Бекітілді: Т.
Каденова
Д.И.Менделеев жасаған химиялық
элементтердің периодтық жүйесіне
ізденіс-саяхат
сабағы
Сабақтың
типі: Интегративті ізденіс - саяхат
сабағы (химия, биология, география).
Оқытуды ұйымдастырудың
формасы:
Ұжымдық және
топтық.
Озық
тапсырма: Қосымша әдебиеттермен ізденіс
жұмысы.
Сабақтың
тақырыбы:
Сабақтың
мақсаты: Периодтық
кесте
Білімділік:
Периодтық кесте, Периодтық
жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс
арқылы білімдерін терендету.
Дамытушылық:
Интерактивті әдіс-тәсілдер
арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін, өздік әрекет
атқару қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Белсенді әрекет ұйымдастыру
арқылы бір-бірінің пікірін сыйлау, өзара көмек көрсету, өз
жұмыстарына әділ баға беруге тәрбиелеу.
Қажетті құрал –
жабдықтар: Интерактивті тақта, Периодтық
кесте, Сабақтың
барысы:
Сынып оқушыларын топтарға
бөліп, отырғызу
(протон, нейтрон). Әр топта
химик, биолог, географ және топ жетекшісі
болады. Топтың ұраны
болады.
Жүргізуші:
Сайысымыз 5 кезеңнен
тұрады:
1 кезең «Ойлы болсаң, озып
көр»
2 кезең «Мықты болсаң,тауып
көр»
3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып
көр»
4 кезең «Зерек болсаң, шешіп
көр»
5 кезең «Химик
-сараман»
Тапқыр,білгір,дарынды
Жарыс бар бүгін
арынды
Химия пәнін сүйсең
сен
Ортаға сал
барыңды-
деп, сайысқа қатысушы топтарға
сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын
бастасақ.
1 кезең
«Ойлы болсаң, озып
көр» кезеңінде әрбір топқа 5 сұрақ
оқылады. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ендеше іске
сәт.
1 Протон
тобы:
-
Периодтық заңды Д.И. Менделеев
қай жылы ашты (1869ж)
-
Период дегеніміз не (Период
дегеніміз- сілтілік металдан басталып, атомдық массаларының өсу
реті бойынша орналасқан, инертті элементтен аяқталатын
элементтердің көлденең қатары.)
-
Табиғи ұялас элементтер тобын
ата (сілтілік металдар, галогендер).
-
Периодтар нешеге
бөлінеді.
-
Период және топ бойынша
салыстырмалы атомдық массасы қалай
өзгереді.
2 Нейтрон
тобы:
-
Периодта атом радиус қалай
өзгереді.
-
Қазіргі таңда периодтық
кестеде қанша элемент бар.
-
Периодтық кестеде неше период
бар
-
Периодтық кестеде инертті
газдар қай топта орналасқан
-
Периодтық кестеге галогендерге
қай элементтер жатады.
Жүргізуші:
2 кезең
«Мықты болсаң, тауып
көр» кезеңінде 2 тақырып
беріледі, және ұпай сандары ұяшық нөмеріне сәйкес келеді. беріледі.
Әрбір топ тақырып таңдап, өздеріне ұпай қояды. Берілген сұраққа
дұрыс жауап берсе, қойылған ұпайды алады, ал дұрыс жауап берілмесе
сол ұпай жинаған ұпайынан шегеріледі.
Элемент
|
Теңдеу
|
10
|
20
|
10
|
20
|
10
|
20
|
Элемент қызыл 10:
Халькогендерге қандай элементтер жатады
Элемент жасыл 10: Темірдің
салыстырмалы атомдық массасы.
Элемент көк 10: Реттік нөмері
12 элемент.
Теңдеу қызыл
20: Zn + H2SO4 =
……
Теңдеу жасыл
20: HCl + ……= NaCl +
H2
Теңдеу көк
20: Na + H2O =
……
Жүргізуші: 3 кезең
«Жүйрік болсаң, шауып
көр» кезеңінде әрбір топ берілген
әріптердің ішінен әріп таңдайды. Алғашқы болып ұпайы аз топ
таңдайды.Таңдалған әріптер бойынша 1
минутта химияға қатысты қанша сөз жазатыны
анықталады.Әрбір дұрыс
жауапқа 2
ұпай беріледі. Ендеше ұпай аз
топ әріпті таңдай қойыңыздар.
1 –
Протон тобы:
«Г» әрпімен басталатын жеті
химиялық сөздерді атаңыздар. (газ, галоген, гидрокарбонат, гомолог,
гидратация, глюкоза, графит)
2
– Нейтрон
тобы: «К» әрпінен басталатын жеті
химиялық сөздерді атаңдар. (карбонат, кристаллогидрат, көмірсулар,
күкіртсутек, крахмал, каучук, көмірсутек)
4 кезең
«Зерек болсаң, шешіп
көр» кезеңін
бастаймыз. Химиялық элементтерге жұмбақ
жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша,
латынша атау керек.
1. Өзім газбын менімен
демаласың,
Жоқ болсам ауа жетпей
қиналасың. (оттек, кислород, оксигениум)
2. Осы затпен ескі үйді
аластайды,
Түсіне қарасаң алтынға
ұқсайды. (күкірт, сера, сульфур)
3. Ең жеңіл элемент
саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау
алады. (сутек, водород,гидрогениум)
4. Өзі ауыр металға
жатады,
Балалар осы металл құйған
сақамен атады. (қорғасын,свинец,плюмбум)
5. Машина мен трактордың
жануы
Қара металлургияның наны.
(темір,железо,феррум)
6. Аспандағы айды осы
элементпен теңестіреді
Салмақты адамды мақтауды да
келістіреді. (күміс, серебро, аргентиум)
5 кезең
«Химик
сараман». Әрбір топқа белгілі бір
элемент беріледі. Химик, биолог, географ тағайындалып, сол сала
бойынша сипаттама беріледі.
Протон тобы: «Химик»
Натрий
Элемент натрий ІІІ период І
топта орналасқан
Атом құрылысы: +11
2е-
8е-
1е-
1s2
2s2
2p6
3s1
Натрийдің сумен
әрекеттесуі:
Натрий белсенді, жұмсақ
металл. Сумен әрекеттесіп сілті түзеді
2Na +
2H2O = 2NaOH +
H2
Na2O – негіздік оксид, NaOH –
сілті
«Географ»:
Натрий жер қыртысында мөлшері
массасы бойынша 2,64% тең. Табиғатта көбіне тұз құрамында
кездеседі. Натрий көптеген силикаттар құрамында, сондай-ақ ол
еріген күйінде көл, теңіз және мұхит суларында болады. Қазақстанда
ас тұзы ащы көлдерде шөгінді түрінде
кездеседі.
«Биолог»:
Натрий адам ағзасына қажетті
элемент, қан қысымын су алмасуын, жүйке және бұлшық ет талшықтарын
реттеуге қатысады. Ағзада негізгі қышқылдық тепе-теңдіктің
сақталуын, жүректің жұмысын реттеп, ағзадағы суды ұстап тұру
қызметтеріне қатысады. Натрийді адам көп қажет ете бермейді –
күніне 1 грамдай ғана керек. Егер натрий иондарының адам
ағзасындағы мөлшері артық болса ағзадағы судың тепе-теңдігін
бұзады, қан қоюланады.
Нейтрон тобы:
Магний.
«Химик»:
Магний ІІІ период ІІтоптың
негізгі топшасында орналасқан.
Атом құрылысы: +12
2е-
8е-
2е-
1s2
2s2
2p6
3s2
Магний белсенді металл. Егер
ауада магний ұнтағын немесе жұқа магний лентасын жақса, көз
қаратпайтын ұшқынмен жанады.
2Mg +
O2
=
2MgO
Бұрын магнийдің бұл қасиетін
фотографияда қолданған, қазір жарық шығаратын зымырандарда, әскери
техникада қолданады. (интерактивті тақтада бейне фрагмент
көрсетіледі).
«Биолог»:
Магний біздің организмде ең
көп таралған элементтің төртіншісі және ол ағзамызда жүретін
300-ден астам үрдістерді жүзеге асырады. Магний атомы жасыл
өсімдіктердің хлорофилінің құрамды бөлігі. Магнийдің қатысуынсыз
фотосинтез процесі жүрмейді. Бұл ғаламшарда тіршілік болмайды деген
мағынамен тең. Адам организміне магний өте қажет. Ол жеткіліксіз
болғанда жүрек бұлшық етінің жұмысы
бұзылады.
«Географ»:
Магний табиғатта таралуы
бойынша сегізінші орында, оның жер қыртысындағы массалық үлесі
1,9%. Ол 200-ге жуық минералдың құрамына
кіреді.
Ақ мәрмәр – Алматы облысында,
Екпінді кен орнында өндіріледі.ТМД бойынша ең ірі асбест кен орны –
Жітіқара біздің республикамызда орналасқан. Магнийдің көп мөлшері –
мұхит, теңіз және тұзды көлдердің суларында бар. Магний шикізаты
жоқ кейбір елдерде теңіз суынан магний өндіру жолға
қойылған.
Сонымен
бүгінгі «Периодтық
кесте» сайысы өз мәресіне жетті. Алда
әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар
№113 Қаракөл орта
мектебі
ПЕРИОДТЫҚ
КЕСТЕ
(химиядан сыныптан тыс
жұмыс)
Химия пәнінің мұғалімі:
Әлменова К.А.
2021-2022 оқу
жылы