Материалдар / «Сыныптан тыс сабақтарда креативті тапсырмалар жасау арқылы ағылшын тілі грамматикасын игеру тиімділігін арттыру»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Сыныптан тыс сабақтарда креативті тапсырмалар жасау арқылы ағылшын тілі грамматикасын игеру тиімділігін арттыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез келген шетел тілін оқытуда сол тілді үйренумен қатар сол елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін жалпы болмысын жақыннан тану көзделеді. Демек тіл үйрену дегеніміз грамматикалық ережелер мен сөздерді үйрену емес, ол үлкен кешенді, жан-жақты қамтылған үдеріс. Шетел тілін үйренудің басты талаптарының бірі оны үздіксіз оқу екендігі бәрімізге белгілі, сонымен қатар тиімді таңдалған әдістер тілді игеруде орасан зор пайдасын тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2021
1353
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алдашев Сакен Кожаниязович


  1. Тәжірибе авторы жөнінде мәлімет



  • Тәжірибе авторы: Алдашев Сакен Кожаниязович


  • Жұмыс орны: Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ


  • Педагогикалық өтілі: 6 жыл


  • Мамандығы: шет тілі; екі шетел тілі бакалавры


  • Пәні: ағылшын тілі



  • Байланыс телефоны: 87778012290





































2.Тәжірибе бағыты жөнінде ақпарат



Тәжірибе тақырыбы:

«Сыныптан тыс сабақтарда креативті тапсырмалар жасау арқылы ағылшын тілі грамматиксын игеру тиімділігін арттыру».

Тәжірибенің мақсаты:

Ағылшын тілін үйретуді тиімді жүйелеу арқылы оқушыладың грамматиканы жылдам әрі оңай меңгеруіне жағдай жасау.


Міндеттері:

- оқушының пәнге қызығушылығын арттыра отырып, білімін тереңдету;

- оқушының сабақта алған білімін тәжірибеде пайдалана білуге жетелеу;

- оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін кеңейту.


Өзектілігі:

Қазіргі білім мен ғылымның, жаңа оқыту технологияларын қарыштап дамып жатқан заманында солардың арасынан тиімді оқыту әдістерін дұрыс таңдай білу аса маңызды. Қазір білім алу үшін барлық жағдай жасалған және ақпарат көздері де жетерлік. Тек соларды оқушы мүддесіне сай дұрыс жүйелеп пайдалана білу мұғалім үшін басты міндет.


Жаңашылдығы:

Грамматиканы оқушыларға ереже жаттап соған байланысты тапсырма орындату сияқты үйреншікті зерігерлік күйде өткізбей, оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыратын креативті тапсырмалар дайындау арқылы үйрету.


Перспективалық жоспары:

Оқушылардың ағылшын тілін игеру деңгейін жоғарылату мақсатында оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау сияқты тілдік дағдылардың барлығын қамтитын тапсырмалар жинағын жасап шығару.









3.Тәжірибені теория жүзінде негіздеу



Кез келген шетел тілін оқытуда сол тілді үйренумен қатар сол елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін жалпы болмысын жақыннан тану көзделеді. Демек тіл үйрену дегеніміз грамматикалық ережелер мен сөздерді үйрену емес, ол үлкен кешенді, жан-жақты қамтылған үдеріс. Шетел тілін үйренудің басты талаптарының бірі оны үздіксіз оқу екендігі бәрімізге белгілі, сонымен қатар тиімді таңдалған әдістер тілді игеруде орасан зор пайдасын тигізеді. Еліміздегі мектептерде шетел тілін оқытудың бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарлама бойынша шетел тілі сабақтары ең көп дегенде аптасына үш рет оқытылады. Оған қоса шетел тілін оқытуда білім беру стандарты бойынша арнайы бекітілген жоспар және оқулықтар болғандықтан, кейде біздер сол дайын жүйе шеңберінен шыға алмай жатамыз. Ал шетел тілін оқыту шығармашылықты, жан-жақты ізденісті, оқушылардың қабылдау қабілеттерін айқындай алып, соған байланысты әдіс-тәсілдерді тыңғылықты дайындай білуді талап етеді. Өйткені әр оқушы жеке индивид, барлығының қабылдау, тілді игеру қабілеттері бірдей бола бермейді. Кейбір оқушылар визуалды типке жатса, кейбірі аудиалды, ал тағы бірі кинестетик болу мүмкін. Сондықтан оқушылар сабақ уақытында оқу мазмұнын толық меңгеріп үлгере алмай қалып жатады. Осы кезде жан-жақты зерттеліп, әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүйеленіп өткізілетін сыныптан тыс сабағының тигізетін көмегі өте көп.


Сыныптан тыс жұмыс кезінде мұғалімнің негізгі міндеттері мыналар:

· оқушылардың білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету және кеңейту;

· логикалық ойлау мен шеберлікті дамыту;

· неғұрлым дарынды және қабілетті балаларды анықтау, олардың одан әрі дамуына ықпал ету;

· шет тілдеріне қызығушылық қалыптастыру;

· балаларды қызықты сабақтарға тарту,

· тәртіпті нығайту, мақсатқа ұмтылушылыққа, ұйымшылдыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу.


Егер сыныптан тыс іс-шараға шет тілі кабинетіндегі және сабақта қолданылатын оқыту құралдары барынша орынды тартылса, шет тілін оқыту неғұрлым тиімді болады. Алайда, кез келген оқыту үдерісінде басты дирижер ол мұғалім, оның білімі, қабілеті, ізденімпаздығы, креативтілігі, жоқтан бар жасай алуы.





4.Білім беру үрдісін ұйымдастыру


Сыныптан тыс сабақтың үлкен артықшылығының бірі мұғалім белгілі бір стандартқа бағынбай, өз креативтілігін еркін пайдаланып, сабақты өз қалауынша жоспарлай алады. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде оқытушыдан оқушылардың мүдделерін мұқият және жан-жақты бақылау және зерделеу, олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу талап етіледі.


Оқытудың қандай да бір деңгейі үшін сыныптан тыс іс-шараның тақырыбын таңдау бір жағынан, тілдік материалдың көлемімен, екінші жағынан, оқушылардың жалпы білім беру дайындығы деңгейімен, кейбір пәнаралық байланыстарды іске асыру мүмкіндігімен айқындалады. Оқушылардың оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарға қатысуда алған білімдері мен іскерліктерін барынша пайдалану, оларды жаңа материалды, әсіресе таныс емес лексикалық бірліктер мен грамматикалық құбылыстарды оқытумен барынша аз жүктеу қажет.


Сөз таптарына байланысты менің пайдаланатын қызықты тапсырмаларымның бірі «Speech Detectives» (Сөз детективтері) деп аталады.Бұл тапсырма аса көп дайындықты қажет етпейді, бастысы ағылшын тіліндегі кітап болса болғаны [1] .Оқушыларға сол кітаптағы мәтінді оқып зат есім, етістік, сын есім, есімдік т.б сөз таптарын тауып және оларды топтастырып жазу қажет. Мұны қызықты ету мақсатында мен оқушыларыма детективтердікіндей қалпақ пен көзілдірік кигіземін. Бұл реквизиттер оқушылар өздерін шынайы детективтер сияқты сезінуге мүмкіндік туғызады және қосымша эффект береді. Осылайша грамматикалық сабақ қызықты өтеді.




1-сурет. «Speech Detectives» (Сөз детективтері) тапсырмасын

орындау барысы




Менің оқушыларым сөз таптарын жазып алуға түрлі түсті стикерларды пайдаланады, ал мен тақтаға қандай түстегі стикерге қай сөз табын жазу керектігін көрсететін түс кодтарын жазып қоямын [2].













2-сурет. Сөз таптарын категориялау түс кодтары.

Мәтінді оқу арқылы сөз таптарын айқындау оқушыларға грамматиканы үйретумен қатар ағылшын тіліндегі мәтінді оқып түсіну қабілеттерін арттырудың оңай жолы.



Екінші тапсырма «Message»(Хабарлама). Бұл грамматикалық сабақты іш пыстырарлық етпей өткізудің тағы бір әдісі. Мұны ұялы телефон немесе қарапайым карточкалар арқылы жасауға болады [3]. Мен оқушыларға орфографиялық және грамматикалық қателері бар хабарлама жіберемін,ал оқушылар болса сол қателерді түзетіп өзіме кері хабарлама жіберулері қажет. Тапсырма барысында оқушылар өздерін мұғалім сияқты сезінуі олардың қызығушылықтарын арттырып шабыт береді. Бұл қызықты грамматикалық тапсырма жоғарғы сынып оқушыларына қолдануға өте тиімді. Олар грамматикалық және орфографиялық ережелерді өз қалта телефондары арқылы естеріне түсіріп бекітеді.

3-сурет. «Message»(Хабарлама) тапсырмасы.


Үшінші тапсырмам «Teacher’s mistake» (Мұғалімнің қатесі) деп аталады. Бұл тапсырмада плакатқа бірнеше сөйлемдерді әдейі қатемен жазамын [4]. Оқушыларды топқа бөліп, оларға стикерлер беріп оларға плакаттағы қателерді тауып, өз стикерлеріне жазуға тапсырма беремін. Мен плакатты басқа да оқушыларға пайдалана алуым үшін олар оны бүлдірмей қате кеткен жерлеріне стикерлерін жапсырады. Олар қателерді түзеп болған соң әр топ бір-бірінің плакаттарына қарап, қандай да бір жіберілген қателері болса түзетеді.



3-сурет. «Teacher’s mistake» (Мұғалімнің қатесі) тапсырмасы бейнеленген плакат



Грамматиканы оқытудағы мақсат – ол сауатты жазу және сөйлеу қабілеттерін дамыту болып табылады. Әрине, грамматиканы өз алдына бөлек оқыту керек деген тұжырым да бар. Алайда оны мәтін контекстінде ұзақ сөйлемдердегі қателіктерді табу арқылы үйрету оқушылардың грамматикалық ережелерді жаттап қана қоя салмай, олардың ойлау қабілеттерін белсенді етеді. Осы тапсырма жоғарыда аталған екі мақсатқа да жетуге көмектеседі.


Келесі тапсырма «Read aloud» (дауыстап оқу) деп аталады. Мен оқытатын барлық сыныптарыма дауыстап оқу әдісін қолданамын. Әдемі оқу барлық оқушыға ұнайды. Интонацияға, оқу жылдамдығы мен мәнеріне назар аудару оқушылардың оқу қабілеттерін шыңдай түседі. Сондықтан грамматикалық тұжырымдамалар мен ережелерді оқушылар тарапынан қайта қарастыру мақсатында дауыстап оқуды пайдаланамын. Бұл әдіс оқушыларға грамматиканы оқу, жазу, сөйлеумен үнемі байланыстырып отыруға көмек береді. Соның арқасында олар грамматиканы жеке дара дағды емес, оның сөйлеуге, оқуға, жазуға қалай әсер ететіндігін түсінеді.



5.Тәжірибенің нәтижелілігі


Тәжірибе мен оқытатын сыныптарда 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Қол жеткізген нәтижелер тәжіриебенің тиімділігін дәлелдейді. Оны төмендегі соңғы екі жылдағы мектебіміздегі ағылшын тілі бойынша білім сапасының салыстырмалы түрде көрсетілген диаграммасынан көруге болады.




Қызықты тапсырмаларды жүйелі, үздіксіз орындау барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары біршама жоғарылап, білім деңгейлері көтерілді. Нәтижесінде оқушылар әртүрлі олимпиада мен сайыстарға қатысып, аудан,облыс және республика көлемінде жүлделі орындарды алып жүр. Атап айтқанда, аудандық пәндер олипиадасының соңғы үш жылдық қорытындысы бойынша: 2018-2019 оқу жылында ағылшын тілі пәні бойынша 3-орын, 2019-2020 оқу жылы 3-орын, 2020-2021 оқу жылы 2-орын иемденді. 2020-2021 оқу жылы 9-сынып оқушысы Майлан Перизат «Тілдарын» байқауының аудандық кезеңінде 1-ші орын алып облыстық кезеңіне өтті, нәтижесінде сертификатқа ие болды. Сонымен қатар 6-сынып оқушысы Жұманбай Дәулет 2020-2021 оқу жылы ҚР Білім және Ғылым минстрлігі және Дарын ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткізілген 5-6 сыныптар арасында республикалық олимпидаға қатысып, нәтижесінде аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерінің барлығында бірінші орындарға ие болып жеңімпаз атанды.

Қорытындылай келе айтқым келетіні оқытудағы басты маңызды фактор ол – мұғалімнің жан-жақтылығы, шығармашылдығы мен ізденімпаздығы, өз жұмысын сүюі мен жанашырлығы. Осы қасиеттер мұғалімнің бойынан табылса, еліміздің білім жүйесінің болашағы зор боларына сенімдімін.



























10


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!