Материалдар / Сыныптан тыс шара: "Интернеттің пайдасы мен зияны"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара: "Интернеттің пайдасы мен зияны"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2020
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ШҚО Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылы

«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ

ағылшын тілі пәні мұғалімі Даулетханова Самал Жанузаковна

Тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»

Мақсаттары: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, олардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, интернеттің жағымсыз,жағымды жақтарын түсіндіру,оның адам психологиясына әсері туралы әңгімелеу,одан сақтандыру жолдарын үйрету. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Түрі: ток шоу

Көрнекіліктер: слайдтар, бэйджиктер, стикерлер, музыкалық қолдау, бейне материал.

Барысы:

Жүргізуші – Салтанат: Армысыздар, сөздің қадірін арттырып, өз ойын ортаға тастап, пікір туғызушы қауым! «Айта берсін!» ток- шоуына қош келіпсіздер! Бүгінгі тақырып: «Интернеттің пайдасы мен зияны». Кеш барысында компьютер туралы сөйлесеміз. Құрметті қатысушылар тақырып бойынша ойланып отырыңыздар. Кеш соңында пікірлеріңізді білетін боламыз.

Ток- шоудың қадірменді қонақтарымен таныс болыңыздар!

(Қатысушы қонақтармен таныстыру)

С.Аманжолов атындағы КазМУ- нің қазақ тілі әдебиет пәні оқытушысы- Қамарбекова Мадина, Жанболатова Нурай Жанболатқызы - Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының әлеуметтік психологі,ТТ менеджер- Еркін Санжар, Сайлаухан Нұрай Айдынқызы- «Макромедия Флеш» корпорациясының бас маманы, Адайқанов Аслан Алғадайұлы- Назарбаев университетінің бас бағдарламашысы, Қанашева Сәния Алмасқызы- Профессор, тарих ғылымдарының маманы, Мэлиева Сабина Мэлиқызы - «UB - soft International» медия тобының бас инженеры, Асқарова Айым Асқарқызы - Алматы қалалық орталық ауруханасының жоғары санатты окулист дәрігері.


Жүргізуші: Интернеттің пайдасы мен зияны. Осы пікір бойынша сөз қозғамас бұрын интернетке анықтама беріп алайық.

Интернет- бүкілғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді байланыстырушы. Интернет ұғымы XX ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері бар болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала бар болса, ол бүкіл ғаламдық желі- Интернет желісі деп санар едім. Сөзімді одан әрі ұштау үшін сөз кезегін қадірменді ТТ менеджер - Еркін Санжар Қайнарұлына берейін.

Еркін Санжар- Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң. АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос- Анджелес, IO- ға және Калифорния штаттарындағы универститеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір- бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.



Содан соң ARPANET дамып- жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау « Интернет» деген ұғыммен алмастырылды.

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық- коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың қазіргі өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Жүргізуші: Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармайық, достар! Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер қажет. Ал әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме?

Осы сұрақ төңірегінде толығырақ жауап алу үшін сөз кезегі Алматы қалалық орталық ауруханасының жоғары санатты окулист- дәрігері Асқарова Айым Асқарқызына беріледі.

Асқарова Айым (Алматы қалалық орталық ауруханасының жоғары санатты окулист дәрігері): Қазіргі адамдарда, әсіресе жас­тарда көзге түсетін күштің көбеюінен соңғы он жылдықта көз аурулары жиілеп кетті. Компьютермен жұмыс істеудің әсерінен ғана емес, кондиционерді және жасанды жарық түсіру көздерін қолдану, тіпті біздің ауа райымыз да көзге жағымсыз әсерін тигізіп, қазіргі кездегі «құрғақ көз» синдромының себебі болып табылады. Бүгінгі жастардың арасында ең көп тараған көз ауруы – миопия, яғни алыстан көрмеу. Жаңа технологиялардың өмірге келуі осы аурудың көбеюіне әсер етіп отыр». Расында, оқу үдерісінің компьютерлендірілуі, балалардың бейне және компьютерлік ойындарға құштарлығы аталған ауруды қоздыра түседі.. 

Қазіргі заман талабына сай компьютерді меңгеру алға қойылған мәселелердің бірі. Қазіргі кезде өмірімізді комьютерсіз елестету мүмкін емес. Бірақ осы компьтердің ағзаға зиянды тұстары да бар.

Компьтермен байланысты дамитын көздегі өзгерістердің жиынтығын компьютерлік көру синдромы деп атайды. Бұл синдромға шалдыққандардың шағымдары: көрудің төмендеуі, бұлдырауы, мойын, желке аймағының ауырсынуы. 

Компьютерлік көру синдромының даму себебі компьютер мониторынан бөлінетін сәуледе емес. Негізгі себеп монитордағы мәліметтерді көз қабылдауының ерекшелігінде. Кітапты мысалға алып қарасақ, ондағы жазулар өздігінен жарқырап, жылтылдап тұрмайды, сол себепті көзге көп күш түспейді. Ал компьютердегі мәліметтер өте кішкене пикселдік нүктелерден құралғандықтан жылтырап, жарық түсіріп тұрады. Біздің көзімізге жылтылдағаны визуалды көрінбесе де, кітапқа қарағанда көзге көп жүк артады.

Компьтерлік көру синдромының дамуына бұлардан басқа да мынадай жағдайлар әсер етеді:

* Қолданушының мониторға байланысты дұрыс отырмауы;

* Монитордың сыртқы жарықтануға байланысты дұрыс орналаспауы;

* Бөлме жарықтығының шамадан артық немесе төмен болуы;

* Монитор жарықтығының артық немесе төмен болуы;

* Ағзаның физиологиялық ерекшеліктері (мониторға көп қарап отырғанда адам қабақты аз жұмуынан көздегі жас тез құрғап кетуі).

Компьютерлік көру синдромының алдын алу

Жұмыс орнын реттеу:

1. Монитор сіздің жаныңызда емес, тура алдыңызда тұру керек. Көзіңіз бен монитор арасы 50-70 см жобасында болуы қажет.


2. Компьютермен жұмыс істеген кезде экранға аздап жоғарыдан қараған дұрыс, яғни монитор көзден 15-20 градусқа төмен орналасуы керек. Бұл кезде көздің фокустау механизміне жүктеме аз түседі.

3. Монитордың беті шағылыспауы үшін жарыққа қарама қарсы орналасуы қажет.

4. Компьютердің жарықтығын, өткірлігін және әріптер мөлшерін көзіңіздің ыңғайлығына қарай өзгерткен жөн.

5. Пернетақтамен жұмыс істегенде қолдарымыз еденге параллелді орналасуы, ал аяқтарымыз еденде болуы керек. Арқаңызды, иық пен жауырынды тік ұстап отыруға тырысыңыз.

6. Көзге жүктемені азайту үшін әр сағат сайын 10-15 минут көзді демалдырып отыру керек.

7. 20/20 принципі бойынша (әр 20 минут сайын көзді монитордан 20 секунд басқа жаққа назарды аудару) жұмыс істеген де дұрыс.

8. Егер адам бір нәрсеге беріле, үңіліп қарап отырса, ол еріксіз тынысын тежеп отырады. Ол өз кезеңінде әр түрлі бұлшықеттерді, соның ішінде көз бұлшықеттеріне күш түсіреді. Тұрақты түрде жүктеме түсу бас ауыруына алып келеді. Сол себептен еркін, жеңіл демалып отырыңыз.

9. Көздің құрғап кетуінің алдын алу үшін жиі-жиі көзді жұмып-ашып отырыңыз.

10. Компьютерге арналған арнайы көзілдіріктер тағып алыңыз. Ондай көзілдірікті кез келген оптика дүкенінен алсаңыз болады.

 

Жүргізуші: «Аита берсін » ток- шоуының тілшілері ШҚО Катонқарағай ауданы Катон ауылындағы «Ленин атындағы орта мектебінде» 5-11сынып оқушылары арасында анонимді түрде сауалнама алған еді. Қойылған сұрақтар?

  • Сіз интернет пайдаланасыз ба?

  • Қанша уақыт жұмсайсыз?

  • Компьютердің адам ағзасына зиян екенін білесіз бе?

  • Сауалнама қорытындысымен таныс болайық.

Сауал:

Осы ретте «Компьютер қаламды өзгерте ала ма?» деген ой келіп тұр.Ханымдар мен мырзалар.

