400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Әдептілік-әдемілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек ретінде ұсынып отырған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.

Мақсаты: 1) балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіні ренжітпеуге үйрету;

2) оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, мейірімділікке тәрбиелеу;

3) мақал-мәтелдер, өлеңдер үйрету, олардың мағынасын ұғындыра сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру.

Мұғалім: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар, жадыраған жос достар! «Әдептілік-әдемілік» атты тәрбие

сағатына қош келдіңіздер!

Қазақ халққы ерте кезден-ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Халқымыз өз ұрпағын

«Әдептілік, ар-ұят-

Адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез тағы жат-

Надандықтың белгісі».

«Әдепті бала арлы бала-

Әдепсіз бала сорлы бала» деп жастың әдепті, сыпайы, инабатты болуын қалаған.

Әдептілік-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі, осы әдептілік ережесін сақтау керек.

Уәде беріп, оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Онымен басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.

Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен адамаға орын береді. Сөйлескен кезде «сен» демей, «сіз» деп сөйлескен жөн.

Ол әдептіліктің белгісі болып табылады.

Ал қазір әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жинаған балалар қандай болады екен, осы жайлы сынып оқушыларына сөз берейік.

1-оқушы: Етек кетер салақтап,

Бос жүріспен далақтап.

Ұқыптап сабақ ұқпайды,

Өз бетімен алақтап.

2-оқушы: Ілгек, түйме жұлынып,

Кешке дейін алысар.

Әркімге бір ұрынып,

Құспен, малмен жарысар.

3-оқушы: Шашы түсіп көзіне,

Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғаліммен таласар,

Дәлел тауып өзіне.

Дәптер,сөмке- бәрі де

Дал-дал болып жыртылған.

Сия төгіп бәріне

Шимай салған сыртынан.

4-оқушы: Тазаланып тұру керек

Ерте мен кеш жас бала.

Кір-кір болу елден ерек

Мүлдем ұят, мүлдем ұят, масқара!

«Жақсы мен жаман» көрінісі туралы видеоролик көрсетіледі.


Мұғалім: «Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй» демекші енді кезекті әсем әнге берейік

Ән орындалады.

5-оқушы: Қайыр күтпе баладан

Өз мысығын сабаған.

Кім алдаса анасын,

Оған қалай нанарсың?

Екі болса алғаны-

Бала ұятқа қалғаны,

Ойнап жүріп жыласа-

Орынды емес бұл аса.

Добын қимас ойнауға,

Ұят сараң болған да.


6-оқушы: Бәрі жақсы баланың

Беске оқитын сабағын.

Азаматтық оны де,

Ойнатса кім інісін-

Мақұлдайын мұнысын.

Өзі түйме қадаса-

Мұндай бала тамаша.

Барын берсе қолдағы-

Бала жомарт болғаны.


Мұғалім: Ал, балалар «әдеп» деп «әдептілік» деп, «инабаттылық» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз, соған тоқталайық.


7- оқушы: Әдептілік деп –үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі. Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді. Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Бір-бірімізге кешірімді болу керек, ол да-әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез-құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тез жөнге салып түзету керек.


8- оқушы: Инабаттылық-әдептіліктің әсем көрінісі, қарапайымдылық, сыпайылық, тілалғыштық, адалдық, ұқыптылық, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қарапайым, қамқоршы адамдарды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады.


Мұғалім: Мақал-мәтел-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, мәдени-әдеби, имандылық, тәрбиелік маңызы зор өміршең поэтикалық жанр. Сондықтан келесі кезекті, балалар, әдептілік жайлы мақал-мәтелдерге берейік.

Хормен: Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен!

Ән: «Дос болайық бәріміз».


Мұғалім: Ал, енді құрметті көрермендер, келесі кезек сіздерге де келіп жетті. Қазір сіздермен қызықты ойын ойнаймыз.

(Көрерменмен ойын)


Қорытынды.

Мұғалім: Халқымыз жақсы мінез-құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды әдепті бала екен дейді. «Әдептілік-әдемілік» дейді халық. Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезініп, оны бағалап, әсерленіп, сол жақсылыққа ұмтыла білу қажет.


Адам! Адам!

Бөлісіп уайымды,

Болашаққа болыңдар дайын үлгі.

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,-дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз,



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18.12.2017
1084
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі