Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс ФИЗИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс ФИЗИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, әріптестерге сабақта қолдануға көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2019
628
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: ФИЗИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Мақсаты :

Білімділік: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарыңды арттыру,

сабақта алған білімдеріңді пайдалана білуге үйрету, білімдерін байқау-бақылау;

Дамытушылық: оқушылардың осы пәнге қызығушылығын тудыру, арттыру, білім дағдыларын дамыту, ізденіске ұмтылдыру;

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу.

Сайыстың шарты:

Сайысқа 5 оқушыдан құралған 4 топ қатысады.

Сайыс кезінде төрт топқа бірдей сұрақтар қойылады.

Сұраққа бірінші болып жауап берген топ ұпай жинайды (Дұрыс жауап 1 ұпай). Аз ұпай жинаған топ ойыннан шығады. Ойнауға – 30 секунд.

1-кезең Сұрақтар.

Көптеген балықтардың жүзу жылдамдығы 10 км/сағ жетеді. Ал көкшіл акуланыкі 36 км/сағ. Акуланың жылдамдығы басқа балықтардан неге артық?

Жауабы: Аққыш формасының болуы. Бас пішінінің ерекшілігі, терісінің ерекшеліктері кедергі күшін азайтады.

Двигателін өшіріп ұшып келе жатқан ғарыш кораблінде бір ыдыстан екінші бір ыдысқа суды құюға бола ма?

Жауабы: Болмайды; салмақсыздықтан.

Үйді жылытуға арналған батареяларды неліктен төменге орнатады?

Жауабы: Себебі, төменде суық ауа орналасады (тығыздығы үлкен болғандықтан), батареядан жылынып, жылы ауа үстіге көтеріледі. Бұл конвекция құбылысы.

Нанды неге өткір пышақпен тураймыз?

Жауабы: Өткір пышақтың ауданы кішкентай болғандықтан, нанға көп қысым түседі. Қысым ауданға кері пропорционал.

Жерді айнала қозғалып жүрген жердің жасанды серіктері салмақсыздық күйінде болады. Осы жағдайда жердің тартылу күші әсер ете ме?

Жауабы: Иә, Жердің тартылыс күші әсер етеді.

2-кезең Мақал-мәтелдің физикалық мағнасын ашу керек.

«Жұпарды жасыра алмайсың»

Жауабы: Диффузия құбылысы

«Ас-адамның арқауы»

Жауабы: Энергиясыз адам – «машина» жұмыс істей алмайды.

«Таң атпайын десе де, күн қоймайды»

Жауабы: Жердің өз өсінен айналуы.

«Тайып жығылған, таянып тұрады»

Жауабы: Үйкелістің азаюы және қозғалыстың себепші – басқа бір дененің әсері.

«Білегі күшті бірді жығады,

білімі күшті мыңды жығады».

«Көптің күші – бірлікте».

Жауабы: Күштің сан мән көп те, аз да болуы мүмкін.

Екі кезеңнен кейін көп ұпай жинаған екі топ қана сайысты әрі қарай

жалғастырады.

3-кезең Бір минут ішінде мейлінше көп сұрақтарға

жауап берген топ ұпай жинап жеңіске жетед.


1-топқа арналған сұрақтар

Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығы. (үдеу)

Толық айналым жасауға кеткен уақыт. (период)

Дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш (серпімділік күші)

Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті. (инерттілік)

Дененің қалдырған ізі. (траектория)

Физика сөзінің мағынасы. (табиғат)

Гидро сөзінің мағынасы. (су, ылғалдылық)

Динамо сөзінің мағынасы. (күш)

Вакуум сөзінің мағынасы. (бостық)

Диффузия сөзінің мағынасы. (жайылу, таралу)

Тіреуге немесе аспаға әсер ететін күш. (салмақ)

Күш импульсінің өлшем бірлігі. (Н*с)

Арақашықтыққа байланысты пайда болатын энергия.

(потенциялдық)

Жұмыстың өлшем бірлігі. (Дж)

Пішінін де көлемін де сақтайтын дене. (қатты)

Градус сөзінің мағынасы. (адым, дәреже)

Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым. (Ньютон)

Нейтрон қандай зарядтты бөлшек? (бейтарап)

Бір кН-да неше ньютон бар? (1000 Н)

Дененің жүріп өткен арақашықтығы. (жол)

2-топқа арналған сұрақтар

Өзгеру шапшаңдығы. (жылдамдық)

Бір секунд ішінде жасалған айналым саны (жиілік)

Бір дене екінше денемен жанасқанда, қозғалғанда пайда болатын күш.

(үйкеліс күші)

Денеге басқа денелер әсер еткенде жылдамдығын сақтау құбылысы. (инерция)

Дененің бастапқы орны мен сооңғы орнын қосатын кесінді. (орын ауыстыру)

Дененің тіреумен әсерлесуі болмайтын күйі. (салмақсыздық)

Дене импульсінің өлшем бірлігі (кг*м/с)

Пішінін де, көлемін де сақтамайтын заттың күйі. (газ)

Қуаттың өлшем бірлігі. (Вт)

Кинематика сөзінің мағынасы. (қозғалыс)

Период сөзінің мағынасы. (айналу)

Электр сөзінің мағынасы. (смола, янтарь)

Инерция сөзінің мағынасы. (әрекетсіздік)

Атмосфера сөзінің мағынасы. (бу+шар)

Метр сөзінің мағынасы. (өлшеймін)

Статика сөзінің мағынасы. (тұрақты)

МКТ-ның 3 қағидасын енгізген ғалым. (М.Ломоносов.)

Протон қандай зарядты бөлшек. (оң)

1 МВт-та қанша Вт бар. (миллион Вт)

Дененің өз қозғалысы салдарынан пайда болатын энергия. (кинетикалық энергия)

4- кезең. Бұл қай заң?

Осы торкөздердегі қажетті сөздерді тауып физиканың сіздер білетін маңызды заңын оқыңдар. Екі топқа осы кесте жазылған А4 қағаздары таратылады. Қай топ шапшаң ойлап, заңды оқыса жеңіс сол топта болғаны.







Е

Р

Й

Д

Ж

Ә

Б

О

Д

Е


Н

Г

А

А

Ы

Н

А

Л

Р

Н

Д

Э

И

Қ

Ж

Д

Е

Д

М

Ү

Е

А

Ы

Я

Ш

О

Й

Е

Й

А

Т

К

С

Н

Д

Е

Ғ

А

Ш

А

Й

Р

І

Ы

Е

Е

Е

А

М

Қ

П

Д

І

Н

У

М

Н

Н

Н

Л

А

Н

Ы

Б

Ш

А

Е

Е

Е

Е

Е

Й

А

,

К

І

Е

С

Д

К

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!