Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Жыр алыбы-Жамбыл" 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Жыр алыбы-Жамбыл" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан тыс шарада жыр алыбы Ж. Жабаевтың өмірі, шығармашылығы туралы оқушылар кең көлемде білім алады. Жырларын мәнерлеп оқуда сынға түседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2022
814
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кештің тақырыбы: Жыр алыбы- Жамбыл

Кештің мақсаты: Жыр алыбы -Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу. 
Кештің өтілу барысы: 

1-жүргізуші

Қайырлы күн құрметті көрермендер!

2-жүргізуші

Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

1-жүргізуші: 
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл, 

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл. 
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің, 
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл. 

2- жүргізуші:
Халық үшін төрге төсеп төсек етер, 

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл. 
Көтерген көкке төбе тірелгенше, 
Иеді көпшілікке басын Жамбыл. 
1-жүргізуші: 
Бүгінгі 4 «Б» сынып оқушыларының арасында өткелі отырған Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты кешімізге Бірге:қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл атаның үміт күткен ұрпақтары сыр шертеді. 

Сайыскерлерді ортаға ду қол шапалақпен шақырайық:

1 Асқар Абдурахман

2 Әбдіқами Абдрахим

3 Бисенбай Инаятуллах

4 Марат Ақбота

5 Сағынтай Санжар

Сайыскерлер бір біріне тілектерін білдіреді.

2- жүргізуші Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділ қазы алқаларын.

Ал енді сайыстың әділ бағасын берер әділқазылармен таныстырып өтейін:

Бүгінгі сайыс 3 бөлімнен тұрады
1 –тур. «Өмірі – аңыз, өзі – абыз»
Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығына алынған сұрақтарға жауап беру

2 – тур «Жыр алыбы-Жамбыл»

Жамбыл атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.

3 –тур «Жамбыл баба, мәңгі бірге қазақпен» ұйқас өлең шығару

Оқушылар Жамбыл Жабаевқа арналған ұйқас өлеңдерін оқиды.

2-жүргізуші

Қақаған қара аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

1-жүргізуші: 
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашалығы туралы сыр шерсек...

«Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығы»

Слайд беттерінен Ж.Жабаев туралы мәлімет беру

 (28 ақпан 1846Жамбыл тауының баурайында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев өмірге келді Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.

Ал ендігі кезекті бүгінгі сайысқа келіп бақ сынасқалы отырған сайыскерлерге кезек берейік.

1 –тур. «Өмірі – аңыз, өзі – абыз»
Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығынан алынған сұрақтарға жауап беру

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай,оқушылар ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді 1 9 9 1 З0

1-сұрақ: Жамбыл Жабаевтың ұстазы кім? (Сүйінбай Аронұлы)

2-сұрақ: Ж.Жабаев қай жерде дүниеге келген? (1846 жылы 28 ақпан айында Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жахан, айдай әлемге жария етті.)

3-сұрақ: Ж.Жабаевтың ескерткіші қай қалада орналасқан? (Жамбыл қазіргі Тараз)

4-сұрақ: Ж.Жабаев қандай атақ алған еді?  (Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту «Құрмет белгісі» ордені.

Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті .)

  • 5-сұрақ. Ж.Жабаевтың қандай шығармаларын білесің? (Атаның әлдиі

  • Балаларға Балама хат Бесік жыры Жастық жыры Жаңа жыл Жаңа жыл сәлемі)

  • 1-жүргізуші: 
    - Ақын Сәкен Сейфуллин: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген екен. Сондықтан біз оның өмірін, жырларын білуіміз керек.

Келесі кезекті мәнерлеп оқу бөліміне берсек.

1 Асқар Абдурахман «Балаларға»

2 Әбдіқами Абдрахим «Шәкірт балаларға»

3 Бисенбай Инаятуллах «Алатау»

4 Марат Ақбота «Жаз»

5 Сағынтай Санжар «Елімнің қыздарына»

2-жүргізуші:
«Жамбыл-ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау . Оның бір өзі әрі эпик,әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» - деп, жазушы Мұхтар Әуезов Жамбылға баға береді.

