Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. "Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс. "Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ" тақырыбында 6-сыныптарға өтілген сыныптан тыс жұмыс
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ

Барысы:

Құрметті оқушылар,ұстаздар,05-15желтоқсан аралығында мектебімізде

физика- математика-информатика пәндер бірлестігінің

« Жаңаша оқыту – жетістік көзі » тақырыбында онкүндігінің басталғандығын білеміз. Бүгін математика пәні бойынша 6-сыныптар арасында өткелі отырған «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Мақсатпен өз білімдеріне, күштеріне сеніп келген ойыншыларымызды ортаға шақырып, бүгінгі «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

Олай болса тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділ қазыларды шақырайық.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады.


Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Жандосов Ә

2.Жалиева Г

2.Байдилдаева Г

Бүгін 6-сыныптың математика пәнінің алғырлары күш сынасып өздерінің білім деңгейін көрсетпекші.

Қатысушы топтармен таныстырып өтейін:

6 «А» сыныбы, 6 «Ә» сыныбы, 6 «Б» сыныбы, 6 «В» сыныбы, 6 «Г» сыныбы. Әр сыныптан екі оқушыдан қатысады

Біздің онкүндігіміз Тәуелсіз Қазақстанның 31 жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келіп отыр. Олай болса, зияткерлік сайысымызға көшейік, егеменді елдің ертеңі ұрпағының оқу-білімінің реңімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты тәрбиелі жастар – еліміздің баға жетпес байлығы, қазынасы.

Мынау елдің ертеңі де сендерсің,

Ұлы жұрттың ұяты да сендерсің.

Байтақ дала болашағы қолыңда,

Бақыттарың білімменен өрлесін, – дей келе сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.

Сайыс шарттары:

1. «Зерделілер»

2. «Зейінділер»

3. «Зеректер»

4. «Сыр сандық»

5. «Кім жылдам?»

I. «Зерделілер» сайысының шарты бойынша сайыскерлеріміздің ойын сергіту үшін, 3 топтың әрқайсысына математикалық жұмбақтар жасырылады. Олай болса жасырылатын жұмбақ математикалық таңбалар, сандар, белгілер жайында болмақ. Мұқият тыңдайық. (Әр дұрыс жауапқа 5-ұпайдан)

Қос түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.  (17)

Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. (цифрлар)

Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу,

Жүз, екі жүз, мың бар.

Әрқайсысының құны бар. (теңгелер)

Екі егіз он алты,

Және сегіз және алты.

Жанап жүрген бір алты,

Қосындысы неше алты?  (36)

Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді,

Бірін-бірі көрмейді.

Дамылсыз қанша шапсада,

Бір мәреге келмейді. (параллель түзулер)

Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)

Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді?  (8)


«Біліміңді байқап көр»

Математикалық таңба ол.

Білімің болса ашасың,

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың. (квадрат түбір)




64 бөлмеде

32 тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын. (шахмат)


II. «Зейінділер» сайысында әр топқа 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтар қойылады. Ойынды алғашқы болып, ұпай саны аз топ бастайды. Егер жауап бере алмаса, қарсы топтың жауабы қабылданады. (слайд бойынша)

1.Өзінің цифрларының қосындысынан 6 есе артық болатын сан.(54)

2. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең.

5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (44)

3. 5 орынды 42х4у санындағы х пен у-ті табу керек. Ол сан 72-ге бөлінетін болу керек.( х )

4. Мади мен Асқар екеуі 5 тоқаш сатып алды. Мади 1 тоқашты 6 минутта жесе, Асқар 1 тоқашты 4 минутта жеді. Балалар тоқаштарын бірдей уақытта жеп болды. Әрқайсысы неше тоқаштан жеді? (Мади – 2, Асқар - 3)

5.Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр, қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей, шопанда барлығы қанша қой бар? (400)

III. «Зеректер» сайысында ойыншыларымыздың шапшаң есептеу қабілеттерін тексеру мақсатында 5 сыныпқа ортақ басқатырғыш есепті шешуге 3 минут уақыт беріледі. Берілген есепті дұрыс шешкен топ 10 ұпайға ие болады. Есептің дұрыс шешілгендігін әділқазылар алқасы тексереді (слайд бойынша)

7346289128643755827319915546826491 
8273199155468264917346289128643755 
2864375582731973462891915546826491 
6491734637558273289128641991554682 
9128643755827319915546826491734628 
5564375582731991468264917346289128

Ж: Бірінші жұптың қосындысы – 10, екіншісінікі де. Бұл басқатырғыштың қарапайым екендігін ескере отырып, барлық жұптар қосындысы 10 болады деп жорамалдауға болады. Бір жолда 17 жұп бар, 17*6=102 жұп, сонда 102*10=1020 

Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасыңдар. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут. Әрбір тапқан сөзге 1 ұпай алады.

Ж: Бұрыш, қосу, бөлшек, алты, он, рационал, үш, жүз, пайыз, түзу, жұп, жазық, бөлу (13 сөз)


И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О


Есептер шығарылғанша жанкүйерлермен сайыс өткізіледі.

IV: «Сыр сандық». Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – желтоқсан оқиғасы.

Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,

Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.

Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгін,

Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!

Әр топқа тәуелсіздіктің арқасында қандай жетістіктерге жеттік, сол жылдарды еске түсірейік.

Он бес сұрақ қойылады. Әр сұрақ 1 ұпай. Әр топ білетін болса, тез жауабын айтады.

1. Қай жылы Қазақстан тәуелсіз демакратиялық және құқылық мемлекет деп жарияланды? (1991ж. 16 желтоқсан)

2. Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаев қай жылы ғарышқа самғады?(1994 ж.30 маусым)

3. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы заң қашан қабылданды?

(1990 ж. 25 қазан)

4.Астананың бұрынғы аты ( Ақмола )

5. Тұңғыш «Ата Заң» қай жылы қабылданды? (1993 ж. 28 қаңтар)

6. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

7. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1992 ж. 22 қыркүйек)

8. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа самғады?

(1991 ж. қазан)

9. Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 ж. 4 маусым)

10. Төл теңгеміз қай жылы дүниеге келді? (1993 ж. 15 қараша)

11. Қазақстан Республикасының соңғы «Ата Заңы» қай жылы қабылданды?

(1995 ж.30 тамыз)

12. Қазақстанның бірінші астанасы? (Орынбор)

13. ҚР-ның рәміздеріне нелер жатады? (елтаңба,гимн,ту)

14. ҚР-ның әнұранының өзгертілген нұсқасы қай жылы қабылданды?

(2006 ж. 7 қаңтар)

15.ҚР-ның қазіргі президенті кім ? (Қасым-Жомарт Тоқаев )



V. «Кім жылдам?» Бұл айналымда әр сыныпқа бес сұрақтан қойылады.Әр сұрақ 1 ұпай,жауап бере алмаған жағдайда қарсы топ жауап беруге болады.

6 «А» сыныбына:

1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады? Әріпті өрнектер

2. Екі санның бөліндісін не деп атаймыз? Қатынас

3. 8 санының еселіктерін ата:  8, 16, 24,32, 40, 48, 56, 64 ...

4. 5 санының бөлінгіштік белгісі?    0 және 5-тен аяқталса

5. ЕКОЕ(12;20) ? 60 саны


  1. «Ә» сыныбына:

1.Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз? Сандық өрнектер

2.Екі қатынастың теңдігі?  Пропорция

3. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады? Теңдеу

4.27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 27

5. ЕҮОБ(30;42) ? 6 саны


6«Б» сыныбына:

1.Оң санның модулі неге тең? Өзіне

2. 32 санының бөлгіштерін ата: 1,2,4,8,16,32

3. 10 санының бөлінгіштік белгісі? ?  0 -ден аяқталса

4.Теріс санның модулі неге тең? Қарама-қарсы санға тең

5.Құрама сан дегеніміз не? Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар

6 «В» сыныбына:

1.Жай сандар деп қандай сандарды атайды? 1-ге және өзіне бөлінетін сандар

2.ЕКОЕ(6;8) ? 24 саны

3. 9 санының бөлінгіштік белгісі: Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе

4. 18 санының бөлгіштерін ата: 1, 2,3, 6,9,18

5. 4 санының еселіктерін ата:  4,8,12, 16,20, 24,28, 32...

6 «Г» сыныбына:

1.Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды?Әріп бөліктері бірдей қосылғыштар

2. ЕҮОБ(12;32) ? 4 саны

3.Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар? Қарама – қарсы сандар

4. 3 санының бөлінгіштік белгісі: Цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе

5.24санының бөлгіштерін ата:  1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24

Ал енді 5 топқа берілген тапсырмаларымыз аяқталды. Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтаймын дегенше, көрермендермен жұмыс.

Көрермендерге сұрақтар:

  1. Квадраттың периметрі неге тең? (P=4a)

  2. Натурал сан нешеден басталады (1- ден)

  3. Қиылыспайтын, ортақ нүктесі жоқ түзулер (параллель түзулер)

  4. Жарты метрде неше сантиметр бар? (50)

  5. Санның жүзден бір бөлігі (процент)

  6. Өзара тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр түзулер)

  7. Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? (1,2,3)

  8. Барлық санның бөлгіші (1)

  9. Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)

  10. Центрден шеңбердің нүктелеріне дейінгі қашықтық. (радиус)

  11. Он бестің квадраты неге тең (225)

  12. Бұрышты сызуға арналған құрал (транспортир)

  13. Екі санның қатынасының теңдігі(пропорция)

  14. Қандай санға бөлуге болмайды?(0-ге)

  15. Тек өзіне және бірге бөлінетін сандар (жай сандар)

  16. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут?(

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!