Сыныптан тыс сабақ "Сиқырлы әлем" математикалық квест ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Сиқырлы әлем" математикалық квест ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, өзімшілдіктен арылту, бірлесе әрекет ету арқылы ұйымшылдыққа, бірге топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру, кез келген тығырықтан жол таба білу қасиеттері дамиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 6-сыныптар

Мұғалімі: Бисембаева А.Е

Тақырыбы: «Сиқырлы әлем» математикалық квест ойыны

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеллерін арттыру, өзімшілдіктен арылту, бірлесе әрекет ету арқылы ұйымшылдыққа, бірге топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру, кез келген тығырықтан жол таба білу қасиеттері дамиды.


Барысы:

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп  М. Жұмабаев айтып кеткендей, бала ойын арқылы есейіп, бой жазып, еркіндікті сезінеді. Ойын арқылы бала бойындағы қорқынышты, ашуды жеңеді, шаршағанын басады және бар жан дүниесімен ашыла ойнап, қуанышқа бөленеді. Ойын баланы тез өсуіне, қан айналымының дұрыс қозғалуына, бұлшық еттерінің жақсы қимылдауына, яғни қозғалыс арқылы денсаулығына пайдалы дүниелерді алады. Бала ойын арқылы өмірдегі кейбір тосын қиындықтар мен кедергілерді жеңуге, топ болып бірлесе жұмыс жасауға үйренеді. Бұл бала үшін өмірлік тәжірибе және жетістік деп айтуға болады. Осындай ойындардың бірі квест «Сиқырлы әлем»деп аталады.


Қорғаушы: Сілеметсіздер ме? 50 жыл бұрын салынған және 150 м тереңдікте жатқан жер асты бункеріне қош келдіңіздер! Бұл жер кімге және не үшін салынғаны белгісіз. Бұл бункерді кітанханашы ашқан. Ол кітапты құпия бөлмеден тауып алған. Қызық конверт жасырылған жерасты бөлменің бар екенін сол кітапханашыдан сұрап алдық.

Мен бункер қорғаушысымын. Бұл жерге қызығушылар көп. Олар біреуден, топтасып келіп кетті. Бәрі құпия конвертті іздеді. Бірақ оны мына бункерден табу өте қиын. Бұл конверттің құпиясын бір адам жасырып отыр. Ол сөрелерді ашуға, заттарды ұстауға рұқсат бермейді. Барлық тапсырмаларды орындаған адамдар ғана құпия конвертті тауып ала алады.

Мен барлық тапсырманың кілтін білмеймін. Кейбір тапсырмаларды құпия адам өзі береді. Оның тапсырмаларын мұқият оқыңдар. Міне сіздерге телефон, ол кейбір тапсырмаларды хабарлама түрінде жіберуі мүмкін.


1-тапсырма.

Алдымен бұл бункерге кіру үшін ойлау қабілеттеріңді тексеремін. Оны бункерге кіретін билет деп ойлаңдар.

Теңдік дұрыс емес. Бір шырпыны қозғап, дұрыс теңдік шығар.

Жауабы:

2-тапсырма:

Енді сендердің есте сақтау қабілеттеріңді тексеремін. Бұл халықаралық кодтар жүйесі. Белгілерді бөліп алып, тапсырмаларды есте сақтаңдар.

Shape1

Қағазды алып тастап, қорғаушы тапсырманы береді. « ». Бағытпен жүргенде аквариумға кездеседі. Балық аулап, тапсырма орындайды.


3-тапсырма.

Бағытпен жүргенде шыны тауып алады. Шыны ішіндегі қағаздардан, тапсырма табады. Тапсырманы іздеңіздер. «QR код» Телефон арқылы келесі тапсырманы алады.


4-тапсырма.

Столда 5 стакан бар. Сол стакандарға сұйықтықты құйып, келесі тапсырманы іздейді. Ол үшін бөлмеге қайта кіріп, стакандағы санды іздейді.


5-тапсырма.

Санды тауып, кітап ішінен қағаз тауып алады. Қағазға сүтпен келесі тапсырма жазылған. Ол тапсырманы орындау үшін өтек немесе шырпы керек. Қорғаушы смс түрінде «Өтек» немес «Шырпы» сөздерін жібереді.


6-тапсырма. Енді балалар компьютерге барады. СМС –пен есеп жібереді. Есепті шешіп, компьютер кодын табады. Компьютерге енгізіп, ашады. СМС –пен «ән айтыңдар» деген тапсырма келеді.


7-тапсырма.

Қорғаушы: Сіздер тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Сендер ән айтып жатқанда құпия адам видео-тапсырма беріп кетті. https://youtu.be/FMGQJbF680A сілтемені ашамыз. Балалар жаңылтпаштар оқиды.

8-тапсырма.

Қорғаушы қапшықтан шарларды шығарады.

А.Құнанбаевтың өлеңі жазылған парақ 5 шар ішіне салынады. Өлеңді құрастырып, кімнің өлеңі екенін анықтап, кітабын іздейді

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат


Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік 

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша, 

Кейбіреу қояр құлақ ұққанынша. 

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, 

Абайлар әрбір сөзді өз халынша.


9-тапсырма. Оны құрастырады. А.Құнанбаевтың кітабын іздейді. Кітаптан парақ шығады. Парақтағы тапсырманы орындап, «қорап» деген сөзді табады. Бөлмеден қорапты тауып алып, ішінен сыйлықтар алады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2023
715
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі