Материалдар / Сыныптан тыс шара "Ең шебер, ең білімді, ең өнерлі" 8-10 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Ең шебер, ең білімді, ең өнерлі" 8-10 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәні ұстаздарына арналған көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
683
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі











8 – 10 сыныптар бойынша сайыс











Өткізген: Кадырова А.Ж.















2015-2016 оқу жылы

Күні: 07.04.16

Сыныбы: 8 – 10

Тақырыбы: «Ең шебер, ең білімді, ең өнерлі»

Мақсаты: оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын арттыруда ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Барысы: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ» дегендей 8 – 10 сыныптар арасындағы «Ең шебер, ең білімді, ең өнерлі» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы қыздарымызды шақырамыз.


Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін:

  1. Сәлемдесу

  2. Салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын ашу, пән бойынша сұрақтар

  3. «Ана көрген тон пішер» қолөнер бұйымдарын көрсету

  4. «Өнерліге өріс кең» өнерлерін көрсету

  5. «Кім жылдам?» араласып жатырған бисерлерді түсі бойынша ажырату (уақытқа)

  6. Шебер қолдар (берілген құрал-жабдықтардан бұйым құрастыру)


Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.


1 кезең

Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын,

Өзімізше өзгеріп сән құрамыз.

Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде,

Таныстырсын өздерін сайыскерлер

(сайыстың 1-ші шарты бойынша әділқазы алқасы баға береді)


2-кезең

Ақылдылық аруға жарасады

Көзі ашыққа кім бүгін санасады

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – сайысымыздың 2-ші кезеңі салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.

  1. Асығы алшысынан түсті (жолы болды)

  2. Бит қабығынан биялай тоқыған (өте шебер)

  3. Жүзіктің көзінен өткендей (сұлу)

  4. Тонның ішкі бауындай (өте жақын, өз адамындай)

  5. Қаймағы бұзылмаған (бірлігі бұзылмау)

  6. Жарғақ құлағы жастыққа тимеу (тыным таппау)

  7. Алпыс екі тамыры босады (елжіреп, мейірімі түсті)

  8. Шашасына шаң жұқпайды (жүйрік)

  9. Кежегесі кейін тарту (жалқаулану, еріну)

Сұрақтар:

  1. Иық бұйымдарына қандай киімдер жатады? ( қамзол, койлек, жейде т.б.)

  2. Көкөністен дайындалатын тағам түрі? ( салат)

  3. Шайдың отаны (Қытай, Үндістан)

  4. Әр түрлі мата қалдықтарынан орындалатын жұмыс түрі? ( құрақ)

  5. Пластмассадан, металл, керамикадан, әйнектен жасалатын ұсақ моншақтар? (бисер)

  6. Кестеге арналған ине қандай болуы керек? ( жіңішке әрі қысқа)

  7. Матаның көлденеңінен жатқан жібін қалай атаймыз? ( арқау)

  8. Ең алғаш ХV ғасырда тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо до Винчи)

  9. Ою-өрнек үлкен неше топқа бөлінеді? ( төрт)


3-кезең

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан, - дей келе келесі кезекті «Ана көрген тон пішер» деп аталатын күрделі бөлімге береміз. Әр топ өз қолөнер бұйымдарын көрсетеді.


4-кезең

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салыпты.

Осы бір сайыстардан бәйге алуға,

Барлығы аянбай-ақ жан салыпты. (Әділқазылар алқасынан әр топтың бағасын сұраймыз)


5-кезең

«Кім жылдам?» араласып жатырған бисерлерді түсі бойынша ажырату (уақытқа)


6-кезең

Берілген құрал-жабдықтар бойынша бұйым дайындау (жұмыстың уақыты, жасалу деңгейі немесе сапасы ескеріледі)


Топтарды марапаттау. Әділқазы алқаларына сөз беру.

«Біле бер, қанша білсең тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле, біле» дей келе бүгінгі «Ең шебер, ең білімді, ең өнерлі» атты сайысымды аяқтаймыз. Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!