Жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар, оқушылар. Бүгін «Болашаққа нық қадам:
рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты көркем эстетика
пәндер бірлестігі фестивалінің аясында өткізгелі
отырған «Үлкендер жолы –
ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты
атаулы кабинеттер мерекесі
күніне қош келдіңіздер. Президент Нұрсұлтан Назарбаев
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты
мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен
олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау
жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға
шақырды. Жобаның басты мақсаты
–Тәуелсіздік дәуірінде
еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге
лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның
келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа
есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба
жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына
өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз
керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен
ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау
тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір
облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз
тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Осындай игі
істермен тұспа-тұс келетін бүгінгі шарамыз мектебіміздің ардагер
ұстаздарының есімін оқу кабинеттеріне беру үшін арналып
отыр. Ісім оңсын
десеңіз,
Сол істің маманы
болыңыз.
Даңқым шықсын
десеңіз,
Көпшіліктің адамы
болыңыз, -деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола
білген бүгінгі мереке ардагер ұстаздарымызға арналады. Білім
беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты
оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы
ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетіп
қоялық. Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады, Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге
арналады. дей келе бүгінгі мерекелік
шараны ашу үшін сөз кезегі
мектеп директоры Қуанышева Жанаргүл Дәулеткерейқызына
беріледі.
Ән:
«Ассалаумағалейкум» Орындайтын 8 сынып оқушысы
Бақбергенов Әсет. Қабыл алыңыздар.
Мен алғаш мектеп есігін
ашқанымда,
Күнім болып көріндің
аспанымда.
Білім болып егілдің жас
жаныма,
Гүлің болып төгілдің
асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала
қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың
ба?
Бастауыш апайларым жас жадымда! деп өлең
жолдарын бастауыш сынып мұғалімдеріне арнай
отырып, білім беру саласындағы ұзақ жылғы
жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде
біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер
ұстаздарымыз Дарибаева Гульсим Исаевна,
Ильясова Жаңылсын Умарбаевна, Кошкилбаева Сауле Ашимовнаның есімін
бастауыш класс кабинеттеріне, және қазақ тілі мен әдебиетіне
кабинетіне Тахауиева Улжан Тахауиевнаның есімін беру үшін
мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Раева Райса Сейдалиевнаны
ортаға шақырамыз.
5 сынып оқушысы Ағыбай Алдиярдың
орындауындағы «Аққу»
күйін қабыл
алыңыздар. Жас ұрпаққа
жалынды
Сөз маржанын
дарытқан.
Алдындағы
баламен,
Тіл арқылы
табысқан
Орыс тілін
меңгерген
Үйретуді жөн
көрген
Ұстаздарымыз
әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өн берген! Келесі құттықтау сөз
кезегін мектебіміздің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Муфтакова Маншук Шуиншалиевнаға № 14 орыс тілі мен әдебиет
кабинетіне Батырбеков Елеусиз Батырбековичтің Чурилина Раиса
Петровнаға мұғалімдер бөлмесіне, ағылшын тілі кабинетіне
Қазанғапов Жантуре Шулаковичтің есімін беру үшін
беріледі
Қосып, алып, бөліп тағы
көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды
теңейткен.
Зияда апай сізге мың
алғыс,
Есептеуді бізге талмай үйреткен! № 15
математика кабинетіне мектебіміздің ардагер ұстазы Сагинтаева Зияда
Сагинтаевнаның есімін беру үшін мектебіміздің математика пәнінің
мұғалімі Саршина Алия Мақатаевнаны ортаға
шақырамыз.
6 сынып оқушыларын испан биімен ортаға шақырамыз.
Бар ғұмырын химияға арнаған,
Ол білмейтін ешбір
элемент қалмаған
Калима апай сізге де
үлкен алғыс,
Химияны ойға тоқып, үйретуден
талмаған!
№ 23 химия кабинетіне Берекенова Калима Сагиевнаның есімін беру
үшін мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Батырбекова Карылгаш
Каменовнаны ортаға шақырамыз.
Ген, рнқ, днқ деп тіл
қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген
жұмбақтан.
- сен әкеңе ұқсағансың, балам – ау, - деп
біздерге
Башир ағай Сәулетай апайымыз биологиядан үн
қатқан!
№ 12 физика кабинетіне Ибрагимов
Башир Ибрагимовичтің есімін беру үшін мектебіміздің орыс тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі Ахметова Фаузия Фазыловнаға, № 2 биология
кабинетіне мектебіміздің ардагер ұстазы Киятова Саулетай Киятовнаға
есімін беру үшін биология пәнінің мұғалімі Бураханова Людмила
Геннадиевнаны шақырамыз.
Ән:
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен
шарлаймыз
Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан
қалмаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып
есіктен,
География, Қуаныш ағай келді деп біз
жайнаймыз.
№ 21 география кабинетіне Ахметов Қуаныш Ахметовичтің, тарих
кабинетіне Хаиров Габбас Газизовичтің есімін беру үшін Ахметова
Фаузия Фазыловна мен Жарылкасынова Гулжанат Калуовнаны ортаға
шақырамыз
Ұстатып балға
сүргіні,
Қайнаған еңбек
қызулы,
Арамен қалай
кесуді
Үйретеді тағы, сызуды дей келе келесі сөзді №
27технология кабинетіне Разакберген Муса Разакбергеновичке,
шеберхана кабинетіне Айтуов Жақсылық Айтуовичке есімін беру үшін
мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Бертилеуова Лаура
Мусавнаны ортаға шақырымыз.
Спорт- көркі
өмірдің,
Спорт-досың,
серігің
Жаттықсаң шымыр
боларсың
Шынығып, өсіп,
толарсың.
-деп балаларға салауатты өмір салтын ұстануға
үйреткен Жиенгалиев Алмас Жиенгалиевичтің есімін мектеп спорт
залына беру үшін мектебіміздің директоры Қуанышева Жанаргүл
Дәулеткерейқызын ортаға шақырамыз.
Зерделеп өнегені бала
жастан,
Ұстаз болып жаралған әуел
бастан.
Жылы жүрек, жүзінде мейірім –
шуақ,
Ғибраты ұстаздың – ұлы
дастан
Ендігі сөз кезегін мектебіміздің
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Науанов Кадирбек
Балатайұлына № 1 кабинеттің есімін Кулимбетов Картбай
Кулимбетовичке беру үшін ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қойған,
өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен
ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген
ардагерлеріміздің орны ерекше.
Ұлылықтың ұйытқысынан
жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр
алған.
Шапағатты шуақ сепкен
ұстаздар Өздеріңнен бастау алар бар
арман
Ән:
«Қазақстаным» Орындайтын: 10 сынып оқушысы
Рыскалиев Алдяир. Қабыл алаңыздар Құрметті қонақтар, ардақты
ұстаздар! «Үлкендер жолы –
ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты шара өз мәресіне
жетті.
Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебі
«Үлкендер жолы -
ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»
/атаулы кабинеттер мерекесінің
сценарийі/
30 қараша, 2017 жыл