Материалдар / Сыныптан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара "Физикада кім жүйрік?" 7-8 сынып оқушыларына арналған интелектуалды сайыс сабағының жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2022
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебі











Сыныптан тыс іс - шара









Тақырыбы: «Физикада кім жүйрік?» атты интелектуалды сайыс













Дайындаған: Кенжеғұлова Ә.И.

Купжасарова А.К.

Қатысқан сыныптар:7,8









2021-2022 оқу жылы

Орал қаласы

Тақырыбы: «Физикада кім жүйрік?».

Сабақтың мақсаты:

Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.

Мақал мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалануға,қызықты логикалық сұрақтарға жауап бере білуге,ойлау қабілетін дамыту.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Мінеки, мұнда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Командалар сайысын,

Көпшілікті тостырмай,

Міне, қазір бастаймыз.

Топ басшылары яғни менің көмекшілері өз топтарындағы оқушыларды жекелеп таныстырады және топтың аты мен ұранын айтады.

Сайыстың барысы:

І. Сырлы сауалдар.

ІІ. Ғажайып сандықша.

ІІІ. Мақал мәтелдер. Жұмбақтар.(Сәйкестендіру).

ІV.Тұлғалар. (Ғалымдардың аты жасырылады)

V. Маған айтсаң – мен ұмытамын, Маған көрсетсең – мен есте сақтаймын, Маған жасатсаң – мен түсінемін. (Эксперимент.)

VI. Көрермендер ойыны

І- кезең. Ойла , ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген,

Сауалдарды білмесең

Өте алмайсың көпірден. «Сырлы сауалдар» кезеңі.

1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

2. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

3. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

4. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

5. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)2-т

6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)2-т

7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)2-т

8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады) 2-т

ІІ - кезең.

Енді біздің оқушыларымыз, физиканың құралдарын, формулаларын, өлшем бірліктерді қалай естеріне сақтайды екен тексеріп көрелік. Екінші кезеңде «Ғажайып сандықша » сайыскерлерімізге физика пәні бойынша түрлі құралдар,формулалар,өлшем бірліктер жасырылады.

І топ. Динамометр ,секундомер, жылу мөлшерінің өлшем бірлігі, тығыздықты табу формуласы

ІІ топ. Термометр, таразы, массаның өлшем бірлігі , жылдамдық формуласы

Жүргізуші:

Физика еді өмірдің

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен

Елімнің өзен, даласы.

ІІІ - кезең. Мақал- мәтелдер.Жұмбақтар. Интерактивті тақтада көрсетілген мақалдардың мағынасын айту қажет.

Мақал –мәтел.Жұмбақтар.

Физикалық мағынасы.

1. Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді. (Диффузия.)

2. Аяқ сүрінсе , басқа салмақ түсер. (Инерция.)1-т

3. Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен (Жылуөткізгіштік).

4. Отқа салса, темірде балқиды. (Балқу процессі.)

5. Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар. (Заттың күйі)1-т

6. Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас. (Механикалық қозғалыс.)1-т

7. Жел соқпаса шөптің басы қозғалмайды. (Ньютонның бірінші заңы.)1-т

8. Ас адамның қуаты, ат адамның қанаты.(күшті,энергиясы мол, күш көп)

9. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)

10. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)

11. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)

12. Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған.

Қай жүйрік Архимедті басып озған,

Жалынды патриот, батыр ғалым

Ғасырлар түпкірінен қолын созған.

ІV.Тұлғалар. (Тұлғалардың аты жасырылады).Сіздердің топ басшыларыңыз сіздерге түсінікті етіп, ғалымдардың атын жасырады. Сіздер сол ғалымдарды табуларыңыз қажет. Уақыт бір жарым минут.

1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым. (Ньютон)

2. Қысымның өлшем бірлігі қай ғалымның құрметіне берілген? (Блез Паскаль)

3. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)

4. Жылу мөлшері,энергия,жұмыс өлшем бірліктеріне аты берілген ағылшыни ғалымы (Джоуль)

5. Француз ғалымы.Ол сұйықтармен газдардың бірқатар маңызды қасиеттерін ашып зерттеген.Атмосфералық қысымның бар екенін қызықты әрі нанымды тәжірибелермен дәлелдеген.( Б.Паскаль)

6. Екінші ұстаз атанған ұлы ғалым: (Әл –Фараби)

V. Маған айтсаң – мен ұмытамын, Маған көрсетсең – мен есте сақтаймын, Маған жасатсаң – мен түсінемін. (Эксперимент.)

VI. Көрермендер ойыны.

1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

2. Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4. Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)2-т

5. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)2-т

8. Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)

9. Жай көзге көрінбейді

Қозғалуға ерінбейді (молекула)

11. Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды (температура)





Бүгін көріп, тамашалаған интеллектуалды ойынымыз, «Физикада кім жүйрік?» сайысы оз мәресіне жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген команданы және «ең үздік ойыншыны» анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!