Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Ең таңдаулы физик" 7-10 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Ең таңдаулы физик" 7-10 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Физикадан апталық өткізгенде қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
388
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Б.Аманшин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ









Тақырыбы:

«Ең таңдаулы физик»

сыныптан тыс жұмыс

7-10 сыныптар






Өткізген: Физика пәнінің мұғалімі Р.Дүзбатырова








2017-2018 оқу жылы



Бекітемін:

ДОІЖО Ж.Мусагалиева

Күні, айы, жылы: 21.02.2018 ж

Тақырыбы: Ең таңдаулы физик

Мақсаты: Ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін саралау,белсенді оқушыларды анықтау. Шапшаң ойлауға дағдыландыру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап

Түрі: жарыс

Құрылымы:

  1. «Иа» не «жоқ»

  2. Кімдер жылдам?

  3. Кімдер тапқыр?

  4. Кімдер алғыр?

  5. Эксперименттік сайыс

  6. Жанкүйерлер сайысы

  7. Кімдер көп біледі?

  8. Қорытынды

Жүргізуші: Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Жүргізуші: Есептен сайысады қос команда

Алға озар ең мықтысы осы жолда.

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ

Сұрайық шығуларын жұрт алдына (оқушылар ортаға шығады)

Жүргізуші: Қолына қалам алатын

Әділ баға беретін

Еңбекті әділ бағаларн

Әділқазы ағалар (Әділқазылармен таныстыру.)

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың жоспары төмендегідей:

  1. «Иа» не «жоқ» (Сұрақ-жауап)

  2. Кімдер жылдам? (Физикалық тұрақтылар)

  3. Кімдер тапқыр? (Ғалымдар )

  4. Кімдер алғыр? (Есептер шығару)

  5. Эксперименттік сайыс (Тәжірибе жасау)

  6. Жанкүйерлер сайысы

  7. Кімдер көп біледі? (Формулалар сайысы)

  8. Қорытынды

Жүргізуші: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Иа» не «жоқ» . Топтарға сұрақтар қойылады. Оған «иа» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үш ұпай.

1.Аттас зарядтар бір-бірімен тартыла ма? (жоқ)

2. Заттар үш күй бола алама? (иа)

3. Желді күні асфальт беті тез кебе ме? (иа)

4. Кедергінің өлшеу бірлігі секунд (жоқ)

5. Электролиз заңын ашқан ғалым Фарадей (иа)

6. Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с (иа)

7. Температураны өлшейтін құрал динамометр (жоқ)

8.Массаның өлшем бірлігі кг (иа)

9. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия (иа)

10. Сұйықты кері итеруші күш Архимед күші (иа)

11. Ауа қысымын өлшейтін құрал барометр (иа)

12. Көлем бірлігінде заттың массасына тең физикалық шама аудан (жоқ)

13. Күшті метрмен өлшейді (жоқ)

14. Бірлік ауданда түсірілетін күш қысым (иа)

15. Электрон зарядының таңбасы оң (жоқ)

Жүргізуші: Осы бөлім бойынша әділқазылардан ұпай санын сұраймыз

Жүргізуші: Сайысымыздың екінші бөлімі «Кімдер жылдам» Сіздерге мен физикалық тұрақты шамалар айтамын, сіздер соның мәнін жазасыздар. Дұрыс жауап бес ұпаймен бағаланады.

1.Судың тығыздығы неге тең? ( )

2. Элементар зарядтың мәні неге тең? (qe=1.6*10-19Кл)

3. Жарық жылдамдығы неге тең? (3*108 м/с)

4. Судың мольдік массасы неге тең? (18*10-3 кг/моль)

5. Больцман тұрақтысы неге тең? (к=1,38*10-23 Дж/к)

6. Гравитациялық тұрақты неге тең? (G=6.67*10-11 Н*м2/кг2)

7. Еркін түсу үдеуінің мәні қаншаға тең? (9,8м/с2)

8. Электрон массасының мәні неге тең? (9,1*10-31кг)

9. Планк тұрақтысы (6,62*10-34 Дж*с)

10. Жердің орташа радиусы қанша? (6370 км)

Жүргізуші: «Кімдер тапқыр» бөлімінде ғалымдарға қатысты сұрақтар қойылады. Жауаптарыңызды жазып тапсырасыздар. Әрбір дұрыс жауапқа бес ұпай.

  1. Француз ғалымы. 1775 жылы 20 қаңтарда Лион маңындағы Полимьеде дүниеге келген. Ілiнген инеден тұратын құрылғыны ойлап тапты, ол ине катушка арқылы берiлген токтың әсерiнен ауытқиды, ток күшi көп болған сайын ауытқуда жоғары болады. Бұл құрылғы жетiлдiрiлiп, гальванометр – атты өлшеуiш құрылғы пайда болды. (Андре Мари Ампер)

  2. 1853ж. 15 шiлде айында Голландиядағы Арнхем қаласында дүниеге келдi. 1970 ж. Ол Лейден Университетiне түседi. 1892 ж. «Максвеллдың электромагниттiк теориясы және оның қозғалыстағы денелерге қолданылуы» атты үлкен еңбегi жарық көрдi. Бұл еңбегiнде Лоренц электрондық теориясына жүйелi баяндама бередi. (Гендрик Антон Лоренц)

  3. Немiс физигi 1787 ж. 16 наурызда Эрлангемде туылды. 1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi . 1826 ж. Эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. (Георг Ом)

  4. Классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған. 1671 ж. Телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. ( Ньютон Исаак )

  5. Итальян физигi және астрономы 1564 ж. Пизада дүниеге келген. 1581 ж. Пиза университетiне түсiп медицинаны оқиды. Бiрақ геометрия мен механикаға, соның iшiнде Архимед пен Евклидтiң жұмыстарына қызығып, университеттi тастап кетедi де, Флоренцияға келiп, 4 жыл өз бетiнше математиканы оқиды.(Галилей Галилео)

Жүргізуші: «Кімдер алғыр» бөлімінде есептер беріледі, Жауаптарыңызды жазып тапсырасыздар. Әрбір дұрыс жауапқа бес ұпай.

1

Машина 1,5 км жолды 36км/сағ жылдамдықпен жүрсе қанша уақытта межеге жетеді?

Бер:S=1.5 км=1500м Шешуі:

V=36км\сағ=10м\с S=Vt

Т\к: t-? t=S/V t=1500/10=150(м\с)

[t ]=м/м\с=с Жауабы:150м\с

2

Массасы 3000 г, көлемі 200см3 металдың тығыздығы қандай?

Бер:m=3000гр=3кг ρ=m/V =3/2*10-4=1.5*104кг/м3

V=200см3=2*10-4 м3

3

Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс істегенде, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

R = 1200 Ом

t = 3 с

I = 5,5 А

т/к: А – ? Жауабы: А = 108,9 кДж

Жүргізуші: Эксперименттік сайыс бөлімінде алдарыңызда берілген құралдарды қолдана отырып тәжірибе жасайсыздар және оны түсіндіресіздер. Әділқазылар сіздердің жасауларыңызға және жауап берулеріңізге қарай бағалайды.

1.Топтарға сызғыш, массасы бар дене беріледі

(сызғышпен денені өлшеп, массасы арқылы тығыздығын табу)

2. Алма, қатты қағаз, сіріңке қорабы, кесе

( Қатты қағазды кесе бетіне салып, ортасына сіріңке қорапшасын, ал оның үстіне алманы қой. Шапшаң қимылдап қатты қағазды жұлып алу керек. Сол кезде алма қағазбен бірге жұлынып кетпей, алма тікелей кесеге түседі. Себебі массасы үлкен денелердің инерциясы көп болады. Инерция алманы басқа жаққа жылдам қозғауға мұрша бермейді.

Жүргізуші: Жанкүйерлер сайыс. Топтар тәжірибе жасап болғанша жанкүйерлерге жұмбақ жасырамын.

1.Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды (Масса)

2. Тіршіліктің қамы үшін,

Жоқшылықты түзейді.

Егер іскер жан үшін,

Жоқшылықты тежейді (Жұмыс)

3. Түнеріп келіп,

Бұлт егіп кетеді (Жаңбыр)

4. Аспандағы алты доп,

Жарқырайды жарық боп (Күн)

5.Үстінде шөлдің

Шалқыған көлмін (Сағым)

6.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді (Күш)

7.Жүрісі бар түрі жоқ,

Үні барда, түрі жоқ.

Ұстатпайтын қашаған,

Жермен бірге жасаған (Жел)

8.Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсең егерде.

Басқа күйге ауысса,

Жұмыс істейді әрқашан (Энергия)

Жүргізуші: Кімдер көп біледі? бөлімінде екі минут уақыт ішінде білетін физикалық формулаларды жазасыздар. Әр формулаға бір ұпай.

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз соңына да таяп қалды олай болса әділқазыларға сөз берейік.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың.

Қиындықтан өткізер – деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!