Материалдар / сыныптан тыс жұмыс "Қызыл мия өсімдігінің емдік қасиеті"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сыныптан тыс жұмыс "Қызыл мия өсімдігінің емдік қасиеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми ізденушіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
827
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны

І. Кіріспе

Табиғи дәрілік өсімдіктердің мекені - оңтүстік............................3бет



ІІ.Негізгі бөлім

1. Қызыл мия өсімдігінің жалпы сипаты......................................4-6бет

2. Қызыл мия- дертке дауа, жанға шипа.....................................6-10бет

3. Дәрілік өсімдіктің өндіріс саласында қолданылуы..............10-11бет





ІІІ. Қорытынды

Сырдың алтын тамыры қорғалуды қажет етеді....................11-13бет



Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................14бет















І. Кіріспе.

Біз табиғаттың иесіміз.Ол біз үшін қажетті мол байлықтың көзі.Балыққа-су,құсқа- ауа,аңға- орман және тау.Ал адамға отан деген сөз!

(Михаил Причивес)

Табиғатты бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті,ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді - деп ата бабамыз айтып өткендей

«Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады». Табиғат-тұнған  байлық. Емдік қасиеті  бар шөптердің  сипаты, пайдасы, қасиеті, қолданылуы   жайлы білу, зерттеу табиғат  сырына  деген  құмарлық. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы дәуірлері кезінде адам баласының негізгі қорегі өсімдік болған. Алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі гүлдерді, шөптерді жинай жүріп, адам тамағын тойғызып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі аурулар азабынын құтылу жолдарын іздестіре бастаған. Сөйтіп, өсімдіктің шипалық қасиетін зерттеп білуге адамды өмірдің өзі жетектейді. Оның алғашқы аптекасы орман мен дала болды. Біздің Қазақстанда дәрілік өсімдік түрі өте көп. Олар: Қызыл мия, адыраспан , арша, қалақай, жолжелкен, шайқурай, асқабақ, сәбіз, пияз, т.б. осыларды адам аруларына тиімді пайдалану кажет. Солардың көп пайдаланылатыны қызыл мия Оңтүстік өлке жерлерінде өседі, оның құрамында адам ағзасына қажетті көптеген заттар бар. Дәрі мақсатында тамырлары пайдаланылады. Қасиетті қызыл мия қоғам мен табиғат байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтау келешек ұрпақ үшін және онсыз да экологиялық ахуалы күрделі өңіріміз үшін ауадай қажет. Мың бір дертке дауа қасиетті қызыл мияны ел игілігіне орнымен пайдаланып, оның алынған жерлерін жас өскінмен жаңалап отырса, табиғаттың тепе-теңдігі сақталары анық. Өзен бойын жағалай қоныстанған халық жыл басынан бері қос-қос жүк көліктерімен келген соқталдай жігіттердің өзі құрдымның аз-ақ алдында тұрған қызыл мия өсімдігін тамырымен қопарып әкетіп жатқанын айтып дабыл қағуда. Өңір жұртшылығының сөзіне құлақ түрсек, бұл өсімдік медицина ғылымы жоғары қарқында дамыған көршілес Қытай сынды шет мемлекеттерде зор сұранысқа ие екен. Бағасы да аспандап тұрғанға ұқсайды. Сондықтан да оңай табысқа кенелуді көздеген кейбіреулер туған жеріміздің табиғатын аяусыз тонап, бар байлығымызды сыртқа тасумен әлек.

Мақсатым: «қызыл мия өсімдігінің  қасиетті  шөп екенін  дәлелдеу.Табиғат  байлықтарын сақтап келер ұрпаққа  аманат ету». Жер бетінде өсіп тұрған өсімдіктердің  барлығын өсімдік  жамылғысы   немесе  флора  дейміз. Қазіргі  таңда жер бетінде   шамамен  0.5   млн. өсімдік  түрлері  бар. Қазақстанда 6000 өсімдік    түрі  кездеседі. Олар   бір -бірінен  пішіні, құрлысы, өмір сүру ұзақтығы, көбею  ерекшелігімен ажыратылады. Өсімдіктердің жалпы ұқсастығы, олардың  түсінің  жасыл  болуында. Ол жасыл  түс  хлорофилл  ұлпасына байланысты. Өсімдіктердің ең үлкен маңызының  бірі барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы. Мыңдаған  жылдардан бері адамдар  өсімдіктерді өздерінің  қажеттілігіне жаратып  келеді.


ІІ.1.Қызыл мия өсімдігінің жалпы сипаты.

Қызылмия (лат. Glycyrrhіza glabra) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Биіктігі 10 – 80 см-дей, бұтанаң  диаметрі  -48см,тамыр   мойнының  диаметрі  2см7 Көлденең  бағытталған    тамырсабағы 20см  тереңдікте, жоғары қарай   шашыраңқы,ал  тігінен  төмен  қарай  жанама  тамырлар шығады. Жер астына  152 см  тереңдікке  дейін енеді. Жер   асты   суынан  көтерілген  ылғалдылықпен    қоректенеді. Сабағы тік   бұтақталған. Жапырағы    қандауыр, сопақша   жұмыртқа   тәрізді. Күлтесі   күлгін  немесе  ашық күлгін. Көп тұқымды, сопақша   тік,   ұзындығы 23,5    см  тегіс       бұршақ   қабы   болады. Тұқымдары жұмыр, тіктөртбұрыш пішінді. Олардың жоғарғы жағы тегіс күңгірт, қоңыр немесе жасылдау сұр түсті. Тамыры   жуан. Сабағы тік  өседі,  жапырақтары   қарама  қарсы   орналасады. Жапырақ пішіні  тақ қауырсынды. Жапырақтарында бөбешік  тамырлар   болады. Гүлдері  орташа  мөлшерлі  немесе  ұсақ. Ұсақ  гүлдері  шашақ  гүл  шоғырына  жиналады. Қызыл мияның жеке гүлдері  орталықтан таралатын  сабаққа гүл  сағақтары  арқылы  кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған  сайын  сағақтары  қысқарып,ұшындағы  гүлдері  ең  соңында 

ашылады. Тұқымы  арқылы  көбейеді. Маусым  шілдеде  гүлдеп,шілде  тамыз   айларында   жеміс  салады. Жемісі құрғақ  бұршаққап. Піскенде екі жақтауының тігісінен  қақырап,тұқымдары  шашылады.  Бұл  өсімдік  жылына  бірнеше  жүздеген  ұрық салады. Тұқымы топырақта    үш    жылға  дейін   тіршілігін     жоймайды. Қызылмия Қазақстанның далалы және шөлді аймақтарында, Жайық, Шу, Іле, Сырдария өзендерінің жағаларында өседі. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында глюкоза (0,6 – 15,2%); фруктоза (0,3 – 4,1%); сахароза (0,3 – 20,3%); мальтоза (0,1 – 0,6%); крахмал (34%) бар, сонымен қатар органикалық қышқылдар, эфир майлары, глицирризин қышқылы, фенолкарбон қышқылдары және олардың туындылары (кумарин, флавоноид, тері илегіш заттар, жоғарғы алифатты көмірсутектер және спирттер) болады. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады. Далалық аймақта, шөл және шөлейтте , тоғайда жақсы өсіп-өнеді. Тұқымынан және тамыр сабақ арқылы көбейеді. Республикамыздағы ең ірі өзендерінің бойындағы Орал, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында қызыл мияның қоры зерттелген.

Қызыл мияны  жинау және кептіру. 3-4 Жылдық өсімдікті жинау керек. Жинау  кезеңі  күздің соңғы күндері  немесе  ерте көктем мезгілі.Тамырдың  топырағын қазып, салқын сумен жуады, бір екі күнтағы сумен  шаяды. Тамыр  тазарған  соң 30-35 см.  ұзындықта  бөліктерге бөліп, 30+40 с. температурада  арнайы  кептіргіште   кептіреді немесе   күн  сәулесі қызуымен де кептіруге  болады. Кептірілген тамырды   10 жыл сақтауға болады.

Қызықты деректер. Қызыл  мия   өсімдігі   адам  денсаулығына   емдік шипасы   мол   дәрілік   шөп. Өңір жұртшылығының сөзіне құлақ түрсек, бұл өсімдік медицина ғылымы жоғары қарқында дамыған көршілес Қытай сынды шет мемлекеттерде зор сұранысқа ие екен. Бағасы да аспандап тұрғанға ұқсайды. Сондықтан да оңай табысқа кенелуді көздеген кейбіреулер туған жеріміздің табиғатын аяусыз тонап, бар байлығымызды сыртқа тасумен әлек. Біздің дәуірімізге дейінгі    426-484  жылдары  бұл  дәрілік   өсімдік   жайлы  ежелгі   грек   тарихшысы Геродоттың    өзі    қызыл   мия    тамырының   мың  сан  дертке   дауа   екенін  айтқан. Тіпті   бұл  өсімдікті  «Сақтың,яғни     скифтердің     алтын   тамыры»   деп   құрметтеген. Мия ертеден қолданылатын дәрілік өсімдік. Мия тамыры дәмінің ерекше тәтті болуына байланысты ерекше ат беріп, дәрі ретінде қолданған. Грецияда –«Тәтті тамыр», Қытайда "ганьцао" - «тәтті шөп», Моңғолияда хунчир – «тәтті тамыр» деп аталған. Мияның тамыры, тамырсабағы біздің дәуірімізге дейін 2800 жыл бұрын Қытай, Тибет, Индия, Жапония медицинасында пайдаланылған.

Ертеде Грек дәрігері Гиппократтың еңбектерінде мияның тамырының емдік қасиеттерін жазылған.

Гректің атақты дәрігері Диоскорид өзінің еңбектерінде мияның сөлі өкпе, бауыр ауруларына және шөлді басатын дәрі екенін сипаттап жазған.

Қытай елінде  қызыл  мия  өсімдігін  жоғарғы  орынға  қойды. Оның тамырын  сапалы  дәрі дәрмек және дәрілік  препараттар дайындауға пайдаланған. Тибетте   «ұзақ  өмір  сүрудің  сиқырлы  тамыры»  деп бағаланды. Жастық рең мен әдемілікті  сақтау  үшін  бұл  елде  қызыл  мия  тамырынан  жасалған 

қайнатпа  ішілген.

Ежелгі  Египетте де  осындай  қайнатпа  ішілген. Азанда рең  сақтаушы қайнатпаны ішкен, ал кешке моншада мия  тамыр  тұнбасы   қосылған сумен  жуынған. Сол  уақытта қызыл  мия  тамырының   әсерінен  адам  өмірі  15  жылға  дейін   ұзарған.

Оны  Европа,  Солтүстік Африка және  Азия  да  Ресейдің оңтүстік  бөліктерінде, Солтүстік  Кавказда кездестестіруге  болады.








Қызыл мия




Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Өсімдіктер

(unranked)

Қос жарнақтылар

Тұқымдасы:

Бұршақ тұқымдасы

Тегі:

Мия (Glycyrrhіza)

Түрі:

Қызылмия


Екі-есімді атауы

Glycyrrhіza glabra

ІІ.2.Қызыл мия – дертке дауа, жанға шипа


Ерте заманнан бері   адамдар   аурудың  алдын  алу және  емдеу  үшін табиғаттың  байлығын  пайдаланып  келеді. Дәрілік  өсімдіктердің емдік  қасиетін  Ежелгі  Египетте, Үндістанда, Қытайда, Грекияда  т.б. елдердің  емшілері  білген.

        Айналамызда өсіп  тұрған  өсімдіктердің  негізгі бөліктерінің  емдік  қасиеті бар. Дәрілік  өсімдіктерді  дайындаған  кезде  арнайы  ережелерді   білу  қажет

Мысалы: Қай кезде өсімдіктің  қай  бөлігін  жинау керек, себебі өсімдіктің әр  бөліктерінде  дәрілік қасиетіінің мөлшері бірдей бола бермейді.Өсімдіктің  дәрілік  қасиеті  мерзімге  байланысты. Біреуін  таң  ата, екіншісін  кешке, кейбірін   гүлдегенге  дейін,кейбірін  гүлдеп  тұрған  кезде   алу  керек. Сол 

уақытта  олардың  емдік  қасиеті   мол   болады. Дайындау  негізінен құрғақ, жылы   күндері  түстен кейін  жүргізіледі.

Қызыл   мияның  тамырында   гликозид,сахароза,   эфир   майы,минерал   тұздар,  қызыл   мия   қышқылы,күрделі    қанттар  және   крахмал  сияқты   көптеген дәрумендер  болады. Осы  қасиеттеріне  байланысты   олар  медицинада,  тамақ өнеркәсібінде  қолданылады. Жапырағы  мен  сабағы  ертеден  мал  азығы  ретінде  пайдаланылып    

келеді. Қызыл  мия   жүрек  сырқатына, асқазан мен он екі  ішек жарасына, дәрілерден,  қорғасыннан  уланғанда    таптырмас  шипа  болады.

Қызыл  мияның  тамырынан   дәрі   жасалады. Тамыры   бағалы  шикізат. Тамырының жағымды  тәтті  дәмі   бар. Тәттілігі   жағынан    қанттан         50 есе  жоғары, тәтті   дәмі   1:20000  есе   сұйытылғанда  да  байқалады

Қызыл  мия тамырында 23% глицирризин (кальий  және   кальций  тұздар), 27% флаванойдтар, органикалық  қышқылдар,  эфир  майы, дәрумендер(10-30мг)     болады.

Ғалымдар  қызыл  мия  тамырының   химиялық  құрамына   талдау  жүргізгенОнда   не  жоқ десеңші? Онда   крахмал -34%,    целлюлоза 30%,    біраз  мөлшерде   фруктоза  мен  глюкоза барын анықтаған. Мия  тамырды  «органикалық заттар  қоймасы»  деп  те  айтуға болатынын анықтаған. Қызыл  мия  тамырында  жағымды  иіс болғандықтан  оны   тамақ  өнеркәсібінде де  қолданылады. Мысалы конфеттер,сироп, алкогольсіз  сусындар,квасс  әзірлегенде.

