Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Қаржылық сауаттлыққа байланысты математикалық интеллектуалды ойын"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныптан тыс жұмыс "Қаржылық сауаттлыққа байланысты математикалық интеллектуалды ойын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: «CashFlow» қаржылық сауаттылыққа байланысты математикалық интеллектуалдық ойын Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, қаржылық сауаттылық туралы түсінік беру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру. б) тәрбиелік: Өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, математиканы өмірде қолдануды білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар. Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар. Пән аралық байланыс: математика, экономика, кәсіпкерлік негіздері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2023
241
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫҢ ЖОСПАРЫ

Педагогтың аты-жөні: Хамитова Аружан

Сыныбы: 7


Сабақтың тақырыбы: «CashFlow» қаржылық сауаттылыққа байланысты математикалық интеллектуалдық ойын
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, қаржылық сауаттылық туралы түсінік беру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, математиканы өмірде қолдануды білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын
Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: математика, экономика, кәсіпкерлік негіздері

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру:
1) Сынып оқушыларын түгендеу;

2) Топқа бөлу;
3) Сабақ жоспарын таныстыру.

Жарыс кезеңдері:
І. “Таныстыру” (Сайыскерлер бейнежазба арқылы таныстырылады).
ІІ. “Капитал” (Ұяшықтағы тапсырмаларды топтар кезекпен орындап, капитал жинайды).
ІІІ. “Бюджет” (Әр топ жинаған капиталын ережеге байланысты бөледі).
ІV. “Дүкен” (Ереже бойынша бөлінген бюджеттен «азық-түлікке» бөлінген бюджетке дүкеннен тізім бойынша сауда жасайды).
V. “Стартап” (Жаңадан кәсіп бастағалы отырған стартаперлердің жобаларымен танысып, таңдау жасайды).
VI. Марапаттау

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«CashFlow» қаржылық сауаттылыққа байланысты математикалық интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер.
Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, қаржылық сауаттылығымызды арттырамыз деген ниетпен ойынымызды бастаймыз.

Алдымен сайыс ережелерімен таныс болайық: (бейнеролик)

Алдағы біз баратын бағыт анық,
Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт.
Математика әлеміне аяқ басып,
Қаржыгерлер тілінде біз жарысалық.

І. “Таныстыру”

Ендеше, бүгінгі сайысқа қатысушылармен таныс болайық. (бейнеролик)

ІІ. «Капитал»

Капитал дегеніміз- келешек табысты молайту үшін пайдаланатын қазіргі қаржы қоры.

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Математиканы құрметтеу менің есімде.
Ақша санап, есептеуді білсеңіз,
Капиталың болар саған несібе.

Бұл кезеңде қатысушылар экрандағы ұяшықтардың бірін таңдап, дұрыс жауап берсе ұяшықта көрсетілген капиталды өз қорына жинайды

ІІІ. “Бюджет”

Бюджет- мемлекеттің (компанияның, отбасының) бір жылға (кез келген уақытқа) белгіленген шығындар мен кірістердің жобасы.

Қаржылық сауаттылық ілімі ақшамызды тиімді жұмсай отырып, келешекке бір бөлігін жинақтауды ұсынады.

Зерттеулер бойынша табысты 50/30/20 ережесі арқылы бөлу ұсынылады. 50% - қажеттілік, 30%-қалау, 20%-жинақ. Ендеше осы ереже бойынша 2-кезеңде жинаған капиталымызды бөлейік.

Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Бюджетті біз бөлейік.

ІV. “Дүкен”
Бюджеттен азық-түлікке бөлінген қаржыға тізім бойынша дүкеннен сауда жасайды.

V. “Стартап” қатысушылар бизнес-жобаларды тыңдап, өтелу мерзімі тез бизнес-жобаны таңдайды.

VІ. Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!