Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс жұмыс Қазақстан тарихы 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№ 93 орта мектеп
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Тарих пәнінің үздігі
Сыныбы: 7
Дайындаған: Турганбаева Зибаш
Өткізілген күні: 13 ақпан
Сыныбы: 7
Мақсаты: Әр оқушының өзіндік дамуына ықпал ету, шығармашылыққа баулу, ой-өрісін дамыту, өз пікірін еркін білдіре отырып қорытынды жасауына жағымды жағдай туғызу, іскер ұрпақтың қалыптасуына елеулі мүмкіндік жасау.
-
Ел ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етіп отыр. Сондықтан да сендер ұстаздарыңның үздіксіз беріп отырған білімін өмірде қорықпай қолдана біліп, еркін өмір сүруге, білім мен біліктеріңе сай бағдар таңдап ала алатындай дәрежеге жетуге және өз беттеріңше жұмыс істеу дағдыларыңды қалыптастырып, ойлау қабілеттеріңді шыңдап, өмірде дара тұлға болып қалыптасуға ұмтылуларың керек. Ол үшін білім және білім қажет. Білім шыңын бағындыруға аттанайық!
Білім сайысының кезеңдері:
1. Қатардағы артық есімді тап:
2. Қисынды ойлау: қарапайым ұқсастықтар:
3. Бейне сұрақ:
4. Қала атаулары.
5. Тапқырлық.
1. Қатардағы артық есімді тап: (Дұрыс жауап – 10 ұпай)
1. БУМЫН – ШЫРАҚ – ҚАРАЕСКЕ – МҰҚАН (түрік)
2. ТҮРІК – ОҒЫЗ - ӘЛИ – ШАХМӘЛІК (оғыз)
3. НАРКЕШ ДАЙЫН – ИНАНЧ БІЛГЕ – БҰЙРЫҚ – ІСТЕМИ (найман)
4. БІЛГЕ – ТОРЫ – МАРКУС – ҚҰРШАҚЫЗ (керейт)
5. ТАРДУШ – ШЕГУ – АНАҒҰЙ – ТОН (Батыс түрік)
6. ШЫҢҒЫСХАН – ҮГЕДЕЙ – ЖОШЫ – БАТУ (Шыңғысхан балалары)
7. БЕРКЕ – БЕЙБАРЫС - ӨЗБЕК – МЕҢГУ ТЕМІР (Алтын Орда)
8. ЕРЗЕН – МҮБӘРАК – ЖӘНІБЕК – ҰРЫС (Ақ орда)
9. ТОҒЫЛЫҚ-ТЕМІР – ІЛИЯС-ҚОЖА - ӘМІР ТЕМІР – УӘЙІС (Моғолстан)
10. НОҒАЙ - ӨЗБЕК – ЕДІГЕ – НҰРАД-ДИН (Ноғай Ордасы)
11. ДАЙЫРҚОЖА – ЖӘНІБЕК – КЕРЕЙ - БҰРЫНДЫҚ (Қазақ хандығы)
2. Қисынды ойлау: қарапайым ұқсастықтар: (Дұрыс жауап – 20 ұпай)
1. Жылқы Сиыр
Құлын Мүйіз, сүт, бұзау, өгіз, жайылым
2. Тараз Жетісу
Айша-бибі Домбауыл, Алаша, Аяққамыр, Боран, Болған ана,
3. Айырбас Тауар
Сауда Ақша, қасық, арба, мата, жылқы
4. Тараз Испиджабта
Ешкі түбіті қой, ақ мата, қой жүні, мейіз, мәсі
5. Түркістан Алматы
Шығыс моншасы түрік моншасы, Сарыағаш, «Арасан», сауна, жағажай
6. Харадж Тағар
Жер салығы мал салығы, жан салығы, әскер азығы, жол, соғыс
7. Көне түрік жазуында Орхон жазуында
«блбл» балбал, бербер, бұлбұл, балшық, балбық
8. Күлтегін Оғызнама
Йоллығ-тегін А.Жүгінеки, М.Қашғари, Рашид-ад-дин, Н.Диц
9. Құтлық Тардуш
Елтеріс Тон, Шегу, Дато, Дайын, Үшлік
10. Батый Орда Ежен
Алтын Орда Көк Орда, Ақ Орда, Сары Орда, Жасыл Орда Боз Орда
11. Ақ Орда Моғолстан
Сығанақ Тараз, Испиджаб, Баласағұн, Балық, Алмалық
3. Бейне сұрақ: (Дұрыс жауап 30 ұпай)
-
«Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу... Білімді адам көп нәрсені біледі, қабілеті, дарыны арқылы белгісіз нәрселерді ашады...» - деген ұлағатты сөз қалдырған ғалымды білесің ба?
Жауабы: Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби
-
Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан. Дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютаннан 600 жыл бұрын айтып кеткен. Жауабы: энциклопедист-ғалым Әбу Райхан әл-Бируни.
-
Атақты орыс ғалымы А.Н.Кононов: «Оның бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түрік тілінің мәртебесін көтеріп, оның араб тілінен еш кем түспейтінін дәлелдеу болды» - деді. Бұл кітап не деп аталады және авторы кім?
Жауабы: М.Қашқари «Түрік тілдерінің сөздігі»
-
«Сөздің көркі - мақал», «Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер» деген мақал-мәтелдерді қалдырған және өз еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартып, Ұлы хас-хажип деген лауазым алған Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы, ақын кім? Жауабы: Жүсіп Баласағұн
-
«Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.
Есепсіз сөз – ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста»- деген ақыл сөзді айтқан кім?
Жауабы: Ахмет Иүгнеки «Ақиқат сыйы»
-
Еңбектері адамды даналыққа, адалдыққа, кішіпейілдікке, имандылыққа шақырады. Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Сопылық ілімнің насихатшысы болады. Жауабы: Қожа Ахмет Йассауи
-
Ахмет Йассауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата аталған кім? Жауабы: Сүлеймен Бақырғани
-
Қағанның шайқастарға тікелей өзі қатынасуына әрі ылғи да жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойды. Ол қай қаған және қай елдің қағаны еді?
Жауабы: Түргеш қағанатының қағаны Сұлу (Сұлық) қаған.
-
634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен билікті қолына алды. Ол елді басқаруды қайта құрып, «он тайпа-он оқ бұдын» жүйесін енгізді. Ол кім және қай елдің қағаны? Жауабы: Батыс Түрік қағанатының қағаны Ешбар Елтеріс.
-
Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық, ежелден Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабын қоныстанған. Олар туралы: «Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар» деп жазылған Бұл қандай халық?
Жауабы: соғдылықтар.
-
Бұл сөздің шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар «уыз» сөзінен шықты десе, екіншілері «садақтың оғы» деген сөзден шыққан дейді. Үшіншілері «өгіз» деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Қай тайпа туралы айтылып тұр? Жауабы: Оғыз тайпасы.
4. Қала атаулары. (Дұрыс жауап – 40 ұпай)
-
Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының орталығы болған Шу өзенінің бойында орналасқан қала? (Суяб)
-
Алматы облысының жерінде орналасқан, төрт түліктің бірінің атымен басталатын қала? (Қойлық)
-
Баяғыда бір келін атасының атын атай алмай: «Өзгеде жоқ, тек атамда ғана бардай» деген екен. Алғашқы екі буыны сол атауға синоним болатын қала? (Құйрықтөбе)
-
Адам баласының жас кезіндегі атауымен басталып аталатын қала ? (Баласағұн)
-
Суда болатын азық түрінің атымен аталатын, Орхон өзенінің бойындағы қала? (Балықты)
-
Бояу түсі мен бейіт сөзіне синонимдес сөзден тұратын қала? (Қарақорым, Ақмола)
-
Жазбаларда кейде Сайрам деп аталатын қала? (Испиджаб)
-
Сиырдан алынатын ақтың атымен басталатын қала? (Сүткент)
-
Адам басындағы қыл атымен аталатын қала? (Шаш-Ташкент)
-
Талқан мен майды араластырып жасалатын тағам атымен аталатын қала? (Жент)
-
Адам дене мүшесінің бірі – көзге қатысты аталатын қала? (Қарашық)
5. Тапқырлық. (Сурет бойынша әңгіме құра. Дұрыс жауап – 50 ұпай).
Б ұл суретте байырғы түрік тайпасының адамы бейнеленген. Ол біздің арғы атамыз. Бет-бейнесіне қарап біздің олардан ерекшелігіміз онша көп емес екенін көреміз. Қазіргі уақытта да кей ер адамдар құлақтарына сырға тағады. Бірақ қазір заман ыңғайына қарап шаштарын және сақал-мұрт өсіретіндер азайды. Бет бейнесінен оның қайратты, жауынгер және тайпа көсемі деп ойлаймын.
Бұл суретте жалаулы найза ұстаған ежелгі түрік жауынгері бейнеленген. Бұл сурет тасқа салынған. Жауынгер өзінің серігі тұлпарымен бірге жауға қарсы соғысуға аттанып келеді. Найзасының ұшына жалау байлаған. Ол түрік жауынгерінің жауын жеңбей қоймайтынының белгісі. Сол арқылы жауының үрейін де ұшырады.
Бұл суретте Шығыс түріктерінің қағаны Күлтегін бейнеленген. Түрік қағанатынан бөлінген Шығыс түріктері ұзақ уақыт өз тәуелсіздіктерін жоғалтып алды. Тек Күлтегін мен Білге қаған тұсында мемлекетті одан әрі дәуірлетіп, қуатты мемлекетке айналды. Күлтегін туралы тасқа жазылған тарих бар. Ол Орхон-Енисей өзендерінің жағасында.
Соғды жауынгерлері. Соғдылар негізінен саудамен айналысқан. Олар Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабынан Жетісуға 6-8 ғасырларда қоныс аударған. Соғдылықтар түрік тілін, әдет-ғұрпын, мәдениетін үйренген. Иран тілдес халықтар.
Бұл – Атлах шайқасы. Қарлұқтар 751 жылы Атлах шайқасында арабтарды қолдады. Соғыста қытай әскері талқандалды. Қытайдың Орталық Азияға ықпалы әлсіреді.
А қыртас қамалы Қарлұқ қағанатының кезінде 766-893 жылдары салынып, бітпей қалған. Аңыз бойынша сұлу қызға ғашық болған Алан-Хазар есімді жігіт оған тастан сарай салып бермек болған. Құрылыс бітпесе де сәулетшінің ой-өрісі кең, батыл шешімді адам болғандығы көрінеді.
Қ ұдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер-сардоба деп аталады. Бұл Якка сардобасы Мырзашөл керуен жолының бойында. Малшылардың тұрақты мекен-жайларының жанына салынған, құрылыс жүйесі мен күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсас.
Қ арахан кесенесі. 11-12 ғасырларда салынған. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан (915-955) қалады. Ислам дінін қабылдаған. Мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған – қарлұқ тайпасы. Мемлекет Қазақстан жеріндегі дамыған феодалдық-патриархалдық мемлекет болды.
Халқы жартылай отырықшы, жартылай көшпелі өмір сүрді.
Сауран қаласынан табылған мыс теңгелер. Қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан оған барлық жерден саудагерлер келіп-кетіп отырған. Қазба кезінде батыс пен шығыс елдерінің көне теңгелері табылды. Бұл қаланың негізгі сауда орталықтарының бірі болғандығын дәлелдейді.
Қ ыпшақ жауынгерлері. Қыпшақ хандығының аумағы шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батыста Днестрге дейінгі кең-байтақ жер. «Қыпшақтар даласы» деп аталған. Тайпаларының ішіндегі ең беделдісі бөрілер. Хандары осы тайпадан шыққан. 11 ғ Жетісудан басқа жердің бәрі қыпшақтардікі болды. Венгрлер «кундар», «комондар» деп атаған. Кейін қазақ халқының басты этникалық құрамының бірі болды.
Пайза. Монғол қағандарының куәлікке беретін ерекше белгісі.
Осы куәлік негізінде ғана келген адамға сенім білдірілген. Бұны мөр деп атаса да болады. Әр қағанның өз ерекшелігі бар мөрі болған.
Қорытындылап, жеңімпазды анықтау. Марапаттау.