Материалдар / Сыныптан тыс сабақ "Тарих тағылымы" 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныптан тыс сабақ "Тарих тағылымы" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа арналған сынгыптан тыс сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2023
199
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тарих тағылымы . Интеллектуалды ойын

  1. Құрметті мұғалімдер, оқушылар!

2. Және бүгінгі ойынға қатысушы топтар.

1. Эрудит интеллектуалды ойындар клубының ұйымдастырып отырған «Тарих тағылымы» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер.

2. –Тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады.

1. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстары мен жігіт жасына жетіп отыр.

2. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол.

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз бастаймыз.

1. Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

2.-Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.
1. Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
2. Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каржаева Аида Нарбайқызы
2. Мектебіміздің тәлімгері Шайтекей Шолпан
3

1. - Бүгінгі интеллектуалды ойын 4 бөлімнен тұрады: 
1. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”

2. “Шөлқандырар”

3. “Тақымқысар”

4. “Нартәуекел”

2. Ал ойынның шарттарын кезеңге өту барысында таныстырамыз

Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық баладан! - дей келе сайысымызды бастауға рұрсат етіңіздер

  1. Алдымен бүгінгі сайысқа қатысушылармен танысып алайық
    2. Топтың аты, ұраны, топ басшысы топтың құрамын таныстырып өтсін 10 ұпаймен бағаланады.


І. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”


  • 1. Түрік қағанатының негізін қалаған кім? Бумын

  • 2. Түркі мемлекеттерінің билеушісінің титулы? Қаған

  • 3. Батыс Түрік қағанаты өмір сүрген жыл? 603-704жж

  • 4. Бұдун сөзінің мағынасы қарапайым халық

  • 5. Үшлік қай қағанаттың билеушісі Түргеш қағанаты

  • 6. Түркілердің негізгі шаруашылығы? Көшпелі мал шаруашылығы

  • 7. “Әйгілі түркі қаласы” аталған қала? Тараз

  • 8. Орта ғасырлық қалалардың орталық бөлігі қалай аталды? Цитадель

  • 9. Жамбыл облысынал қарлұқ дәуірі сәулет өнері ескерткіші? Ақыртас

  • 10. Көне түркі жазуы қалай аталды? Руна жазуы

ІІ. “Шөлқандырар”

Тұлғалар

  1. Ұпай - Монғол ханы Шыңғысханның шын есімі? Темучин

  1. Ұпай - Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған кім? Мұса хан

  1. Ұпай - 568жылы Византия императорының сарайына келген түрік елшісі кім? Маниах

  1. Үпай - Оғыз мемлекетін күшейтіп, 1041жылы Хорезмді басып алған. Алайда екі жылдан кейін салжұқтардың тұтқынына түсіп, өлтірілген билеуші? Шахмәлік

Жылдар

  1. Ұпай -Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәліметтер қай жылдан бастап кездеседі? 542жыл

  1. Ұпай -Түргеш қағанаты қай жылдары өмір сүрді? 704-756жж

  1. Ұпай -Қай жылы Енисей қырғыздары қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты? 840 жыл

  1. Ұпай -Самарханда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тақтан тайдырған жыл? 1212жыл

Терминдер

  1. Ұпай -“Түрік” сөзі қандай мағына береді? “берік, күшті”

  1. Ұпай - Батыс Түрік қағанатында қаған әулетіне тиесілі жоғары лауазымдар қалай аталған? Яғбу, шад, елтебер

  1. Ұпай - Жалайырларда билеушіні қалай атаған? Гурхан

  1. Ұпай ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы авторлардың еңбектерінде Шығыста қыпшақтар, Русьте половецтер, ал Еуропада қыпшақтарды қалай атаған? Командар

ІІІ. “Тақымқысар”

  1. Түргеш қағанатының астанасын ата: Суяб,екіншісі Ордабасы-Іле бойындағы Күнгіт

  2. Қимақ қағанатының тарихи шеңбері: ІХ ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басы.

  3. Қарлұқ қағанатының тайпаларын ата: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін,тухси

  4. Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған ортағасырлық тарихшы: Парсы тарихшысы Гардизи

  5. «Бұдун, тат» сөздерінің мағынасы. «Халық, құл».

  6. Оғыз мемлекетінің астанасын ата: Янгикент (Жаңа Гузия)

  7. Қарахан мемлекетінің негізін кім қалады? Сатұқ Боғра –хан.

  8. Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған? Ұмай анаға.

  9. Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылған? 20 жылға.



  1. Білген сайын келеді біле бергім,
    Біле беру емес пе тілегі елдің.
    Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
    Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
    Сондықтан да келеді біле бергім
    Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
    IV айналымды бастаймыз
    ІҮ. “Нартәуекел”

  1. Араб және қытай әскерлері арасындағы шайқас. Түргештер мен қарлұқтар араб жағына шығып, соғыс бес күнге созылды. Шайқаста Қытай әскері толық жеңіліс тапты. Түркі халықтарының тағдырында үлкен тарихи маңызы бар бұл қандай шайқас және қай жылы болды? Атлах шайқасы, 751жылы

  2. Бұл мемлекетте малға жекеменшік мүлік теңсіздігінің негізі болған. Олардың негізгі бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Арғы бабалары :” Қозғала беріңдер, отырықшы болмаңдар; жоқшылықты білмей, көктемгі, жазғы және қысқы жайылымды сағалап, өзен бойымен көшіңдер” деп өсиет қалдырған. Бұл қай мемлекет? Оғыздар мемлекеті

  3. Тары мен бидай егілді, жүзім, бау-бақша өсіру дамыды. Шу алқабында болған Қытай елшісі өз ажзбаларында: “Қалаларда халықтың бір бөлігі жер өңдейді” десе, қарлұқтар туралы “Көшпелі адамдар... Алайда олар жер өңдейді”- деп жазған кім? Әл-Идриси

  4. Түргеш қағандарының теңгелері шығарылып тұрған қала. Бұл қала әкімшілік орталығы ғана емес, бүкіл Шу алқабының ірі сауда қаласы болды. Қай қала туралы айтылып тұр? Суяб қаласы

  5. Көне түркі дәстүрін ұстанған Қыпшақ хандығы екі қанатқа бөлінді. Сол қанатының орталығы Сығанақ қаласы. Ал оң қанатының астанасы қай қала? Жайық өзені бойындағы Сарайшық

  6. Иштеми қаған Қытай деректерінің бірінді 100 мың адамдық әскері бар “он тайпа қағаны” аталды. “Иштеми өлгеннен кейін, билікке Тардуш келді. Оның тұсында Батыс Түрік қағанаты түпкілікті жеке мемлекетке айналды” деп жазған зерттеуші кім? Л.Н. Гумилев

  7. 682 жылы Қытаймен соғыс барысында өздерінің мемлекетін қайта құрды. Қалпына келген мемлекет осы күнгі Монғолия аумағында құрылды. Қапаған қаған тұсында Орталық Азияны бағындырды? Бұл қай мемлекет? Шығыс Түрік қағанаты

  8. Оғыз мемлекеті Еуразия тарихында маңызды рөл атқарды. Оғыздар Еділ бойымен өтетін сауда жолына бақылау орнату үшін 965жылы қай мемлекетпен одақтасып, Хазарларды талқандады? Киев Русімен

  9. Араб тарихшысы әл-Идриси қимақтардың Ертіс және Алакөл аймағында орналасқан неше қаласын атап өтті? 16 қала

  1. Тауды биік деме сен,
    Талаптансаң, шығарсың.
    Қарсылас мықты деме сен,
    Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.









.

.

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!