Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс шара «Бала зорлығы – қоғам қасіреті»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Бала зорлығы – қоғам қасіреті»
Мақсаты: жәбірлеу мәселесі бойынша ата — аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және алдын алатын мүмкіндікке әкелетін ата — ананың тәртібінің алгоритмін дайындау.
Міндеті:
· ата - анаға бала өз бала шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керектігін естеріне түсіру;
· жәбірлеу туралы нақты ақпарат беру;
· ата - аналарға бала тәрбиесінде есепке алатын ескертулер ұсыну.
Жиналыстың дайындық кезеңі:
1. Жиналыс өтпес бұрын алдын — ала арнайы бейнеролик көрсету.
Мақсаты: жасөспірімдердің ортасындағы зорлық, қатыгездік, мәселелері туралы ақпарат беру. Зорлық, қатыгездік мәселелерінің алдын алу шарттарымен таныстыру, шешу жолдарын анықтау.
2. Дискуссия өткізу «Қатыгездіктің, зорлықтың құрбаны кім?» тақырыбында. Құрбаны болмау үшін уақытымызды бос жібермей, өзіміздің жетілуімізге жіберу керекпіз. Күн тәртібін құру.
3. Әр адам жеке тұлға және ешкімге ұқсамайтынын жеткізу, өз өміріміз өз қолымызда екенін түсіндіру, ережелерді бірге қабылдау және өзін — өзі бағалау декларациясымен таныстырып, өмір құндылығын сезіндіру.
Барысы:
Интерактивті тақта,нақыл сөздер.
Жиналыс барысында ата-аналармен «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» сауалнамасын жүргізіледі.
Ата-аналарға балалардың алдын ала жазған ой пікірлерімен таныстыру.
Кіріспе сөз
Құрметті, ата — аналар! Бала өз бала шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керек. Шетел мамандары қауіпсіздіктен арылған, түрлі жәбірлеуден өткен балаларды «дамуға бейімделген» дап атайды. Мұндай қобалжулардың әсерлері қайтымсыз және өмір бойы өз септігін тигізеді. Мәселенің маңыздылығына байланысты «жәбірлеу» мен «баламен қатал болу» түсініктерінің мәнін анықтау қажет.
Ата — аналарды ІІ топқа бөліп,төмендегі сұрақтарға жауап берулерін сұраймын.
1. Бала тәрбиесіндегі қатыгездік дегенді қалай түсінеміз?
2. Балаға қатысты зорлық дегенді қалай түсінеміз?
5-7 минут уақыт беріліп, пікірлері тыңдалады.
Балаға қатал қарауда түрлі ұйымдар, мысалы, дін, сот, милиция, мектеп, психиатриялық емханалар, сонымен қатар туыстар болуы мүмкін.
Ересектер балаға қатал болады, егер:
1. Өз артықшылықтарын көрсетсе;
2. Балаға малай, құл ретінде қараса;
3. Балаға тікелей қатысты немесе оның тағдырына қатысты шешімдер туралы хабарламаса;
4. Әңгіме кезінде оның сөзін бөлсе.
Баланы жәбірлеудің келесі түрлерін ажыратады:
1. Физикалық жәбірлеу — ата — ананың, немесе, олардың орнын басатын тұлғалардың немесе, олардың тәрбиесіне жауаптылардың балаға әдейі физикалық әрекет жасау.
2. Психологиялық жәбірлеу — ата — ана немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар тарапынан күнделікті күтімнің болмауы, осының нәтижесінде баланың көңіл — күйі бұзылады және оның денсаулығы мен дамуына қауіп төнеді, сонымен қатар баланы қорқыту.
3. Жыныстық жәбірлеу — ересектердің баланы оның рұқсатымен немесе, рұқсатысыз немесе, оның жасы келмегендігін, яғни есі кірмегендігін пайдаланып өздерін қанағаттандыру үшін жыныстық қатынасқа салу
4. Экономикалық жәбірлеу — баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау немесе оның сауда құралы ретінде қолдану.
Балаға физикалық жәбірлеу жасалды, егер:
1. оны азаптады;
2. оны ұрып соқты;
3. оның денсаулығын бұзды;
4. оның жыныстық тәуелсіздігін бұзды;
5. оны туыстарынан, ата — анасынан және достарынан айырды;
Балаға психологиялық жәбірлеу жасалды, егер:
1. намысқа кір келтірсе;
2. балағаттаса;
3. баламен байланыс кезінде біртектілікті ұстанбаса;
4. баланы ұятлса;
5. баланы ақпаратты басқа ересекке хабарлау үшін қолданса;
6. оны қорқытса. Қорқыту әрекеттері көзқарастар, бой, жас, айқай, балаға, оның ата — анасына, достарына, жануарларына және т.б. қатысты үрей көмегімен іске асырылады.
Балаға жыныстық жәбірлеу жасалды, егер оны (оның рұқсатымен немесе рұқсатынсыз) ересек адам қанағаттанну мақсатында жыныстық қатынасқа салса;
Баланы экономикалық жәбірлеу жасалды, егер:
1. оның негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылмаса;
2. оның тәртібі ақша көмегімен қадағаланса;
3. ересектер отбасы ақшасын шашса;
4. ажырасу кезінде бала экономикалық сауда құралы ретінде қолданылса.
ХХ ғасырдағы өмір сүрген ұлы ағартушы, дәрігер, және гуманист Януш Корчаг «Балалық шақ қобалжусыз, жауапкершіліксіз және айналаның барлығы тек қуаныш әкелетін шақ» — деп түсіндірген.
1. Ата — аналарға тақтадағы жағдаяттарды шешу ұсынылады.
а) 7 жастағы Дамирдің ақыл ойы жақсы дамыған, агрессивті емес, жиі сұрақтар қояды,үлкендермен пікір-таласқа қабілетті. Ертегілер мен ертегі кейіпкерлеріне қызықпайды. Бала өзінң сыныптастары мен құрдастарымен қарым-қатынаста қиындық көреді, қарым-қатынас жасағысы келмейді, сюжеттік-рөлдік ойындардан бас тартады. Оның отбасында тек интелектуалдық ойындар ойналады, пікір -таластарда бала тек фактілерге сүйенеді. Ертегіні сахнада көрген кезде, ол : « Қалай жануарлар сөйлей алмайды ғой?» -Деп таң қалды. Ол баламен қалай жұмыс істеуге болады?
б) Анасы 5 жастағы Сәулені психологқа ақыл-кеңеске алып келді. Анасы психологқа « Сәуле анасын кішкентай қызға қызғана ма?» деген сұрақ қойды. Зерттеу нәтижесінде Сәуле анасын кішкентай алаға қызғанбайтынын көрсетті, бірақ өзі -өзі бағалауы жоғары. Сәуле екінші баланың туу себебінен өзіне деген аз көңіл бөлуді сезбеу үшін отбасындағы барлық адамдар оның тілектері мен еркелігін орындайды. Әр қимылы мен ісін мақтайды, жағымсыз қылықтары туралы пікірлерді тыңдамайды. Қияңқы әрі ерке болып өсіп келеді. Ол баланы қалай дұрыс тәрбиелеу керек?
в) Сіз балаңызды жазаладыңыз, бірақ ол кінәлі болмай шықты. Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?
г) Соңғы 2 жұмада балаңызға қандай мақтау немесе жазалау қолдандыңыз?
2. Қорытынды
Шынына келсек, бала өмірі, — қобалжулар тізбезі. Бала бәріне тәуелді, ешнәрсеге құқығы жоқ, ересектер оны адамға санамайды. Ата — ананың есіне отбасының көңіл — күйі мен баланың сыртқы және ішкі жәбірлеуден дайындыққа әзірлігінің дәрежесі арасында тікелей тәуелділік бар екенін естеріне түсіремін. Айта кететін жайт, жасөспірімдер үшін референт топ құрдастарының мінез — қылықтары мәнді әсер етеді, сондықтан сіздің балаңыздың досы кім екенін білген маңызды.
Берілген шақтың тағы бір ерекшелігі — тыйымға әсерлері. Көбінесе тыйым теріс әрекетке әкеледі. Бала үндемей өз — өзіне, терең ойға батуы мүмкін. Сондықтан бұл кезде балалармен топтық қатынастар тиімді болып келеді, олар оқшаулану сезімінің келуіне және бала сезімдерінің тұрақтандырылуына әсер етеді. Әңгімемді ата — ана үшін ескертуді таратумен аяқтаймын.
Шешімі:
1. Алған ақпаратты қабылдап, бала өмірінде жәбірлеуге жол бермеу.
2. Ескерту материалын мұқият оқып, жадында ұстау.
Ата — ана үшін ескерту
1. Өз балаларыңызбен сенімділік қатынасын сақтаңыз.
2. Отбасында бала кез келген мәселелерді, оның ересектермен қатынастарын қоса, талқылай алатындай арақатынастар жасау керек.
