сыныптан тыс жұмыс Жас информатиктер білімділер сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сыныптан тыс жұмыс Жас информатиктер білімділер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс 7-сыныпқа арналған информатика пәні бойынша топтар арасында сайыс түрінде өткізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыстың жоспары

Тақырыбы: «Жас информатиктер» білімділер сайысы

Сыныбы: 7-сынып

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, алған білімдерін қорытындылауды, ой өрісін және танымдық қабілеттерін, ынталарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, слайд, таратпа қағаздар, конверт

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу

Сайыс кезеңдерімен таныстыру

Сайыс кезеңдері:

1-кезең: Таныстыру

2-кезең: «Шын жүйрікте шаршау жоқ» топ басшылары сайысы

3-кезең: «Қатесін тап»

4-кезең: «Мақал-мәтелді сәйкестендіру»

5-кезең: «Адасқан әріптер»

6-кезең: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Мұғалім сөзі:

Ал, қанекей, қаралық,
Мына жақта жаңалық.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Информатика елінде,
Информатика тілінде,
Шабыт тасып шалқысын,
Көңілді сайыс жасайық.

Сонымен сайысымызды бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын осы сайыста әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Информатика пәні мұғалімі:Дәлелхан Халида

Иформатика пәні мұғалімі: Базарбек Гүлзира

Алғашқы айналым «Таныстыру». Бұл кезеңде әр топ өз тобының аты, ұраны және топ мүшелерімен танысытыр өтеді.

1-топ: «Бағдарламашылар» тобы

2-топ: «Білімділер» тобы

2-кезеңі Шын жүйрікте шаршау жоқ  топ басшыларының сайысын бастаймыз.

Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұрақтың дұрыс немесе бұрыстығына байланысты «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

(Әр топқа 1 конверттен ішінде сұрақ жазылған 2 конверт болады)

  1. Компьютердің құрылғылары негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді (ия)

  2. Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды (ия)

  3. Windows дегеніміз терезе. (ия)

  4. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды (ия)

  5. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы телефон (жоқ)

  6. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым (ия)

  7. Баспа құралы монитор (жоқ)

  8. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді (ия)

  9. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас интерфейс деп аталады (ия)

  10. Калькуляторды ең алғаш Чебышев, Однер жасады. (ия)


  1. Плагиат – өзгенің туындысын рұқсатсыз иемденіп кету (ия)

  2. Интерфейс бұл бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (жоқ)

  3. Аз батырмалы құрылғы тышқан (ия)

  4. Бір жолға 236 оператор жазуға болады? (жоқ)

  5. Бумалар, компьютерде белгілі тәртіппен орналасады, оны иерархия деп атайды (ия)

  6. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан 25-30 см қашықтықта отыру керек. (жоқ)

  7. Сканер қағаздағы кескінді баспаға басып шығаратын құрылғы (жоқ)

  8. Принтердің 2 түрі бар? (жоқ)

  9. Дүниежүзілік компьютерлік желі модем (жоқ)

  10. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі Байт (жоқ)


3-кезең: «Қатесін тап»

Шарты: Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпартты қалпына келтіру.


(Вируспен зақымданған нұсқасы)

1-хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын.Тышқанмен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Микрофон арқылы әндерді тыңдаймын.


(Вируспен зақымданған нұсқасы)

2-хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдаланамын. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды сканерден шығарамын.


1-хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен жүйелік блокты іске қосамын.Пернетақтамен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, принтерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін сканерді қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз саламын. Колонка арқылы әндерді тыңдаймын.


2-хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін WordPad текстік редакторды пайдаланамын. Сурет салу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Paint стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды принтерден шығарамын.


4-кезең «Мақал- мәтелді сәйкестендір»

Информатика тілінде берілген мақал-мәтелдерді түп нұсқасымен сәйкестендіру керек

1.Байт биттен құралады. / Теңге тиыннан құралады /

2.Компьютерді вирус өлтіреді, жадыны намыс өлтіреді

(Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді)

3.Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды /Досы күштіні-жау алмайды/

4. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. /Шегірткеден қорыққан, егін екпес/

5.Интернеттен үйрен, вирустан жирен /Жақсыдан жирен, жаманнан жирен/

6.Пернені бассаң ерінбей, толады құжат тіленбей

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

7.Бір ядролы процессордан, екі ядролы артық /Бір бастан екі бас жақсы/


Жүргізуші: Ойынымыздың 5-кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Нимотор ----------- Монитор

2. Пьюромтек ------- Компьютер

3. Енрепатқат -------- Пернетақта

4. Лайф ---------------- Файл

5. Рльоукятакл ------ Калькулятор

6. Атқсуа -------------- Сақтау

7. Аэкторикелн ----- Электроника

8. Дңеөу -------------- Өңдеу

6-кезең “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!”.
Мұнда орыс тілінде сөйлем беріледі,сөйлемнің ішінен информатикадан термин сөз жасырынып тұр. Сол сөзді тапқан командаға
50 ұпай қосылады.

1 – сұрақ: Этот старинный комод ему достался в наследство от бабушки.

2 – сұрақ: По просьбе хозяина квартиры мы шкаф сдвинули в угол.

3 – сұрақ: Река Днепр интересна тем, что на ней имеются несколько гидроэлектростанций.

4 – сұрақ: Потом они торжествовали долго и радовались, как дети.

Мұғалім сөзі:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.

дей отырып «Жас информатиктер» атты білімділер сайысы да өз мәресіне келіп жетті.

Әділ-қазылар алқасының сөзі. Жеңімпаз топтарды марапаттау.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.




































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.04.2022
885
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі