Материалдар / Сыныптан тыс шара "Ой мен ойын" 10-11 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Ой мен ойын" 10-11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда логикалық есептер, математикаға қатысты мақал-мəтелдер сайысы келтірілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2372
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Білімменен өлшенер ертеңгі сенің өмірің»

атты танымдық ойын


Сынып: 7-9сыныптар арасында

Пәні: Математика, физика, информатика


Мақсаты:

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, теориялық білімдерін практикада қолдана білу белсенділіктерінарттыру.

  • Тапқырлыққа баулу, пәндерге қызығушылығын арттыру, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

  • Жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.


Танымдық ойын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Қатысушыларды топқа бөлу;

  • Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

  1. Негізгі бөлім

  • Танымдық ойынның мақсатымен таныстыру;

  • Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

  1. Қорытынды бөлім

  • Сайыс қорытындысын шығару;

  • Жеңіпаздарды марапаттау.

Құрметті ұзтаздар мен оқушылар! Бүгінгі 7-9 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Білімменен өлшенер ертеңгі сенің өмірің» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер.


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сайысқа қатысушылар үш топқа бөлініп, топ басшыларын сайлайды.

1-топ:

2-топ:

3-топ:


Әділ-қазылар алқасы:

  1. Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары - Мәрзия мұғалім.

  2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Лунара мұғалім.

  3. Математика, физика, информатика және сызу-сурет пәндері бірлестігінің жетекшісі - Мадина мұғалім.



ІІ. Негізгі бөлім

Математика, шынында,

Ғылымдардың патшасы.

Барлық нақты ғылымға

Апарар жолдың қақпасы.


Үйретер өлшеу, сызуды

Геометрия секілді,

Кеңітер ой мен ұғымды,

Сала бар онда не түрлі.


Алгебра болса сиқырлы

Цифрлардың мекені.

Жұмбақ-сырды мың түрлі

Есептеумен шешеді.


Танымдық ойын кезеңдері:

  1. Кел, танысайық!!! (Таныстыру).

  2. «Мені түсін...» (Жасырын сөзді түсіндіру).

  3. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» (Сұрақ-жауап).

  4. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (Қызықты тәжірибе).

  5. Полиглот (Жұмбақ).


 Бірінші кезең бойынша топтар өздерін таныстырады. Әр топқа 2 мин уақыт беріледі. Топтар 2-5 баллдық жүйемен бағаланады.


Екінші кезең «Мені түсін...» деп аталады. Шарт бойынша әр топтың бір ойыншысы өзіне берілген сөзді тобына іс-қимылмен түсіндіруі қажет. Бір сөзді түсіндіруге 40 сек уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады.


1-топ

2-топ

3-топ

  1. График

  2. Диск

  3. Жылдамдық

  4. Wi-Fі

  5. Ауырлық күші

  6. Кесте

  1. Жазықтық

  2. Принтер

  3. Уақыт

  4. USB

  5. Үйкеліс күші

  6. Периметр

  1. Градус

  2. Флэшка

  3. Арақашықтық

  4. Кактус

  5. Кедергі

  6. Теңдеу


Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.



Физикадан ұғарсың

Табиғат құбылыстарын.

Атомдардан тұратын

Заттардың құрылыстарын.


Үшінші кезең «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ математика, физика, информатика пәндерінен 10-50 баллдық тапсырмаларды таңдап, жауап береді. Сәйкесінше балл жинайды.

Математика:

  1. Белгісіз санды тап. (10 балл) – Жауабы: 18

  1. Екі бүтін сан табыңыз олардың көбейтіндісі бірлік сан, ал қосындысы ондық сан болсын. (20 балл) - Жауабы: 1 және 9

  2. Үшбұрыш неге тең? (30 балл) – Жауабы: 1

  1. 100 алманың үштен бір бөлігі мен үштен бірінің жартысын қосқанда қанша алма болады. (40 балл) – Жауабы: 50

  2. Белгісіз санды тап. (50 балл) - Жауабы: 40 немесе 96. Бұл сұрақтың екі дұрыс жауабы бар.

1:
1 + 4 = 5
5 + 2 + 5 = 12
12 + 3 + 6 = 21
21 + 8 + 11 = 40.
Жауап: 40.

№ 2:
1 + (4 × 1) = 5
2 + (5 × 2) = 12
3 + (6 × 3) = 21
8 + (8 × 11) = 96.
Жауап: 96.


Физика:

  1. Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды. Ол не? (10 балл) – Жауабы: Жол

  2. Маймыл тісті доңғалақты айналдырғанда тілше қандай санды көрсетеді? 1 немесе 2? (20 балл)

Жауабы: Тілше 2 санын көрсетеді. Шешімнің бірінші жолы суретте көрсетілген.

  1. Қай кезде аспан жерден төмен бола алады? (30 балл) – Жауабы: Судағы бейнесінде

  2. Шеңбердің R=100 м, шеңбердің бойындағы А нүктесі шеңберді 2,5 рет айналады. Жүрілген жол мен орын ауыстыруды есептеңіз. (40 балл) - Жауабы: S=2 R S=2·3,14·100+2

  3. Берілген элементтерден формула құра: T, q, I, R, U, h, Q, , A, . (50 балл) – Жауабы:


Информатика:

  1. Табиғи немесе қарым-қатынас үшiн жасанды таңбалау жүйесi және ақпарат тарату– ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшықетті қимылы жақсы жетілген мүше. (10 балл) – Жауабы: Тіл

  2. Бағандар мен жолдардың қиылысуы. (20 балл) – Жаубы: Ұяшық

  3. Ақпарат көзiнiң бiр түрi— Лақтыру үшiн спорттық снаряд. (30 балл) – Жауабы: Диск

  4. Компьютердiң шинасына сыртқы құрылғыларды қосу нүктесi. — кемелердің тұрақ үшiн орны. (40 балл) – Жауабы: Порт

  5. «Бағдарламада оператор" ұғымның синонимы. (50 балл) – Жауабы: Спорттық ұжым


Физика ғылымдар ғылымы
Заңдары нақты әрі ғұмырлы,
Жас досым мұны біз ұғайық.
Физика құрметтеуге лайық.


Физика – ғажайып әлемі
Көп онда қызықтар әдемі,
Физика қоршаған жан - жағың,
Бәрінен құр босқа қалмағын!


Төртінші кезең – «Тапқыр болсаң, талас жоқ». Бұл кезеңде әр топқа физика пәнінен тәжірибе беріледі. Әр топ жасаған тәжірибелерін түсіндіріп, қорғау қажет. Әр тәжірибе 10-50 баллдық жүйемен бағаланады.

1-тәжірибе: Піскен жұмыртқаны бөтелкенің ішіне қалай салуға болады? Қандай заңдылық? Қажетті заттар: піскен жұмыртқа, бөтелке, қағаз, сіріңке. Жауабы: Бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Себебі, бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды.

2-тәжірибе: Стакандағы май неге судың бетіне шығып кетті? Қандай заңдылық? Қажетті заңдар: стакан, су, сұйық май, пластикалық карта. Жауабы: Майдың тығыздығы судың тығыздығынан жеңіл.

3-тәжірибе: Тәрелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады? Қажеті заттар: тарелке, тиын, стакан, қақпақ, қағаз, сіріңке, су. Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.


Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.


Бесінші кезең – «Полиглот». Барлық топқа ортақ жұмбақ оқылады. Жұмбақ жауабы үш түлде айтылуы керек. Қай топ бірінші жауап берсе, ұпай сол топқа беріледі. Жауап бір тілде айтылса 5 балл, екі тілде-10 балл, үш тілде-15 ұпай.

  1. Шекер жейтін аққұтан,

Бір қазыққа байланды.

Аузына тістеп шекерін,

Ол қазықты айналды. (циркуль – циркуль — сircle)


  1. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді. (күш – сила – force)


  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын. (тышқан – мышка – mouse)


  1. Сипаттайды жұмысты,

Тындырады көп істі.

Ол көп болса ширақсың

Кімдер әлсіз, кім күшті. (қуат – мощность – power)


  1. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (дәреже степень degree)


  1. Қанша тетік тізілген
    Саусағыңды сезінген
    Барлық сенің ойыңды
    Компьютерге енгізген
    . (пернетақта – клавиатура –  keyboard)


ІІІ. Қорытынды бөлім.

Әділ – қазылар алқысынан топтардың толық жинаған ұпайын сұраймыз.

Бүгінгі кешімізді мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтасақ.

  1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.

  2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».

  3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.

  4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты.


Бүгінгі сайысымызды қорытындыласақ:

І-орын:

ІІ-орын:

ІІІ-орын:

8


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!