400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара: "Ойшылдар, Тапқырлар!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды тарихи білімі бойынша сайыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА

Сабақтың тақырыбы: «Ойшылдар, тапқырлар» сайысы.

Мақсаты:

Білімділік: тарих пәнінен алған білімдерін жинақтау, саяси өмірдегі оқиғаларды дұрыс талдап, тұдырым жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз елінің тарихын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сайыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, сызбалар т.б

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды 2 топқа бөлу:

ойшылдар”, “тапқырлар”

Жоспары:

1. Таныстыру

2. “Кім жылдам?”

3. “Ойлан, тап!”

4. “Құпия сандар”

5. “Мен саған, сен маған”

6. Қорытынды

1-тур: Кім жылдам? (топ басшыларына сұрақтар қойылады)

«Ойшылдар» тобына:

1.Б.з.б. 2,6 млн-12 мың жыл аралығы қалай аталады? (палеолит)

2. Садақ пен жебе қай кезеңде пайда болды? (мезолит)

3. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қашан пайда болды? ( 1 млн. жыл)

4. Бұдан неше мың жыл бұрын Жер беті күрт суи бастады? (100 жыл)

5. Бифас дегеніміз не? (екі жағы өңделген тас құрал)

6. «Саналы адам» қалай аталады? (кроманьондық)

7. Қазақстан жерінде қанша неолиттік тұрақтар табылды?

8. Энеолит сөзі қандай мағынаны білдіреді? (мыс-тас )

9. Қола дәуірінде ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі…. (көзе құмыралар)

10. Кімнің зерттеулері нәтижесінде Қазақстан жерінде қола дәуірінің ескерткіштерінің сыры ашылды? (Ә.Х.Марғұлан)

«Тапқырлар» тобына:

1. Б.з.б. 12 мың жыл мен 5 мың жыл аралығы қалай аталады? (мезолит)

2. Алғашқы еңбек құралдарын ата. (үшкіртас, шоқпар, шапқы, қазғыш таяқ)

3. Алғашқы адамдардың кәсібі…. (аңшылық, терімшілік)

4. Бұдан неше мың жыл бұрын мұздық ери бастады? (13 мың жыл)

5. Ретушь әдісі дегеніміз не? (ара тәрізді тас құрал)

6. «Саналы адам» қашан қалыптасты? (40-35 мың жыл бұрын)

7. Жезқазған өңірінен қанша тұрақ табылды? (150-ге жуық)

8. Өндірісте алғаш пайдаланылған металл…. (мыс)

9. Адамдардың қыш құмыра жасауды үйренуі қай дәуірде? (қола дәуірі)

10. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? (1946 жылы)

2-тур: Алғашқы адамдар: питекантроп, синантроп

неандерталь , кроманьондық

Табылған жері: Ява аралы, Солтүстік Қытай, Германия, Франция

3-тур: Құпия сандар:

«Ойшылдар» тобына:

1991 ж 1 желтоқсан- тұңғыш президент сайлауы.

1993 ж 15 қараша,- теңгенің айналымға шығуы.

1997 ж 10 желтоқсан- Ақмола Қазақстанның астанасы болып жариялануы.

2 млн 724, 9 мың- Қазақстанның жер көлемі.

«Тапқырлар» тобына:

1991 ж 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні.

1995 ж 30 тамыз- Конституция күні.

1998 ж 6 мамыр- Ақмола қаласының Астана аталуы.

16 млн- Қазақстанның халық саны.

4- тур: «Мен саған, сен маған» (оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды)

Бекіту сұрақтары:

  • Адамзат тарихы дамуының алғашқы кезеңі. (тас дәуірі)

  • Алғашқы адамның бастапқы топтасуы. (тобыр)

  • Тобырдан кейінгі адамның жүйесі. (рулық қауым)

  • Рулықтан кейінгі адамның топтасу жүйесі. (тайпа)

  • Алғашқы еңбек бөлінісі. (мал шаруашылығынан егін шаруашылығының бөлінуі)

  • Ең ежелгі адамның еңбек құралы. (үшкіртас)

  • Ертедегі адамның ең алғашқы кәсібі . (терімшілік)

Қорытындылау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі