Материалдар / Сыныптан тыс жұмыстар "Абай дара,Абай дана"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыстар "Абай дара,Абай дана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адайдың өмірі,шыіармашылығымен кеңінен танысу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Абай –дара, Абай - дана

Сабақтың мақсаты : Абай өмірі , шығармашылығы жайлы ой бөлісу.Абай –дара, Абай-дана екендігін дәлелдеу, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әндер айту, өлеңдер оқу, көрініс, қара сөздеріне тоқталу.

Көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар,кітаптар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылар былайша топқа бірікті.

1топ Баяндаушылар

2топ Зерттеушілер

3 топ Тарихшылар

4 топ Әншілер

5 топ Тұжырымдамашылар

Ортаға баяндаушылар шығып :

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қастерлеп сөз асылын өлеңімен

Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып ,ойланып ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон ,құлатқан құм құла қырды

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Әрине , Абай атамыз.Ақын Абай биыл 170-ке келіп отыр.

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез демекші оқушыларымыз Абадың өмірі, шығармашылығына тоқталды.

1.Оқушы: Абай-туған елін ,жерін,тілін,дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын.Бүгінгі көз жеткен айқын мәселе –Абай қазақта қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан бірден-бір бірегей дана көшбасшымыз болғандығы,Абайдың ой-пікірлері бір халықтың шеңберінен асып жығылатындығы.Біз Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танысақ,Абайтануды жете білу – көкірегінде көзі бар бар қазақтыңміндеті екендігі даусыз.

2.Оқушы: Абайдың ұлылығы – қазақ пен орыс халқының ,батыс пен шығыстың сан ғасырлар бойы қордаланған, жинақталған даналық ойларын с санасына түйіп, бойына сіңіріп, алған әсерін кейінгілерге үлгі етуінде.

«Ағаш тамырымен, адамзат ұрпағымен мықты демекші, Ұлы Абай Ділдә мен Әйкерімнен 7 ұл,3 қыз сүйеді,олардан 24 немере,19 шөбере,2 шөпшек тарайды.Ұлдары Ақылбай,Әбдірахман,Мағауия,Тұрағұл әке жолын қуып, ақындыққа ден қояды.

Зерттеушілер тобы Абай өмірінен үзіндіні көрініс арқылы көрсетіп берді.

О, жастық,ұзақ ғұмырсың,

Ұйқысыз тосқан көп таңды.

Табиғат неткен сұлусың,

Абайға қосқан Тоғжанды.

Зерттеушілер:

Абай:

-Махаббат па Осы ма Осы болса мынау дүние, мынау маужыраған тынысты нәзік үн махаббаттың бесігі ғой.Сүттей жарық айлы түн. Таң әлі жоқ. Сол түнді күтемін.Кеуде толған өзгеше ыстық , өзгеше жұмбақ мол сезім.Нені айтады Тағат сабырым қайда Таң,жүрек таңы... Сол таңым сенсің бе Тоғжанбысың Жарығымбысың Кімсің

Тоғжан:

-Қайда жүрсіз Көрінбейсіз ғой

-Ел жағдайын білесің ғой.Менің сәлемдемемді алдың ба Сағыныштан шыққан өлеңім еді.

-Иә,Абай аға, алдым.Сіздің көздің қарашығына теңеген өленіңізді қабыл алдым.

-Өлеңнің әні де бар.

-Ендеше ,бірге орындайық. «Көзімнің қарасы» әні орындалад :

Әншілер тобы: Абайдың өлеңдері,әндерінен шашу шашады. «Желсіз түнде жарық ай», «Жүрегім нені сезесің», «Ғылым таппай мақтанба», «Қыс»

Тарихшылар: Абай қара сөздеріне тоқталды «Жиырма бірінші»,«Он бірінші», «Жиырма тоғызыншы»,«Жетінші» қара сөздеріндегі тән құмарлығы мен жан құмарлығы жайында әңгімеледі.

Тұжырымдамашылар:

Жердің жүзін, күннің көзін алып жатыр егісі

Бір жағында тсқындайды қазба байлық кен ісі.

Барлық жерде, аясында нұрын төккен арай күн,

Орындалып жатыр бүгін ақ арманы Абайдың.

Көк байрағым желбірейді әуеде,

Сені рухың бізбен бірге кемеде.

Ақыл-ойдың дариясы , жан ата,

Ұрпағыңмен сен де бүгін мәуеле.

Абай жаққан бір сәуле сөнбесін деп,

Қоламтаны үрледім өрлесін деп.

Алудамыз Абайдан үлгі-өнеге,

Бүгінгі ұрпақ тұрмыз ғой бір кемеде.

Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын қара сөздері мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді,оның әрбір бетінен,әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп есті. Міне, осының бәрі де Абайдың сіңірген ерен еңбегінің жемісіне берілген қазақтың шынайы көңілінен шыққан бағасы. Қазақ үшін Абай расында дана,сондықтан да ол –дара.

Сабақты қорытындылау: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - дегендей, бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін өнегелі де асыл сөздерін , даналық ойларын өз білгенімізше ортаға салдық .

Кеңіп салып қазағымның тынысы,

Асып дария ,шалқып тасыр ырысы.

Қазақ жері ұлылардан кенде емес,

Бірақ Абай ұлылардың ұлысы.











Сабақтың тақырыбы : Мұқағали Мақатаев. «Отан туралы» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М. Мақатаев өмірімен және шығармашылық жолымен қысқаша таныстыру, өлеңдерінің мазмұнына кеңінен тоқталу

Дамытушылық: әртүрлі тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту , ауызша, жазбаша тілдерін жақсарту.

Тәрбиелік: оқушыларды халқын,ақынды,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың әдісі- тәсілі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,флипчарт,маркер, стикер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Үй тапсырмасына: Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері»әңгімесі берілген болатын.Туған жердің қадірі жайлы сұрап өту.

1.Қартқожаға не нәрселер қатты әсер етті

2.Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді

3.Берілген мәтінді неше бөлікке бөлуге болады

4.Қартқожа туған жерін қалай сүйді.

Оқушылармен сұрақ –жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтап өтеміз.

Интербелсенді тақтадан М.Мақатаев өмірі ,шығармашылығы жайында үзінділер көрсетіледі.

Жаңа сабақ: Мұқағали Мақатаев өмірі, өлеңдері жайында болмақ.Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының ұлы ақыны.М.Мақатаев Алматы облысының Нарынқол ауданы Шалкөде ауылында туған. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза табады,анасы Нағиман балаларын өзі асырап өсірді.Алматы қаласындағы әдебиет және өнер қайраткерлерімен араласуы ақын болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. «Ильич», «Армысыңдар , достар», «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің»атты жыр жинағы жарық көрді. Ақын балдәурен балалық шақты «Бақытты шақ», «Мектебіме», «Аққала- ақ бала» сияқты өлеңдерді жырласа ,Отанға, халқына ,туған тіліне деген сүйіспеншілігін «Үш бақытым», «Менің Отаным» «Отаным»,«Отан туралы» өлеңдерінде білдіреді. Бұл жылы М.Мақатаев 85 жасқа толып аталып өтілуде. «Әлі талай жыр болып жазыларсың» демекші оқушылар Мұқағалидің өлеңдерінен поэзиялық минут ұйымдастырды.



Қуанышқызы А « Қара өлең». Қалқам мен Лермонтов,Пушкин де емен Есининмін демедім ешкімге мен, Қазақтың қара өлеңі-құдіретім Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.

Орынқожа Н « Палата». Бұл бөлмеде-екі орыс бір қазақ Үшеумізді бір ғана дерт тұр қажап. Кемедегі адамдардың жаны бір, Сондықтан да, ынтымақ бар бір ғажап.

Бердіқожа Е «Шеше сен бақыттысың». Шеше сен бақтысың жыламағын Жай түсіп жатқан да да құламадың Тәіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламағын, жыламағын.

Жорахан Ә «Хат».

Саған таныс адыра,қырқа ,беттегі Жыңғыл ,жусан , тобылғылар көктеді Рақатта іші-сырты ауылдың Қуантсаңшы сен де , сәулем ,кеп мені

Әбдімахмет А « Жастық».

Ойлашы, не берді жастық маған Үйрет деп асау берді бастықпаған Жасты маған от берді жалыдат деп жастық маған оқ берді жауынды ат деп.

Сейдалықожа Ү.Остонов Д. « Махаббат диалогы»

-Құс боп ұшып жоғалсам,не етер едің. -Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. –Отқа түсіп өртенсем,не етер едің? -Күл боп қуып,ақыры жетер едім. –Бұлдырысам сағымдай не етер едің?

