Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы : Қ.Жұмаділов "Дарабоз" (сахналық қойылым) 5-11 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы : Қ.Жұмаділов "Дарабоз" (сахналық қойылым) 5-11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қ. Жұмаділов "Дарабоз" шығармасы бойынша дайын саханалық қойылымның сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2020
716
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



6

Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз»

Рөлдерде:

  1. Әбілмәмбет хан:

  2. Бұқар жарау:

  3. Абылай хан:

  4. Дарабоз, Қабанбай батыр:

  5. Әбілфейіз,

  6. Ханбаба:

  7. Жолбарыс:

  8. Дәулеткерей:

  9. Уәли сұлтандар:

Батырлардан:

  1. Көкжал Барақ:

  2. Еспембет:

  3. Шынқожа:

  4. Тауасар:

  5. Дулат Қойгелді:

  6. Албан Райымбек:

  7. Шапрашты Наурызбай:

  8. Керей Жәнібек:

  9. Бөгенбай:

  10. Батыр Баян:

  11. Олжабай:

  12. Баймұрат:

  13. Оразымбет:

Билерден:

  1. Бекболат:

  2. Боранбай:

  3. Қу дауысты Құттыбай:

  4. Төбет:

  5. Есенкелді:

І-көрініс. Әбілмәмбет ханның Абылайды хан сайлауға ұсынысы.

Түркістандағы құрылтайға кімдер келіп, кімдер келе алмайтыны мәлім болып қалған күндердің бірінде Әбілмәмбет ханның ордасында бір шағын мәслихат өтті. Бұл әдейілеп шақырылмаған, былайша ұлы ханға сәлем бере келген бір топ Орта жүз кісілерінің арасында болып еді. Қазір Әбілмәмбет ордасында Абылайдан басқа Әбілфейіз, Ханбаба, Жолбарыс, Дәулеткерей, Уәли сұлтандар, батырлардан: Бөгенбай, Қабанбай, Ер Жәнібек, батыр Баян, Олжабай, Көкжал Барақ, Баймұрат, Оразымбеттер бар еді. Билерден: Бұқар жырау, Бекболат, Боранбай, Қу дауысты Құттыбай, Төбет, Есенкелділер отырған. Дастархан басында қымыз іше отырып, әртүрлі әңгімелер айтылды. Алдағы құрылтайды қалай өткізу мәселесі, қырғыздың қиыс тартып, құраманың құрық әкеткені, Сырдарияның жоғарғы алқабындағы қалалардың Қоқан қарамағына қалай ілінгені жайында да сөз болмай қалған жоқ. Сайда саны, құмда ізі қалмай, саяқ жүрген ағайынды үйіріне қалай қосамыз деген сауал ортаға түскенде, билер жағы бейбіт бітімді қолдаса, талай жыл жоңғармен жұлысып, қытаймен қидаласқаншаңырақ мүйізді батырлар: бұл заманда қарулы күшке сүйенбесе, құр сөзден ештеңе өнбейді дегенге сайып еді.

Баян батыр сөз бастап: - ««Бақпаса мал кетеді, қарамаса қатын кетеді» дейді қазақ. Күн сайын айдыныңды асырып, іріген жұртты иіріп отырмасаң, қоластыңдағы халқың да тарыдай шашылып, бытырап кетуі әбден мүмкін. Бүгін алты алаш өз бетімен кетсе, ертең үш жүздің ыдырамасына кім кепіл? Сондықтан ырыққа көнбеген ағайынды құрықпен қайырмасқа амал жоқ! »

Олжабай батыр Баян батырды қостап: - ««Ит ұяласын қаппайды, қапса да тісі батпайды»деп, қырғыз бен қарақалпақ өздерінше туыстығын бұлдап, қазақтан қаймығуды қойды. Ашу қысқанда азу тістің қалай батып кететінін сездіру керек оларға!... Ал, Сыр бойындағы қалаларды құрамаға қосақтап, Қоқанның қанжығасына байлап жіберсек, бізді құдай да, аруақ та кешпейді. Енесі тепкен құлынның еті ауырмас болар. Кейде туыстың да тәубасын бойына келтіріп, ептеп дүрелеп алған теріс болмайды »

Көкжал Барақ (тықыршып әзер отырған): - Хан ием! (төрдегі Әбілмәмбет пен Абылайға кезек қарап) Бітім керек болса, қара тілден бал тамызған биің бар. Аттаныс керек болса, күні кеше жоңғарды жүндей түтіп, шүршітке шүйілеп салған сарбазың, бағы жанған батырың бар. Неден қысыласың? Алты алаштың ағасы қазақ екен,ендеше ағайынның терісі мен тентегін тезге салу біздің парызымыз. Айтарым: бұл күнде кімде кіммен сөйлессең де, күшіңді көрсетіп қойып сөйлескен дұрыс. Сенбесеңіз, қырғыз жерінің бір шетіне екі түмен қолды тіреп қойып жатыңызшы, манаураған манаптар майпаң қағып алдыңызға келмесе, құлағымды кесіп берейін!,- деді арқалы батыр қарқ-қарқ күліп.

Түпкі ойын түбегейлі айтпаса да, бұл сөздер Абылайдың да құлағына жағатын секілді. Батырлардың батыл айтқан сөздерін зейін қоя, бар ықыласымен тыңдап отыр. Бәлкім, бұларға да қарсы уәж айтатындар табыла ма еді, қайтер еді, бірақ дәл осы тұста әңгіме күтпеген жерден басқа арнаға ауысып кетті. Көптен көкіректе жүрген жәй ма, немесе дәл қазір табан астында туған тұжырым ба, манадан бері көпшіліктің ауажайын бағып үнсіз отырған Әбілмәмбет тамағын кенеп, жұртты ауызына қаратып алды да, бір өзгеше ой тастады.

Әбілмәмбет хан (тамағын кенеп алып): - Алыстап кеткен алты алаштың басына бір тудың астына біріктіреміз бе, сөйтіп артымызда кейінгі ұрпақ айта жүретін бір өшпес із қалдырамыз ба деп, осы құрылтайға асыққан адамның бірі мен едім,- деді ол төрде отырған үлкендерді жағалай шолып өтіп.- Бірақ ол арманның да жуық арада оп-оңай жеткізер түрі жоқ. Енді, міне, ақылға көнбеген ағайынды күшпен көндіреміз деген сөз шығып отыр. Түбі ақыл белең ала ма, аламан әскер жеңе ме, қайткен күнде де құрдымға бет алған құраманы, қырғыз бен қарақалпақты қолдан шығаруға болмайды. Өйткені, олар бізден кеткенмен мархадам таппайды, бәрібір біреулерге жем болады. Демек, Қазақ ордасының алдында аса ауыр міндет, мәртебелі мақсат тұр. Оған жету үшін қарымды қол, қалт етпес жүрек, өлшеусіз билік керек. Ондай үлкен міндеттің үддесінен шығу мына менің қолымнан келер ме екен? Бұл күнде пайғамбар жасынан асып, шау тартып қалған жайым бар. Ақылым жеткен жерге қайратым жетпеуі мүмкін ғой. Қазір бізге үш жүзді ғана емес, алты алаштысоңынан ертетін серке керек. Шүкір ондай адам бар ортамызда. Ол-қиын-қыстау жылдарда иісі қазақтың ұранына айналған Абылай баһадүр!- деп аз-кем тыныс алды.- Тілімді алсаңдар, Орданың ұлы тағына соны отырғызайық. Бұл маған бүгін ғана келген ой емес. Естеріңізде бар ма, Абылайға ата тағын түсіп беремін деп, мен осыдан жиырма жыл бұрын, осы Халдан Церен тұтқынынан босап келген кезде-ақ айтқанмын. Сол сөзім -сөз! Қай жағынан алсаң да Орда тағына отыру-Абылайдың кезегі. Дәл қазір соның реті келіп, тұрған секілді. Алаш туы астында бас біріктіреміз деп отырған ізгі тілек үстінде Абылайды үш жүзге хан көтерейік! - деп сөзін аяқтады.