Қызыл  мия  тамырында  флафаноидтар  көп. Ол  бауыр  ауруына  көмектеседі. Жүрек  қан  тамырлары қызметін  жақсартады, қан  құрамындағы  холестеринді  азайтады. Салқын  тигенде,жөтелгенде, тыныс  алу,асқазан  ауырғанда мия  тамырды  қайнатпа,  сироп түрінде  ем ретінде қолданылады. Ем  ұзақ уақыт  жүргізіледі. Дұрыс  ем  қабылдау денсаулыққа жақсы  әсер береді.


Қызылмия дүниежүзілік және отандық фармакологияға енген.
Медицинада қызылмия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады.
Тибет медицинасында қызылмия препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артериосклерозға, т.б. қарсы, ал Батыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады. Одан тамырынан жасалған дәрілер   қатерлі  ісік, ВИЧ инфекциясы, өкпе, қолқа,

жұтқыншақ   ауруларына  қарсы  пайдаланылады. Балалар  ауруына   да  жиі   қолданылады.

Қызыл  мия  тұнбасын   әзірлеу

Асқазан ауырғанда: 1ас  қасық мия  тамырға 0.5  л.су  құйып, 10 минут  от  табында  қайнатады. Дайын  тұнбаны  жарты  стаканнан  күніне 4  рет   , тамақтан  соң  ішеді.

Емделу уақыты  3-4 апта. 1-1,5ай  дем  алып,емді  жалғастыруға  болады.

Жөтелді  емдеу.  1 Ас   қасық қызыл  мия   тамыры,  1 ас  қасық   өгейшөпті араластырып, қайнаған  су  құйып,   30  минут   қою  керек.

Алынған  тұнбаның 4/1 бөлігін  әр30 минут  сайын  ішу  керек.

Қызыл  мия  тамыры  қосылған   шәрбәт, Алма пьюресі  -300    гр.

Лимон шырыны  -300  гр. Өрік  дәні    -50 гр. Жұмыртқа   уызы   -2 . Мия   тамыр   ұнтағы   -2  ас  қасық.

Алма пьюресі мен лимон шырынын қосып араластырады. Жұмыртқаның уызын алып,пьюреге қосып,дайын қоспаны 2-3 сағат тоңазытқышқа қояды.Пайдаланарында ұнтақ  қосылған  дәнді  қоспаның  бетіне  жағады. Сонымен бірге мия тамырының  ұнтағын  қамыр  илегенде  ұнға   және ыстық  тағамдарға   да  қосуға  болады.

Қызыл  мия   тамыры   халық  медицинасында.

Қызыл  мия  тамыры  ғылыми  және  халықтық  медицинада да  қолданыла   береді. Халықтық   медицинада   көптеген  ауруларды 

емдеуге қолданған.

  • Стресс алғанда және  күрделі операциялардан  кейін

  • Жазылуы   қиын және  іріңді  жараларды  емдеуге

  • Ұмытшақтық,  қант  диабеті, қалқанша  без  ауруларын  емдеуде жиі  қолданылған.

  • Ауруларды  емдегенде   мия тамырын  тұнба,  қайнатпа, ұнтақ  түрінде  пайдаланған. Астан   уланғанда мия  тамырының тұнбасын  ішкізіп,адамдардың  денсаулығын  жақсартып  отырған.

Көк  жөтелмен   ауырғанда. 1 ас қасық  майда қызыл  мия  тамыры, оған 200  гр.  қайнаған  су   құяды.20-30  мин  қойып,1 сағат  салқындатады. Дайын  тұнбаны 1 ас  қасықтан күніне 3  рет   ішу керек.

1 шәй  қасық тамыр   ұнтағын  алып, 05 л. спиртке  салады. Сөйтіп,10-12  күн  қараңғы   жерге қояды. Күнде   шайқап  тұру   қажет.Дайын тұнбаны  30 тамшыдан ас қасықпен, қайнаған  сумен күніне 3  рет  ішеді. Бұл  тұнбаны  аллергия,  асқазан, өкпе  ауруларына қолданған.

Қызыл  мия   тамырынан  сироп  әзірлеу. 1  шәй  қасық  мия  тамыр ұнтағы 10 мл.қант сиробы, 15тамшы спирт тамызып, жақсылап  араластыру  қажет. Сироп күніне 4 рет,1  қасықтан  ішіледі.

Ауыздан жағымсыз  иіс шыққанда, қызыл мия тамырынан әзірленген тұнбамен  тамақты азанда  және  кешке  шаю   қажет. (1 ас  қасық мия  тамырын  стакан  суға араластырып).

Қызыл мия  тамырын  балаларға қалай пайдалануға  болады?

Ересек балаларға шай  түрінде   ішуге  және  мияның  кішкене бөлігін  сағыз  түрінде  шайнауға  болады.

Мия  тамырдан жасалынған сиропты, шәйді, қайнатпаны балаларға   олардың  салмақтарына  қарап   қолдану  қажет. Мысалы

20-30 кг -1/3  бөлігі

30-35 кг - ½ бөлігі

35-45 кг - 2/3 бөлігі

Балалар қызыл мияны  күніне 1 рет қана пайдалану  керек. Ал  кіші жастағы  балаларға мүлдем  қолдануға  болмайды.

Қызыл  мия   тамырының   кері  әсерлері:

Әйелдерге   жүктілік  кезінде 

Бауыры  ауырған   науқастарға

Қан  қысымы  жоғары  болғанда

Көз  ауруларымен  ауырғанда    қолдануға  болмайды.

ЖЫЛТЫР ҚЫЗЫЛ МИЯ. Көпжылдық шөп тектес өсімдік. Оның өсу деңгейі топырақ құнарына қарай 30 см-ден бір метрге дейін көтеріледі. Бүкіл сабағы жұмсақ түкті келеді. Тамыры көген тәрізді жұмыр әрі жуан, сыртқы қабығы қызыл қоңыр болып, тереңге созылып өседі. Дәмі тәтті, сабағы тік, түп жағы бұта тектес, жоғарғы жағы көп бұтақты келеді. Жапырақтары қарама-қарсы кезектесіп орналасады. Жапырақ формасы жұмыртқа тәрізді, бүтін жиекті келеді. Гүл шоғыры сабақ қолтығында көбелек сияқты, көгілдір түсті келеді. Ұрығы имек қынаптың ішінде тұрады. Қынаптың сыртын жұмсақ түкшелер басып тұрады.

Жылтыр қызыл мия шөл далада, таулардың құмдауытты бөктерлерінде, жарқабақтарда жайқалып өседі. Республикамыздың барлық жерінен кездестіруге болады.

Аталған мияның тамыры дәрі, оны көктем мен күзде   қазып алып, ұсақ, шашақ тамырларын қиып алып тастап, жуып-тазалап кептіреді. Шикідей немесе бал қосып жасалатын дәрілердің құрамына қосады. Қолқа демікпесін емдеуде бұл тамырдың алатын орны өте үлкен.

Қасиеті тәтті, дәмді, жағымды райлы, уытсыз келеді. Дененің ыстығын басып, уытын қайтарады. Көкбауырды күшейтіп, әлдендіреді. Өкпені дымқылдандырып, жөтелді  басады. Кеудені босатып, қақырық түсіруге көмектеседі, дәрілерді теңестіреді. Денедегі ыстықты басуға шикідей істетіледі. Қуаттандыруға өңделіп істетіледі.

1. Қолқа демікпесіне берілетін глициам дәрісі осы қызыл миядан жасалады. Түрлі тері ауруларына, аллергияға, асқазан жараларына, ішектердің созылмалы сырқаттарына тиімді дәрі ретінде белгілі. Нақтылап айтқанда, қолқаны тазалап, қақырық түсіруге, жөтелді бастыруға 30 г мия тамыры, 15 г қылша, 15 г өгейшөп гүлі, 15 г қарағай бүршігі, барлығын қосып, жарты литр суға қайнатып, 40 минут бұқтырады. Астан бұрын күніне үш рет ішеді. Бір қайнатқанды екі күннен асырмау керек. Бір емделу мерзімі 15-20 күн.

2. Асқазан және он екі ішек жарасына 31 г ақ жүрек, 30 г балмен өңделген қызыл мия, 16 г тырнақ гүлді қосып араластырып, әр жолы 3,5 грамнан қайнаған сумен ішеді.

3. Жұтқыншақ қабынып, өкпенің ыстығы көтерілсе, жөтел қысса шикі қызылмия, қоңырау гүл, ошағанның әрқайсынан 9 грамнан қосып, суға қайнатып ішеді.

4. Адам көтеріліп, есі ауысып ауырғанда 31 г тамырдан, солыңқы бидай (дәні толық піспей бүрісіп қалған) 9 г, өңделген мия тамырынан 9 г, шылан ағашының 6 дана жемісі, сарана гүлінен 18 г, қарабас шөбінен 12 г, ерте заманда өлген жануарлардың тасқа айналған сүйегінен 9 г қосып, суға қайнатып, ішеді.

5. Бұзылған тағамдардан уланған кезде: шикі қызыл мия мен бұршақтың әрқайсынан 31 грамды суға қайнатып, ішу керек.

6. Қызыл мияны көз мөлшермен өлшеп, қалыптан асырып алуға болмайды. Ол шамадан асып кеткен жағдайда дене ісінеді. Ет пен терінің арасында натрий қышқылы жиналады. Жоғарыда аталған өсімдіктерден басқамен қосуға да болмайды. Демек, әр дәріні өз мөлшерімен ыңғайына қарап қабылдағанда ғана тиімді болатынын ұмытпаған жөн.

Қызыл  мия  тамырын кофе, какао, компот,маринадтар, халва, карамель, шоколадтар және  қара,көк  шәйді әзірлегенде  пайдаланады.

Тоқыма  өнеркәсібінде  бояу үшін,косметика саласында теріні дақтардан, әр  түрлі тері  ауруларынан қорғау  үшін де  қолданылады.

Бұл  өсімдіктің  адам  ағзасына  тигізер  пайдасы   зор.


ІІ.3. Дәрілік өсімдіктің өндіріс саласында қолданылуы


Айта кетейік, Қызылорда облысы Жалағаш ауданында мия өңдеу зауыты ашылды. Жалағаш  ауданында    қызыл  мия   өсімдігінің   тамырын  терең  өңдейтін    зауыттың   іргетасы  қаланды. Емдік   қасиеті   мол өсімдік   өз   елімізде   өңделіп,елдің  кәдесіне жарайтын   болды. Игілікті   істі қолға  алған. Жалпы құны 2 млрд 402 млн. теңгені құрайтын «БИС-Групп» ЖШС-нің «Қызыл  мия өсіру және тамырын өңдеу» инвестициялық жобасы Қызыл  мия  тамырынан   ерітінді  дайындайтын   кәсіпорынды   іске  қосу  

  компанияның   талайдан   бергі     мақсаты  екен. Бұл  жоба   өнімдері 100%  пайыз  экспортқа  бағытталады,алдағы уақытта 156 адамды тұрақты жұмыспен және 500 адамды маусымдық жұмыспен қамтитын болады.

Жоба толық іске қосылған жағдайда жылына 6000 тонна мия тамыры өңделіп, мия өсімдігінің экстракты, мия өсімдігінің кремі, глициризин қышқылының ұнтағы, полисахарид, флавоноид секілді 5 түрлі компонент алынады

- Бұл зауыт - республика көлеміндегі теңдесі жоқ өндіріс орны. Аймақ экономикасына айтарлықтай үлес қосып, әрі әртараптандыруға мүмкіндік береді,

Шикізат өңірде жеткілікті. Қазірдің өзінде 27 шаруашылықпен келісім жасалған. Бұған қоса, «БИС-Групп» ЖШС 10 мың гектар жерге мия тамырын екті. Қызыл мия мен оның тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органикалық қышқылдар, минералды тұздар бар. Осы қасиеттеріне байланысты олар медицинада, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Қызыл мия­ның тамыры бірнеше ауруға ем, дертке дауа екендігі әлдеқашан дәлелденген. Негізгі   өнім қызылмия  тамырының  ерітіндісі болса,одан  бөлек    1200түрлі  медициналық  препаратқа   қажетті  шикізат    алынатын  болады. Қызыл  мия  тамырына  әлемдік  нарықта    сұраныс   мол. Атап  айтсам, Германия, АҚШ, Түркия, Жапония да бар. Кәсіпорын  2000 гектар   жерге  қызыл  мияның   өзегін   егіпоны   күтіп  баптауды  да  қолға  алмақ. Өндіріс  жылына   22 мың   тонна 

қызыл мия  тамырын өңдейді. Қазір  облыста   80 мың   гектар   қызыл  мия   қоры   бар  екені  анықталып отыр.Оның тамырынан жасалған дәрілер    қатерлі   ісік, ВИЧ инфекциясы, өкпе, қолқа, жұтқыншақ   ауруларына  қарсы 

пайдаланылады.Балалар  ауруына   да жиі  қолданылады. Қызыл миятамырын өңдеу    цехында   жұмыс   істейтін  адамдар   жыл  он  екі  ай тұмаумен  ауырмайды. Демікпеге  шалдыққан  адамдар жұмыс  істесе   дертіне  шипа  болады   екен. Іргетасы   қаланып  жатқан 

кәсіпорынның болашағы  зор болмақ. Осы кәсіпорынның    аяғынан   тік  тұруына  ел  болып үлесімізді  қоса    білсек, ол:

  • Біріншіден жергілікті   халыққа тұрақты    жұмыс орны.

  • Екіншіден, бюджетке түсетін   қомақты   қаражат.

  • Үшіншіден  ел   экономикасының  дамуына   мүмкіндік.

  • Төртіншіден  қызыл  мия    Оңтүстіктің даңқын  шығарар   қасиетті өсімдік   екені  белгілі  болады.

Қоршаған ортамыздың байлығы,жер бетінің сәулеті,еліміздің дәулеті  жасыл  әлем.Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек  сезімі мен көздің  қарашығындай қамқорлық   қажет  екенін  естен  шығармайық. Келер ұрпаққа табиғат  байлығынан  алар өз  үлестерін  аманат  ете  білейік.


ІІІ.Қорытынды.

Бүгінде жердің табиғи қыртысы, экологиялық тепе- теңдік бұзыла бастаған. Қызыл мия қазушылар жерді екі метрге тереңдікке дейін қазып, көмбей кетеді. Сол шұңқырға ауыл тұрғындарының малы түсіп, арам өлетін жағдайлар да кездескен. Қасқырдың өті дедік, Ақбөкеннің мүйізі дедік, тері мен жүні былай тұрсын, темір-терсектен айрылғанымыз қашан. Ендігі кезек қызыл мияға келген. Ресми емес ақпарат көздері 1 кг қызыл мияның бағасы 25 мың теңгеден асатынын айтады. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны рас шығар. Көрші қытайдың «әмірі» бұл қазаққа не істетпей жатыр? Қоғам қайраткері белгілі журналист Нұртөре Жүсіп ағамыз айтқандай: «Қытай бұл қазақтың миы да ем десе бір- біріміздің миымызды ойып алатын жағдайға жеттік» дегені еске еріксіз орала береді. Өкініштісі сол, мұндай бассыздықты көре тұра көз жұма қарап отыр ма, әлде бұл жәйттен бейхабар ма, әйтеуір табиғат - ананың байлығын тонаушыларға "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа табылмай отырғаны. Ал контрабандалық жолмен қызыл миядан қып-қызыл табысқа кенелуді көздеушілер дәрілік өсімдікті "КаМаз-КаМазбен" тасуын тоқтатпақ емес. Бұлай жалғаса берсе, табиғат-ана берген байлығымызды шет ел асырып, ертеңгі күні бармағымызды тістеп қалмасымызға кім кепіл.

- Сондай-ақ келелі кеңесте қызыл мияны алып бара жатқан көліктер МАИ қызметкерлері арқылы тоқтатылып, олардың жүргізушілерінен түсініктеме алумен ғана іс тындыға саналады. Оны ұйымдастырушылар кімдер? Олар тасада қалатын көрінеді. Ауыл әкімдері мен ауылдық учаскелік инспекторлар да бұл мәселемен айналысып жатқан жоқ. Өз кезегінде учаскелік инспектор өз аумағында қандай құқық бұзушылық жасалып жатыр, одан хабардар болуы тиіс емес пе? Бұл мия туралы мәселеге келгенде тұйыққа тіреліп отыр. Ендігі жерде ауыл әкімдері мен ауылдық учаскелік инспекторлар көпшілікпен бірге қызыл мияның тамырын заңсыз қазушыларға тосқауыл қоюлары керек. Кеңесте қызыл мияны заңды пайдаланушылар 30 пайызын табиғаттан алады, 70 пайызын өздері өсіреді деген мамандар пікірі айтылды. Бұған ардагерлер тарапынан қызыл мияны заңды пайдаланушылар 100 пайыз өсірсін деген ұсыныс білдірді. Мұның барлығы сайып келгенде Сырдың алтын тамырын қорғап, сақтаудың өте маңызды екендігін айқындайды. Қызыл  мия  жайында  зерттеу    жүргізуімнің  басты   себебі    қазіргі   таңда   оның  тұқымының  азайып  бара жатқандығында.   Қызыл  мияның   көп  бөлігі    Қызылорда   облысының 

аумағында   өседі   дегенмен, оны  әлі  өз  пайдамызға  жарата   алмай 

отырмыз. Осыдан    бірнеше   жыл  бұрын,  яғни  Батыс  Европа   Батыс 

Қытай    халықаралық   жол  құрлысы  басталған  тұста  техникалар   сыр 

бойындағы    ағаштарды  аударып  тастады. Оның   арасында  өзі   аз  әрі   аса  құнды  саналатын   қызыл  мия   өсімдігінің   біраз  бөлігі   жойылып   кетті.

Қызыл мияға тиюшілер  өзарамызда   да  кездесіп  отыр.   Олар   қызыл

мияны   тамырымен  қопарып,  көршілес   Қытай  еліне   жіберіп  жатыр. Ол    мемлекетте  қызыл  мия  зор  сұранысқа  ие  екен. Оңай  табыс  табуды 

ойлаған   бұл  ағаларымыз   туған  жердің   табиғатын    аяусыз  тонап,  бар 

байлығымызды   сыртқа  тасып   жатыр.

Қызыл  мия  тамырын   тереңнен   алатын   көп    жылдық  өсімдік. Оны   түбімен  отаса   не  болады?

Тамыры  жойылған   өсімдік   қайта  бас   көтеріп, көктей   ме? Бас   көтергенде   бұрынғыдай   бітік  шыға  ма?   Қызыл  мия   түбегейлі 

құрып  кетсе   не болады?

Менің    ойымша,   оның  соңы   еш  жақсы   болмайды. Соңғы   жылдары  қауын  қарбызға  бұрын  соңды  болмаған  құрт   түсіп  жатқаны   белгілі.Білетіндердің   айтуынша,  оның  түпкі   себебі   осы   қызыл мияның   азаюынан. Өйткені  тәтті  дәмді  бұрын    шөптен,  оның  тамырынан  қоректенетін 

жәндіктер  ол   жойылғаннан  кейін   енді    қауын  қарбызға   ауысып  жатыр.

Бұл  сөздің   жаны  жоқ   деп айта   алмайсыз. Бүгін біз, өңіріміздің қасиетті өсімдігі, табиғат ана байлығы болып есептелетін, сырдың алтын тамырына айналған Мия өсімдігінің қорғалуы, сақталуы қоғамымыздың өзекті мәселесінің бірі ретінде көтеріп отырмыз. Мия тамырларының заңсыз алынуына барынша тосқауыл қою, бұл бағыттағы жұмыстарға аудан тұрғындарын тарту, халық арасында құқықтық сауаттылық, әрбір заң бұзушылыққа қарсы мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру болып табылады.Еңбегі еш, тұзы сор болып тұрғанын біле тұра, ауыл жұрты бұл маусымдық жұмыстың өзіне әрең ілігіпті. Онда да танысы барлар ғана қызыл мия жинау операциясына қатысу құқығына ие болған сияқты. Атап айтса айтқандай, өз жерімізде жүріп өзгеге құл болып жүргендейміз. Қытайдан келіп, болмашы тиын-тебенге қазақты бала-шағасымен жалдап жұмыс істетіп жатса, құлдық емей, немене. Ауыл тұрғындарынан суыртпақтап әңгіме сұрасаңыз, «Шымкенттің адамдары жинатып жатыр» деп көршілері қытайға тіл тигізер емес. Дегенмен, жуырда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова дәрі-дәрмегіне қырғидай шүйліккен Қытайдың фармацевтика өндірісінде қызыл мия үлкен сұранысқа ие екен. Топырағымызда өсетін 700 мыңға жуық дәрілік шөптің қадірін білмей, шет ел асырып жіберіп, өзіміз олардың ақ бордан жасалған шипасы шарасыз дәрілерін тұтынып отырғанымызбен шаруамыз жоқ, қолдағы барымызды шекара асырып жатырмыз.Өкпе ауруына, жүрек сырқаттарына, жұтқыншақтың қатерлі ісігіне, асқазан мен он екі елі ішек жарасына, тіпті, әлем дәрігерлері емін таба алмай жүрген ВИЧ пен СПИД-тің өзіне ем болатын қызыл мияны да қадірсіз етіп, өзгенің қабына салып беріп жатқанымыз мынау. Ал бұл мәселеге жергілікті жерлердегі басшылық тарапынан селт еткен пенде жоқ. Ақ жаулықты ананың сөзінің жаны бар. Таби­ғат-ананың перзенті – ағаштар мен өсімдіктерін тамырымен қопарып алып жатсақ, жаңбырдың орнына топырақ жаумай қайтсін. Ал әзірге ақша деген сиқырға арбалған бауырларымыз өз туған жерінің табиғатын аяусыз тонап, бар байлығымызды сыртқа тасумен әлек. Табиғатының байлығын сатқанша, осы байлықты өз халқының игілігіне жаратса ғой.

Алтын дәнді даламыз бар,

Ақ күмістей қаламыз бар.

Неткен сұлу,неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Сұлу табиғатымызды аялай білейік, табиғатты сүю парыз, сүю үшін қорғау- парыз! Әрекетіміз осылай жалғаса берсе, ертеңгі болашақ ұрпаққа не бетімізбен қараймыз? Жер Ананың көз жасы ше? Осы мәселеге қоғам назары ауып,құзырлы орындар зерттеп, зерделесе, заңсыздықтарды жойса, табиғатқа жасалып жатқан қиянатты тоқтатса деген тілегім бар.










Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 жыл

  2. Дәріс материалдары

  3. «Биолог анықтамалығы» республикалық әдістемелік журналы,

  4. «Мектеп және мұғалім» газеті № 14 2015ж

  5. Егемен Қазақстан газеті

  6. Қ. Сыбанбеков «Өсімдіктер сыр шертеді»Алматы «Қайнар»1982ж

  7. Ю.И. Полянский,А.Д.Браун,Н.М.Верзилин,А.С.Данилевский,Л.Н.Жинкин,В.М.Корсунская,К.М.Сухпнова «Жалпы биология»Алматы « Мектеп»1986 ж

  8. Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен «Өсімдіктер әлемі»

Алматы «кітап» 2004ж

  1. Р.Сәтімбеков,Р.Әлімқұлова «Қызықты биология» өсімдіктер әлемі

Алматы 2006 жыл

  1. Ж.Ж.Қужантаева «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»

Алматы 2004 ж

  1. Интернет материалдары.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!