Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Арулар -асыл жандар" 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Арулар -асыл жандар" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырып сынып жетекшілерге сыныптан тыс жұмыс барысында "Қыз сыны" сайысын өткізуде улкен көмек. Аналар мерекесіне арналған іс шара.Қыз бала тәрбиесіне ,қыз баланы құрметтеуге ,ұлттық салт дәстүрге негізделген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
638
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәлеметсіздерме, құрметті әріптестер .

Парасат мектеп-лицейінің 1- сынып мүғалімі. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 1-сынып оқушыларымен жұмыс жасап жатырмын. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған бағдарлама мен үшін не жаңа?

1.Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан.

2.Оқу мақсаттары. Оқытудың мақсаттар жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.).

3.Бағалау жүйесі қалыптастыру және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Оқу мақсаттарынан нені өттім соны бақылауға енгіземін. Берілген тапсырмалар жинағынан мұғалім тапсырманы дайындайды. Бірақ әдістемелік бірлестікте қарастырылады.

4.Тоқсандық жиынтық бағалау кезінде модерация жүргізіледі. Модерация кезінде бағалау парағына өзгеріс енгізуге болады.

5.Кері байланыс орнату.Менде күнде қойылатын баға- ол тек кері байланыс Жұмыстың нәтіжесі табысты болу үшін ,менің ойымша,мұғалім кері байланысты дұрыс ұйымдастыра білу керек.Осы тақырып төңірегіне өз тәжірибемді ұсынбақпын. Кері байланыс деген не?(слайд 1) Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. ?(слайд 2) Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді.Осы тақырып төңірегіне өз тәжірибені ұсынбақпын. (слайд 3)

Сабақтағы кері байланыс. 3 түрі бар.

Слайд арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, формасы жайлы мәліметтер беру.

1)Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. )

Мысалы:

«Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға сабақ басында түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген

сөздердің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

(Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық,Қанағаттану, Шабыт,Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.) 2)Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс.

Мысалы:

«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті,

сатының 1 - ші баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН, 2 - ші баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН, 3 - ші баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН.

«Таңдау» әдісі.

1.Мен сабақ

қызықты қызықсыз болды деп

ойлаймын.

2. Мен сабақта: үйрендім

көп нәрсені үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды

мұқият зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға

жиі сирек қатыстым

5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме

ризамын риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен

сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.

3) Оқу материалының мазмұнының кері байланысы

Cабақтан көрініс

ой - пікірлеріңді білдіру.

Синквейн әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетін

анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Мысалы: «Аяқталмаған сөйлемдер»

Бүгін мен...................... білдім ................. қызықты болды ........................... қиын болды.

. ................ тапсырманы мен

орындадым. ...................... түсіндім.

Мен енді....................... білемін.

Мен...............................сезіндім

Мен..................................... білім алдым. Мен......................................... үйрендім.

. ............................ менің қолымнан келді.

Мен...................................... жасай алдым

Мен.................................... жасап көруге талпынамын. .................. мені таң қалдырды. Сабақ менің өміріме..... берді. Менің............. жасағым келді.



«Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

«Минус» - қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады,немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) бағытталған. Алдында аталғаны биылғы жылы 1-сыныптарға еңзілген жаңа пән –жаратылыстануда толығымен қамтылған Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кері байланыс . (слайд 4) Бұл жерде әрбір тыңдаушы өтілген шеберлік сыныптың жұмысына гүлдердің жапырақтарына бір өзі үшін маңызды болған ақпаратты жазады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!