Ә.Жангелдин атындағы жалпы
орта білім беретін мектебі
«Мейірбандылық
–жүректе,қайырымдылық –білекте»
бағдарламасы
2017-2018 оқу
жылдары
Бекітемін:
Мектеп директоры:
А.Х.Негаев
Ә.Жангелдин атындағы жалпы
орта білім беретін мектебіндегі «Мейірбандылық
–жүректе,қайырымдылық –білекте» мейірбандық айлығының
бағдарламасы
1.Келген қонақтарды қарсы
алу.
2.Концерттік
бағдарлама.
Күні:20.10.17
Мақсаты:
Қариялардың даналығы қашан да
алға ұстап,үлгі өнеге алып,сонымен қатар рухани демеудің маңызды
рөлі бар екенін дәлелдей отырып,олардың өміріне нұр енгізу.
Оқушылардың бойында рухани адамгершілік қасиеттерді
ұялату.
Жүргізуші:
Армысыздар,құрметті
қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай
әкелер! Бүгінгі біздің
мектебімізде «Мейірбандылық
–жүректен,қайырымдылық –білектен» атты кешімізде көргенімізге
қуаныштымыз.Бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат
етіңіздер.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі
мектеп директоры Айбар Хайдарұлына
беріледі.
Қарттарым жүректерің неткен
дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің
арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам
мен,
Оқитын келешекте бір-бір
дастан.
Ән: «Сәби бақыты» Ешкаев
Н.
Тербедің көктем бағын самал
болып
Өсиет жастарға айтқан
сөздеріңмен,- деп асыл қазына,арқа сүйер тірегіміз болып жүре
беріңіздер.
Көркем сөз. «Қарттық»
Назимова А.
«Еңбекке шыда,ебін тап та»
Шарипуллин Н.
«Жақсылық туралы жыр»
Каримова С.
Тосынсый.
Жүргізуші:
Ән: «Қариялар азайып бара
жатыр», Ешкаев С.
Бүгінгі ата әжелерге
оқушылардың дайындаған сұрақтарына кезек
береміз.
Сұрақ-жауап.
1. Айдарбек: Қариялар – ақылды
дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз
дәрежесінде құрметтеп жүр ме?
2. Еркежан: Қазақстанның
болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға
берер ақыл кеңестеріңіз?
3. Асылжан: Ауылымыздың
болашағы қандай деп айтар едіңіздер?
(Қарияларымыз оқушылардың
сауалдарына жауап береді)
Сіздерге деген құрметпен «Жас
Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының ұланбасы Асылжан Қойшығалиқызына
құттықтау сөз кезегі беріледі.
( оқушылар гүл шоқтарын
табыстайды)
Би: «Мама» 2 сынып
оқушылары.
Жүргізуші:
«Бала өсіргің келсе, дана
жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби
айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді
баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас
ұрпақтарға үйретіп, айтып, санасына
сіңірейік.
Көрініс.
«Жақсылыққа-жақсылық»
Жүгізуші:
Өзіңді өмірге келтірген,
тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті
өлшеусіз. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің
сәні – мәні бар.Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың
жасамайды, тек өсіп-өнген,тәрбиелі ұрпағымен мың
жасайды.
Қазақтың басқа халықтардан
айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр
болатыны. Ол үшін көзсіз
көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең
ұлы
ұлттық қасиеттеріміздің
бірі.
Ән: «Ана туралы жыр»,
орындайтындар Дайырова Б.мен Құмарғалиева
А.
Ән: «Аққу арман» Асқаров
Б.
Бата халықтың рухани күш
алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін
ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін
көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза
болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ
тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
Үлкендерден бата
сұраймыз.
Құрметті :қонақтар,ақ жаулықты
аналар мен асқар таудай әкелер! «Мейірбандылық
–жүректен,қайырымдылық –білектен» мерекелік кешіміз аяқталды.
Бүгінгі кешімізге келіп қатысқандарыңыз үшін алғысымызды
білдіреміз.« Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы
үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата
дәстүріміз.