Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс «Тіл жүйрікте, кім жүйрік?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Сыныптан тыс жұмыс «Тіл жүйрікте, кім жүйрік?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
623
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өткізген: Кеңес Одағының Батыр,Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы Еңбек орта мектеп-балабақшасының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі -Аманкелді Шолпан


Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы: «Тіл жүйрікте, кім жүйрік?» 

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Барысы:

Мұғалім: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар. Мұнда қызық табылар,

Білім нұры шашылар

Ақыл, тілі дамыған, 

Үлгі алайық баладан.
- Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Тіл жүріктк кім жүйрік?» атты сайысымызды бастайық. Алдымын сайысқа қатысушы оқушыларды анықтап алайық. Ол үшін мен қазір тіл мен әдебиет пәндерінен сұрақтар қоямын.Сұраққа бірінші жауап берген оқушы ойынымызға қатысуға жолдама алады.

Сайысымыздың өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:
І кезең: «Кім көп біледі?» деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында сұрақтар қойылады.

ІІ кезең : «Білгенге маржан» Бұл кезеңде тұрақты тіркестердің мағынасын ашуы керек.

ІІІ кезең : «Ата салтың- халықтық қалпың» салт-дәтүрге байланысты сұрақтарға жауап береді

ІV кезең : «Асыл қазына» мақал-мәтелдің жалғасын тап.

V кезең : ««Ұшқыр ой» бұл кезеңде логикалық сұрақтарға жауап береді.

Сайыстың шарты: Әр кезең сайын ұпайы аз оқушы ойыннан шығып отырады. Соңғы кезеңге жеткен оқушы жеңілпаз атанады.


І кезең: «Кім көп біледі?». Сұрақтарға жауап беру


1. Өлең жазатын адам кім? (ақын) 

2.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? (Мақалда ой нақты, ал мәтелде ойды тұспалдап жеткізіледі.)

3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді (3-ке қатаң, ұяң, үнді)
4. Аңыз –әңгіме кейіпкерлерін ата? (Асан қайғы, Жиренше, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт,)

5.Басқа тілден енген сөздер қалай аталады ? (кірме сөздер)

6. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз).

7. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері? (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)

8. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)

9. «Құдағай, бәдірен, сәкі, жар» қандай сөздер? ( диалект)

10.Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
11. Үш шамшырақты атаңыз? (А.Құнанбайұлы, А. Байтұрсынұлы, Ы.Алтынсарин)

12. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? ( тоғыз дыбыс бар)

13. «Ою» деген сөзде неше әріп, неше дыбыс бар? (екі әріп, үш дыбыс )

14. Үш арсызды атаңыз? (ұйқы, күлкі, тамақ)

15.Жарық – қараңғы, ыстық - суық қандай сөздер?

16.Екі ақынның өлең жарысы не деп аталады?

ІІ кезең : «Білгенге маржан» Бұл кезеңде тұрақты тіркестердің мағынасын ашуы керек.

Ит өлген жер. (Алыс,шалғай)

Ат ізін салмау (Хабарласпау,жолықпау)

Бармағын тістеу (Өкінді)

Екі көзі төрт болу (Қорықты)

Таяқ тастам жер. (жақын жер)

Жұмған аузын ашпау (Сөйлемеу)

Жүрегінің түгі бар. (Батыр)

Қыздың жиған жүгіндей. (Жинақы, әдемі )

Төбе шашы тік тұрды (қорқу)

Қас пен көздің арасында. (Тез,жылдам)

Кірерге тесік таппау. (Ұялу)

Мұрнын көкке көтеру. (Менменсіну)

Қой аузынан шөп алас. (Момын,жуас)


ІІІ кезең: «Ата салтың- халықтық қалпың» салт-дәтүрге байланысты сұрақтарға жауап береді


ІV кезең: « Асыл қазына» » Жұмбақты шешуіне мақал -мәтел айту.


1.Білімнің жол басшысы,

шәкірттің қолбасшысы. (ұстаз)

Ұстаздан шәкірт озар

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Шәкіртсіз ұстаз тұл
2.Адамға серік,

Күзетке берік.

(ит )

Ит қорыған жерге өш

Жақсы ит өлігін көрсетпес

Бір ит көріп үреді

Екі ит еріп үреді
3.Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды.(жапырақ
Адам көркі шүберек

Ағаш көркі жапырақ
4.Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.(күн)

Өткен күнде белгі жоқ

Адамның күні адаммен

Туған жердің күні де ыстық

Түні де ыстық

5.Біліммен мол сый-осы,
Балғындардың ұясы.(мектеп)

Мектеп кеме-білім теңіз

Өмір- үлкен мектеп

6. қорқады,

Шошынып жортады.(Қоян)

Ерді намыс өлтіреді

Қоянды қамыс өлтіреді

Бір жылға қоян терісіде шыдайды

Асықпаған арбамен коянға жетеді

7.Бірде тәтті бірде ащы (тіл)

Өнер алды қызыл тіл

Тіл қылыштан өткір.

Басқа бәле тілден

8.Сатайын десем, ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем (Жер).

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас

Жері байдың-елі бай

9.Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттма (кітап)

Кітап-білім бұлағы

Білім өмір шырағы

Кітап –алтын қазына


V кезең: ««Ұшқыр ой» бұл кезеңде логикалық сұрақтарға жауап береді.

Ребус шешу:

1. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (Түс)

2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атауға болады? (Мысық)

3.31 ақпанда қандай мейрам бар? ( 31 ақпан жоқ)

4. Теңізден қандай тастар табылмайды ? (Құрғақ)

5.Мұрныңа төніп тұр,бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (Иіс)

6.Тамақ пісірер алдында қазанға не салады? (көз салады)

  1. Қандай бөшкеге су құюға болайды? (іші толған бөшкеге)

  2. Дүниеде ең шапшаң не? (ой,қиял)

  3. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (көз қорқақ,қол батыр)

  4. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын )

  5. Оттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық)

  6. Қар жана ма? (Қалауын тапса,қар жанады)

  7. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)

Қорытынды:

- Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен оқушыны анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін берейік.( Жеңімпаздарды мадақтау)













































«А» әрпі :1. Сен кімсің? 2.  3. Ең жақын адам ? 4. Еліміздің бас қаласы? 5. Әкеңнің әкесі? 6. Сүттен жасалған сусын? 7. Ең әдемі құс? 8. Саған ертегі айтатын? 9. Бал жинайтын жәндік? 10. Ең тәтті жеміс?

 «Ж»: 1. Сен қалай оқисың? 2. Қазақтың киелі саны? 3. Қазақ тілінде неше септік? 4. Әжең қайда тұрады? 5. Гүл қайда өседі? 6. 1қаңтар қандай мейрам? 7. Кімде?Неде? қай септіктің сұрағы? 8. Диванда отырып, әке не оқып отыр? 9. Сиыр, қой, түйе нелер? 10. Ең ыстық мезгіл?

« Көрермендер көзайымы» - көрермендермен ойын жүргізу.
« Сөз тапқанға » (Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру)
1- топқа
Суды немен ішесіз?
Сіздің құрбыңыз кім?
Бүгін саған неше сабақ?
Қандай тағамды ұнатасыз?
Қандай аңды ұнатасың?
Жасыңыз нешеде?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Көршіңіз кім?
Ағаңыздың есімі кім?

Үстіңе қандай киім киесің?
2-топқа
Сіздің көршіңіз кім?
Жан досыңыздың есімі?
Қандай ертегіні ұнатасыз?
Қай жануарды ұнатасыз?
Зат есімге мысал келтіріңіз?
Көйлекті неден тігеді?
Пырылдап ұйықтайтын не?
Сүйікті тағамыңыз?
Жердің ортасында не бар?
Үй тапсырмасын орындауға кім көмектеседі?
Жеңген топты марапаттау.

























Білімнің жол басшысы,

шәкірттің қолбасшысы


Адамға серік,

Күзетке берік.


Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды


Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.


Біліммен мол сый-осы,
Балғындардың ұясы.


Қорқады,

Шошынып жортады


Бірде тәтті, бірде ащы


Сатайын десем, ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем


Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттма






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!