАрасын қоныс қылдым ірге жайып,Елім, жерім, қорғайтын ерім болыпЕр жеттім ен далада құшақ жайып. Ендігі кезекте осы Алаш ардақтылары жайлы білгенімізбен бөліссек(слайд көрсетіліп тұрады)1. Оқушы: Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыры - қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат - мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. Ол 1872 жылы қаңтар айының 28 - де Торғай облысы, Торғай уезінің Тосын болысында Сарытүбек дейтін жерде дүниеге келді. Әкесі Байтұрсын қарапайым шаруа болғанымен мәрттігі, кісілігі басым, көзі ашық азамат болса керек. 1885 жылғы қазанның 12 - де ояз бастығы Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі 15 жылға сотталып, 17 жыл бойы “итжеккенде” айдауда болды. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет Торғайдағы екі жылдық орыс - қазақ училищесін тәмамдаған соң 1891 жылы керуеншілерге Орынборға барып сонда қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебіне оқуға түседі.2. Оқушы: Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Қарқаралы оязы, Әлтеке – Сырым облысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық атауы бойынша бұл елді – мекен Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, ”Қаратал “ совхозына қарайды. Қазақтың болашақ саяси көсемі, бір басында сан түрлі ғылым тоғысқан бірегей тұлғаның білім дариясынан сусындаған ілкі қадамы бұрынғы Мырзатай аталған, қазіргі Қасым қыстағында ауыл молдасынан сауат ашудан басталады. Ресейдегі жоғары дәрежелі амандар даярлайтын білім ордасының есігін 1888 жыл ашқан, ол 1892 жылы ойдағыдай бітіріп шықты.3. Оқушы: Міржақып Дулатов (1885 - 1935) Ол 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында қазіргі Торғай облысының Жанкелдин ауданында “Қызбел” кеңшарында дүниеге келген. 1897 жылы Торғай қаласындағы Ы. Алтынсарин ашқан екі кластық орыс - қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы ойдағыдай бітіреді.2. Жүргізуші: Қазақстан картасында КарЛАГ (ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті. 1. Жүргізуші Бұл-қазақ тәңірге зат еткен қазақ! Қиналып, қанды азап шеккен қзақ. Әйтеуір қанды азаптан құтқарар деп, Оқыған азаматын күткен қазақ дей келе кезекті алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолынан алынған көрініске береміз.Көрініс:Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар....Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың әрекеті.Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыру керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін.Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз.Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым – халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын.Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді, сол рас па?Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін. Бірақ қалай? Білмеймін....Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма?Қазақ тергеушісі: Ағай сізге не болған, Мә су ішіп жіберіңіз. Қазір жаңағы жан алғышта келіп қалар.... Құдайым ай соншама дәрменсіз етіп жаратармысың?! Келіп қалды бекем болыңыз.Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме, бауырым. (бөлмеге орыс тергеуші және жендет келеді)Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар емес.Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Онда өз обалы өзіне. (Қасындағы жендетке алып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)Ей, халқымЕліміз үшінЕтегімізді түрген екенбіз,Бар Алашқа ұран сап,Елдікке шақырып жүрген екенбіз.Шешінген судан тайынбас,Ойымыз бір, мақсат бір,Сорлы елімнің шіркін айЖыртылған жағасын бүтіндеп.Жығылған туын көтерсек.Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,Ұрандап атқа қонсаң бір,Дүние дүр сілкінер еді, деп айта аламСонда менің болмас еді ау арманымАрнар едім, сол елімнің жолынаМына қысқа ғұмырымның қалғанын.Жүргізуші :Атыңнан айналайын қазақ деген Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай Көрсең де талай қорлық азаппененӘн:--------------------------------------------------------------------------1. Жүргізуші: ҚапиядаҚауып алар қармақтар,Ойды орап,Қырды жапқан Карлагтар.Қайда барсаңҚан сасыған іргелер,Тірі өлікке толған іші түрмелер.2. Жүргізуші: Қазақстанда 101мың адам репрессияға ұшырады, қазір олардың барлығы ақталды.Енді бізге қайта оралды заңғарлар,Сталиндік тозақтарда жанғандар.Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.(Алаш зиялыларын еске алу 1 минут үнсіздік)1. Жүргізуші: Өшіп кетіп бір жылы жер бетінен,Өзге орында балалап өскен елмін.Ақталды боздақтардың ақ талабы,Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.Мұғалім сөзі: Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті.Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Бүгінгі кешімізді Әлихан Бөкейхановтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек». 2. Жүргізуші: Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,Қаралы жылдардай боп қарауытып,Халқымның мәңгі есінде тұрғандарымҚұрбандарым жазықсыз құрбандарым. Осымен біздің Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);толуына орай өткізгелі отырған «Алаш көгіндегі күн!» атты тарихи кешіміз аяқталды келіп тамашалағандарыңызға мың алғыс.Тексерілді: Л.Алғазиева
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)