-Жел боп қуып,ақыры жетер едім. –Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? -Қойшы,саулем,барін де көтеремін.

Қазыбек С. «Арманың бар ма?»

«Адырлар, жондар, шатқалдар,

Аспанды тіреп жатқандар,

Айтылды нелер мақтаулар,

Арманың бар ма, ақ таулар?

Сапырды солай жағаңдар,

Шарлаңдар мәңгі шарлаңдар,

Аспанды кезген тарландар,

Ақ бұлттар, сенде не арман бар?»



Армандап Адам сұрады..

Ақ таулар-іштен тынады,

Азан сап тұрып ақ бұлттар,

Ағыл тегіл жылады.

Ақ несер, бар ма арманын,?...

Сабақты қорытындылау: М.Мұқағали өмірі ,шығармашылығына кеңінен тоқталу ,қосымша мәліметтер іздеу, өлеңдерін жаттап, мағынасына тоқталу.

















Сабақтың тақырыбы:С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесін қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жазушының өмір жолы мен шығармашылығы және қылау жайлы әңгіменің мазмұнын ашу.

Дамытушылық: оқушылардың қызығушылығын оята отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: адал,бауырмал,кішіпейіл,достықты бағалауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:қорытындылау,пысықтау.Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта , слайдтық көріністер,маркер,флипчарт.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру

Үй тапсырмасын «Автор орындығы» әдісімен сұраймын , оқушылар осы әдіс бойынша үй тапсырмасын айтады.Сайын Мұратбеков 1936 жылы Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауданында дүниеге келген. «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Жабайы алма », «Жусан иісі», «Басында Үшқараның», «Кәментоғай» сияқты әңгіме-повестер жинақтарының авторы. «С.Мұратбеков шығармаларында соғыстан кейінгі қазақ ауылының тыныс-тіршілігі шынайы да көркем суреттеледі.Оның кейіпкерлерінің жан дүниесі романтикаға толы,сыршыл болып келеді.Сайын шығармаларының басты тақырыбы-адамгершілік ,жан дүниесінің сұлулығы».Оқушылардан «Қылау»жайлы түсініктерін сұрап өтемін. Оқушыларды төрт топқа біріктіремін.

1-топ «Сатай»

2-топ «Рәбиға»

3-топ «Достық»

4-топ «Балалық шақ»

Сатай тобы постер қорғау арқылы өз кейіпкерлеріне толықтай тоқталады,суреттейді,мінездеме береді суретін салады. Сатай - ақ көңіл,бауырмал,адал, тіл алғыш,ер жүрек.

Рәбиға тобы Рәбиғаның мінезіне ,оның іс-әрекетіне тоқталады.Рәбиға – сыпайы, тартымды, әдемі,білімді.

Достық тобы Сатай мен Рәбиғаның арасындағы достыққа тоқталады,достық жайлы өлеңдер,мақал-мәтелдер, қанатты сөздерден мысалдар айту арқылы түсіндіреді.

Адал достық,ақ махаббат,ақ тілек ,

Дүниедегі бар тәттіден тәттірек.

Досың болса,көңілін тап әрқашан,

Ренжітпе бетіне оның қатты кеп.

Достық- көңілдің жалауы,

Достық-жүректің қалауы.

Достық озып біздерден,

Еркін ертеңге барады.

Дос,доссыз өмір бос.

Жақсы жолдас-жанға серік,

Жаман жолдас-малға серік.

Балалық шақ тобындағылар балалық жайлы постер қорғайды.

«Көңілді балалар» Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл-бақшада сайрандап өскен еркін.

Шат көңілді ,бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.Оқушыларға интербелсенді тақтадан сұрақтар қоямын.

1.Таң азанғы әке дауысы Сатайдың құлағына неліктен жағымсыз естілді?

2.Әке ақылы Сатайды неге ызаландырады,сендерде ересектердің ақыл сөзін солай қабылдайсындарма?

3.Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлануына не түрткі болды,оны ненің белгісі деуге болады?

4.Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы, қайырымдылығы оның қандай әрекетінен байқалады?

5.Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айқайға басуы, оның батылығы ма,мақтаны ма не деуге болады?

Кейіпкер,іс-әрекеті,адами қасиеті,баға беру-осы сұрақтар бойынша сабақты қорытындылаймыз.

Кейіпкер:Сатай,Рәбиға,Әкесі.

Іс-әрекеті:Сатайдың Тастөбеге жол алуы,жолда өмір мен өлім жайлы ойлануы,Рәбиғамен танысуы,достықтың орын алуы.Рәбиғаның жолға шығуы,Сатайды жолықтыруы,жымия күлуі. Әкесі Сатайды жұмсауы, қаталдығы,еңбекқор болуға тәрбиелеуі.

Адами қасиеті:Сатай – ақ көңіл, кең пейіл, адал, бауырмал.Рәбиға-сыпайы,сүйкімді,білімді,әдемі.Әкесі-қатал, еңбекқор.

Баға беру:Сатай-мінезі жайдары.

Рәбиға-өте сыпайы.

Әкесі-темірдей тәртіп беруші.

Сабақты қорытындылау:Белсенді оқушыларды бағалау.БББ кестесі арқылы сабақты бекіту.Үйге тапсырма «Мен достықты қалай түсінемін?»тақырыбына ой толғау жазу.











































Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту.Етістікпен зат есімнің байланысы,сөйлем құрайтын жаттығулар,тапсырмалар орындау барысында байқату.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеуін,ой-өрісін,есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Грамматикалық және орфографиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта,суреттер.

Әдіс-тәсілдер: «Санды сұрақ», «Сөзжұмбақ», «Тез тауып бөгелмей айт», «Кім шапшаң», «Венн диаграммасы»

Сабақтың түрі:Жаңа білім беру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Орнымызға жайғасып,

Жан-жаққа көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға ,

Алға қадам жасаймыз

Оқушыларды сөз таптары бойынша төрт топқа біріктіреміз.

І –Топ «Зат есім»

ІІ-Топ «Етістік»

ІІІ-Топ «Сын есім»

-Топ «Сан есім»

Үй тапсырмасын сұрау : «Санды сұрақ» әдісі бойынша

1.Сөз таптарын ата?

2.Зат есім дегеніміз не?

3.Жалқы есім дегеніміз не?

4.Жалпы есім дегеніміз не ?

5.Зат есімнің жекеше түріне қандай сұрақтар жауп береді?

6.Зат есімнің көпше түріне қандай сұрақтар жауап береді ?

Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

1.Мал өнімі

2.Жыл мезгілі

3.Сүттен жасалатын тағам

4.Уақыт бірлігі

5.Әкемнің әкесі

6Ауруды емдейтін адам

7.Өз атын шақыратын құс

Заттың қимылын-іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз. Етістік сұрақтары:не істеді? не қылды ? қайтті ?

Оқулықпен жұмыс 355-жаттығу,356-жаттығу.

Интербелсенді тақтадан «сергіту сәтін» өткізу

«Тез тауып бөгелмей айт» ойынын өткізу

Жаңбыр ....

Аспан ....

Су ....

Найзағай ....

Гүлдер ....

«Кім шапшаң» берілген етістікке қарама-қарсы етістікті тауып айт.

Ауырды ....

Алды ....

Келді ....

Кірді ....

357-жаттығу, 358-жаттығу.

Оқушылар «Жұлдызша», «Күн», «Бұлт» белгілерімен бағаланып отырды.

Сабақты қорытындылау: «Венн диаграммасы»

Ал балалар бүгін қандай сөз табын өттік

Олай болса етістік пен зат есімнің ортақ белгісін табамыз

Үйге тапсырма: 359-жаттығу ,ереже жаттау.



































Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік:Бірлікке ,ұйымшылдыққа,бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Білімділік:Жұрнақ пен жалғауды мысалдар арқылы түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдіс –тәсілі: «Маршрут», «Бұлттар төніп тұр», «Ұшақ»

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Теңізде тартылады,

Мұхитта сарқылады.

Құлайды орман- тоғай,

Қирайды орда-сарай.

Жер болып тау шөгеді,

Жайқалған бау семеді.

Көз жастан қақ қалады,

Сонда,не сақталады

Мәңгілік сөз сақталады.

«Маршрут» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау

1.Сөз неден құралады?

2.Буын неден құралады?

3.Сөйлем дегеніміз не?

4.Сөйлемнің неше түрі бар?

5.Түбір сөз дегеніміз не?

6.Қосымша дегеніміз не?

Жаңа сабақ: «Көбелектерді өз гүліне қондыр»әдісі бойынша ашу

Қосымша жұрнақ пен жалғау болып екіге бөлінеді.

Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Мысалы:жұмыс –жұмыста,ойын-ойынға.

