Сыныптан тыс жұмыс: "Атақты математиктер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс: "Атақты математиктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұрақ-жауап
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыс : «Атақты математиктер» жайында


Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейту.

Ойын ережесі: Ойналу тәртібі көгілдір экраннан көріп жүрген «Таңғажайып алаң» негізінде.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, үлестірмелер, сурет

Ұяшықтарға бөлінген слайттар дайындалады және әр ұяшықта ұпайлар саны жазылған, ойыншы ұяшықты таңдап сұраққа жауап береді.
Ойынға қатысушыларды залда отырған көрермендерге сұрақтар қою арқылы таңдалып алынады
1-сұрақ
Бұл атаудың барлық тілдерде аудармасы бар. «Сынған сан »мағынасында .
Бұл қай атау?( Бөлшек)
2-сұрақ.
«Абцисса», «Ордината», «Координата» терминдерін кім енгізген?(
Лейбниц)
3- сұрақ.
Ең алғашқы геометрия оқулығының авторы кім? Оның фамилиясымен грек медигінің фамилиясымен аттас.( Гиппократ)
4- сұрақ,
Үш қабырғасы бойынша ұшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы.(Герон)
5- сұрақ.
«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей-ақ қойсын» деген кімнің сөзі ? (Платон)
6- сұрақ.
Математикаға «Алгебра» атауын кім енгізді? (Омар Хаям).
7- сұрақ.
Қазақтың ежелгі ғалымы 87-950 жылдар аралығында өмір сүрген.( Әбу-Насыр Әл Фараби)
8- сұрақ.
7-11 сынып «Алгебра» оқулықтарының авторы.(Абылқасымова).
9- сұрақ.
«Дискриминант» қандай сөзден шыққан?( латынның «ажырату,анықтау»)

І-кезең. Алғашқы үш ойыншы ортаға шығады.
Бұл адамның еңбегі мектептегі математика пәнінің бір бөлігі. Ол ғылымды сүйіп және ешқашан әділетсіздіктіжібермеген. Бір күні патша одан оның еңбегінің оңай жолмен оқып үйренуін сұрапты. Оған ол былай деп жауап берген екен «Математикада патша жолы жоқ».Бұл математиктің кітаптары батыс елінде Библиядан кейін көп жарияланып оқытылған.Бұл кай математик?(Евклид)

ІІ-кезең. Келесі үш ойыншы шығады
Бұл ғалым оқыған кітаптарының жолдарында белгі қалдырып отырған.Бір күні ол оқыған кітабының жолында былай депті: «Теореманың ғажайып дәлелін таптым. Бірақ жолдың аздығынан оны келтіре алмадым». Кейіннен ғалымның жазған қағаздарының арасынан бұл теореманың дәлелдеуі табылмаған. Аталған теорема тек 1994 жылы ғана дәлелденген.
Математиктің аты жөні кім?( Ферма)

ІІІ-кезең. Соңғы үш ойыншы шығады.
ХІХ ғасырда өмір сүрген ғалымның математикалық білімі бала кезінен оянған. Ол үш жасында өз әкесінің санағының қатесін тапқан. Жеті жасында мектепке барған және мұғалімнің берген есебін бірнеше секунд ішінде шешкен. Бұл математикті математиканың «королі» деп атаған.
Қай математик жайында?(Карл Гаусс)

Соңғы кезең. Үш кезеңнің жеңімпазы шығады
Бұл ертедегі математик рим солдатының қылышынан қаза боларда былай депті: «- Кет, менің сызбаларыма тиіспе». Ол гидростатиканың, үлкен крандардың, күшті катапультардың негізін салушы. Оның атымен физика ғылымының терминдері спираль, винт, заңдары бар. (Архимед)

Жинаған ұпайлары бойынша сыйлықтар ұсынылып, таңдалады.
90-100 ұпай
110-130 ұпай
140-150 ұпай сыйлықтар беріледі


Үлкен ойын.
Бірде француздардың қолдарына испан әскери қолбасшысының белгісіз жазумен жазылған бұйрығы түскен. Бұл шифрді шешу үшін шақырылған математик оның оқитын жолын тапқан. Сол кезден бастап француздар испандықтардың жоспарын алдын ала біліп отырған. Осы математикті шайтанның көмегімен оқиды деп, оны тірідей өртенсін деп үкім шығарған. Бірақ бұл үкімнен математик қашып құтылған.
Өз қаласында ол алдыңғы қатарлы адвокат, кейінен корольдің оң қолы болған.оның өміріндегі ең басты нәрсе математика болған.
Ол бірнеше күндер ұйықтамай математика лық есептер шығарған екен.
Тірідей өртке жазаланған бұл қай математик? (Виет)

Ойынның нәтижесін шығару. Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталыды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
929
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі