Материалдар / Сыныптан тыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ. Тақырыбы: Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам. Мақсаты : Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, еңьектерімен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам

Мақсаты: жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсаринның өмірімен, еңбектерімен таныстыру, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне, жыр-дастандарына деген қызығушылығын арттыру.

Түрі: әдеби кеш

Көрнекілігі: слайд, видео материалдар, баяндамалар.

Барысы:

Кіріспе сөз:

Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.

Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы .

Сахнада Орынборға оқуға кетіп бара жатқан он шақты баланы шығарып салушы Ыбырайдың атасы Балғожа, Жетібай Өтемісов , қонақтар

Балғожа: Ыбырай, бүгін саған және достарыңа сенім артып, Орынборға жібермекпіз.

Әпке: Туған жерлеріңді ұмытпай, сағынғанда хат жазыңдар!

Әже: Мектепте жақсы білім алып, біздің үмітімізді ақтаңдар!

Көрші: ата-ана , бауырларыңды еске алып жүріңдер,ақсақалдың батасын алайық.

Бата беру:

Бір үйлің баласы болма,

Көп үйдің баласы бол.

Бір елдің баласы болма,

Бар елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарада.

Өзегің талса, өзенді жағала,

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

Өзіңе –өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол.

Досыңа адал бол!

Жетібай Өтемісов балаларды алып кетеді. Домбыра үніне салынып айтылған Балғожаның Ыбырайға айтқаны естіледі.

Жүргізуші: Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.

1859 жылы Ыбырай Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде Қазан университетінің профессоры Н.И.Ильминскиймен танысып, онымен қадірлес достық қатынаста болады. Идьминскиймен жиырма жылдан астам уақыт хатжазысып, оқу-ағарту мәселелерін талқылап отырған.

Бүкіл өмірін ағарту ісіне арнаған Ыбырай өз өлеңдерінде халық ағарту идеясын көтереді. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі жастарды оқуға , білім алуға шақыру үлгісінде жазылған.

Өлең «Кел, балалар, оқылық!»

Жас ұрпақ білім алды әр салада, Алғырлар өнер десе жан сала ма. «Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі, Мәңгілік із қалдырды әр санаға. Өнер - білім бар, жұрттар (өлеңін оқу)

Жүргізуші : Ыбырайдың шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Еңбек адамның жетілуі үшін керекті жағдайды жасап қана қоймай , сонымен бірге адамның ар-ұятын өз дәрежесінде сақтап тұруға да көмектеседі. Осы еңбек тақырыбына «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Мақта қыз бен мысық», «Бір уыс мақта» әңгімелері жатады.

-жүргізуші: Атымтай Жомарт кедей бола тұрып, кейін өзінің еңбегі арқылы
байыған адам.
Бұл әңгіме оқушыларды еңбекқорлыққа, айналасындағы адамдарға қайырымды болуға, көмектесуге үйретеді.

Атымтай Жомарт
(Жомарт жұмыс жасап жүреді, үстінде жаман киім)
1 кісі: - Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не?
2 кісі: - Бір мезгіл таза киім киіп, дәулетті адамша жүресіз. Бір мезгіл ескі - құсқы киім киіп жүресіз. Бұны қалай түсінеміз?
Ж
омарт:- Төрт түрлі себеп бар. Әуелгі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем – кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екінші: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер үлгі алсын деймін. Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір - екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртінші: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп - жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын.
1-кісі: - Ия, Атымтай Жомарт, енді бәрі де түсінікті. Еңбекпен келген ас тәтті.
2 -кісі: - Бейнетсіз рахат жоқ.
Ал еңбектің түбі рахат.



Жүргізуші: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.

«Ананың сүюі» (өлеңін оқу)

Жүргізуші: Даланың алғашқы ұстазы Ыбырай бірқатар өлеңдерін табиғатты суреттеуге арнаған. Мысалы: «Жаз», «Өзен» өлеңдері лирикасы мен нәзіктігімен табиғатты сұлу суреттеген

«Өзен» , «Жаз» өлеңдері оқылады

Балаларды достыққа , жолдастыққа , мейірімділікке тәрбиелеуге көптеген шығармалары бар. Атап айтқанда, «Мейірімді бала», «Жаман жолдас», «Ақымақ дос»

Көрініс «Әке мен бала» әңгімесі

Қорытынды: Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік.

Қазақ халқының болашақ тағдырын ойлаған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ағартушы-демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды.

Бар білімнің бұлағы,

Әліппеден басталар,

Балғын бала білімі,

Тауды бұзып, тас жарар!...

Осымен қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсаринге арналған әдеби кешіміз аяқталды.

Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!