Бұл ешкім күтпеген жағдай еді.орданың ішінде шыбын ұшса білінердей жым-жырт тыныштық орнады. Ел ағаларының біразы бұл Әбілмәмбет ханның жеке ойы ма, әлде Абылай екеуінің ақылдасып барып, бірлікте жасаған байламы ма, енді соны нақты біле алмай дал болып отыр. Қос-қыртысы мол, қоймасы қашанда тереңде жататын, қырық қалталы хандардың қай жағынан шығып қаламыз деп, қорынып отырғандар да жоқ емес. Жұрттың назары бірден Абылайға ауып еді. Бірақ мұндай бетбұрысты ол да күтпесе керек, жүзінен әлденеге ыңғайсызданған абыржулық байқалады. Батырлар мен билер орданың құлыптаулы құпиясын бір білсе Бұқар-ағаң білер деп, бір мезет Жыраудың жүзіне қараған. Бұл күнде жасы тоқсанды аралап кеткен қарт жырау манадан бері қалғыған адамша көзін бір ашып, бір жұмып үнсіз мүлгіп отырған-ды.кенет жұрт назарының өзіне ауғанын сезіп, бойын тіктеп алды.

Бұқар жырау бойын тіктеп: - Уә, Әбілмәмбет хан! Бұл сенің шын сөзің бе, жоқ, әлде халқыңа қадіріңді арттырмақ болған мезіретің бе?- деді түгелге жуық ағарып кеткен қалың қастың астынан оған шүйіле қарап.

Әбілмәмбет хан (сәл абыржып қалған):- Шын сөзім, Бұқар аға! О заманда, бұ заман, екі сөйлеген ханды көрдіңіз бе?- деді

Бұқар жырау: - Олай болса, айтқан сөзіңде қапы жоқ, Әбілмәмбет хан!-деп, Бұқар жырау енді байсалды қалыпқа көшті.- Қазақта көзі тірісінде мұрагерлерге тақ ұсынған әулие хандар көп емес, бірақ болған. Ондайлардың аз ұшырасқан себебі, асыл текті қазақта хандарының бәрі дерлік кәрілікке жетпей, күш-қайраты қайтпаған шағында, қан майданда басын берді ғой. Ал, олардың бір-біріне , ағаның-ініге, баланың әкеге деген құрметі адам таңқаларлықтай. Тауарыхқа үңілсең. Оның мысалдары көп-ақ. Қазақ ордасының тұңғыш хандары ағайынды Керей мен Әз Жәнібек сенікі менікі демей, ел тізгінін кезек ұстаса, Керейдің ұлы Бұрындық хан көзі тірісінде-ақ бүкіл әскер мен билікті інісі, Әз Жәнібектің ұлы-Қасым ханға тапсырған екен. ... Жаның жәнәтта болғыр Шығай хан қарттыққа қадам басқанда, құдай жолын Бұқар-шәріптен тауып, орда тағын баласы Тәуекел ханға қалдырыпты. Ал, арғы бабаң Салқам Жәңгір әкесі Есім хан «Қатаған қырғынынан» кейін ұзаққа созылған сүле науқасқа ұшырап, төсек тартып жатып қалғанда, қашан әке көзі жұмылғанша ақ кигізге отырғызуға асықпай, алғашқы он жылда сұлтан атымен жүріп-ақ ел басқарған екен. ... Осының бәрі Қазақ ордасының шайқалмаған бағын, басқа ешкімде жоқ құт-берекесін танытса керек. Бүгін, міне, шар тартқан шағыңда ақылы асқан ініңді сен де төбеңе тұтып отырсың, Әбілмәмбет хан! Адал көңіліңе біз разы, құдай разы. ... Ендігі сөз- сенде, Абылай хан! Үш жүздің ұлы ханы деген атақты бүгін аласың ба, әлде кейінге қалдырасың ба, сенің өз еркіңде!- деп тоқтады.

Осындағы жұрттың жасы үлкені, қадірменді ақсақалы Бұқар жырау көп атынан осындай кесім айтты. Ендігі сөз, шынында да, Абылайда қалып еді. Жиналғандар енді соның ауызына қарады. Құрылтай алдында күтпеген жерден қайталанғаны болмаса, бұл мәселе Абылай үшін жаңалық еместі. Осы тілекті соңғы жылдары Әбілмәмбеттің өзі сан рет еске салған. Бұл туралыалыстан шырға тартқан орыс әкімдерін есепке алмағанда, оңаша әңгіме кездерінде кей қолбасы батырлар мен Әбілфейіз, Ханбаба, Жолбарыс секілді жасы кіші сұлтандардың да осындай өзгерісті қалайтыны аңғарылды. Сұлтандар да пенде ғой: Абылай Үш жүзге Хан көтерілсе, Орта жүз тағы біреуімізге бұйырар деп, бақ сынағысы келе ме, кім білсін?! Демек, дәл қазір Ұлы Орда тағына отырам десе, Абылайдың жолына көлденең тұрар еш кедергі жоқ болатын.

Орданың ішінде тағы да бір сәт тыныштық орнады. «Құда қаласа, құрылтайдың арты тойға айналатын болды-ау!» деп елеңдеген көпшілік соның шешілер сәтін күтіп, іштерінен тынып қалған. Бір-ақ Абылайдың жауабы мүлде жұрт ойламаған жерден шықты.

Абылай: -Бәрекелді хан аға!... Ықыласыңызға дән ризамын!-деді ол, оң қолын кеудесіне басқан күйі Әбілмәмбетке сәл иіле түсіп- Бірақ, айдың-күннің аманында дәл қазір тақ алмастыратындай не басымызға күн туыпты! Жалпы, бұл мәселеге қайта айналып соқпау үшін, біржола басын ашып кетейін: Сіздің көзіңіз тірі тұрғанда, мен ұлы орда тағына ешқашан отырмаймын, хан аға! Сіз бұдан кейін де қазақ ордасының ұлы ханы болып қала бересіз. Тәңір жазса, үш жүздің баласы дәрегейіңізге әлі-ақ бас ұрады. Үш жүз түгілі, алты алаштың да бір тудың астына топталар кезі алыс емес. Менің бір ғана тілегім бар, соны берсеңіз бәрі орнына келеді.

Әбілмәмбет хан: - Ол не, Абылай баһадүр хан? не сұрайсың? – деді Абылайдың жүзіне барлалай қарап.

Абылай: - Қазақтың аламан әскерінің тізгінін қолыма беріп, жорыққа шыққанда ақ жол тілеп отырсаңыз болғаны!

Әбілмәмбет: - Ой, тәйрі-ай, осы ма бар тілегің? Билікті басы бүтін түгел бергелі отырған адам оның жарым-жартысына сараңдық жасар деймісің?!- деп, бұл күнде жасы жетпіске келіп қалған Әбілмәмбет қарттарға жарасатын әлдебір қуақылықпен кеңк-кеңк күлді.

Сонымен, хан сайлауы туралы көпшілік арасында тарап жүрген қаңқу сөз, алыпқашты әңгіме де осылай тыным тапты.

Сырттан кірген жігіт: - Түскі асқа шақырып жатыр,-деді.

Отырған толық дерлік сыртқа шыға бастайды. Далаға Абылай мен Қабанбай қатарласа шыққан-ды (сахнада қалып қойып әңгімелерін жалғастырады).

Абылай: - Дарабоз, қолың бос па? Екеуіміз біраз сейілдеп қайтсақ қайтеді?

Дарабоз: - Жарайды. Тіпті жақсы болды! Мен де осы қаланың төңірегін бір аралап қайтсам ба деп жүр едім,- деді қолбасы оны қостап.

Абылай жол үстіндегі ұзақ сонар әңгіме үстінде өзінің өткен кеткені туралы ойлап келеді (екеуі де сахнада ұзақ бір нүтеге қарап ойланып тұрады).

Абылай: - Өз басым осынау жалған дүниеде екі адамға мәңгі қарыздармын,-деді қатар келе жатқан Қабанбайға еңсеріле бұрылып.-Оның алғашқысы-қорғансыз жетім қалған кезімде әкемдей аялап тәрбиелеген, сол бір қиын-қыстау кезінде апаттан аман алып қалған Ораз аталық. Егер ол болмағанда, мен бүйтіп жер басып жүрер ме едім?! Тек бір өкініштісі, сол адамның қарызын ақырына дейін өтей алмадым. Байқұс менің қолым билікке жетіп, ауызы аққа енді тиген кезде, кейінгі күндердің көп қызығын көре алмай арманда кетті. Есіл ер небір қиыншылықта сыр бермей, сүйегіне қарысып, менің қатарға қосылуымды ғана күтіп жүреді екен ғой. Жан үзер шағында қасында болып, өз қолыммен сусын бердім. Ораз аталық көз жұмған қазан айының жетінші жұлдызы мәңгі есімде. Сол күн жыл айналып келген сайын бір малға бата жасатып, марқұмға құран оқытамын. Басқа қолдан келер не бар?!-деді ол баяу күрсініп.

Қабанбай: - Алакөл шайқасы кезінде Ораз аталықты менің де бір мәрте көргенім бар,-деді әңгімеге араласып.- «Жоғалып табылған жас сұлтанның аталығы осы» деп, маған Бөгенбай батыр көрсетіп еді. ...

Абылай: - Ал маған жақсылығы өткен екінші адамды өзің жақсы білесің, Дарабоз. Ол-Қазақ ордасының қазіргі ханы Әбілмәмбет!-деп алып, әңгімесін одан ары жалғастырды.- Салт атты, сабау қамшылы бір жетімді жатырқамай, шетке қақпай, бауырына тартқан да, мені өзімен тең тұтып, санатқа қосқанда-сол хан ағамыз. Әйтпесе туысқан кімде жоқ? Майданда ерлік көрсеткен жігіт аз ба?! Бар гап-бойдағы жылт еткен қасиетіңді танып, іштарлық етпей, сені бағалай білуде ғой. Егер, Әбілмәмбет хан бірден қолдап, көтермелемесе, мен қатарға қосылған күннің өзінде, осындағы көп сұлтанның бірі болып жүре беруім де мүмкін еді. Ал бүгін өстім, жетілдім, ата-абыройым артты е өз қамқоршымның басындағы бағына, астындағы тағына жармассамменің кім болғаным? Келер ұрпаққа жаман үлгі шашып, аруақ-құдайға жат болмаймын ба?! Көзі тірі тұрғанда, Әбілмәмбеттің көңіліне қаяу түсірмеспін деген сертім барды. Сол серттен тайғым келмейді. Менің манағы жауабым да осындай ойдан туған,-деп аз-кем бөгелді де:-Соңғы отыз жылда ой-тілегіміз ортақ болып, жорық жолдарын бірге басып келеміз ғой, Дарабоз. Бұл жайында сенің не ойлағаның бар? Көңіліңдегіні бүкпей ашық айтшы?-деді батырдың жүзіне барлай көз салып.

Бүгінгі ат үстіндегі оңаша серуеннің неге қажет болғанын Қабанбай енді ғана пайымдап келеді. Абылай өз байламына қанша берік болғанымен, көңілге қобалжу салар күдіктен құр емес сияқты. Мынадай алма-ғайып, ауыр кезеңде тізгінді өз қолына алмағанын қарулас серіктері қалай түсінеді деп, алаңдайтын жәйі бар ма, қалай?! Қабанбай не де болса өз ойын ашық айтып, оны тыныштандыруға тырысты.

Қабанбай: - Ағаны ұлық тұтып, ағайын берекесін ойлап, ата салтын сақтағаныңа өз басым ризамын!-деді ол баяу сөз бастап.-Дәл қазір басқа батыр, билердің де осылай ойлайтынында күмән жоқ. Тегінде Әбілмәмбет хан-берекенің адамы ғой. Оны жалпақ елге сүйікті еткен де-сол мінезі. Үш жүздің, ары салсаң алты алаштың басын қосар тұста қара шаңырақ-хан ордасында Әз Тәуке әулетінің отырғаны теріс болмайды. Ең алдымен Әбілмәмбетті ұлық тұту арқылы ұлы тақтан үміткер, бақкүндес бауырларыңның қызғанышынан құтыласың. Бұл орайда Сәмеке ұлдарының ой-ниеті өзіңе белгілі. Әзірше иба сақтап жүргені болмаса, болашақ орда тағынан Барақ балалары да кетәрі емес. Ал, Әбілқайыр әулеті үш жүз тағына Ақ патшаның қолдауымен жетеміз деп үміттенумен келеді. Сондықтан, дәл осы тұста хан сайлауын өткізу бас араздықты қоздырғаннан басқа ештеңе бермес еді. ... Екіншіден, мынадай ұлы аттаныс, ізгі ниет алдында Орда тағында отырған адамның қол-аяғы тұсалып, еркін әрекет етуіне белгілі мөлшерде бөгет жасауы мүмкін. Мұндайда өзіңді де, өзгені де тығырыққа тіремей, шығар есікті ашық қалдырған әлдеқайда тиімді.

Абылай: - Дарабоз, сен алты алаштың басын бір тудың астына біріктіру –соншама тартысты, ауыр болады деп ойлайсың ба?-деді оның сөзін бөліп.

Қабанбай: - Оған сөз барма, хан ием! Қашан да бүтінді бөлшектеу оңай, ал бытырап кеткен дүниені біріктіру-жатқан бір қиямет. Өйткені, заман солай.бұл күнде әркім-ақ өз бетінші жол тапқанды, ортақ өгізден оңаша бұзауды қолайлы көреді.ағайынның қолтығына дым бүркіп, азғыратын дұшпандарың тағы бар. Соның бәрін есепке алғанда, кешегі кіндіктес бауырың бүгін өзіңе қарсы шауып, қан майданда қылыш айқастырса, оған таңданудың орны жоқ. Қақтығыс болған соң қан төгілмей тұра ма, біреуге қолың қате тисе, енді біреуге бата тиеді. Сондайда Абылайдың қаһарынан ығысқан жұрт Әбілмәмбет ханға барып паналаса, ол да жарасып тұрады.менің таразы басын тең ұстап, досыңа да, жауыңа да шығатын жол қалдыр деп отырғаным сол, хан ием!

Абылай біразға дейін басын төмен салып, үнсіз келе жатты да: - Жөн айтасың, Дарабоз. Менің де ой-ниетім осы төңіректе еді, дәл үстінен түстің !-деді жадырай күліп.-Өзің айтқандай, алда ауыр міндет тұр. Бұл жолғы белдесерің-ашық келген ата жау емес, ішке түскен жегі құрт қой... Не айтайын, жүк ауырын тағы да бөліп көтеруге тура келеді. Өзің ең ақырына дейін қолдайсың ғой мені?

Қабанбай сәл абыржып қалды да: - Сонша уақыт бірге келіп, енді бұра тартқанда қайда барамыз?-деп қарқылдап күліп жіберді.-Қырық бірдің қырқына шыдадық, енді қалған біріне де шыдармыз. Мен өле-өлгенше Абылай туының астындамын!

Абылай: - Бәрекелде, Дарабоз! Осылай айтарыңды біліп ем!-деді разы болып.- Ендігі мәселе алдағы құрылтайға байланысты. Егер осы жолы көпшілікті иландырып, соңымыздан ерте алсақ, болашақ бірліктің басталғаны!

ІІ-көрініс. Қырғыз жеріне жорық

Абылайдың ордасы. Батырлар мен Абылай. Іленің сол қапталын жайлаған қырғыз манабы Балдыбекке жіберген хаттың жауабын оқып талдауда, қырғыздардан келген хат, болашақ жорық туралы әңгімелесуде.

Абылай :- Өткен кеңес шешімі бойынша елшілер жіберілді. Ал, нәтижесі қандай деп ойлайсыздар ғой. «Екі елдің арасын егер қылмайық. Қырғыздар бұдан былай қазақ ауылдарын шабуды қойсын. Ары-бері өткен керуенді тонайтын тентектерге тиым салсын... Екі жақ бас қосып, арадағы жер таласын ретке келтірейік!» деген секілді қарапайым тілектерімізге, Қаработаның берген жауабы: «Қазақ хандығы қашаннан бері қырғызға өкім жүргізетін болып еді? Бізге төренің сөзі дәрі емес. ... Абылай алдымен өз елін жөнге салып алсын!», ал, енді Балдыбек манап апарған хатты оқып та жатпай, сірә, маңайында хат танитын да ешкім болмаса керек: «Мә, Абылайға айта бар: көтеріп тұрған кереметі болса, үстімізге тастап жіберсін!» деп қағазды ұсақтап жыртыпты да, елшінің бетіне шашып жіберіпті. Мұның атын не деуге болады? Бетпақтық па, көргенсіздік пе?-деп сұраулы жүзбен Абылай көпшілікке қарайды да, сөзін жалғастырады. – Іргелес отырған қандас ағайын түгіл, қырық жыл қырқысқан жауың да мұндай басбұзарлыққа бармайды. ... Кім көрінгенді басымызға шығарып, намысымызды таптап қоя берсек елдігіміз қайсы? Бүгін қырғыз қыр көрсетсе, ертең Қоқан келіп қорлайды, бүрсүгіні Бұхар келіп бұтарлай бастайды. Қыр астында тұрған қырсықтың алдын алмасақ, келер ұрпақ бізді кешіре ме?!

Абылай сөзін қалт етпей тыңдаған көпшілік әңгіменің соңғы жағына келгенде шыдап отыра алмай дуылдап кетті.

Көкжал Барақ орынынан көтеріліп: - «Мүйізі қышыған ешкі қойшының таяғына сүйкенеді» деуші еді. Мен білсем, қырғызды бір зауал күтіп тұр... Қайта манаптардың өстіп құтырғаны жақсы. Шымбайына батпаса, біздің қазақ қозғала ма, түге?!

Албан Ханкелді батырдың немересі Райымбек батыр (жас та болса бір елдің туын ұстап жүрген батыр): - Алыста жатқан ағайын, сіздер болмасаңыздар, қырғыз манаптары біздің жетемізге тиіп болған. – Басқасын былай қойғанда, олар әлі күнге дейін ата-қоныс жерімізді қайтармай отыр ғой. Шынымды айтсам, біздің елдің жігіттері сол жер үшін атқа қонды бұл жолы.

Дулат Қойгелді батыр: - Хан ием, шабуылды Шу мен Талас өңірінен бастасақ.- отырғандарға бір қарап алып: - Қырғыздар қазақтан қауіп күтсе, хан ордасы жағынан, яғни Іле бойынан күтіп отыр.егер ат-көліктің тың кезінде тұтқиылдан соғып, Шу бойындағыҚаолын талқандасақ, Алатаудың бергі бетіндегі Балдыбектің ұлысы ешқайда кетпейді. Оны қалаған уақытта күнгейге ысырып тастаймыз!

Райымбек батыр (жасы отыздарда): - Қойеке-ау, алғашқы арында Шу мен Талсты талқандап алайық деп бұлдыратқанша, «алдымен біздің ауылдың өрісін кеңейтейік» деп турасын неге айтпайсыз?- деді отырғандарды ду күлдіріп. – Рас, біздің алдымызда Балдыбек те, Қаработа да жазықты. Әйтсе де, Балдыбектің кінәсі ауырлау. Ол көп жылдан бері ата-қонысымыз: Шонжы мен Шалкөдені, Қайран Қарқараны басып жатқаны аз болғандай, Құлжа мен Үрімжі базарына асатын жолды бөгеп отыр. Іргелес қазақ ауылдарына қасқырша тиіп, қан қақсатып жүргені анау. ... Іздеген жауың іргеңде, Іле бойында тұрса, оны аттап өтіп, аттың басын алысқа бұратын не жөніміз бар?!

Абылай ойланып қалды. Қойгелді сөзі де көңілге қонады, Албан-суанның шырқыраған үніне құлақ аспаса тағы болмайды.

Аз бөгеліп отырды да, Абылай: - сонымен, не істейміз? Әлде әскерді екіге бөліп, қырғызды қос бүйірден бір уақытта қысқанымыз жөн бе? – деп жұртты қыдырта шолып өтіп, көз қырын төрде отырған Қабанбайға тоқтатты. – Бұл жайында Дарабоз не айтар екен?

Қабанбай мана Ұлы жүз батырларын тыңдап отырған сәтте-ақ, іштей бір түйінге келіп те қойған. Қазір хан сауалына орай сол ойын жария етті.

Қабанбай: - Жау әскерін ортаға алып, қос бүйірден қысқаштай қысу да, бір шеттен сүре соғып, түре қуу да – бұрыннан бар, қазақ әскері сан рет қолданған тәсілдер! – деген Абылайға қарап. – Мұның қайсысын таңдау – алға қойған мақсатқа байланысты. Егер жауды шашау шығармай, тіл тартқызбай, бірден қыртып жіберіді ойласаң, онда алды артын орап, шегінетін жер қалдырмай, жан-жақтан қоршап аласың. ... Бірақ, біздің бара жатқанымыз жау емес, алаш ұлы деп жүрген ағайынымыз емес пе?! Биылғы жорық мақсаты да – соларды ырыққа көндіріп, тентегін жазалап, қараша халқын өзімізге қарату болса керек. Қырғыздарды заңсыз иеленіп келген қоныстардан серпіп тастау да соның ішіне кіреді. Ендеше, жауды жан-жақтан қоршаймыз деп қолдағы күшті бытыратпай-ақ, қырғызға шегінетін жер қалдырып, бір шеттен түре қуған тиімді. Мен бұл орайда Ханкелді немересі-Райымбекті қолдаймын – деді, өзіне тағатсыздана жалтақтап қарап отырған Албанның жас батырына жылы қабақ танытып.

Әбілфейіз сұлтан: - Осы жөн ғой. Дарабоздың сөзінен жорықтың мақсат-бағдары да айқындалып қалды – ау деймін, -

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!