283-жаттығу,284-жаттығу.

Сергіту сәті.

Қане,бірге бәріміз,

Көзімізді жұмамыз.

Өтіп тау мен өзеннен,

Бір елге жетіп қонамыз.

Қосымша деп аталар,

Бұл елде мүлде бейтаыс.

Біз білмейтін балалар,

Қосымшаның түрі бар.

Жаңа сөздер жасайтын,

Жұрнақ айтты ұлы бар.

Сөзбен сөзді қосатын,

Жалғау атты қызы бар.

285-жаттығу « Бұлттар төніп тұр» әдісі арқылы орындалады.

«Кім жылдам » ойыны

Түбір.......Жұрнақ........Жалғау

Бүркіт-ші-лер

Өнер-паз-дар

Ойын-шық-тар

Оқу-лық-тар

Сабақты қорытындылау: «Ұшақ » әдісі бойынша

Түбір сөз дегеніміз не

Қосымша дегеніміз не

Жұрнақ дегеніміз не

Жалғау дегеніміз не

БББ кестесі бойынша кері байланыс жүргізілді.

Бағдаршам көздері арқылы бағаланып отырды.

Үйге тапсырма : 286-жаттығу.Ереже жаттау.





















Тақырыбы: Қазақстандық потриотизм деген не?

Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру ,білімдерін кеңейту

Отанды сүюге, байлығын қорғауға болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру

Туған жерін,елін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу

Ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы-білімде

Барысы: Сәлемдесу

Сәлем бердік Алтын күн

Сәлем бердік көк аспан

Сәлем бердік жер-ана

Сәлем бердік достарым

Құрметті қонақтар, біздің мектебімізге келген қадамдарыңыз сәтті болсын.

6а-сынып оқушыларының дайындаған «Қазақстандық потриотизм деген не?» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан да өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.Ол бүгін де дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз. Қазақстан Туымен -тұғырлы, Елтаңбасымен -еңселі, Әнұранымен- айбатты.

Әнұран шырқалады.

1-оқушы: Умида

- Қайырлы күн құрметті қонақтар!

2- оқушы: Нұрсұлтан

Аяулы да ардақты ұстаздар!

1-оқушы: Умида

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Қазақстандық потриотизм деген не?» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

2-оқушы: Нұрсұлтан

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз Сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Умида:

-Балалар, Отан деген не?

Мерей:

«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезімізден білеміз. Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

Нұрсұлтан:

-Отан туралы қандай өлеңдер білеміз?

Фатима:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Бақытжан:

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Бағжан:

Отан – осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Умида:

  • Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Хормен:

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады?

Нұрсұлтан:

-Ендеше, балалар, ақын Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін кім айтып береді?

Рамазан:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Аяжан:

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің Байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген көк аспан.

Зұлфия:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менң туған өлкем.



Умида:

Астанамыз Алматыдан Ақмолаға қай жылы көшті?

1997ж

Ақмола атауы Астана болып қай жылы өзгертілді?

1998ж.

Балалар, Сиқырлы сандар не дер екен?

1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,

1925-1929жж. Қызылорда қаласы.

1929-1997жж. Алматы қаласы.

1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.

1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Умида:

-Балалар, Астанамыз туралы қандай өлең білеміз?

Жанель:

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқың жетсін мұратқа,

Ей, бас қала – Астанам!

Марат:

Тың жылдарды бастаған,

Жалған атын тастаған.

Қайта түлеп құлпырған,

Ей, бас қала -Астанам!

Мейіржан: Шырқап көкке аспан -ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қала-Астанам!

Нұрсұлтан:

-Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет?

-Хормен: Тәуелсіз мемлекет.

- Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?

Хормен:

1991ж. 16 желтоқсан.

- Балалар Тәуелсіздік бізге оңай келді ме?

Балалар: жоқ.

Ендеше , қалай алдық?

Гүлбану:

1986ж желтоқсанда Алматыдағы жастар көтерілісі жайлы айтады.

Умида:

-Тәуелсіздік құрбандары жайлы кімдерді білеміз?

Оқушылар: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова

Балалар, осы аға-апаларымыз туралы қандай өлеңдер білеміз?

Нұрсұлтан:

Тапталмасын деп қазақтың кек -ары

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Топты бастап шықты Ләззат алаңға

Толған еді 16-ға небәрі,

Қаһарман қыз, ғажап қыз-

Ұрандады Ләззат қыз.

Нышанәлі:

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар.

21-де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Умида:

Таңбасыз ел болмайды ,

Найзасыз ер болмайды – демекші егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздері 1992ж 4 маусымда қабылданды.Кім атап береді?

Оқушылар:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік Елтаңбасы

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны

Аяжан осы белгілер бойынша баяндама оқиды.

Умида:

Балалар, Қазақстан Республикасында 14 облыс, 90-ға жуық қала, 150-ден астам аудан бар.Республика халқының саны -15 миллион. Қазақтан басқа 130-дай ұлттар тұрады.Қазақстан жері - ұлан байтақ.Батыстан Шығысқа 3000км, Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600км-ге созылып жатыр.Жер көлемі бойынша – Қазақстан әлемде – 9 орында. Құстың 480түрі, балықтың 150 түрі кездеседі. Пайдалы қазбаларға өте бай.Дәрілік өсімдіктің 250 түрі бар.

Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық.Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайын қазақ халқына жолдау жолдайды.Бұл жолдауда қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін халықтың әл-ауқатын, тұрмысын жақсарту басты назарда болғаны туралы айту.

Нұрсұлтан:

Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екнімізді естен шығармайық. Саналы, білімді азамат болып шығуымыз үшін не істеуіміз керек?

Балалар :

Еңбек етуіміз керек.

Умида:

Біздің қазіргі еңбегіміз не?

Балалар:

Оқу.

Нұрсұлтан:

Енді Туған жер жайындағы нақыл сөздерге тоқталсақ:

Н.Назарбаев «Еркін елдің ертеңі- кемел білім мен кемел ғылымда.» «Біздің болашағымыз- жарқын,келешегіміз кемел.» «Қазақ даласы-Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.»

Білге Қаған: «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ», «Біз көктен жараған, көктің ұлы-түркі жұрты боламыз »,

Күлтегін: «Елің үшін мақтан, елің үшін қайғыр. », «Тату елге- тыныштық пен тоқшылық нәсіп. »

Умида:Оқушылар “Біз кімбіз?” ой-толғанысы















Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада

қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз



Shape2 Shape1

Shape3 Shape4 Shape5 Shape6

Біз кімбіз?











Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін

өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз

жастармыз.



Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.

Сабақты қорытындылау: «Айналдым сенен, Атамекен-ай» әнін хормен айтып сабақты бекітеміз.

















Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

мерзімі

1

Салауаттанудың мақсаты мен міндеті



2

Салауатты өмір салты



3

Жеке бас гигиенасы



4

Тиімді күнтізбе



5

Асқорыту жүйесі



6

Асқорыту жүйесінің аурулары



7

Бауыр

оның аурулары



8

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі



9

Минералды заттар



10

Витаминдер



11

Тағамды бұқтыру



12

Дененің физикалық дамуы



13

Денені жаттықтыру және қозғалыс белсенділігі



14

Организмді шынықтыру



15

Жарақат түрлері



16

Күйік пен үсік



17

Жарақаттанушыны тасымалдау



18

Зиянды әдеттер



19

Есірткі және нашақорлық




Жұқпалы аурулар және оларды алдын алу




Жұқпаның таралу жолдары



20

Дизентерия



21

Жыныс гигиенасы



22

Қыз бала гигиенасы

Ер бала гигиенасы



23

Организмнің үйлесімді жағдайы-денсаулық негізі



24

Мектептегі үрейліліктің алдын - алу



25

Кикілжің және оның түрері



26

Өзін-өзі бағалау және сыйлау



27




28




29




30




31




32




33




34




35




36




37




38




39




40




41




42




43




44




45




46




47




48




49




50




51




52




53




54




55




56




57




58




59




60




61




62




63




64




65




66




67




68




69




70




71




72




73




74




75




76




77




78




79




80




81




82




83




84




85




86




87




88




89




90




91




92




93




94




95




96




97




98




99




101




102




103








р\с

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе.Әдебиет –халықтың рухани байлығы



2

Лиро –эпостық жырлар



3

Қозы Көрпеш –Баян сұлу жыры



4

Шешендік сөздер



5

Жиренше шешен



6

Төле би



7

Қазыбек би



8

Әйтеке би



9

Мазмұндама



10

Дулат Бабатайұлы



11

Махамбет Өтемісұлы



12

Абай Құнанбайұлы



13

Қараңғы түнде тау қалғып



14

Мазмұндама



































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!