Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс жұмыс Құстар әлеміне саяхат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АШЫҚ ДАЛАЛЫ АЛҚАПТАРДАҒЫ
ҚҚаҰнаСттаТрыА кРең, қалықтап үшуға бейім болады. Кейбір
түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар
жылдам жүгіре де алады. Түмсықтары қысқа, доғал, кейде
иіліп келген өткір. Бұлар (тазқара, бүркіт, жұртты) - күндізгі
жыртқыш құстар. Тауық тәріздестерге: бөдене, кекілік,
ұлар, қырғауыл; дуадақтарға: безгелдек, жорға дуадақ
жатады. Бұлдырықтар, бозторғайлар да шөлейтті, ашық
далалы алқаптарда кездеседі. Құстардың тіршілігінде жыл
маусымдарының алмасуының да ерекше маңызы зор.
Осыған байланысты құстар тіршілігінде елеулі өзгерістер
(көбею, жылыстау, т.б.) байқалады. Құстарды жыл құстары,
көшпелі құстар жөне қыстай шығатын құстар (отырықшы
құстар) деп үш топқа бөледі. Құстардың жылыстауын
аяқтарына сақина салу арқылы анықтайды. Қазақстанның
оңтүстік өңіріндегі (Жамбыл облысы, Жуалы ауданында)
Шақпақтас асуында құстарға сақина салу орталығы бар.
ҚЫСТАЙ ШЫҒАТЫН ҚҰСТАР
Қыстай шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді.
Ешқайда жылыстамайды. Ондай құстарга қарғалар, торғайлар,
сауысқандар, шымшықтар жатады. Құстарға қыста қолдан қорек
беріп қамқорлық жасауды үмытпаңдар! Қазақстанның Қызыл
кітабына (1996) ІІ отрядқа жататын 56 құс түрлері тіркелген.
Қызғылт және бұйра бірқазан Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл,
Зайсан, Марқакөл суларында кездеседі. Қара дегелең сары және
кіші құтан, қалбағай, қарабай кеңінен таралған. Ақ дегелек (жыл
құсы) Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана (Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл облыстарында) таралған. Қазақстанда сирек кездесетін
құстың бірі - қоқиқаз («қызылқаз» деп те атайды). Аяғы, мойны
ерекше ұзын. Тұмсығы имек болады. Топтанып тіршілік етеді.
Каспий жағалауында, Шалқар теңізінде, Теңіз көлдерінде
кездеседі. Қорғалжын қорығын «қоқиқаздар мекені» деп атайды. Ол
дүниежүзілік мәні бар батпақты-су айдындарына жатады. Қараша
қаз, қу тір жық қаз, сұңқылдақ және кіші аққу, мәрмәр, шүрегей
үйректер де Қызыл кітапқа тіркелген. Бүлардың ішінде халық
аққуды ерекше киелі құс санайды. Ол туралы аңыздар, әндер,
күйлер кеңінен таралған. Аққу пәктіктің, сүлулықтың, адалдықтың
белгісі деп есептеледі. Оның қоразы — «саһар», балапаны —
«көгілдір» деп аталады.
Сұңқартәріздестер - балықшы тұйғын, жыланжегіш, бүркіт, кезқұйрық,
аққұйрықты су бүркіттер, сақалтай, жұртшы, құмай, ақсұңқар, ителгі,
бидайық, лашын желе т.б. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп,
қыран құстар деп те атайды. Жыртқыш құстардың тұмсықтары,
аяқтарындағы тырнақтары өткір, қорегін бүріл ұстауға бейімделген.
Қыран құстардың қоразы - «шәулі», мекиені - «ұябасар», балапаны -
«ақүрпек» деп аталады . Қазақ халқының ежелден келе жатқан
дәстүрлі өнерінің бірі - саятшылық. Қыран құстарды қолға үйретіп
баптау, оны аң-құсқа салу адамды табиғатпен етене жақындастыра
түседі. Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейді.
Аспан түстес көгілдір туымыздағы бүркіт бейнесінің болуында да
үлкен мән бар. Саятшылық өнер - қазақ халқының тарихи әрі
дәстүрлі ескерткіштерінің бірі. Оның танымдық та, тәрбиелік те мәні
зор. Этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы саятшылыққа, бүркітке
байланысты тілімізде 2 000-ға жуық сөз бар екенін атап көрсетті.
Соңғы жылдары елімізде саятшылық өнерді жандандыру саласында
ізгі шаралар қолға алынды. Алматы облысы Еңбекшіқазақ
ауданындағы Нұра аулында «Жалайыр Шора атындағы
халықаралық құсбегілер мектебі» ашылды. Мұндай маңызды
бастамалар басқа облыстарда да қолға алынып, саятшылық өнерге
ерекше көңіл бөлінуде.