1-жүргізуші: 
Сиынып аруағына бабамыздың, 
Киесін ұққандаймын даламыздың. 
Жырлары-шежіресі еліміздің, 
Сырлары-сағынышы санамыздың. 

3 –тур «Жамбыл баба, мәңгі бірге қазақпен» өлең шығару

Оқушылар Жамбыл Жабаевқа арнаған ұйқас өлеңдері құрастырады. Тақтада өлеңнің ұйқас жолдары беріледі.

1 Асқар Абдурахман

2 Әбдіқами Абдрахим

3 Бисенбай Инаятуллах

4 Марат Ақбота

5 Сағынтай Санжар

2-жүргізуші: Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады.

Көрініс: «Бала Жамбыл мен Сүйінбай ақынның кездесуі»

Көрініске қатысушылар: Автор Әбілхайыр,Бала Жамбыл Нұртілек,Сүйінбай ақын Марғұлан

Автор:

Сөйтіп Жамбыл Алатау атырабына атағы әйгелі Сүйінбай ақынға жолығып, одан бата алуды армандады. Ол нағашысы Қанадан берген домбыраны (алып) ұстап, жиын-тойда өлең айтып жүрді. Бір күні кешқұрым жайлаудағы Сүйінбай үйінің тұсына барды.

Жамбыл:

Ей-й, өлеңім келді жол шегіп,

Осынау елге алыстан.

Түн болды, үйге ен дейтін

Табылмай тұр таныс жан

Сүйінбай :

Ақын болсаң ,үйге кір ,жасқанба!

Автор :

Жамбыл табалдырықтан аттай беріп,жыр тарланына сәлем берді.

Сүйінбай :Қай туған боласың?

Жамбыл:Шапырашты Жабай баласымын.

Cүйінбай :Атың кім ?

Жамбыл :Жамбыл .

Сүйінбай:Е-е-е,Шапыраштыда бір жыршы бала бар деуші еді ,сол екенсің ғой .Жақынырақ отыр.

Жамбыл :

Ақын болдым –он үште

Алатын құстай тарандым!

Алды –артыма қарандым .

Шарықтадым әр жерде.

Автор :.Қарт жырау шәкірт балаға ақылын айтады.

Сүйінбай :Осы шабысыңнан тайма ,өлең –жырды дауылдата бер! Бірақ байқа ,балам, ақындық жолы –қиын жол. Домбыра садақ, өлең –сол садақтың оғы, оны шебер пайдалана біл. Ең басты шыншыл, әділ бол , халықтың ойындағысын таба сөйле, дұшпаныңа батыл, досыңа асыл бол.

Автор : Осылай деді де, ұстаз сәл ойланып, іштей толғанды.

Сүйінбай : О,Жамбыл ,бата дедің –бердім саған,

Бақытты ,өмірлі бол, жүргін аман!

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.

Аумин барлығы

1- Жүргізуші:

Осындай бата алған Жамбыл Жабаев ащы болса да әділдікті, төтелеп тіке айтуды өзінің осы ұстазынан үйренген, яғни, осы бата оның өмірлік ұстанымы болған.

2жүргізуші: -Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл мықты,

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Ал ендігі кезекті әділ қазыларға берейік!

Сөз кезегін әділ қазыларға береміз!

1-Жүргізуші: Жамбыл Жабаев 1945 ж 22 маусымда 99 жасында қайтыс болды.Ақынның құрметіне Қазақстанның көптеген қалаларында ТМД көшелерге,мектептерге оның есімі беріліп,Мүсіндері мен ескерткіштері орнатылды.

Атамыздың есімі мәңгі жүрегімізде сақталады.

Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына арналған кешіміз аяқталды. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет



































«Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»КММ



Жыр алыбы-Жамбыл

(Мәнерлеп оқу байқауы)

(4 «Б» сыныбы арасында)





Өткізген: Г.С.Бақтыбаева









Шалқар қаласы

2021-2022оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!