Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Өнерлі балақайлар" 2-сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Өнерлі балақайлар" 2-сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырғанда көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2018
599
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Өнерлі балақайлар»

Алматы қаласы,

106 ЖББ мектептің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Игенбаева Жазира Қуанышбекқызы

Мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, қазақ тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 

Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.

Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту. 

Сценарий барысы:

Кіріспе.

Мұғалім:

Алаулаған алабынан нұр тамып.

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,

Көк байрағың желбірейді төріңде

Әнұраның тұр көгінде шырқалып.( ҚР мемлекеттік әнұраны)

1-жүргізуші:- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Міне, қазақ тілі апталығымен қатар Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз әр жыл сайын тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда тілеген тілектеріңіз қабыл болсын!

2-жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

1-жүргізуші: Сөз кезегі мектеп директоры Амрина Назым Төлеухалиқызына беріледі.

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! 2-сыныптарымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

1 – топ: 2 «А» сынып оқушылары «Сұңқар» тобы

2 – топ: 2 «Б» сынып оқушылары «Қыран» тобы

3 – топ: 2 «В» сынып оқушылары «Аламан» тобы

4 – топ: 2 «Г» сынып оқушылары «Шаңырақ» тобы

5 – топ: 2 «Д» сынып оқушылары «Тұлпар» тобы

6 –топ: 2 «Е» сынып оқушылары «Көкпар» тобы

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 4 байқаудан тұрады.

1 - бөлім: «Танысайық, балақай!»

2 - бөлім: «Өнерлі бала сүйкімді»

3 - бөлім: «Ертегілер әлемінде»

3 - бөлім: «Қазақтың ұлттық ою-өрнегі».

4 - бөлім: «Асық ату»

2 - жүргізуші:

Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

1. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Мұханова Б.М.

2. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Г.Ж.

3. Қазақ тілі пән бірлестігінің жетекшісі Қарғабаева М.Ж.

1-сурет. Әділқазы алқалары

1 – жүргізуші:

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

2- жүргізуші:

Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

Сәлем достар! Амансың ба? Қал қалай? – деп «Танысайық, балақай!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

1- жүргізуші:

Әділқазы алқаларынан әр топтың ұпай сандарын беріп отыруларыңыз сұралады. 
1 - жүргізуші:

Наурызым - тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!

2 - жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып шаттанайық.

1-жүргізуші:

Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балалар,
Қиялға қызықтырып ертеді ғой.
2- жүргізуші:

Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген ертейік біз.
"Ертегі еліне" бір саяхаттап,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз.
Музыкамен балалар кіреді.

1 - жүргізуші:

Келесі бөлім «Ертегілер елінде» деп аталады. Бұл бөлімде әр топ ертегілерден үзінді көрсетеді.

1 – топ: «Сұңқар» тобы –«Шалқан» ертегісі

2 – топ: «Қыран» тобы –«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі

3 – топ: «Аламан» тобы –«Алдаркөсе» ертегісі

4 – топ: «Шаңырақ» тобы –«Тігінші мен ай» ертегісі

5 – топ: «Тұлпар» тобы –«Бауырсақ» ертегісі

6 –топ: «Көкпар» тобы –«Үйшік» ертегісі

2-сурет. «Шалқан» ертегісі

3-сурет.«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі

4-сурет.«Алдаркөсе» ертегісі

5-сурет.«Тігінші мен ай» ертегісі

6-сурет.«Бауырсақ» ертегісі

1 - жүргізуші:

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көрген - тон пішер» дегені рас,

Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық. 1 - жүргізуші:

Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділ-қазы әділ баға.

2 - жүргізуші: Міне, сайысымыз да өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатысқан топтарды марапаттайды)

1 - жүргізуші:

Келер күнге бар үмітті табынтып,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!

2 - жүргізуші: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

1 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

2-жүргізуші: Міне, осылайша «Өнерлі балақайлар» атты сайысымызда өз мәресіне де келіп жетті. Тіл- әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!