Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Латын негізді қазақ әліпбиінің тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектеп мұғалімдеріне қажет. Сыныптан тыс шара 8-9 сынып оқушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дебат Тақырыбы: Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуына көшудің тиімділігі

Шараның мақсаты: Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуына көшудің тиімділігін оқушылар арасында насихаттау және олардың көзқарасын білу.

Мұғалім сөзі: Латын әліпбиі туралы әлемдік, жаһандық тарихи деректерді келтіре отырып, қазақ тарихындағы әліпбилдердің хронологиясымен таныстырылды. Қазақ зиялылаларының латын әліпбиіне қосқан үлесі, тұлғалық қызметтері туралы ақпарат беру.

Мысалы: Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырдада Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған.

  • Араб әліпбиі-1072-1929 жж;

  • Латын әліпбиі- 1929-1939жж;

  • Кирил негізді қазақ жазуы- 1940ж бастап

Т.б. осы сынды слайдта көрсетілгендей ақпараттар беріледі.

Ой-қозғау Латын жазуын пайдалана отырып, М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін латын негізіндегі қазақ әліпбиімен диктант жаздыру

  • Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
    Соған берем ойымның алтын кенін.
    Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
    Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

    Ал екінші бақытым – Тілім менің,
    Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
    Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
    Қасиетті тілімнен түңілмедім.

  • Бақытым бар үшінші – Отан деген,
    Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
    ...
    Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
    Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.



Диктанттан кейінгі оқушылардың әсері. Не Қиын, НЕ қызық, Не құнды сұрағымен тапсырманы бекіту.

Сынып екіге бөлінеді: Латын әліпбиінің тиімді және тиімсіз жақтары бойынша ойталқыға түседі.

Нұрлан Әдемі командасы тиімді жақтары ал Ойратқызы Нұрай командасы тиімсіз жақтары бойынша өз ойларын ортаға салады.

Қорытынды сөз

Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.

Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды.

Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын. Оған дәлел, бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлығының басымдығының бастау алуы.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», - деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып
нақты нық қадаммен алға басайық!





















2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Кабидулданованың «Латын негізді қазақ жазуына көшудің тиімділігі» атты тақырыпты 9 «А» сыныбымен өткізілген дебаттың

Анықтамасы

Дебат тиімді және тиімсіз жақтарын талдауға негізделген анықтауыш және негізгі сұрақтан құралды. Топ командалары, яғни спикерлер құрылды. Олар: Нұрлан Әдемі, Әбутәліп Ақерке, Мұхаметқали Аяулым командасы тиімді жақтарын, ал Ойратқызы Нұрай, Орынбаева Сымбат, Бақдәулетұлы Нұрсерік латын әліпбиінің тімсіз жақтарын атап шықты. Бағалаушы оқушылар Жанатбекова Аянат, Тоқтарғазы Арайлым; Асқар Есіл болып сайланып, өз пікірлерін ашық білдірді. Тиімді жақтарына спикерлер қазіргі ағылшынға бет бұрған жаһандану заманында еш қиындықсыз өтетінімізді дәлелдесе, тиімсіз жақтарына экономикалық жағынан келетін ауыртпалықты және үлкен кісілердің қиналатындығын анықтап дәлелдеді. Сабақ соңында Латын негізді қазақ жазуына көшудің тиімді жағы жеңіп шықты. Дебат қорытындысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламасы бойынша 2011-2025 мемлекеттік Тіл бағдарламасының негізінде Елбасының тапсырмасы екендігі хабарланып, түйінді сөз айтылды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2020
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12