Материалдар / Сыныптан тыс шара "Фараби шәкірттері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Фараби шәкірттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталыққа қолдануға болатын дайын жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
513
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Аудан

Мектеп: Шыңғырлау ОЖББМ

Күні: 14.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Салыкова Гульнур Аралбаевна

Сыныбы: : 10 «а», «б»

Сыныптан тыс шара тақырыбы

«Фараби шәкірттері»

Сабақтың мақсаттары

  • Математика пәні бойынша білімдерін бақылау; жүйелеу; білім танымын кеңейту; қосымша білімдер беру; олипиадалық қозғалыс және салауаттылық өмір салты принциптерін насихаттау;

  • Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып оқушылар бойындағы қабілетті ашып, талаптарын ұштау; тапқырлыққа баулу; дербестікке; өз бетінше дұрыс ойлап қисынды пікір айта білуге дағдыландыру;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кез-келген кезеңде тығырықтан шығудың жолын таба білетін, өзін-өзі басқара білуге бағыттау; Ұжым арасында ұйымшылдыққа, көпшілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • топта жұмыс істеу кезінде теориялық материалды ғылыми тілде негіздей алатын болады;

  • өзінің әрекетін сипаттап, қорытынды жасайтын болады;

  • ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады;


Құндылықтарды дарыту

Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. Оқушыларды ашықтыққа үйрету - оқушылардың өз деңгейлерін нақты бағалауды және оқу мақсаттарын қаншалықты игергендігін дәл айқындау дағдыларын ұштайды.

Пәнаралық байланыс

қазақ әдебиеті; информатика, физика


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Қайырлы күн, құрметті мұғалімдер, әділ қазылар, оқушылар.

«Әл Фараби өркениет философы» атты математика, физика, информатика пәндері онкүндігіне орай өткізгелі отырған «Фараби шәкірттері» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайыс 10- сынып оқушыларының арасында өтеді. Әр сыныптан 5 оқушыдан қатысады.

Оқушыларға қораптан ақкөңіл, пысық, жарқын жүзді сөздерін таңдатып, қолдарындағы сөздерді оқушыларды сипаттау арқылы бір-біріне беру. 2 топ құралады.

Топ мүшелерінің математика туралы пікіріне құлақ асайық.

1 – оқушы:

              Математика жүйеленген , орнықты ,үнемі дамуда болатын және мазмұны ғасырлар бойы өзгеріске ұшырамаған ғылым. Математикалық ойлау арқылы шығарылған ой қорытындылары саясатқа, идеологияға бағынбайды.

Қарапайым мысал: « 2+7 = 9» қосындысын әкімшілікпен өзгерте алмаймыз ғой.  Дәл ғылым болуының себебі осында.

2- оқушы:

Математиканың заңдары мен ережелері табиғаттан, өмірден алынған. Бірде бір ғылым математикасыз дами алмайды.  Математика өмірден алынған қарапайым пікірлерді өз тілінде модельдей алады.  Мысалы: «менің жауымның жауы маған дос» деген пікір математикада « теріс санды теріс санға көбейткенде оң сан шығады» деген мағынаны білдіреді.

3 – оқушы:

Ешбір ғылым саласында дәлелдеу математикадағы сияқты кең өріс алмаған. Ал математика ешбір пікірді дәлелдеусіз қабылдамайды. Өиткені дәлелдеу шындыққа көз жеткізу процесі.

4- оқушы:

Экология ғылымы да математикаға негізделген. Адамдардың араласуының нәтижесінде табиғаттың теңдігі бұзылып адамзат зардап шегуде. Бұл дегеніміз математиканың « теңдеу» ұғымының «теңсіздік» ұғымына айналуы.

Негізгі бөліммен танысып алсақ:

І тур – «Дешифратор» әдісі

ІІ тур – «Тарихи сандар»

ІІІ – тур – «Саналы тәрбие»

IV – тур – «Ұшқыр ойлы топ»

V тур – «Судоку»

VI- тур – «Сөздік домино»



Қазір  10 сынып оқушыларынан құралған топ мүшелері сайысқа түседі. Енді сайыскерлеріміздің өнері мен біліміне баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Әділқазылар алқасының жетекшісі:

Мүшелері:



Сабақтың ортасы






І тур. «Дешифратор» әдісі.