3. Балалар өз өмірлерінің құбылыстары немесе достары туралы айтып жатқанда, оларды мұқият тыңдаңыз.
4. Баланы жан қобалжуларымен бөлісуге ынталандырыңыз, бұл апаттан сақтаудың маңызды шарттардың бірі.
5. Сіз балаңыздың басқа балалармен немесе ересектермен қатынастарын білуіңіз керексіз. Бір — біріңіздіен еш нәрсе жасырмаңыз, себебі, балалар қатерлі жаңғадайларды жиі жасырады.
Егер сіздің балаңыз жәбірленгенін айтса, не істеу керек?
А) Оған сеніңіз.Ол басынан өткен жәбірлеу туралы өтірік айтпайды, егерде толқып, бүге — шүгесіне дейін айтса да.
Ә) Оған ұрыспаңыз. Себебі, жәбірлеуші бөтен біреу, ал зардап шегуші — сіздің балаңыз.
Б) Оған түсіністік көрсетіп, оны мұқият және шыдамды тыңдаңыз.
В) «Қатерлі ешнәрсе болмады, барлығы да өтеді» деген сөздермен оның ауыртпалығын кемітпеңіз.
Г) Оған теріс бұрылмаңыз: егер ол сізге келіп, ұрыс, үрей және ашуға кезіксе, ол оған жәбірленуден де ауыр тиюі мүмкін.
Өзін — өзі бағалау декларациясы
· «Мен» дегеніміз — «Мен».
· Жер бетінде тап«Мен» сияқты тұп-тура дәл келетін басқа ешкім жоқ.
· Сондықтан да менен шығатынның бәрі де — бұл тек менікі ғана, себебі, мұны тап «Мен» таңдадым.
· Менде барлығы маған тиесілі: менің денем, оның жасайтындарының барлығы; менің санам, оған менің барлық ойларым мен жоспарларым кіреді; менің көздерім; мейлі қандай болса да менің сезімдерім; менің аузым мен одан шыққан сөздер; ащы да болсын, ақырын да болсын бәрібір — менің дауысым; өзіме және басқаларға бағытталған менің барлық іс–қимылдарым.
· Менің барлық қиялдарым, армандарым мен үміттерім, әрі қорқынышым бәрі де маған тиесілі.
· Менің барлық жеңістерім мен табыстарым, балрық жеңілістерім мен қателіктерім маған тиесілі.
· Осының барлығы да маған тиесілі. Сондықтан да «Мен» сенімен өте жақын таныса аламын, сені жақсы көріп, достаса аламын. Және де «Мен» бойымдағының барлығы да менің мүдделеріме ықпал ететіндей ете аламын.
· Мен өз бойымдаға кей нәрсенің өзімізді налытатынын және өз бойымда «Мен» білмейтіндей бір нәрселердің бар екенін де білемін. Бірақ «Мен»сенімен достасқандықтан және сені жақсы көргендіктен «Мен» өз бойымдағы өзімді налытатын нәрселерді шыдамдылықпен ашып, біліп, өзім туралы түрлі заттарды барған сайын көп білетін боламын.
· Тап осы сәтте «Мен» көргеннің және сезінгеннің барлығы, «Мен» айтқанның және істегеннің барлығы, «Мен» ойлағанның және сезінгеннің барлығы — менікі және де бұл «Мен» — нің тап осы сәтте кім екенімді және қайда екенімді дәл білуіме мүмкіндік береді.
· «Мен» өзімнің өткеніме көз салған кезімде, «Мен» — нің қалай ойлағанымды және сезінгенімді «Мен» — нің қалай көріп, сезінгеніме қарасам, ол «Мен» мені толығымен қанағаттандырмайтынына көзім жетеді. Мен өзіме сәйкес келмейді дегеннен бас тартуым мүмкін. Және өте қажет дегенді сақтауға және өз бойымда жаңа бір жақтарды аша аламын.
· Мен көре аламын, ести аламын, сезіне аламын, ойлана аламын, айта аламын және іс — қимыл жасай аламын. Менің бойымдағы басқа адамдармен жақын дос болу үшін, өзімнің айналамдағы заттар мен адамдардың әлеміне мән мен тәртіп енгізу үшін барлығы да бар.
· Мен өзіме ғана тиесілімін, сондықтан да «Мен» өзімді өзім жасай аламын.
· «Мен» дегеніміз — бұл «Мен», және «Мен» дегеніміз — тамаша!