Қанашева Сания (Профессор, тарих ғылымдарының маманы) : Компьютер қаламды алмастыра алмайды. Қай кезде болмасын әрдайым қалам мен парақ қасымыздан табылатыны сөзсіз! Соның бір мысалы, кез келген уақытта қажетті нәрсені түртіп алу үшін біз міндетті түрде ақ қағаз бен қаламға жүгінеміз емес пе? Оны компьютерге жазған жағдайда біз уақыттан ұтыламыз, себебі оны қосып, оған жазып сақтағанша біраз уақытымыз кетеді. Оған қоса компьютер әрдайым адамның жанынан табыла бермейді. Күнделікті өмірге қарасақ, мұғалімдердің барлығы дерлік қолдарына блокнот пен қаламдарын қолдарына ұстап жүреді. Қағаз бен қаламның күні өтті деп ойламаймын. Қай заман, қай қоғамда болмасын қағаздың құдіреті күшті: кез келген мемлекеттік іс тек қағаз бетінде құжатталады. Қағаз бен қалам қандай заман орнаса да қолданыстан шықпайды. Электронды БАҚ дәстүрлі ақпарат құралдарының орнын дәл қазір бас қоюы екіталай. Біріншіден, интернетпен толықтай , әрбір шаңырағы қамтамасыз етілген ауылдар жоқтың қасы. Екіншіден, халықтың тең жартысының компьютерді меңгеру жағы шабандау. 2001 жылы жеткен компьютерлерді экрандағы жазуын «дірілдетіп» әлі қолданып келе жатқандар қаншама. Егер әлемдік даму көшінен қалыс қалмауды ойласақ, ең алдымен коммуникация және т.б. инфрақұрылымдарға баса назар аударған жөн. Бір жаққа демалуға



шыққанда мен кітап алып жүруді жөн көремін, өйткені компьютерді алып жүру ыңғайсыз болады. Компьютердің зияны жайлы айтып өте көп мысалдар келтіруге болады.

Компьютер әсіресе көздің көруін нашарлатады. Көбінесе компьютер алдында көп отыратын адамдар ауруға шалдығып, бір күнсіз де компьютерсіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Пернетақтамен көп жұмыс жасаған адам буын ауруына шалдығады. Барлық ақынды алатын болсақ, олардың қағаз бен қаламға арналған өлеңдері де жетерлік.Құбығұл Жарықбаев «Психологиялық зерттеулер» атты кітабын қолмен жазып шығарған болатын.

Тасқа қашалып жазылған дүниенің ешқашан құны жоғалмайды. Ол біздің тарихымыздан белгілі. Егер оның құны болмаса, сонау Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштеріндегі жазулар неге соншама ғасыр сақталып қалды?! Газет пен журнал да сондай. Мәңгілік. Сарғайған парақтардағы сары жазуларды кез келген сәтте тауып алуымызға мүмкіндік бар. Сонау 1870 жылы шыққан «Түркістан уәлаяты» газеттері немесе революциядан кейін Алаш азаматтары шығарған «Қазақ» , «Айқап» сияқты басылымдар – соның дәлелі.

Компьютердің ұя бұзарлық қасиеті бар. Ол дегеніміз қазіргі күні небір сұмдық нәрселер осы техниканың әсерінен шығуда. Соның бір мысалы: есірткі аудио ( адамды есінен айыратын әуен) қазіргі күні проблемаға айналды. Бастапқы кезеңінде, яғни 3 күнде алдап-арбап тегін тыңдатып, адамды есінен адастырады. Кейіннен оның адамға тәуелділігі артқан кезде оны ақшаға тыңдатады екен. Бұның өзі жастардың санасын улайды, бұл сіздер айтып отырған техниканың кесірінен.

Мэлиева Сабина («UB - soft International» медия тобының бас инженеры): Қазіргі заманда компьютердің зиянын айту қателік деп білеміз. Себебі компьютердің соңғы үлгілерін ойлап табушылардың еңбегін жоққа шығару болар еді. Расында компьютердің жаңа үлгілерін ойлап табу барысында олар үлгіге қандай жаңалық енгізуден бұрын оның пайдалы жақтарын ойлап шығарады.

«Заман талабы – жаһандық қажеттілік». Оған келтіретін шүбәміз жоқ. Қаламды қолданған заманның артта қалып, жаңа компьютер дәуірі шыққандығы белгілі. Тіпті адамның қолын қаламмен қоятын құжаттардың өзін де қазір электрондық қолтаңба қою арқылы алмастырып жатыр. Әлемде бұндай әдіс жылдар өткен сайын жиі пайдаланылып келеді. Сондай бір ел – Эстония. Ол жақта ID карталық жүйесі енгізілген. Эстония халқының 4-тен 3-і қамтамасыз етілген. Карталардың ыңғайлылығы да эстондықтардың көңілінен шығып отыр.

Тағы бір жұртқа таныс жаңалық – электронды оқыту. Жобаның жүзге асырылуы екі кезеңге бөлінген. 1-кезең 2011-2015 жылдар, 2-кезең 2016-2020 жылдар. Электрондық оқыту Алматы, Астана, Қарағанды облысының 44 мектептеріне пилоттық жоба ретінде енгізілген болатын. Сондай-ақ 500 мектепге енгізілмек. 2020 жылы Білім министрлігі электронды оқытумен мектептерді 90% қамтамасыз етпек. Президенттің өзі қолдау көрсетіп отырған бұл жобаның болашағы зор. Мектептер 4-10 мбит/с интернеттік желіге қосылған, кітаптар, күнделіктер, журналдар – барлығы электронды жүйеде болады. Сынып интерактивті тақталармен, компьютер, планшеттермен қамтамасыз етіледі.

Жаңа бағдарлама жаңа мамандардың пайда болуын білдіреді. Көк сияны клавиатура алмастырған заманға аяқ басқанда осындай ақылды ұрпақ өсірген біздердің көштің соңында қалуымыз мүмкін емес. Бастысы-дұрыс таңдау жасау.

Қамарбекова Мадина(С.Аманжолов атындағы КазМУ- нің қазақ тілі әдебиет пәні оқытушысы): Біздің қазақ тасқа басылған сөзге қатты сенеді.Интернет басылымдар не жазса да, қандай өткір мәселе қозғаса да қалың қазақ ондағы жарияланғандарға жүз пайыз сеніммен қарай алмайды.Бұл қалыптасқан менталитет. Оны өзгертуге талпыну өкініштен өзге ештеңе бермейді.Газет басылымдары мен интернетті салыстырып көрейік. Сіз бір жылға 5000-6000 тенгеге газетке жазылсаңыз, ол жыл бойы поштаңызға келіп тұрады.Интернетті пайдаланғаныңыз үшін айына бес алты мың теңге кетеді. Бір жылға



шақсаңыз, 50-60 мың теңге шығады. Бұл қаржыға бір емес, бірнеше қазақ газеттерін жаздырып алып оқуыңызға болады. Айырма бар ма? Бар. Қазақстанның тым шалғай қңірлері бар, интернет желісі барлық жерде орнықпаған. Монитордан оқыған мақала мен бояу иісі сіңген қағазды сапырылыстырып отырып оқыған материалдың әсері екі бөлек. Қазақ газеттерінің негізгі оқырманы ауылда. Шалғай ауылдарды айтпағанда аудан орталықтарында интернет таралымы төмен, жылдамдығы нашар. Мәселен, «Қазақстанның облыстарының түкпірдегі ауылдары интернет дамығандықтан газет оқуды қойды» десе күлкілі естілер еді. Елімізде интернет түгілі компьютері, компьютер түгілі электрі жоқ, бар болса да тұрақсыз жерлер аз емес. Ноутбук, айфон, планшет деген бұйымдар да екінің біріне көшті дей кою қиын. Оның үстіне бұл құралдардан жылт еткен шағын ақпарат, жедел хабар қарамасаңыз, ауқымды сұхбат, сүбелі мақаланы тұшынып оқи қоюыңыз неғайбыл. Ұзақ уақыт компьютерге үңілу көзіңізге де зиян...Қаламын тістемесе шабыты келмейтін біздің буын қағазды қолына ұстап отырмаса көңілі көншімейді! Егер де сіз роман, әңгіме, повесть оқиытн оқитын болсаңыз, сізге ең керегі- кітап. Өйткені сен кітапты оқып аяқтап қалғандағы сезімді еш нәрсе алмастыра алмайды. Мектеп оқушылары көбіне компбютерде интернетке кіріп, Вконтактіде, агентте отырады.Баланың ой өрісі әсер ететін көптеген ойындар ойнайды. Тіпті кейбіреулер компьютерге тәуелді болады. Ал кітапқа келетін болсақ, ол бала денсаулығына ешқандай кері әсерін тигізбейді, керісінше баланың ой өрісін дамытуға үлесін қосады, сөздік қорын көбейтіп, адамның есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Ағылшын ғалымдары күніне 1 сағ болса да кітап оқыса мидың жақсаратынын дәлелдеді.Газет-журналдарды қолына ұстап оқығанды жақы көретіндей қай заманда да болған, бола да береді. Адамдар кітапханаға барып өздеріне керекті кітаптарды ала алады. Әрине, электрондық кітаптар бар, бірақ олар сол кітаптан оқыған жылулықты, керемет сезімді бере алмайды. Енді міне интернет- газет деген шығып жатыр. Сол интернет газеттін зиянына тоқталсақ. Интернет газеттің жеделдігі сонша-онда жазылған дүниелердің сапасы газеттегідей болмайтыны тағы бар. Неге? Қазірдің өзінде байқап жүргеніміздей сөйлеу тілінде жазылады. Ой- пікірлер асығыстықтан үстірт айтылады. Бұл тіл мәдениетіне нұқсан келтіреді. Ал газет осы уақытқа дейін сол тіл мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, оны жетілдіріп келеді. Сондықтан интернет-газеттен гөрі қоғамда кәдуілігі газеттің орны жоғары. Оның үстіне интернет- газеттің мақалалары уақытша ғана сақталады. Дамыған Америка, Жапония сияқты елдерде газеттің рөлі әлі жоғары. Тіптен Жапония газеттер күніне екі рет шығып тұрады. Демек олар газеттің мән-маңызын жоғары бағалайды.

Сайлаухан Нұрай(«Макромедия Флеш» корпорациясының бас маманы): Электрондық оқыту жүйесі тек оқушылар мен ұстаздарға ғана емес, ата-аналарға да өте тиімді болмақ. Себебі олардың әрбірі әрдайым сынып жетекшісіне барып өз баласының жетістіктерін біле алады. Жасырары жоқ, көптеген ата-аналар жұмысбастылық кесірінен жиналыстарға қтыса алмайды.

Қазіргі таңда электрондық оқулықтар Қазақстан тарихы, физика, математика пәндерінен толық дайындалды. Сондықтан да компьютер қаламды алмастыра алатындығын, және сонымен бірге «Шабытты тудыратын көлемді шығармаларды компьютерде жазған дұрыс, себебі оны редактрлеу тиімді» деген журналист жазушы әрі публицист Угурлу Фахридің сөзін жоққа шығара алмаймыз.

Әлемге әйгілі apple компаниясы тіпті электронды қаламға патент алып алды.

Елімізде компьютерлендіру толық жүріп бітер уақыттың да ауылы алыс емес. Сөз соңында айтпағым: қалам үйреншікті, жанымызға жақын құрал болды, алайда заман мүлдем басқа. Ескі өмірді жөн көріп, жаханданудың көшінен қалып қоймайық!


Жүргізуші: Рахмет.

Экранға назар аударыңыздаршы. (Бейне –таспа көрсетіліді.)

Осы бейне-таспа төңірегінде көрермендер не дейді екен?

(Айдын, Мирас ,Әлихан –көрермендер пікірлерімен бөліседі.)

Жүргізуші:

Сақтық-деген әр қашан байқап жүрмек,

Пайда не залал мА ескерілмек,

Көргенің естігенін есепке алса,

Сонда оңай әр бір істі ойлап білмек.

Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара кешке дейін замантехникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті.Әр қашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін.

Иә,балық сүйексіз,адам қатесіз болмайды демекші, бүгінгі біздің топтың қатесі болса,кешірім сұраймын. Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті.

Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,интернеттен керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор.!


Құрметті қөрермендер және қонақтар! Біздің «Айта берсін» атты ток шоуымыз аяқталды, бүгінгі талқыға салған тақырыбымыз көңілден шықты деп сенемін. Алдарыңызда жатқан стикерлерге : Интернеттің пайдасы көппе ,әлде зияны көппе?- деген сұраққа пікірлеріңізді жазып жіберсеңіздер. Назарларыңызға рахмет, келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!.























«Ленин атындағы орта мектебі» КММ









Ашық тәрбие сабағының тақырыбы:

«Интернеттің пайдасы мен зияны»

Ток-шоу







Жауаптылар:

11 «А» - Катпенова Ж. М.

11 «Б» - Даулетханова С. Ж.

2015-2016 ж. ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!