ТАУЫҚТӘРІЗДЕСТЕР
Тауықтәріздестерге жататын алтай ұлары биік таулы
алқаптарда кездеседі. «Ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін
же дің бе?» деген мәтел ұлардың таулы өңірле
таралғанын аңғартады. Ұлар да киелі құс, олар шағын
топ құрып тіршілік етеді. Еті де дәмді. Тауықтәріздес
құстардың тұмсықтары қысқа әрі доғалданып келеді.
Тырнақтары да доғал, жіліншігінің артқы жағында
мүйізді өскіні бар. Оны тепкі деп атайды, қорғаныштық
қызмет атқарады.
Тырнатәріздестер: ақ, сұр, ақбас тырна сулы, батпақты
жерлерде таралған. Дуадақ - ірі құс, оның салмағы кейде
16 килограмға жетеді. Оны кейде «тоқтыбалақ» немесе
«қозыбалақ» деп те атайды. Ертеде далалы өңірле
көптеп ауланған.
Тарғақ, орақтұмсық және реликті шағалалар (қарамойнақ,
көнекөз шағала) Қызыл кітап тізімін де бар. Реликті
тазала Қазақстанда Алакөл көлінде ғана таралған.
Қорғау мақсатында Алакөл қорығы (1998)
ұйымдастырылды.
Ақ көгершін, көгершін
Қолғанат құс сен едін.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемнін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қонши деп,
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:
Ел тілегі алып ұш Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш Мұхиттың арғы жағына.
Ел тілегі алып ұш Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш Мұхиттың арғы жағына.
Жарайсыңдар балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.
Құстардың сайрағанын тыңдату.№ №1 құстардың
даусы-Балалар ненің дыбысын естідіңдер?Құстардың сайрағанын.-
Балалар сендер құстардың сайрағанын естігенде ,қандай күйде
болдыңдар?Әдемі орманда жүргендей болдық.
Дұрыс айтасыңдар
балалар, бұл Құстар дауысы.№2 слайд Жалпы құстар туралы мәлімет
беру.№3
Балалар құстар табиғатың көркі.Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Құстардың бейнесі біздің аспан Әлеміндегі қоршауымыз сияқты, себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Олар тек аспанда ұшып орманда мекендейді.
Құстардың түрлері өте көп. Суреттегі құстармен таныстыру.№4
Міне, балалар бүгінгі ашық оқу іс – әрекетіміз «Дала құстары» туралы айтатын болмыз.
Құстар дала құстары және үй құстары болып
«Дала құстарына» (Қарлығаш, торғай қарға, сауысқан, дуадақ т.б ) жатады.
Жарайсыңдар, келесі суретке назар аударайық.
Балаларға тоқылдақтың суретін көрсету.
Тоқылдақ- орман құсы, ол орманда өмір сүреді. Тоқылдақ ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды. Оны – орман дәрігері деп атайды.
Сауысқан- ала құйрықты , ұзын құйрықты құс. Оның құйрығы 35 см. Ол өте сақ құс. Кез келген тамақтармен қоректенеді.
Қарға- Қазақстанда кең тараған құс.Қарғаның басы, қанаты, құйрығы қара болады, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнағы өткір болады.
Торғай- ағаш қумақтарының індерінде, үйдің маңдарында мекендейді. Торғай бұталардың дәнімен , жемістерімен қоректенеді.Кейде тоқылдақтың қорегінің қар бетіне түскен қалдықтарын теріп жейді. Мінекей балалар дала құстары орманда мекендеп құрт- құмырсқа арқылы қоректенеді екен.Балалар сендер құстарға байланысты тақпақтар білесіңдер ме?Жарайсыңдар, балалар, әрдайым құстарды қорғап, аялау біздің міндетіміз.Құстар табиғаттың бір бөлшегі. .
Балалар дала құстарына адамдардың да көмегі тиеді екен. Адамдар оларға қолдарынан, ағаштан ұя жасап, арнайы алдына сауыт қойып, дән, нан қиқымдарын салуға болады. Осылайша біздің дала құсына да пайдамыз тиеді екен.
Ал мына екінші ұямыз құстардың өздерінің жасаған ұясы.
Құстардың ұясын бұзуға болмайды, әр дайым құстарға қамқор болып жүруіміз керек балалар, осыны естеріңе мұқият сақтаңдар.
-Ағаштан жасалған құстың ұясын көрсете отырып құстарға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?» Баларға құстардың дауыстарын тыңдатып, сұрау.
Балалар мен сендерге казір бір құсты алып көрсетемін, сендер сол құстың ол қай құс екенін айтып, даусын салуларың керек.
2.Сұрақ-жауап:
- Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?
-Құстар орманда, далада мекендейді.
- Құстар ұясын қай жерде жасайды?
-Құстар ұясын ағаштың басына, шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.
-құстар туралы жаңа не білдіңдер? кластер құру
-ежелгі құс-Археоптерикс
-Ұшпайтын жаңа құспен таныстыру:Казуар-өте ірі құс, оның салмағы 85 кг-ға дейін жетеді. Түйеқұстар сияқты ұша алмайды, бірақ желаяқ.Казуар жемістер және ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Ұяны жерге қазып салады.Австралияда мекендейді.
Халқымыз
табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп,оны
тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана да
білген.
1-Жүргізуші: Ел арасында ауа райын болжағанда ақбас тырнаның
келу-
қайтуына қараған .Тырналар тым төмен ұшса,ұзамай күн суытады,
ал
жоғары самғап бара жатса , күн ұзақ болады делінеді.Кеш қайтса ,қыс
жылы болады.
Оқушы: Бозторғай ән салса,күн ашық
болады.
Оқушы: Торғай шаңға аунаса,жаңбыр
жауады.
Оқушы: Сары шымшық ысқырса, шынымен күз
болады.
Оқушы: Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатының астына
тықса,аяз
болады.
Сұрақ –жауап сайысы (Әр дұрыс
жауапқа 10 ұпай)
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
(Бүркіт)
2. Қандай құс хат тасушы атанған?
(Көгершін)
3. Торғайдың жүрегі минутына қанша рет
соғады? (260)
4. Құстың негізгі баспанасы?
(Ұя)
5. Қай құста мүлде ұя болмайды?
(Көкек)
6. Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (481
түрі)
«Ең... ең... ең»
ойыны
Сұңқар тобына сұрақтар:
1. Ең кішкентай құс( колибри – тропикалық ормандарда тіршілік
етеді)
2. Ең терең жүзе алатын құс ( Император пингвині – Антарктидада
өмір сүреді)
3. Ең жыртқыш тотықұс ( кеа – тропикалық ормандарда тіршілік
етеді)
4. Жер бетінде ең көп таралған құстар( Тауықтар)
5. Ең тілі ұзын құс ( Тоқылдақ 15 см)
- Балалар, біз бүгін 3 топқа бөлініп жұмыс
жасаймыз.
« Бұл қандай құс?» жұмбақ
ойыны.
7. Адамдардың досы қандай
құс (көгершін)
8.
Баласын аппағым дейтін қандай құс?
(қарға)
9. Қандай құстың тамағы
шоқуменен табылған?(сауысқан)
10.
Қандай құстың түсіне тары
кіреді?(тауық)
11.
Қандай құс ұша алмайды?(пингвин)
12.
Махамбеттің өлеңіндегі қандай
құс?(қызғыш)
13. Қандай құс қорегін
түнде аулайды?(үкі, жапалақ)
14.
Кез - келген ұяға жұмыртқа салатын қандай
құс?(көкек)
15. Қандай құс орман
дәрігері?(тоқылдақ)
16.
Қандай құстың қазаны
бар?(бірқазан)
«Сен білесің бе?» айдары
Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.
Дүниежүзінде колибридің (әлемдегі ең кішкентай торғай) 321 түрі бар.
Сары шымшық балапандарын күніне 1000 рет тамақтандырады.
Акулалар өзінің жемтігіне шабуыл жасағанда, жемтігі жарақат жасамау үшін көздерін жабады
Түйеқұстың жұмыртқасының салмағы 1,5 кг дейін жетеді.
Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс
Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады. Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады.
Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра алмайды екен.
Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт.
Кенгуру мен
эму артқа қарай жүре алмайды.
Дельфиндер бір көзін
ашып ұйықтайды.
Ортасы
Қыран, әупілдек туралы кластер жасап қорғайды. Барлық алынған мәліметті жинақтайды. «БББ» кестесін үшінші графасын толықтырады. Жауап алынбаған сұрақтары болса, сыныпқа және ұстазға қойылады
«Әткеншек» әдісі
А4 парағында «Қыран баласын шың басынан итеріп тастайды. Неліктен?»
«Адам баласын тәрбиелейді?» деп атайды. Неліктен?
Парақтар екі партада жатады. Оқушылар еркін жүріп, өз ойларын жеке білдіреді.
Бар жазылған ой –пікірлерді оқып, топтарда ортаға салып , түсінбеген, келіспеген пікірлерге сұрақ белгісі қойылады. Жазған оқушы ол ойын жеткізеді.
Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»-Бүгін не білдіңдер? Қызықты не болды?