Әр топқа 1 минутта 15 сұрақ оқылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.«Иә», «жоқ» деп жауап беруі керек.

І топқа сұрақтар:

  1. y =cosx жұп функция. (Иә)

  2. Жад ішкі және сыртқы жад деп бөлінеді. (Иә)

  3. Ромбының әрбір ішкі бұрышы 90 градусқа тең. (Жоқ)

  4. Visual Basic – те Pset әдісі нысанға сызық салуға мүмкіндік беретін функция. (Жоқ)

  5. Квадраттың екі диогналы перпендикуляр қиылысады. (Иә)

  6. Visual Basic – те графикалық файлдарды қолдануға болады. (Иә)

  7. Сканер – ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы. (Жоқ)

  8. Үшбұрыштың медианалары бір нүктеде қиылысады. (Иә)

  9. Параллеграмның ішкі бұрыштарының қосындысы 360 градусқа тең. (Иә)

  10. Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, жөнелту, пайдалану туралы ғылым. (Иә)

  11. 24 санның 25 пайызы 6-ға тең. (Иә)

  12. y= arccosx тақ функция. (Жоқ)

  13. Драйвер – дыбыс құрылғысы. (Жоқ)

  14. 1,2,3 санының арифметикалық ортасы 3 –ке тең. (Жоқ)

  15. Паралелепипедтің көлемі V = abc – ға тең. (Иә)


ІІ топқа сұрақтар:

  1. Visual Basic – те Run мәзірі арқылы программаны іске қосуға болады. (Иә)

  2. y = sinx функциясының графигі координаталар басына симметриялы болып келеді. (Иә)

  3. Принтер – ақпаратты компьютерге енгізуге арналған құрылғы. (Жоқ)

  4. y=tgx және ctg x шектелген функция. (Жоқ)

  5. Жад – ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (Иә)

  6. 200 санының 25 пайызы 50-ге тең. (Иә)

  7. Үшбұрыштың биссектрисасы қарсы қабырғаны қақ бөледі. (Жоқ)

  8. Модем – Интернет желісіне қосылу үшін керек. (Иә)

  9. Цилиндрдің көлемі V = 2 – қа тең. (Жоқ)

  10. Үшбұрыштың биіктігі қарсы қабырғасын тең бөледі. (Жоқ)

  11. Сығу коэффициенті дегеніміз – оң таңба. (Иә)

  12. Параллель түзулердің ортақ нүктесі бар. (Жоқ)

  13. Файл – біртиптегі байттар тізбегі. (Иә)

  14. Қиылысқан түзудің бір ортақ нүктесі бар. (Иә)

  15. Транслятор – программа тілін машиналық тілге ауыстыратын аудармашы программа. (Иә)

ІІ тур «Тарихи сандар»

  1. Қазақстанның ең алғаш валютасы “теңге” шығарылған  жылмен Астананың 10 жылдығы  аралығындағы жылдардың ішінде 10-ға бөлінетін неше сан бар?

Жауабы:10-ға бөлінетін сан:  2000

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бекітілген жылы 3-ке бөліне ме?

Жауабы:Бөлінеді   1+9+9+2=21

  1. Биылғы тойланып жатқан Әл Фарабидың мерейтойының саны жұп сан ба , тақ сан ба?

Жауабы: жұп, 1150 жыл

  1. Неміс Қайта Өрлеуінің ең ірі шебері Альбрехт Дюрер (1471-1528 ж.ж.) болды, ол ұлы кескіндемеші, нақышшы (гравер), Германиядағы бірінші ренессанс типіндегі универсал суретші болды. Дюрер бейнелері күшті және зерделі, сонымен қатар қалың ой мен күмәнға толы. Суретші шығармашылық жолының басында гравюра өнерімен көп айналысқан. Дюрер жауһарларына «Апокалипсис» нақыштары сериясының 15 беті жатады, онда ақырзамандағы сәуегейлік бейнеленген. 15 жылдан соң «Салт атты, өлім және жын-пері», «Қасиетті Иероним» және «Меланхолия» атты мыстағы атақты гравюралар пайда болды. Осы «Меланхолия» атты мыстағы гравюрасында «Сиқырлы квадрат» салынған. Осы квадраттың сиқыры неде, яғни сыры неде?

16

3

2

13

5

10

11

8

9

6

7

12

4

15

14

1



ІІІ тур. «Саналы тәрбие»


«Саналы тәрбие» деп аталатын бөлімде тек құрамында саны бар мақалдарды кезек-кезек айту барысында мүдірмеу керек. Бір мақал екінші рет қайталанбау керек.


IV топ. «Ұшқыр ойлы топ»

Логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай

  1. Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген. Жауабы: 8 балық

  2. 3 конфет және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 конфет және 1 шоколад 27 теңге тұрады. 1 конфет қанша тұрады? 1 шоколад қанша теңге тұрады? Жауабы: 1 конфет – 5 теңге, 1 шоколад – 7 теңге

  3. Қашан теңеседі?

Бір ананың 3 қызы болады. Анасы 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал кенжесі 2 жасқа толады. Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Жауабы: 5 жылда

  1. Атасы немересіне 130 жаңғақ беріп, оны жаңғақ саны тең емес екі үймеге бөлуді тапсырды. Сонда кіші үймедегі жаңғақтарды 4 еселегенде үлкен үймедегі жаңғақтардан үш есе кем болуы керек. Жаңғақтарды қалай бөлуге болады? Жауабы: үлкен үймеде -120, кіші үймеде – 10 жаңғақ

  2. Қыңырдың жасы.

Есепке құмар бір кісі қыңырдан: Жасың нешеде?- деп сұрапты. Сонда ол:

- Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде? Жауабы: Қыңырдыңжасы 18 де

  1. Түн ортасы. Әкесі, баласы, анасы, атасы 4-теуі бір көпірге келді. Көпір 17 минуттан соң құлайды, 2 адамды ғана көтереді, өздерінде 1 фонарик бар. Барлығы 17 минутта қалай өтеді.

Әкесі 1 мин, анасы 2мин, баласы 4 мин, апасы 10 мин өтеді.

Жауабы: 2+2+10+1+2 = 17


V тур. «Судоку»

Ашық тұрған торкөздерді бірлік сандармен толтырыңыз. Судокудың кез келген қатарында, кез келген бағанында, кез келген 3*3 торкөз блогында бірдей цифр болмауы керек. Бірінші болып дұрыс толтырған топқа 5 ұпайдан бастап беріледі.



VI тур. «Сөздік домино»

Топтарының соңғы әріптеріне 1 минут ішінде математика, информатикадан термин сөздер құрайды. Термин сөздің соңғы әріпіне әрі қарай құрайды.

Әбу Насыр –

Әл Фараби –


























































































































































































Сабақтың соңы





Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөзді әділ – қазылар алқасына берсек.

Сайысқа қатысқандарыңызға рахмет!














1 – оқушы:

              Математика жүйеленген , орнықты ,үнемі дамуда болатын және мазмұны ғасырлар бойы өзгеріске ұшырамаған ғылым. Математикалық ойлау арқылы шығарылған ой қорытындылары саясатқа, идеологияға бағынбайды.

Қарапайым мысал: « 2+7 = 9» қосындысын әкімшілікпен өзгерте алмаймыз ғой.  Дәл ғылым болуының себебі осында.


2- оқушы:

Математиканың заңдары мен ережелері табиғаттан, өмірден алынған. Бірде бір ғылым математикасыз дами алмайды.  Математика өмірден алынған қарапайым пікірлерді өз тілінде модельдей алады.  Мысалы: «менің жауымның жауы маған дос» деген пікір математикада « теріс санды теріс санға көбейткенде оң сан шығады» деген мағынаны білдіреді.


3 – оқушы:

Ешбір ғылым саласында дәлелдеу математикадағы сияқты кең өріс алмаған. Ал математика ешбір пікірді дәлелдеусіз қабылдамайды. Өиткені дәлелдеу шындыққа көз жеткізу процесі.


4- оқушы:

Экология ғылымы да математикаға негізделген. Адамдардың араласуының нәтижесінде табиғаттың теңдігі бұзылып адамзат зардап шегуде. Бұл дегеніміз математиканың « теңдеу» ұғымының «теңсіздік» ұғымына айналуы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!