1-жүргізуші:Армысыздар ұстаздар, оқушылар
және география сүйер қауым.Бүгінгі сіздермен өткізгелі отырған «Ұлы
географтар» атты кешімізге қош
келдіңіздер.
2-
жүргізуші: Орасан зор
ілімді
Кім енгізді
ғылымға?
География деп
бастады
Ол ғалым кім шынында дей
отырып,ортаға Географиямыздың атасы атанған көрнекті ғалымды
шақырамыз.
Эратосфен:
География
ілімін
Мен енгіздім
ғылымға
Жерді өлшеу
туралы
Мәлімет жаздым
кітапқа
Меридиандарды
белгілеп,
Карталарды да
салдым
Осылайша мен
берен
Ұлы географ
атандым
Александр,Магелландар
Менін ізімді
қуғандар
Эратосфенмін
географ
Осылайша мені
атандар.
1-жүргізуші:Жарайды, географ Эратосфен.
Шыныменен де ұлы атқа лайық екенсіз. Географияны ғылымға
енгізгеніңізге көп рахмет.
2-жүргізуші:Эратосфен,олай болса сіз
сияқты тағы да географтар бар болашақ.Солармен де таныса
кетейік.
1-жүргізуші: Ортаға ұлы саяхатшыларымыз
келсін!
Александр
Македонский:
Сәлем бердім
Эратосфен
Ізіңді қуып мен
келем
Үнді мұхит
жағалауын
Парсылардың
шығанағын
Каспий теңізі және
сақтарын
Географияға
ақтардым
Мен Александр Македонский
боламын!
2-жүргізуші: Жарайсың Македонский, ал сіз
кімсіз?!
Аристотель:
Мен
Аристотель
Көптеген ғылымға
енген
Жерді шар тәрізді
деген
«Аспан туралы» атты
еңбегімде
Жердің көлемін
көргенмін
Осылайша география ғылымына
мен де үлес қалдырғанмын.
1-жүргізуші:Сіз де өзіңіз жайлы айтып
беріңіз.
Магеллан:
Жер шарын бір
айналып
Шар тәрізді
дегенмін
Аристотельдің айтқанын
дәлелдеп те көргенмін
Португалдық
дворянинмін
Тынық мұхитын да
ашып
Судың құрлықтан көп екенін
білгенмін.
2-жүргізуші: Көрдіңіздер ме, португалдық
зерттеуші де бар екен. Ал сіз кім боласыз?
Васко да
Гама
Дворянині
португалдың
Васко да Гама мен
боламын
Магелланмен замандас
болып
Үндістанға жол
ашқанмын
Африканы айнала
жүзіп,
Осылайша,Еуропадан Үндістанға
барғанмын!
1-жүргізуші:Мына құпия ғаламшарда бір
жаңалық ашсам,қуанышымның шегі болмас еді.Сіздер қандай
бақыттысыздар.Олай болса сіздерге арнап ән жолдайық географтар! (Ән
айтылады,ортаға қалған саяхатшылар келеді)
2-жүргізуші:Қараңыздаршы,мұнда тағы
зерттеушілер бар екен.Олармен де
танысайық.
1-жүргізуші: Өзіңізді танытасыз
ба?
Христофор
Колумб
Алтынды Үндістанға саяхат
жасап,
Жол аштым деп ойлап,өзіме
белгілі Үндістан
Ал әлемге белгісіз, Жаңа
дүниені ашқан
Мен де әлемге Христофор Колумб
деген атпен танылдым!
2-жүргізуші:Бекзат,жаңа бізге Үндістанға
баратын жолды Васко да Гама аштым деп еді ғой.Сонда қалай
болғаны?
1-жүргізуші:Иә,Жібек,олай болса тағы бір
ғалымнан сұрайық,ол бізге саяхаттың сырын ашып беретін
шығар?
Америго
Веспуччи
Атым Веспуччи
Америго
Колумбтың ізімен
шыққан
Ол Үндістанды
емес
Жаңа Дүниені
ашқан
Үндістанды аштым
деп
Жарияға жар
салған
Васко да Гама Үндістанға
жолды
Христофор Колумб Американы
тапқан.
Сол құрлықты Үндістан
емес
Жаңа Дүние бөлігі екенін
дәлелдедім!
Сондықтан да белгісіз
құрлыққка Америка аты берілді.
2-жүргізуші:Бізге керемет жаңалықты айтып,
Жаңа Дүниені ашып бергеніңіз үшін сізге Америго Веспуччи шексіз
алғыс білдіреміз.
1-жүргізуші:Қалай ойлайсыздар,Біздің
Отанымыз Қазақстан жерін де зерттеген,қазақ жеріне аяқ басқан
саяхатшылар бар ма екен?
2-жүргізуші:Әрине бар,оны дәлелдеу үшін
ортаға Қазақ жерін зерттеген саяхатшыларды шақырамын. Қош
келдіңіздер! Құрметті зерттеушілер!
Махмуд:
Мен Махмуд
Қашғари
Қазақ жерін
зерттедім
Жер шар тәрізді болған
соң
Картаны «Дөңгелек»
бейнеледім
Карта сызып
қоймадым
Зерттеуді көп
ойладым
Картамды менін
ғалымдар
Түркі әлемінің ескерткіші
атады.
1-жүргізуші:Ал сіз сондай көреген екеніңіз
көрініп тұр,өзіңіз жайында сыр шертіп
беріңізші.
Мен ғалыммын асқан
ойшыл
«Шығыстың Аристотелі»
атанған
Орта Азия мәдениетінің ірі
орталығы
Отырарда дүниеге
келген
Балалығым Арыс-Сырдария
бойында өткен
Кереметпен
жасалған
Түркінің
ғұламасы
Көп тілді жетік
меңгерген
Әбу Наср әл-Фараби мен
боламын.
2-жүргізуші:Таңқаларлықтай,Ұлы
ғұламалардың мекені болған,Отанымыз Қазақстанмен танысатын да кез
келді.
Мен
Тянь-Шань
Биік тауды
зерттедім
Ол тауға өз есімімді
бердім
Мен жанартау атқылауынан пайда
болмадым
Батыс Еуропа ғалымдарымен
келіспедім
Көптеген саяхатшылардың
зерттеулерін ұйымдастырған
«Тәңір шыңы» атанған,Шоқанмен
де кездескен тау.
1-жүргізуші:«Аққан жұлдыз» атанған Шоқанды
да алып келіпсіз,Шоқан өзіңізді таныта
кетіңіз.
Мен Шоқанмын,Қазақ жерінде
туылған
Абылайдың Уәлиханының
ұрпағы,
Тұңғыш қазақ географы
атанған
Орыс тілінде хат
таныған,Потанинмен достасып,
Тянь-Шаньскиймен танысып,Орыс
география қоғамына мүше болдым
Қашқарияға сапар
шегіп,география ғылымына зор үлес қостым
2-жүргізуші:Бәрекелді!Шоқан!Барлық қазақ
халқы сіз сияқты дарабоз болғай.Сөзді келесі зерттеушімізге
береміз.
Карл Максимович
Бэр:
Табиғатты зерттеп,саяхат та
жасадым
Ең елеулі саяхатым Каспийге
барғанымда
Онда 4 жыл зерттеулер
жүргізіп,оралып қайтқанымда
Тұз күмбезін
ұсындым
Оларды «Бэр» деп
атады
Өзімнің аты-жөнім – Карл Бэр
болады.
1-жүргізуші:Жарайсың,Карл біздің
табиғатымызды да зерттеп,үлес қосыпсыз.Ендігі таныстыруымызды ,ең
жас дәуірдегі қазақ зерттеушімізге
береміз.
Қаныш
Сәтбаев:
Мен Қаныш
Сәтбайұлы
Қазақтың
геологы
Жезқазғанды
зерттедім
Ашылмаған қызықтар көп
дедім
Геологияға үлес
қостым
Бүгінгі күні қазіргі жастар
менің сенгенім.
2-жүргізуші:Сіздерге рахмет ұлы
тұлғалар.Осы көрнекті ғалымдарымызға арнап ән жолдаймыз.(Ән
айтылады,қатысқан оқушылар сахнаға
шығады).
1-жүргізуші:Құрметті
көрермендер!Сөз кезегін мектебіміздің дара тұлғасы Гаухар
Сманқызына береміз.Бүгінгі «Ұлы географтар» атты кешімізге
келіп,назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.Келесі география кешінде
кездескенше,сау болыңыздар!