Материалдар / Сыныптан тыс сабақ: "Көңілді тапқырлар" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс сабақ: "Көңілді тапқырлар" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көңілді тапқырлар" тақырыбында 6 сынып оқушылары арасында өткізілген сайыс. оқушылардың математикаға қызығушылығын ояту, белсенділіктерін арттыру, жан-жақты білімге даярлау мақсатында өткізілді. сынып оқушылары өзера сайысқа түседі, жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
854
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық

мектеп-интернаты













«КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР»


6 сынып оқушылары арасында сайыс







Ұйымдастырушы: Биржанова А.А.















2021-2022 оқу жылы


Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар»

Сыныбы: 6

Мақсаты:

  • оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.

  • логикалық есептерді шығаруға ынталандыру.

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыра отырып «Көңілді тапқырлар» атты танымдық сайысымызды бастаймыз.

Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, әр уақытта да батыл. Ендеше ортадағы білім сайысына түсетін 6 сынып оқушыларын қошеметтейік.

Сайыс барысын қадағалап отыратын әділқазы алқасымен танысайық:

  1. _____________________ математика пәні мұғалімі

  2. _____________________

  3. _____________________

Жүргізуші:

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңдер.

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер!


Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Есеппен миды қатырамыз.

Математиканы ұғындырып,

Жаңа біліммен толтырамыз.

Ендеше, сіздерді ойынның тәртібімен таныстырацын. Ойын 4 кезеңнен тұрады.

І кезең: «Есептеңдер, кім жылдам?» кезеңіне барлық оқушылар қатысады. Берілген есептерді жылдам, дұрыс орындаған 10 оқушы келесі кезеңге өтеді.

ІІ кезең: «Математиканы білемін, дұрыс есептеп беремін», бұл кезеңдегі ойды қозғайтын сұрақтарға дұрыс жауап берген 4 оқушы ІІІ кезеңге өтеді.

ІІІ кезең: «Сиқырлы шаршы» деп аталатын кезеңнен 2 оқушыны іріктеп аламыз.

IV кезең: Сайысымыздың шешуші кезеңінде жеңімпазды анықтайтын боламыз.


ІІ. Сайыстың бастаймыз.

І кезең. «Есептеңдер, кім жылдам?»

Шарты: оқушылар берілген есепті толық шығарып болған соң қолдарын көтеру арқылы жауап айтуға рұқсат алады, төрт есептің жауабын айтады. Алғашқы дұрыс жауап берген 10 оқушы келесі кезеңге өтеді.


  1. Тиімді тәсілмен есептеңдер:

Шешімі:

  1. Есептеңіз. 99 - 97+95 - 93+91 - 92+...+7 - 5+3 – 1

Шешімі: 1 мен 99 сандарының арасында 50 тақ сан. Тақ сандардың айрымын екі - екіден алсақ, 25 жұп бар. Айырымы 2 - ге тең.


Оқушылар тапсырманы орындағанша жанкүйерлерге сұрақтар қойылады:

  1. Қай санға бөлуге болмайды?

  2. Екі ғасырда неше жыл?

  3. Шеңбер сызатын құрал?

  4. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш?

  5. Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын

  6. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір

партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша?

Шешімі: 6+5+4+3+2+1= 21 партия

  1. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе

үлкейеді?

Жауабы: 9 есе

  1. Күннің көзі жылына неше рет соғады? (365, 366)

  2. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең? (11)

  3. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (8)


ІІ кезең. «Математиканы білемін, дұрыс есептеп беремін»

Шарты: логикалық сұрақтарды оқыған соң жылдам шешіп, қолын көтерген оқушыға ұпай есептеледі. Өйстіп қалған оқушылардан жоғары ұпай жинаған 4 оқушыны келесі кезеңге жібереміз.


1. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған?  (13)

2. Бір елде 15 қала бар. Оның әрқайсысы бір - бірімен ауебайланыста жұмыс жасайды. Бұл елде неше әуебайланыс бар? Шешімі: 14+13+12+....+3+2+1=190

3. Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан

кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін

алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен,

Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ . Кім кімнен кейін тұр?

Жауабы: Асан, Нұрлан, Қасен, Мақсат, Омар.

4. Ауыр-ақ,бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ. (білім-знание-knowledge)

5. Қыңыр есепке құмар кісіден біреу оның жасын сұрапты, онда ол былай деп жауап беріпті: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, ақыры алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасың. Ол кісі неше жаста?  

(Шешуі: Х – жаста дейік.

Сонда 3 жылдан кейінгі жасы (х+3) және 3 жыл бұрынғы жасы (х – 3 ) болады

3 (х+3) — 3(х – 3 ) = х

3х+9 – 3х+9 – х =0

х — 18 =0

х =18

Жауабы: 18 жаста

6. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады?   ( (9•9) : 9 + 9 : 9=10)

7. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

8. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар         (   (1+2+3+4) : 5 = 2 )

9. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:

Нарадс, тазауй, ітүнб, ретм        (сандар, азайту, бүтін, метр)

10.  Сан тізбегін жалғастыр :  9, 1, 7, 1, 5, 1,..........  (3, 1)

                                               3, 7, 11, 15, 19..........( 21 ).


ІІІ кезең: «Сиқырлы шаршы»


Шарты: алдымен берілген сиқырлы шаршыдағы сандардың қандай заңдылықпен орналасқанын анықтап алады. Кейін осы заңдылықпен берілген сандарды шаршыға орналастырады.


4

9

2

3

5

7

8

1

6


Ендеше, қосындысы 45 болатындай келесі сандарды сиқылшы шаршымызға орналастырайық: 3, 6, 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27


Шығу керек:

6

21

18

27

15

3

12

9

24


Жанкүйерлерге сұрақтар:


  1. Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (Киіз үй)


  1. Заттарды санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан,

Жан-жағына қарамай? (Натурал сан)


  1. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол негізі

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)


  1. «К» әрпінен басталатын математикалық сөздерді атаңдар.

(көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, координата, косинус)

IV кезең. «Кім бірінші жүз дейді?»


Шарты: шешуші сайысқа өткен білімділердің ішіндегі білгір екі оқушы қызықты додаға түседі. Бұл кезеңде екі оқушы кезекпе-кезек 10-нан кіші сандарды атайды, айта отырып қосады сол сандарды, ұшқыр ойлану қажет бұл сайыста. Бірінші болып 100 санын айтқан оқушы жеңімпаз болады.


Жүргізуші:

Қиындықтан өткізер,

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшын, - дей отырып ойынымыз да мәресіне жетті. Уақыт бөліп сайысымыздың құрметті қонағы болғандарыңызға рахмет.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!